Орталық банктердің функциялары

Орталық банктердің функциялары

Орталық банктердің функциялары.


Дамыған елдердің орталық банктерінің қызметін игеру, сондай- ақ ақшалай- кредиттік саясатының әдістерін қолдану, Қазақстанда нарықтық экономиканың негізін құруына мүмкіндік береді.
Орталық банктің капиталы мемлекеттің иелігінде, бірақ акционер ретінде (мысалы Ұлыбритания, Франция) әр түрлі меншік кредиттік- қаржылай институттар бола алады.
Орталық банктердің ерекшелігі - атқару органдарының басқаруынан тәуелсіз болуы. Көбінесе олар заңшығарушы органдарының билігіне тәуелді болады (парламент, конгресс). Мысалы Германияда, орталық банктің автономиясы заңды түрде бекітілген. Дегенмен де, мұндай тәуелсіздік үкіметпен бекітілген экономикалық саясаттың тиімділігін арттыру керек.
Кредиттік- қаржылай институттарын несиелендіру кезіндегі шектелімді орнату, сонымен қатар ақшалай эмиссияны бақылау, ақшалай жиынның нормативтерін бақылауы - дамыған мемлекеттердің орталық банктерінің маңызды мақсаты болып отыр.
Орталық банктер пайдаланатын ақшалай кредиттік экономиканы реттеу әдістері ортақ және жекеше болып бөлінеді. Біріншісіне есептік (дисконт) саясаты, ашық нарықтағы операциялар және міндетті сақтық қор (резерв) мөлшерлерін басқару жатады.
Есептік саясат деп- орталық банктің вексельдерді сатып алатын шарттарын айтады. Бұл саясат кредиттік институттардың өз клиенттеріне беретін, несиенің бағасына әсер тигізетін есептік проценттің реттелуіне негізделген. Экономикалық циклға байланысты бұл пайыз өзгеріп, қайта қарастырылуы мүмкін. Мысалы Германиядағы Бундесбанк (орталық банк) 1948-1989 жылдар аралығында ресми пайыздық мөлшерлемесін 76 рет өзгерткен болатын.
Есептік саясаттың қолданылуы тікелей вексель айналымына және құнды қағаздар нарығына тәуелді.
Орталық банк коммерциялық банкке вексельде көрсетілген толық соманы төлемей, есептік мөлшерлемесін, яғни вексельдің қойылған сәтінен орталық банкпен өтеу мерзіміне дейінгі сомасын ұстап қалады.
Вексельдің иесі келесі жағдайларда оны төлем мерзіміне дейін ақшаның орнына қолдануға мүмкіндігі бар:
• өз борыштық міндеттемелерін төлеуге;
• вексельді өтеу мерзіміне дейін сақтап, оны төлемге ұсыну;
• вексельді банкке төлеу мерзіміне дейін сату.

Банк вексельдің иесіне онда көрсетілген толық сомасын төлемей, белгілі бір пайызын ұстап қалады. (мысалы, жылына 9%) Клиент коммерциялық банкке вексельді сатып алуды ұсынғанда, әдетте коммерциялық банктің есептік мөлшерлемесі туралы сөз болады.
Коммерциялық банкпен ұсталатын пайыз сомасы қазіргі орталық банктегі есептік мөлшерлемеден 0,5-2 %- ке өсіп отыр.
Коммерциялық банктің клиенттері ақшаны тек есептік вексельдің негізінде ғана емес, сонымен қатар ломбардтық операциялар, яғни банкте бағалы қағаздар мен тауарлардың несиеге алуына кепіл.
Ломбардтық мөлшерлеменің деңгейін өзгерту арқылы орталық банк шаруашылық жүйесінің ақшалай қамсыздандыруды реттеуге тырысып отыр. Әдетте, 1%- ке, кей жағдайларда 2 %- ке жоғары. Ломбардтық мөлшерлеменің есептікпен салыстырғандағы жоғарылығы банктердің ломбардтық несиені берешек нысанында қарастырып, оған вексель мөлшерлемесінің барлық мүмкіндігін қолданғаннан кейін ғана сүйенеді.
Орталық банктің есептік саясатына есептік мөлшерлемені орнатуымен қатар, вексельдің сапасына қойылатын талаптарды өзгерту және қайта есептеу контингенттерін орнату сияқты реттеу әдістері жатады.
Егер орталық банкке экспортті ынталандыру қажет болса, онда қайта есептеу мөлшермесін экспорттік вексельдер алады. Егер вексельдің бағамы төмендейтін болса, мысалы құрылыс кезінде, онда банк осы саладағы вексельдердің есебін тоқтатады. Ондай саясат орталық банктің қайта есептеу сапалы саясаты деп аталады. Бұл кезде орталық банк коммерциялық банктерге қайта есептеу кезеңін бекітеді.
Дамыған елдердің орталық банктерінің ақшалай-кредиттік саясатының ең иілмелі әдістерінің бірі – ашық нарақ саясаты. Оның негізінде ақша нарығына әсер ету мақсатында, бағалы қағаздарды алып-сату. Осындай саясаттың негізгі мақсаты- құнды қағаздарға, банктік акцептілерге сұраным мен ұсынымды бақылай отырып, коммерциялық банктердің сәйкес назарын аудару.
Ашық нарықтағы операцияларды басқарып, орталық банктер несиелік мекемелердің өтімділік деңгейін бақылай алады.
Құнды қағаздардың бағамы мерзіміне байланысты дифференциалды түрде тағайындалады. Бірақ ашық нарық саясатының жетістігі көптеген шарттарға байланысты. Кәсіпкер мен халық жағынан несиеге сұранымның төмендеуі кезінде коммерциялық банктер орталық банктің құнды қағаздарын сатып алады, сондай-ақ коммерциялық банк несие беретін шарттарынан тиімді ұсыныс жасалған кезде, құнды қағаздар сатып алынады.
Құнды қағаздардың кері төлемін қолдана отырып, коммерциялық банктердің өнімділігін қолдау қажет болса, онда орталық банк сатып алушы ретінде шыға алады.
әдетте, орталық банк қазынашылық вексель, пайызсыз қазынашылық куәлік, сондай- ақ жергілікті билік органдары мен үкіметтің қарыздық міндеттемелерінің негізінде ашық нарық саясатын жүргізеді.
Қазынашылық вексель – мемлекеттің 3 айдан 6 айға дейінгі қысқа мерзімді вексель түріндегі қарызды пайыз бермейді, бірақ номиналды бағасынан төмен бағамен сатылады.
Қазынашылық куәлік- мемлекеттің немесе федералды мемлекеттің көп мерзімді қарызы (мысалы, федералды теміржол)
Шетелде орталық банктің ақшалай кредиттік бақылаудың әдісі ретінде минималды немесе міндетті қор саясаты қолданылады.
Минималды қор- банктік міндеттемеге сәйкес мөлшері заңмен бекітілген, коммерциялық банктердің орталық банктегі салымы. Салым көлемін өзгерте отырып, орталық банк коммерциялық банктердің кредит өтеу қабілетіне ықпал жасай алады. Міндетті минималды қордың пайда болуы коммерциялық банктердің нақты ақшалай төлемдер кезінде өтемпаздық қордың қажеттілігіне байланысты.
Қазіргі уақытты минималды қорлар келесі функцияларды орындайды:
• коммерциялық банк өтемдердің белгілі бір деңгейін қамтамасыз етеді;
• орталық банктің минималды қоры ақшалай жиынды реттеу және коммерциялық банктердің несие өтеу қабілетінің инструменті ретінде көрініс табады.

