Тарих | Менің Қазақстаным — менің болашағым

Тарих | Менің Қазақстаным — менің болашағым

«Менің Қазақстаным — менің болашағым». Бүгін «Атамекен— «Қазақстан Картасы» этно-мемориалды кешенінде Конституция күніне арнап өткізілген республикалық бейне-конференция осылай аталды. Интерактивті сабақ түрінде болған шарада құқықтық және демократиялық мемлекет құрудағы Ата Заңның рөлі төңірегінде ғибратты әңгіме өрбіді. Интернет арқылы Маңғыстау, Алматы және Қарағанды облысы мен Астана қаласының сондай-ақ, өзге де өңірлердің студент, оқушылары тікелей байланысқа шықты. Олар заң саласының білгір мамандары мен «Нұр Отан» партиясы өкілдеріне өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, бейне-конференцияға Әділет, сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігі мен Ресей, Белоруссь елшіліктері интернет арқылы қатысты. Ұйымдастырушылар, «интерактивті сабақ жас буынның құқықтық санасын қалыптастыруға таптырмайтын шара» деп бағалап отыр. Ал Заң ғылымдарының докторы Марат Башимовтың сөзінше, көптеген елдер Конституция күнін патриоттар мейрамы ретінде атап өтеді.
1995 жылы референдумда қабылданған Ата заңымыз бүгінде еліміздің негізгі бағыттарын айқындап берді. Республика аумағында жыл сайын атап өтіп келе жатқан мереке қарсаңында биыл да түрлі мекемелер тарапынан іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Төтенше жағдайлар департаментінде де бірқатар іс-шаралар осы бағытта өрбуде. Солардың бірі Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесіне орай Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен 2009 жылдың 7 тамызында Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы ғимаратындағы саптық алаңда департаменттің және құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерінің балалары арасында «Менің Отаным - Қазақстан» атты сурет салу байқауы өтті.
Шараға 3 пен 15 жас арасындағы 20 жеткіншек қатысты. Байқау барысында байқалғандай балалар өз өнерлерін асфальтқа салған ел және туған жер тақырыбындағы суреттерінде Отанға деген сүйіспеншіліктерін балалық ақ пейілмен жеткізе білді. Ел ертеңі болатын жасөспірімдер «Гүлденген Қазақстан», «Бәйтерек», «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыптарын таңдады.
Аталмыш байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаз жас өрендер ағымдағы жылдың 28 тамызында алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.
Ата заң мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып отырған бұл шара балаларды отаншылдыққа тәрбиелеуге, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған. Ертеңгі болашағымыз балалардың адам өмірі мен игілігін, сондай-ақ, қоғам байлығын қорғау жолында қызмет ететін ел азаматтары болып өсуі баршамызға да маңызды.

Менің елім – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Қазақстан-егеменді, тәуелсіз, байтақ, жері шұрайлы, астығы мол, кенге бай, суы мөлдір,тұнық, таза, бейбітшілігі мен татулығы берік ел. Байтақ жері, аспанмен теңескен асқар таулары, шуылдасқан өзен,көлдері бар елімді мақтан тұтамын. Бұл жерде тұратын адамдарға еліміздің тауы да, тасы да,мекендеген жануарлары да, төрт түлік малдары да-бәрі оларға ыстық.
«Отан үшін отқа түс күймейсің,арың үшін алыссаң өлмейсің»-дегендей бұрынғы ата-бабаларымыз елі, жері, халқы, тәуелсіздігі үшін жандарын аямады.Қанша ержүрек батырлар елін аман сақтап қалу үшін өмірлерін қиды десеңізші. Бүгінгі таңда елімізде адамдар тәуелсіз, бейбіт, тыныш өмір сүруде.
Тәуелсіз еліміздің астанасы Астана қаласының 10 жылдық тойы жоғары деңгейде тойланды. Астанаға арнап:

Астана, Астана, Астана, Астана,
Астана бас қала. Әнмен, биге жараса.
Елімнің жүрегі- Өлең менен жырлар да
Елорда- Астана. Арналады қаншама
Халқымның жүрегі, Өзіңе мен арнаймын,
Бәрінің тірегі- Осы шумақ өлеңін.
Астана – Бәйтерек Көркейе бер шыңдарға

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ – ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ

Ұлттық тіл - әр халықтың өзіне тән ой – санасың парасатты бүкіл болмыс – тіршілігі мен сезім – түйсігін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін күретамыр. Қазіргі уақытта қазақ тілі – Қазақстанның мемлекеттік тілі. Біріншіден қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмысың әдет-ғұрпың мәдениетің тарихын білуге жол ашты, екіншіден көпұлтты халықтын қарым – қатынасындағы өндірістік әрі тұрмыстық қажеттілікті іске асыруға, халықтардын достық қарым-қатынасын күшейтудің құралына айналды.
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, Алға облыстық балалар үйінде қазақ тіліне ерекше көңіл бөлінеді. Балалар үйінде барлық іс- шаралар мемлекеттік тілде өтеді. Сонымен қатар өзге ұлт өкілдерінің көбісі қазақша сөйлеуге бейім. Олар өз ойларын терең жеткізбегенмең сауатты жаза, сөйлей алады.
Балалар ұйінің тәрбиеленушілері әртүрлі әң би байқауларына қатысып, еліміздің еңсесі биік болу жолында көп еңбек етіп келеді.
Аудандық, облыстық жас ақындар байқауларына қатысып, біздің оқушылар белсенділік танысып келеді. Сонымен қатар оқуышылардың өздері өлең шығарып, ақпарат беттеріңде жарияланады. Атап айтатын болсақ, Б.Злобин, К.Испулова, О.Шарипов т.б.
Балалар үйінде «Қазақ тілі қоғамы» өз деңгейінде жұмыс жасады. Бұл қоғамның мүшелері түрлі тілге байланысты шаралар өткізіп, тәрбиеленушілердің мемлекеттік тілге деген қазығушылығын арттырып келеді.
Мемлекеттік тіліді дамыту мақсатында қосымша сағаттар қосылды. Мысалы, этнопедагогика, сөз өнері, шешендік өнер деген факультатив сабақтары жүргізіледі. Бұл да өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін халқының дәстүрін толық меңгеруге септігін тигізеді.
Наурыз мерекесі де біздің үйде өз дәрежесінде өтеді. Бұл мерекенің балаларға беретін тәрбиелік мәні зор. Оқушылар қазақ халқының салт- дәстүрімен кеңінен танысады. Қазақ тілінде өтетін барлық іс- шараларға балалар үйінде ерекше көңіл бөлініп отырады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері бала тәрбиесін тіл үйретуден бастап, тіл мәдениетін бейімдеуді көздейді.
Өзге ұлт балалары үшін этнопедагогика, елтану, тілімізді құрметтеу құлшыныс мақсаттарын көздейді, ал қазақ баласы үшін өз тілін ұмытпауға, ұлттық тәрбие алуға қызмет етуге тиіс.
Балалар үйіндегі тәрбие, класс сағаттары қазақ тілінде жүргізіледі, яғни балалар үйінің мақсаты- қазақша сөйлеуге, келешекте еліне қызмет ететің елін қорғайтың ел азаматың елдің ұл- қызын қалыптастыру – үлкендердің парызы. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?