Мемлекеттік тілдегі іс қағаздарды жүргізу пәні оның зерттеу нысаны

Мемлекеттік тілдегі іс қағаздарды жүргізу пәні оның зерттеу нысаны

Іс қағаздардың қоғам өміріндегі атқаратын қызметі өте зор. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, әлеуметтік мәні күшті. Кез келген салада іс қағаздар ақпарат жеткізуші құрал болып табылады. Сондықтан іс қағаздар ақпарат жеткізуші құрал болып табылады. Сондықтан іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуді қалыптастыру- үлкен де жауапты іс.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» тіл саясатын жүзеге асырудың негізгі іс шаралары белгіленді. Соның бірі – іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу және оның әлеуметтік қызметін кеңейту. Осы орайда 1999 жылдан бастап жоғары оқу орындарында «Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу» курсы басталды.
«Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу» курсы құжаттарды толтырудың мемлекеттік ережелеріне сүйеніп оқытылады. Ал іс қағаздарды дұрыс меңгерту осы курс бойынша бағдарламалар мен оқулықтардың, сөздіктер мен көмекші құралдардың сапалы болуына тікелей байланысты.
Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу пәнінің мақсаты- студенттерді мемлекттік тілде іс қағаздарды сауатты жазып, оның түрлерін білуге үйрету; құжаттарды толтырудың жалпы ережесін, қойылатын талаптарды, безендірілуін жете меңгерту; іс қағаздар стилінің өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру.
Іс қағаздар туралы мәселені қарастырмастан бұрын «іс жүргізу», «іс қағаздары» терминдері қандай мағынаны білдіргендігі жөнінде айта кеткен жөн. Ол туралы берілген бір-екі түсінікті келтіре кетейік. Мәселен, А.Алдашева, З.Ахметжанова, Қ.Қадашева, Э.Сулейменовалардың авторлығымен шыққан «Ресми іс қағаздары» деген еңбекте «Ресми қағаздары» термині мекемелер мен ұйымдардың басқару мен қызметін құжаттау, құжаттарды ұйымдастыру дегенді білдерді (1,3) деп берілген.
«Іс қағаздарын оқыту» деген еңбектің авторлары Н.К.Мұхамадиева мен А.Д.Чабаева былай деп жазады: «Іс қағаздары дегеніміз адамдар мен қоғамдық мекемелерді өзара байланыстырып, олардың тіршілігі үшін қажетті мәселелерді, мақсат-мүдделерді шешуге көмектесетін қажетті тілдік матеиалдар». Ал ғалым М.В.Кирсанова «Современное делопроизводство» деген 2000 жылы жарық көрген кітабында іс жүргізу терминіне былайша сипаттама береді: «Делопроизводство ведение канцелярских дел, совокупность работ по документированию деятельности учереждений и по организации документов в них» (9,272). «Делопроизводство» мәніндегі іс жүргізу деген сөздердің қайсысын қолдауымыз қажет деген сөз деген де сөз болып жүр. Мәселен, Л.Дүйсембекова іс жүогізу дегеннің заң орындарының қолданатын термині болып қалыптасқанын, сондықтан да оның беретін мағынасы көпшілікке түсінікті - белгілі бір қылмысты істі жүргізу дегенді білдіреді дей келіп, «Олай болса делопроизводство сөзін іс жүргізу деп алудың қанша қажеттігі бар? Оқулықта делопроизводство сөзін іс жүргізу деп беріледі. Біріншіден? Іс қағаздарын жүргізу сөзі бұрыннан қалыптасып, тілге сіңісті болған, екіншіден, өз мағынасын толық, айқын бере алады, үшіншіден, іс жүргізу заң термині ретінде қалыптасқа., өзінің беретін мағынасы, атқаратын қызметі, қолдану ерекшелігі бар, төртіншіден бір сөзбен беру қажеттігі жоқ» деп көрсетеді. (7,9).
«Мемлкеттік тілде іс қағаздарды жүргізу» пәнінің қарастыратын нысанасы, мазмұны мына төмендегідей мәселелерді қамтиды:
• мемлекеттік тілде іс-қағаздарды жүргізудің – дербес ғылым саласы екені;
• іс қағаздарды жүргізудің саясаттану, мұрағат ісі, тарих, тіл білімі, сияқты ғылым салаларымен байланысы;
• іс қағаздарды толтырудың мемлекеттік стандарттары, өзіне тән жазылу стилі болатындығы;
• іс қағаздарына қатысты қатысты негізгі түсініктер мен анықтамалар;
• іс қағаздарының безендірілуі, оларға қойылатын талаптар;
• іс қағаздары тарихы;
• іс қағаздарының тілдік (лесика, морфология, синтаксис, орфография т.б.), стилдік ерекшеліктері;
• іс қағаздарының дұрыс жазылу (орфографиялық) нормалары;
• іс қағаздарының түрлері және және олардың әрқайсысының ерекшеліктері;
• іс қағаздарын толтыруда қолданатын қысқартулар, түзету (корректуралық) белгілер;
• іс қағаздарын құрастырудағы жалпы талаптар, құжат мәтіні, іс қағаздарындағы тізбектілік, даталар, визалар, іс қағаздарын безендірудің негізгі элементтері;
• әр түрлі іс қағаздары мен құжаттарды құрастыру.
Бұл аталған мәселелер тек мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге ғана қатысты.Олар басқа ешбір салада шешілмейді, өйткені ол басқа салаларда қойылмайды да. Сондықтан олар тек мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу саласының зерттеу нысанына жатады.
«Мемлекеттік тілде іс қағздарды жүргізу» атты пәннің өзіндік зерттеу нысанасы бар жеке, дербес сала деуге болады,Бұл саланың жоғарыда атап көрсеткендей күрделі-күрделі мәселелері жетерлік. Іс қағаздарын жүргізу қарым-қатынас жасаудың ерекше түрі, ол өзінше күрделі құбылыс, сондықтан оның зертте нысаны да, қарастыратыны да көп.Енді іс қағаздарға қатысты негізгі түсініктер туралы айта кетейік.
Іс қағаздарын жүргізу екі кезеңнен тұрады. Олар: құжат айналымы және құжаттау ісі.
Ғалым Т.Дүйсебаева «маинкамен жазу және іс қағаздарын жүргізу» деген еңбегінде құжат айналымы мен құжаттау ісіне былайша түсініктеме береді: «Құжат айналымы мекеменің өзі жасаған және сырттан келген дайын құжаттармен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі