Торғай облысындағы 1916 жылғы Ұлт-азаттық күрес

Торғай облысындағы 1916 жылғы Ұлт-азаттық күрес


Торғай облысындағы 1916 жылғы
Ұлт-азаттық күрес.

Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған ен табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтылмаған ауыл немесе елді мекен болмады. Бұл кездейсоқ емес еді. Істің мәні мұнда жұрттың көп жері тартып алынып, аграрлық мәселенің шиеленісуі өте күшті болғандығында еді.
Барлық жерлердегідей көтеріліске түрткі болған 1916 жылғы 25 июньдегі указ болатын. Торғайдың әскери губернаторы М.М.Эверсмин «құрметті ақсақалдармен» бірге старшындарды арнайы шақырып алдырды: олар патшалық өкімет орындарын қолдайтынын білдіріп, патша указы орындалады деп сендірді. Либералдық феодалдық-бай интелегенция патшаның отаршылдық әкімшілігінің жетегінде кетті де, патша указын орындауға шақырып ауыл-аулдарды аралап кетті. Алайда олардың әрекетінен ештеңе өнбеді. Еңбекшілердің наразылығы мен ашу-ызасы күннен-күнге ұлғая түсті.
Торғай облысының әскери губенаторы М.М.Эвераменға қазақ еңбекшілерінің қару алып, жаппай көтерілгендігі туралы хабарлар күнбе-күн түсіп жатты. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрамдады, болыстарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. Оған жұрт арасында танымал халық батыры Аманкелді Иманов басшылық етті. Ол 1873 жылы Торғай уезінің Қайдауыл батысындағы ауылдардың бірінде, кедей шаруаның семьясында туған еді. Әкесінен ерте айрылған Аманкелді байлардың етегінде жүріп, бала күнінен-ақ жоқшылық пен мұқтаждық көрді.
Аманкелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Ұшы-қиырсыз Торғай даласының барлық түкпірлерінде көтерілісшілер отрядтары құрылып, барлық түкпірлерінде көтерілісшілер отрядтары құрылып, оларға Байқоңыр руднигінің Шоқпаркөл тас көмір кен орындарының және Орынбор – Ташкент темір жолының жұмысшылары келіп қосылып жатты. Аманкелді Имановты жақтаушылардың қатары күннен-күнге өсе берді. Оған Торғай облысындағы жақын жатқан Қостанай, Ырғыз және Ақтөбе уездерінен ғана емес сонымен бірге Сырдария, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілістер ағылып келіп жатты. Егер октябрьдің бас кезінде Аманкелді Имановтың отрядтарында 5 мыңдай адам болса, 15-20 күннен кейін ақ олардың қатары 50 мың адам шамасында болды. Көтерілісшілердің арасында жоспар көп болатын. Көтерілісшілер армиясының штабы Торғай даласының қиыр түкпірінде, Батпаққара маңында болды.
Көтерілісшілер армиясының ішкі ұйымдасуы мыңдай болды: отрядтар 10, 50, 100 және мың адамнан құралған бөлімдерге бөлінді, олардың әрқайсысын командирлер – онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасы басқарды. Аманкелдінің өзін Сардарбек (бас қолбасшы) деп атады.
Аманкелдінің көтерілісшілер отрядтары бақылайтын аудандарда бұрынғы ауыл-болыс әкімшілігі басқарудан шеттетіліп, өкімет билігі іс жүзінде көтерілісшілердің қолына көшті.
1916 жылғы октябрьге қарай Торғай және Ырғыз уездерінде 20-ға тарта көтерілісшілер оряды болды. Олардың кейбіреулерінде 2-3 мың адам болатын. Торғайдың көтерілісті отрядтары 3 топқа бірікті. Қазақстанның басқа да облыстарындағы сияқты, Торғай облысының феодал-бай элементтері көтерілістің басшылығын өз қолдарына алып, оны ұлтшылыдық арнаға түсіруге тырысты. Мұның өзі, мәселен, Ырғыз және Торғай уездерінде хандар сайлаудан көрінді. Алайда еңбекті шаруалар байлар мен молдалардың бұл инициативасын қолдамай, Аманкелді Имановтың төңірегіне топтасты. Курстық барысында «хандар» іс жүзінде бұқарадан оқшау қалды. Ол былай тұрсын, олар іс жүзінде патша өкіметі жағына шығып кетті. Олармен бірге 400 қызық байы көтерілісті шаруаларға қарсы жазалаушыларды қолдап шықты.
13 октябрьде Ырғыз уезіндегі Қызылжар болысының көтерілісшілері Жаманқұл деген жерде патша әскеріне көмекке жіберілген байлардың отрядын талқандады. 17 октябрьде Ақтөбе уезінің көтерілісшілері Қарабұтақ селосын қоршап алды, келесі күні 2500 адамннан құралған көтерілісшілер отряды Көжекөл көлінің маңында (Ырғыздан 70 км жерде) жазалаушылар отрядына шабуыл әскерлерін шегінуге мәжбүр етті. 21 октябрьде 4 мың көтерілісті татар көлі маңында қазақ жүздігімен және полиция отрядымен шайқасқа түсті. Көтерілісшілермен қақтығысуларда жазалаушылар өлгені, жараланғаны бар көптеген адамдарынан айырылып, Торғай қаласына әрең жетті.
23 октябрьде Аманкелді Иманов бастаған 15 мың көтерілісті Торғай қаласы қоршап алды. Қазан әскери округінің қомандашысы әскери министрге «Торғай және Ырғыз уездеріндегі жағдай жедел нашарлай түсуде. Торғаймен арадағы телеграф байланысы ғана емес, қатынас атаулының бәрі үзілді... Торғай қоршалды, Ырғыз қоршалып жатыр» деп телеграмма жіберді. Сонымен бірге көтерілісшілер «Торғай және Ырғызды басып алып, Орынбор - Ташкент жолы бойындағы темір жол қатынасын үзіп тастамақ ниетке екені де хабарланды.
Қозғалыстың кең қанат жаюынан қауіптенген Торғай облысының әскери губернаторы М.М.Эверсман әскери министрден Аманкелді Иманов бастаған көтерілісті басып – жаншу үшін жазалаушы экспедиция жіберуді өтінді.
Патша армиясы Бас штабының бұйрығы бойынша Қазан әскери округі майдандардан алынып, көтеріліс болып жатқан жерге жіберілген, генерал А.Д.Лавреньтев бастаған экспедициялық корпусты жасақтады. Оған 17 жаяу әскер ротасы, 18 қазақ жүздігі, 18 зеңбірегі мен 17 пулеметші бар 11 атты әскер эскадроны кірді. Патша үкіметі экспедициялық әскерлерді авомобильдермен аэропландармен жабдықтап, шалқар станциясы мен Торғай қаласы арасындағы этаптық пункттерді қоршау үшін 5 мың тұт тікенекті сым бөлмек те болды.
А.Д.Лавреньтевтің Орынборда жасақталған экспедициялық корпусы арнайы мақсатты поездарға отырып топ-тобымен Шалқарға, Ақтөбеге, Қостанайға түсірілді.
Аманкелдінің көтерілісшілері Торғайға жақындап келді, бірақ оны ала алмай, 22 октябрьде халықты қоршауға алды да, қоршау бірнеше күнге созылды.
Бұл кезде Торғайға үш бағыт (Шалқар – Ырғыз – Торғай, Ақтөбе – Қарабұлақ – Ырғыз – Торғай, Қостанай – Торғай бағыттары) бойынша А.Д.Лаврентьевтің жазалаушы корпусы ентелеп келе жатты. Корпустың келе жатқаны туралы деректер аоғананнан кейін көтерілісшілер Торғайды қоршауды қойып, оған қарсы аттанды. 16 ноябрьде Тосын және шұбалап болыстарының Аманкелді Иманов бастаған жалпы саны 10-12 мың адамдық көтерілісшілер Түпқойма почта станциясы маңында подпалковник Котониннің отрядына шабуыл жасады. Жазалаушылар көп шығынға ұшырап, көтерілісшілер қатарын әрең бұзып өтіп, 16 ноябрьде Торғай қаласына келіп кірді.
Ноябрьдің екінші жартысында көтерілісшілердің негізгі бұқарасы Торғайдан 150 км жерге қашықтап шегініп, Батпаққараның төңірегіне жиналуға мәжбүр болды; мұнда соғыс қимылдарына басшылық ететін және алынған аудандарды басқаратын кеңес құрылды. Аманкелді Имановтың басшылығының осы жерде жазалаушыларға қарсы партизан жорықтары жасалып, ұйымдасқан барлау ісі жолға қойылды.
Негізінен алғанда аңшы мылтығымен, найзамен және қолдан жасалған басқа да қарушы жарақтанған көтерілісшілер генерал-лейтенант Лаврентьев корпусының негізгі күштерін өзіне бағыттап, Торғай қаласын 100 км шеңберінде қоршау қыспағында ұстады. Көтерілісшілер партизандық күрес әдістерін кеңінен пайдаланды. 22 ноябрьде Ырғыз уезіндегі Ұлпан станциясында 4 мың көтерілісші есауыл Фроловтың отрядымен соқтығысып қалды. Хабарламада «қырғыздар әскери сап құрып колонналар сатылынып алды да, лап беріп шабуыл жасады; тытығу кезінде 25 шақырымға дейінгі жерге шалғыншылар мен тосқауылдар жіберіп қорғалады» деп көрсетілген. Слғыс қақтығыстары сондай-ақ 21-23 ноябрьде Ырғыз бен Торғай арасындағы почта жолдарында да болды.
30 ноябрьде Ырғыз уезіндегі Тәуіп, Аманкөл және Қызылжар болыстарының 6 мың көтерілісшілері подполковник Фон Резеннің отряды келе жатыр деп хабар алғаннан кейін оларға қарсы аттанды. «Артиллериядан, пулеметтен және мылтықтан қарша бораған оққа қарамай, қырғыздар шабуыл жасай берді, олардың қатары тым сиреп қалғаннан кейін ғана кейін ығысты, бірақ дөңнің сыртына шығып, күш жинап алып, тағы да шабуылға шықты - деп баяндады патшаға осы ұрыс жөнінде бас штабтың бастығы.
Қыстың ерте түсуі көтерілісшілердің қимылын қиындатты. Аманкелді Иманов өз отрядтарын жазалаушы отрядтардың жетуі қиын жерлерге жинақтады. Көтерілісшілер өздерін азық-түлікпен және жеммен қамтамасыз етті, жертөлелер салып, киіз үйлер тікті. 1917 жылдың басынан бастап А.Иманов күресті қыста бастамақта болды.
Қазақстанның басқа облыстарында көтеріліс 1916 жылдың аяғына қарай болып жиналған болса, Торғай облысында біршама жақсы ұйымдастырылуышылық арқасында ол 1917 жылы да жалғасып, фераль буржуазиялық-демократиялық революциясына ұласты.
Қостанайдан Батпаққараға қарай беттеген бірінші жазалаушы отрядтың толып Наурызымның екі болысының А.Иманов бастаған 2 мыңдай көтерілісшілері бөгеді. 1917 жылғы 13 январьда Шотқалықопа деген жерде, ал 14 январьда Күйікқопа деген жерде болған ұрыстардан кейін жазалаушы отряд шегінуге мәжбүр болды.
18-19 февральда Құлақ-бай отрядтары қолдаған полковник Тургеневтің мықты қаруланған отряды (төрт зеңбірегі және алты пулеметі бар 6 жүздік) мен Аманкелді сарбаздары арасында шайқас болды.
24-26 февральда көтерілісшілер Доғалүрпек маңында патша әскерлеріне қарсы соңғы рет шайқасты. Барынша күш сала шайқаса оырып, көтерілісшілер қырға қарай баяулап шегіле берді: шақырылу жасындағы еркектердің дені олармен бірге кетті. 27 февральда жазалаушы отряд Доғалүрпек пен Бетпаққараны көтерілісшілердің қолында қалдырып Торғай қаласына шегінді.
Патша жазалаушылары мен Аманкелді Имановтың көтерілісшілері арасындағы соғыс қимылдары февраль буржуазиялық – демократиялық революциясынан кейін де жалғаса берді. Толық емес мәліметтерге қарағанда, Уақытша үкімет ұлт-азаттық қозғалысына қатысқаны үшін Торғай облысында 3 мың адамды жауапқа тартты, олардың ішінде 201 адам өлім жазасына кесілді, 162 адам каторгаға айдалды.
Аманкелді Иманов қазақ халқының атақты батырына айналды. Оның есімі, қаһармандық ерлік істері аздап ауызға таралып, халық әдебиетінде кеңінен бейнеленді. Ұшы-қиырсыз қазақ даласының жер-жерінің бәрінде халық ақындары оны сеескенуді білмейтін батыр, правосыздар мен жарлы-жақыбайлардың қорғаушысы ретінде жырға қосты.
Торғай облысында Аманкелді Имановпен бірге көтеріліске Аманкелді Имановтың дүниетанымн қалыптастыруға зор ықпал жасаған большевик Әліби Жангелдин басшылық етті.
Әліби Жанкелдин 1884 жылы Торғай уезінің Қайдауы болысындағы Қабдайыл деген жерде кедейдің семьясында туған. 1902 жылы орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін ол Қазан семинариясына оқуға түсті. 1905 жылы Қазақ студенттерінің революциялық қозғалысына қатысып, бұл үшін семинариядан шығарылды. 1906 жылы революциялық қияметі үшін осының алдында ғана оқуға түскен Москва семинариясынан шығарды. 1915 жылы большевиктердің Петроград ұйымы оны партия мүшелігіне қабылдады.
«Бұратаналарды» мобилизациялау туралы патша указы жарияланысымен-ақ А.Имановтан хат алған Жанкелдин өзінің большевик достарымен ақылдасып Қазақстанға аттанды да, Торғай даласындағы көтерілісшілерге келіп қосылды. Көтерілісшілердің жиналыстарында Аманкелді Имановпен бірге Жангелдин көтерілісшілер қозғалысының, Торғай қаласына тіке шабуыл жасаудың және патша жазалаушыларына қарсы бұдан былайғы күрестің жоспарларын жасады.
Кейінірек Петроградта болған кезінде Ә.Жангелдин Петроград Советінің мәжілісінде сөз сөйлеп, жазалаушы отрядтарды торғай даласынан алдыруға күш салды.
Меньшевинтердің қарсы болуына қарамай большевиктердің талап етуі бойынша Петроград советі генерал-лейтенант А.Д.Лаврентьев бастаған экспедицияны Торғай облысынан алдыру туралы Уақытша үкіметке советтің шешімін орындаудан басқа амал қалмады.
Алайда буржуазиялық уақытша үкіметтің жергілікті органдары Аманкелді Имановтың көтерілістерін қуғындауын тоқтатпады.
Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының азаттық қозғалысының шежіресіндегі ең бір жарқын белес болып табылады.
Көтерілістің тәжірибесі қазақ шаруаларын орыс жұмысшы табымен одақтасқанда ғана, оның көмегімен және басшылығымен ғана ұлттық және әлеуметтік азаматтыққа жетуге болатынын үйретті.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысын - Россия империализмнің жалпы дағдарысының бір көрінісі. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!