Франчайзингтің мәні және экономикадағы рөлі

Франчайзингтің мәні және экономикадағы рөлі

Франчайзингтің мәні және экономикадағы рөлі
Франчайзингтің пайда болуы
Франчайзинг 20 ғасыр бизнесінде «төңкеріс» тудырып, жалпы қалыптасқан іскерлік қарым-қатынас нормларына қатысты көзқарасты түбегейлі өзгертті. Ешқандай да экономикалық енгізілімдер франчайзинг сияқты бүкіл әлем экономикасына, оның ішінде, дамыған алдыңғы қатарлы елдерге елеулі әсер бере алған жоқ. Сондықтан да, франчайзинг 21 ғасырдың ұтымды, оңтайлы іскерлік үлгісі болып табылады.
Франчайзинг сөзі француз тілінен шыққан, оның « FRANCHISE» сөзін аударғанда жеңілдік, артықшылық, салықтан босату деген мағына береді. Бұл сөз алғаш рет 1800 жылдары пайдалана басталған, бұл жылдары франчайзинг «байланысты үйлер» атты жүйе ретінде қалыптасқан. Франчайзинг өз бастауын Еуропа елінде, ортағасырлық Францияда пайда болған. Ол өз қызметін жалғастырып, барлық Еуропа елдері бойынша, және көптеген қала басшылары франчайзиді нарықтық саудагерлерге -белгілі бір нарықтық шекте , қандайда бір тауарға қатысты сауда жүргізуге ерекше құқықты ұсыну. 1840 жылы неміс сыра өндірушілері осындай құқықты кейбір таверналар мен барларға өздерінің сыраларын сатуға және сыра өндірушілердің белгілерін қолдануға рұқсат берген. 1860 жылы франчайзинг жүйесін «SINGER» дегенг тігін машинасын өндіруші фабрика ары қарай дамытып, өзінің өндірісін көркейткен. Нарықта жоғары бәсекеге ие болу үшін, франчайзингті «GENERAL MOTORS» компаниясы сауда қатынастарында пайдаланып, қазіргі таңда әлемдегі ең ірі, сапалы өнім өндіруші компаниялардың бірі болып тадылады. 1880 жылдары енген ерекшеліктер мен жеңілдіктер: автомобильбік, құрылыстық, су құбырлары, көгілдір отын, электр қуаттары компанияларында қолданыла бастады.
1886 жылы құрылған «Coca – Cola» компаниясының 1900 жылғы сатудәрежесі франчайзинг жүйесінің қарқынды дамуына үлкен әсерін тигізді. «Coca – Cola» компаниясының атақты бренд болуы франчайзинг жүйесімен тікелей байланысты болып табылады. Франчайзинг жүйесі өз даму жолында 1950 жылдары ең үлкен табысқа жетті. Бұл ағайын «Mac Donald s» арқасында болды. «Mac Donald s» компаниясы франчайзингтің әлемдік деңгейге жетуіне үлкен үлесін қосты. Қазіргі уақытта «Mac Donald s» компаниясының франчайзингтік жүйесі дүние жүзі бойынша 14000-нан астам кәсіпорынды құрайды.
Өткен жүз жылдықтың айналымын құраған мұнай және мұнай өңдеуші компаниялар мен автобиль зауыттары өз өнімдерін өткізуде және қызметтері көрсетуде ерекше құықтарды ұсына бастады. Франчайзинг эволюциясының бұл кезеңінде - өндірушілер таруарды сатып алып, таратуға құқықтарды беруге ынталылығымен ғана сипатталады. Америкада франчайзингтің әйгілі болуы екінші дүние жүзілік соғыстың аяқталуына байланысты миллиондаған американдық азаматтардың экономикалық сахнаға айта оралуымен және сол кездегі «балалар әсеріне» байланысты он мыңдаған американдық компанилардан франчайзингті қолданып,өздерінің меншікті бизнестерін құра бастауымен тығыз байланысты болды. Тек өздеріне ғана сенімділік білдіретін және де өте ойлы түрде тәуекелдікке бара отырып, қаржылық тәуелсіздікті иемденгісі келетін адамдар үшін франчайзинг бизнесті табысты бастаудың жаңа нысаны болды.
Қазіргі таңда франчайзинг 70-тен астам шаруашылық салаларында қолданылады. Франчайзинг – бизнесті жүргізуге арналған ең прогрессивті үлгі.

Франчайзингтің маңыздылығы
Франчайзингтің маңыздылығы – жүйелі келісім - шарттық қатынастардың болуы. Жасалған келісім-шарт бойынша, франчайзер ( франшиза ұсынушы) франчайзиға (франшизаны сатып алушы) технологиясын пайдалану құқығын сатып, оны шектеулі территорияда қолдануын және қойылған шарттардың орындалуын қадағалайды.
ҚР-ның кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы заңына сәйкес, франчайзинг - лицензиялық кешеннің құқық иеленушісі және осы кешенді басқа тұлғаға өтемді негізде пайдалануға беретін кәсіпкерлік қызмет. Ал, лицензиялық кешен деп бірқатар санаткер меншік обьектілеріне (тауар таңбасына, фирмалық атауға, қызмет көрсету таңбасына, патентке, ноу-хауға , өндіріс құпияларына) құқықтарды айтамыз.
Жалпы мағынасында, франчайзинг - тауарлар мен қызметтерді өткізу, материалдық және қаржылық ресурстарды коопарациялау негізінде нарықты жаулап алу және дамыту тәсілі ретінде, сондай-ақ, шағын және орта бизнес интеграциясы ретінде қарастыруға болады. Яғни, танымал ірі компаниялардың шағын фирмалар мен кәсіпкерлерге өзінің тауарлық белгісін пайдалану құқығын сату арқылы шағын кәсіпорындар торабын кеңейту мен қызмет тиімділігіне әсер ету мүмкіндігін айтамыз.
Өткізу нарықтарын кеңейту мақсатында белгілі бір төлем негізінде өз атынан іс жүргізу құқығын беретін « ноу- хауды» иеленетін танымал тауарлық белгісі бар ірі компания франчайзер (лицензияр) деп аталады. Ал, өндірістік және қызмет көрсетуші операциялар технологиясын, сапа стандарттарын сақтау міндеттемесін ала отырып, бұл құқықты алатын шағын фирма нмесе кәсіпкерді франчайзи (лицензиат) деп айтамыз.
Франчайзер мен франчайзи арасында қарым қатынас франшиза деп аталатын лицензиямен реттеледі.
Франшиза:
біріншіден, франчайзерге тиесілі тауарлар мен қызметтердің айрықша атауын пайдалана отырып, франчайзиге келісілген кезең ішінде белгілі бір бизнес пен айналысуға рұқсат етеді немесе міндеттейді;
екіншіден, франчайзерге бизнесті жүргізуді бақылауға құқық береді;
үшіншіден, франчайзерге кәсіпорынды ұйымдастыру, персоналды оқыту, сатуды басқару т.с.с. бойынша франчайзиге көмектесу міндетін жүктейді;
төртіншіден, франчайзерге франшиза үшін бастапқы жарна мен жүйелі аударымдарды (рояльти) төлеу франчайзидің міндеті болыптабылады.
Франчайзер – тауар белгісі бар компанияөзінің тауарлық белгісін, атауын белгілі бір анықталған шартта басқа бір кәсіпорынға қолдану құқығын ақылы түрде береді.
Франчайзи - компания немесе жеке тұлғо болып табылады, ол франчайзердің саудалық белгісі мен атауын анықталған келісім шартта ақылы түрде қолданады.
Франчайзинг қандайда бір кәсіпорынның өз өнімін сату нарығын шұғыл кеңейтуде, сол кәсіпорында жоқ болуы мүмкін, елеулі қаржылық салымдарсыз мүмкіндік береді. Франчайзи, франчайзердің саудалық белгісімен жұмыс істей отырып пайда өсімін, оның өзін (франчайзер компания) және өнімін жарнамалай отырып қамтамасыз етеді.
Франчайзинг екі жаққа да тиімді, бір жағынан лицензия берушіге - франчайзерге, екінші жағынан лицензия алушыға – франчайзиға. Себебі, лицензия үшін, консультациялық көмек үшін, сонымен қатар сауда маркасын (франшиза) пайдалануға, франчайзи, яғни екінші кәсіпкерлік иесі, адам франчайзерге төлем ақша (роялти) төлеп отырады.
Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік нысаны кәсіпкерлер қызметінің белсенділігін арттырады, ал бұл жағдай өз кезегінде әріптестер арасында басқару функциясын үлестіру бойынша өзара қатынастың қағидасы мен мәдениеті бойынша, бірігіп қызмет атқарудың барлық үрдісінің ақпараттық қамтамасыз етілудің негіздемесі мен әзірлемесін қажет етеді.

1.2. Франчайзингтің түрлері және ерекшеліктері
Франчайзингтің дамуы және түрлері
Өріс алушы нарықта франчайзинг – кәсіпкелерді пайдалы , табысты бизнесті жүргізуде қажетті іс-тәжірибелік стандарттарға үйретудің, оқытудың ең жылдам тәсілі болып саналады. Барлық франчайзингтік мәмлелер обьектілері бойынша үш негізгі түрге бөлінеді:
1. Тауарлық франчайзинг
2. Өндірістік франчайзинг
3. Іскерлік франчайзинг
Франчайзи жетекші компаниядан өз тауарларын сол компанияның тауарлық белгісін қолдана отырып сату құқығын сатып алу арқылы бизнес жүргізу тәсілі тауарлық франчайзинг деп аталады. Франчайзер өзінің өнімін негізінен франчайзиға сатады, ал ол өз ретінде тек қана оның өнімін ғана сатып, осы тауарға ұқсас бәсекелестер өнімін сатпауы керек. Тауарлық франчайзинг барлық жерлерде жағар-май, автомобильдік тауарлар, гигиена құралдарын, сусындаржәне тағы басқа өнімдерді өткізуде қолданылады. Мысалы: «TEXACO», « Chevron», « Procter&Gamble», «Coca-Cola».
Франчайзер франчайзиге тауарларды өзі (франчайзер, бас компания) жеткізетін немесе онымен келісу арқылы жеткізілетін шикізатты, материялдарды технологиялар мен жабдықтарды пайдалана отырып, өзінің тауарлық белгісімен өндіру мен өткізу құқығын сатуды өндірістік франчайзинг дейміз. Франчайзердің франчайзиді құрал-жабдықтар, тауардбелгілерді пайдалану құқығы менрецептурасы және де өндіріс пен өнімді өткізу кезінде жалпы жарнамалық қормен жабдықталуы. Мысалы: «Дока-Пицца», «Довгань» компаниялары.
Іскерлік франчайзинг - жағдайында франчайзер кәсіпорын құрады және оны лицензиялық кешенмен қоса франчайзиге береді. Яғни, танымал фирманың қызмет түрі мен атауын ала отырып шағын кәсіпорынды ұйымдастыру құқығын сату. Яғни, франчайзер тауарлар мен қызмет сауда - саттығын сәйкесінше қамтамасыз ету жолымен (ноу-хоу) тауарлық белгілерді және қызмет көрсету белгілерін қолдану құқығына лицензия береді.Мысалы: «Mac Donald s» рестораны, «Алматы Құс» АҚ, Okan Inter – Continental мейрамханалық желілері жатады.
Әлемдік тәжірбиеде франчайзингтің мынадай типтері қалыптасты:
1. Өндіруші мен бөлшек саудагер арасындағы франчайзинг.
Мысалы, «Форд» және оның делдары арасындағы келісімдік қатынастар. «Аdidas» компаниясы Шығыс Еуропада франчайзингтік дүкендер жүйесін ұйымдастырды.
2. Өндіруші мен көтерме саудагер арасындағы франчайзинг. Мысалы, «Coca - cola» және «Pepsi» компаниялары өз концентраттарын , сусындарды өндіріп, бөтелкелерге құятын және бөлшек сауда орындарында сататын зауыттарға сатады.
3. Көтерме және бөлшек саудагерлер арасындағы франчайзинг. Мысалы, ойншықтар сататын «Христиансенс» дүкендері.
4. Дистрбьютор және қызмет көрсету фирмасы арасындағы франчайзинг. Әлемнің көптеген елдерінде қызмет ететін «Mac Donald s» және оның кәсіпорындары франчайзинг жағдайындағы тиімді серіктестікті жүргізудің нақты мысалы бола алады.

