Тарих | Монополия дегеніміз не

Тарих | Монополия дегеніміз не

Монополия (грек – moons –жалғыз, polio – сатамын) жеке өндіруші тауар рыногын бақылап және сол рынокта үстем орын алған кезде пайда болады. Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз сатушысы деген ұғым береді.
Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиялық баға және монополиялық пайда жатады. Фирманың қарамағында сирек кездесетін ,ұдайы өндірілмейтін ресурстары болса, оның монополистік болмысы табиғи болады. Ал егер осы фирма өзі ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін ұтымды пайдаланып, монополия құрған болса, фирманың монополиялық болмысы жасанды болады. 20 ғ дейін монополиялар шектелген сфераларда болған. Кейін монополиялану процестері заңдылықа айналды. Бұл өндірістің, бәсекенің, ұйымдастырулық бастаманың күшейуімен байланысты болды.
Монополияның мақсаты - рынокта баға мен өндіріс көлемін бақылау арқылы мүмкін болатын жоғары табыс алу. Мақсатқа жету құралы болып орташадан жоғары пайданы қамтамасыз ететін монополиялық баға құрылуын ұсынады.
Монополиялық бәсеке және оның түрлері

Бәсеке ( лат. Concurred - қақтығысу) - бұл рыноктық экономиканың қатысушыларының арасындағы тауарларды сатып алу және сату барысында , өндірістегі ең жақ - сы жағдайлары үшін бақталастық..
Бәсеке - рыноктық қатынастардың негізгі категориясы ,әр түрлі формада болады және әр түрлі жолдармен іске асырылады . Ол сала ішіндегі ( біртектес тауарлар арасында ) және сала аралық (әр түрлі салалар тауарлары арасында ) болады . Ол бағалық және бағалық емес бола алады. Бағалық бәсеке тауарлар мен қызметтерді бәсекелестің бағасына қарағанда төмен бағамен сатуға негізделген. Баға төмендету шығынды азайту немесе пайданы азайту арқылы ғана мүмкін. Оны тек ірі фирмалар ғана істей алады.
Бағалық емес бәсеке техникалық артықшылықтардың арқасында жететін тауарлардың жоғары сапасымен және сенімділігімен сатуға негізделген. Бәсеке орасан зор күш және қаражат шығынына байланысты. Монополиялар капиталистік өндірістің негізгі бөлігіне үстемдік жүргізе отырып , әрбір еңбекшілерді аяусыз қанай отырып, жалдамалы еңбек шеңберін тым ұлғайтып жіберді. Сөйтіп солардың есебінен монополиялық үстеме пайда алады және байыйды. Марксизм –ленинизм классиктері (К.Маркс, Ф.Энгельс және В.И.Лениннің) бәсекенің өңі айналған формасы монополия екендігін дәлелдеді. Олар кескілескен бәсеке күресінің қалың ортасында болатындығын, осы бір құбылыстың өмір сүрулерінің ең басты жағдайлары екендігінің бет-пердесін ашты.
Капитализмнің жоғары даму сатысындағы ең басты құбылыс-бәсекенің монополияға айналып кетуі. (Монополиялар еркін бәсекеден өсіп шығып, оны жоймайды, қайта еркін бәсекенің үстінде және сонымен қатар өмір сүреді, сөйтіп осы арқылы бірқатар мейлінше шиеленіскен жне қатты қайшылықтар, кикілжіңдер, жанжалдар туғызады). Монополиялық капитализм еш уақытта бәсеке күресін жоймайды, формасын өзгертіп, тереңдетеді және шиеленістіреді. Империализм тұсындағы бәсекенің түрі әлдеқайда көп және өте күшті. Монополия бәсекесінің халін нашарлатумен оған шектелмейді, оны әбден тұншықтырып, құртқанша күресе береді. Өткір бәсеке күресінде аз адамның басқаларға қарсы астыртын келісім ымырасының құрбаны болып қала береді. ерекше белгісғарыда айтып өткеніміздей бағалық бәсекеге қарама қайшы келетін бәсеке түрі бағалық.
Бәсеке мен монополия қайшылықты бірлестікте ғұмыр кешеді. Бұл құбылыс бәсекенітылы формасынан көрініс алады. Қайырымсыз бәсеке түрлері барлық бағытта толықсуды білмейтін дәрежеде жүріп жатады. Монополиялық бәсеке кезінде рынокта сатушылар мен алушылардың саны бірнешеу болады. Бірақ жаңа құбылыс пайда болады- өнімнің дифференциясы, яғни өнімнің даярлығы оны басқа бәсекелестің ұқсас тауарларынан айырып тұратын қасиетінің болуы. Ондай қасиеттер - өнімнің жоғары сапасы, әдемі орамы, сатудағы жақсы шарттар, дүкеннің жағымды орынға орналасуы, жоғары деңгейдегі сервис және т.б. болып табылады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?