Қазақстан Республикасында коммерциялық банктер үшін міндетті қор бойынша тіркелген мөлшерлеме бекітілген. Минималды қор саясаты әлі толық дамымаған және де салымдардың түрі, көлемі мен мерзімі ескерілмейді. Сондықтан да шет елдердің тәжірибесін қолдану біз үшін өте маңызды.
Минималды сақтық қорлар нормасы салымдардың көлемі және түрі бойынша жіктеледі. Мысалы, АҚШ- та мерзімсіз салымдардың минималды қор нормасы, мерзімді және жинақ салымдармен салыстырғанда жоғарырақ болады.
Германияда міндетті сақтық қорлар нормасы Бундесбанк заңымен (1957 жылғы) реттеледі. Міндетті сақтық қордың ағымдағы салым бойынша максималды көлемі- 30%- тін құраса, мерзімді депозит – 20% және де жинақ салымдары бойынша 10%- тен аспайды. 1991 жылы Бундесбанк бекіткен минималды қор бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме мерзімсіз салымдар үшін 12,10%, ал жинақ салымдары үшін 4,15%-ті құраған болатын.
Егер де минималды сақтық қоры бойынша пайыздық мөлшерлемесі жоғары болса, онда орталық банк коммерциялық банктердің иелігіндегі ақша көлемін шектейді. Бұл коммерциялық банктердің несие өтеу қабілетін төмендетіп, олар беретін несиелердің пайыздарын жоғарылатады. Минималды қор бойынша пайыздық мөлшерлеме төмен болса, керісінше болады.
Максималды қор мөлшерлеменің әсерін келесі мысалдан көруге болады. Бір А уақытта минималды қордың мөлшерлемесі салымдардың 9%-ін құрайды. Яғни, коммерциялық банктерде барлық салымдардың 91%-і қалады, бірақ клиенттерге толық 100%-ін төлейді.
Егер орталық банк минималды қордың мөлшерлемесін 15%- ке көтерсе, онда банктерде клиенттердің депозиттерін тек 85%-і қалады, бірақ соған қарамастан банк толық 100% салымдар үшін төлейді.
Коммерциялық банктердің орталық банк жүргізіп отырған минималды сақтық қор қатаң саясатын айналып өтетін арнайы жолдары бар:
Біріншіден, ашық нарықтың қағаздарын орталық банкке сатып, көлемін қысқарту, әсіресе егер де ол оны сатып алуға міндетті болса. Осындай жағдайда коммерциялық банктердің өтімділік деңгейі жоғарлайды.
Екіншіден, коммерциялық банктер минималды сақтық қор саясатына қарсы тұрып, орталық банктің қайта өтеу шектелігін түгеспей, вексельдің қайта өтеуін жүзеге асырады.
Үшіншіден, ұзақ мерзімді құнды қағаздарды өз қолынан клиенттерге сату. Осы жағдайда р салымдардың жалпы сомасы төмендеп, минималды сақтық қордың міндеттемесі қысқарады.
Орталық банктің міндетті қор нормаларының реттелуі тек қана қазіргі несие капитал нарығындағы ахуалға әсер етіп қоймай, сонымен қатар келешекте қордағы несиелік операцияларды өзгертеді. Сондықтан орталық банктің ақшалай-кредиттік саясатының кемшілігі- қазіргі тындырымды бақылау үшін иілмеушілігі.
Ақшалай-кредиттік ықпалдың жалпы түрінен басқа іріктемелі түрін қолданады. Оған банктік несиелердің шектелімі, несиенің бөлек түрлерін бақылау, қор және фьючерстік операцияларды бақылау және де міндетті инвестициялар нормасы жатады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!