Франчайзингтің ерекшеліктері
Франчайзингбизнесиендерге кең мүмкіншіліктер береді. Ешқандайда тәжірбиені иемдебей, кішігірім капиталды игере отырып, ол бастау алған жерден тез арада қарқынды өріс ала алады. Бірақ, бизнесті жүргізудің кез келген түрі сияқты, франчайзингтің де өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Франчайзингтің тез дамуы мен кең таралу феномені мыналармен анықталады:
1. Франчайзерге, сонымен қатар мыналар бойынша франчайзи үшін де өзара табысты болып саналады.
2. Салық салыну базасының қысқаруы.
Франчайзер үшін артықшылықтар:
- өткізу нарығының жылдам кеңеюі, сату көлемінің ұлғаюы мен бизнестің ауқымдық түрде таралуы;
- шұғыл басқару қажеттілігін босатылуы;
- меншіктік капитал салымдарының төмен деңгейі;
- лицензияны сатудан түскен табыс;
- франчайзи төлемі есебінен қосымша табыстарды иемдену;
- меншіктік сауда желісі арқылы өткізубойынша шығындарды қысқарту;
- жалданбалы жұмысшыларға қарағанда тәуелсіз бизнесмендер сәттілікке күштірек ынталандырылған.

Франчайзер үшін кемшіліктер:
- өзінің кәсіпорнына қарағанда франчайзидан алатын пайда деңгейінің төмен болуы;
- франчайзи біреулерінің лайықты дәрежеде репутациясына сай келмеуі, сапаны лайықты бақылаудың болмау есебінен франчайзер өзінің репутациясына кесірін тигізуі мүмкін;
- франчайзи қаржылық есеп беруінің шынайылығын бақылау қиыншылығы;
- франчайзи бизнесі негізін жеткілікті жерде таңдау қиыншылығы
- франчайзиді оқыта, үйрете отырып, франчайзер өзіне болашақта болуы мүмкін бәсекелесті даярлауы ықтимал;
- жүйе ережесіне бағынбайтын франчайзимен қарым-қатынасты доғару мүмкіншілігінің болмауы;
- коммерциялық құпияның сақталу қиыншылықтары;

Франчайзи артықшылықтары:
- шағын бастапқы капиталмен меншіктік істі бастау мүмкіншілігі;
- дайын «қуыс», франчайзи франчайзермен жан-жақты сыналған, дайынбизнесті сатып ала алады;
- материалдар, шикізаттар, құрал-жабдықтар, жабдықтаушылар, өткізу жүйесі, жалпы жұмыс жүргізу әдістері мен тәсілдері турасында мазмұнды ақпаратты иемденетіннақты нұсқаулардың толық жинағын меңгеру;
- бизнес пен менеджментті жүргізу технологиясындағы франчайзер көмегі.

Франчайзиде келесі кемшіліктерді қарастыруға болады:
- қызмет ету бостандығының шектелінуі;
- сервистік төлем;
- қызмет етуде икемділіктің жетіспеушілігі;
- франчайзер компаняға қатысты жағымсыз сипаттамалардың франчайзи-кәсіпорын үшін де тән болуы;
- франшизаны иемденгенде құрылған жоспарлар ойдағыдай іс жүзіне аса бермейді.

Жоғарыда аталған себептерге байланысты қорытынды жасайтын болсам, елімізде франчайзингтің дамып, кең етек алуы келесі жетістіктерге жетелейді:
- инвестицияның ішкі және сыртқы ағымын күшейтеді;
- жаңа технологиялардың, құралдардың, бағалы ноу-хаулардыңпайда болуына септік етеді;
- бар өндірістерді дамытып, және жаңа өндірістерді қалыптастыру, ол сәйкесінше, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әсер етеді;
- шағын және орта кәсіпкерлік аясының кеңеюі мен бекітілуілуіне тұғыр болады;
- жұмыс күшінің біліктілігін жетілдіреді;
- елімізді сапалы тауарлар мен қызметтерге қанықтыруды жылдамдатады;
- қазақстандық өнімді жаңа нарықтарға өткізуге мүмкіндік береді.


Франчайзингтің дамуына, экономикадағы рөліне экономикалық талдау

Франчайзингтің дамуына экономикалық талдау

Қазіргі кезде франчайзинг жүйесі арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту АҚШ-та, Еуропада жоғары дәрежеде дамуда. Халықаралық франчайзинг ассоциациясының деректеріне сүйенсек, қазіргі уақытта франчайзинг АҚШ-та ұдайы даму үстінде. АҚШ-та 1500 франчайзерлік жүйеде 350000 франчайзилік шағын және орташа сауда орындары дамуда. Ондағы франчайзингтік жүйе арқылы жылдық сатудың көлемі 1,5 трлн долларды құрайды. Саудада жұмыс істейтін кәсіпорындардың 40% -тен астамы франчайзингтік жүйемен жұмыс істейді (болжам бойынша, 2010 жылы олардың саны 50%-ке деін жетуі тиіс ). Саудадағы франчайзинг жүйесі АҚШ-тың Жалпы Ішкі Өнімінің 15%-тін береді. Жалпы Ұлттық Өнімнің 60% астамын шағын және орта кәсіпорындары береді, олардың 50% астамы франчайзингтік жүйемен жұмыс істейді. Басқа мемлекеттерде де, франчайзинг айтарлықтай дамыған, мысалға Еуропалық Одақ мемлекеттерінде 4000-нан астам франчайзилік жүйелер бар, ол жерде 1,5 млн-нан астам адам жұмыс атқарады, ал жылдық айналымы 120 млрд. доллардан асады.
Әлемдегі франчайзингтің қолдану көрсеткіштері


Мемлекет

Франчайзингті
қолдануды бастаған жыл Басты фирмалардың саны (франчайзерлер)
Кәсіпкерлердің саны (франчайзи)


Сату көлемі(млн.доллар США)

Австралия 1989 230 1033 -
Австрия 1988 30 1360 -
Бельгия 1987 77 4045 2,0
Канада 1993 1000 45000 38,4
Дания 1989 60 500 3,31
Франция 1990 675 29698 10,0
Ресей 1994 180 9000 3,38
Италия 1994 197 11560 2,10
Япония 1995 812 122450 32,7
Голландия 1988 244 8252 3,6
Норвегия 1989 120 850 0,3
Испания 1990 215 20000 -
Швеция 1993 60 1000 1,5
Ұлыбритания 1994 385 19800 5,5

Жоғарыдағы көрсеткіштерге қарап, франчайзингтің бизнесті жүргізудің тиімді түрі екенін көруге болады.
АҚШ, Канада, Ұлыбритания сияқты елдердің бюджетінің үшке жуық бөлігін ШОБ атқарушы франчайзингтік компаниялар қамтамасыз етуде. Жақын арада Халықаралық франчайзинг саласы осыған дейінгі қарқыннан да жоғары деңгейде дамитыны сөзсіз. Франчайзерлер шетелдерде, сонымен қатар, Қазақстанда әлеуетті франчайзилерді іздестіруде, ал, көптеген жеке тұлғалар мен фирмалар өздеріне белсенді түрде басқа елдерден әйгілі компаниялардың лицензиясы мен құқықтарын, олардың қаржылық демеушілігінің арқасында, өндіріс пен қызмет көрсету технологиясын игеру кезінде пайдалы бизнес құру үшін франчайзерлерді іздестіруде.

Қазақстан экономикасындағы франчайзингтің орны
Қазақстан экономикасындағы бизнесті ұйымдастырудың жаңа үлгісі ретінде ретінде енген жаңалық франчайзинг болды. Бұл үлгіні алғашында «АлматыҚұс» компаниясы, «Сеймар» компаниясы қолданды. Қазіргі таңда,
«АлматыҚұс», «Сеймар» компаниялары франчайзинг шарасын үйлестіру нәтижесіндегі шағын кәсіпкерлердің таза табысы жылына 30 мың долларды құрайды.
Франчайзинг жүз жылдам астам уақыттан бері дамыған елдерде қолданылып келеді және өзін бизнесті жүргізудің тиімді жүйе-тәсілі ретінде таныта білді.
Қазақстан Республикасындағы франчайзингті іс жүзіне жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, 2002 жылдың 24 маусымындағы қабылданған «Кешендік кәсіпкерлік лицензиясы ( франчайзинг) туралы» заң реттейді. Осы заңмен қоса, Қазақстанда франчайзингті дамыту және франчайзингтік компаниялар мен оған қызғушылық, мүдделілік танытушы заңды тұлғаларды біріктіру мақсатында 2002 жылдың ақпанында Қазақстандық Франчайзинг Ассоциациясы құрылды. Ассоциацияның негізгі міндеті – франчайзингке байланысты шұғыл ақпаратпен, сонымен қатар, франшизаны іздеу саласында кеңестік және әдістемелік көмек көрсету, ассоциациясы мүшелерінің мүдделерін сан түрлі халықаралық және мемлекеттік органдар мен ұйымдарда таныту және құқығын қорғауды қамтамасыз ету.
Қазақстандық Франчайзинг Ассоциацияның рөлі – Қазақстанда франчайзингтің дамуын қамтамасыз ету. Ассоциацияның мүшелері – франчайзинг жүйесімен қызмет атқаратын кәсіпорындар мен компаниялар.
Франчайзинг Ассоциациясының партнерлары:
- АТФ Банк – «Франчайзингтік операциялардың қаржыландырылуын қамтамасыз ету бағдарламасы»
- PRAGMA – «Орта Азиядағы сауда және инвестицияның дамуы туралы жоба»
- «MICHAEL WILSON & PARTNERS LTD.» - заңдық қызмет көрсетулер, бизнес консалтинг.
Алдыңғы жылдармен салыстырғанда, соңғы жылдары франчайзинг Қазақстанда да жоғары қарқынмен дамуда. 2004жылға дейін Қазақстанда негізінен 25 франчайзингтік концепциялар пайда болса, қазіргі кезде олардың саны 50-ге жетті. Сонымен қатар, Қазақстан мемлекеті ТМД мемлекеттері ішінде бірінші болып, 2002 жылы «Комплекстік кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» заңын қабылдаған болатын. Шетелдік мамандардың пікірінше, Қазақстандағы заң жүйесі франчайзингтің жоғары дәрежеде дамуына ықпал жасайтынынасенімді. Қазақстан мемлекетінің үкіметі франчайзингтік жүйенің дамуын қолдайды, себебі,бұл жүйе негізінен шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының бір формасы болғандықтан, ал шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту Қазақстан үкіметінің соңғы жылдардағы бірден-бір стратегиясы.
Қазіргі кезде өзінде Қазақстандағы франчайзингті пайдалану сферасы алуан түрлі. Мысалы, ққоғамдық тамақтандырусферасында - «Rostics», қызмет көрсету «1:С Франчайзинг», оқыту – «Ef English First»,өндіріс сферасында - «Tiffani marble» және тағы басқа . Бұл кәсіпкерліктердің барлығы шетелдік сауда маркалары арқылы жұмыс атқарады, сонымен қатар, біздің өзіміздің Ұлттық өндірушілеріміз франчайзингтік жүйе арқылы өздерінің кәсіпкерліктерін ұлғайтуға сенімді және де осы бағытта жұмыс істеуде, олардың ішінде «UMEX» жылжымайтын мүлік агенттігі, «HOLDING SPACE» жиһаз өндіру және «Сеймар» азық-түлік кәсіпкерліктері. Сонымен қатар, Қазақстанда соңғы уақытта франчайзингті қолдайтын әр түрлі мекемелер бар, олардың арасында заң фирмалары «Майл Уотсан» фирмасы, консалтингтік агенттіктер «Бизнес консалт агенттігі», банк мекемелері «АТФ Банк» және тағы басқа. Мысалға, Қазақстанның франчайзинг ассоциациясы «АТФ Банктің» қолдауымен, франчайзинг жүйесі арқылы кәсіпкерлік пен айналысамын деген адамдарға, кәсіпорын иелеріне кредиттік жеңілдіктер жасайды, сондай-ақ банктің Қазқстандағы франчайзингтің дамуына ықпал жасайтын әр түрлі жеңілдіктерберетін программалар жасауда.
2005 жылы Алматыда өткен «Товаары и услуги для бизнеса - 2005» көрмесінде адамдардың франчайзингке деген көзқарасының өзгергендігін көрсетті.
Осындай маңызды шаралар франчайзингтік жүйемен дамитын кәсіпкерлердің санын көбейтетініне сенімдімін. Себебі, әрбір адам немесе кәсіпорын иесі, жаңа кәсіпкерлік ашқысы келсе, кәсіпкерлігін ұлғайтқысы келсе, мұндай жағдайда франчайзинлтік жүйені пайдалану өте тиімді. Сондықтан, соңғы жылдардағы мәліметтерге жүгінсем, франчайзингтің Қазақстандағы даму болашағы зор болып көрінеді ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі