Экономика | Қаржылардың жалпы түсінігі

Экономика | Қаржылардың жалпы түсінігі

Қаржылардың жалпы түсінігі

Қаржылардың қоғам өмірінде және жекелеген азаматтардың өмірінде алатын орны ,олардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жөнінде атқаратын рөлі өте зор екені әркімге белгілі.Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және тірегі ,сондай-ақ оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептеледі.Қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикалық өсіп дамуына белсенді ,пәрменді түрде ықпалын тигізеді.Бұл жерде күнделікті қоғам өмірінде ,тіптен өндіріс аясында да көбінесе қаржыларды ақша немесе қаражат деп түсінетін айта кетуіміз қажет.Ақшалардың атақаратын функциясын білмейтін адамдар кемде-кем шығар.Ақшалар құн өлшеу ,айналым ,айырбас және тағы басқа құрал ретінде жалпыға бірдей құндалық баламасы көрсетеді.
Ал қаржылырдың атқаратын басты рөлі мемлекетке жүктелген функцияларды орындау қоғам және экономика мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып табылады ,сондай-ақ сатып алу ,сату ,айырбастау және тұтыну процестерін жүзеге асырмайды.Тағы бір айта кететін жәйт ,ақшаларды пайдалану А-Т және Т-А процесінде тікелей жұмсау түрінде көрініс тапса,ал мемлекеттік қаржыларды жұмсау – бөлу нысанында жүзеге асырылып ,тікелей пайда табу көзделмейді.Бірақ теориялық тұрғыдан алғанда ,ақша қаражаттары мен қаржылардың арақатынасын қарастырсақ ,онда кейбір ақша қаражаттарының қаржылық ресурстарды білдірмегенімен қаржы түсінігінің өте кең мағынада болатынын байқаймыз.
Өркениетті ,нарықтық мемлекеттердің өзінде де қаржыларға айрықша көңіл бөлінеді.Себебі ,осы дамыған елдердің қаржы жүйесі арқылы ұлттық табысты қайта бөлу көрсеткіші елу проценттен асып отыр.Осыған байланысты ,олардың мемлекеттік бюджеттерінің көлемі де күрт өсіп отыр.
Сонымен ,қаржылардың көпқырлы ұғым екенін байқадық.Сондықтан,оның мәнін ашып көрсету мақсатында оны бірыңғай термин ретінде қарастырсақ онда негізгі үш қырынан көрініс табатынын көреміз.
Біріншіден,қаржылар деп өндіріс және тұтынуда экономикалық ресурстардың бір түрі ретінде пайдаланылатын ақшаларды және ақша қаражаттарын айтуға болады.Осы өндіріс пен тұтынудың ақшалай нысандағы ресурстары ,жоғарыда айтылғандай, қаржылық ресурстар болып есептеледі.Олар мемлекетте немесе шаруашылық субъектілерінің қарамағында әртүрлі ақша түріндегі табыстардың ,аударымдар мен түсімдердің есебінен қалыптастырылып ,қоғамның әлеуметтік және басқа да мұқтаждықтарын қанағаттандыруға ,жұмыскерлерді материалдық жағынан ынталандыруға, өндірісті ұлғайтып,жетілдіруге пайдаланылады.
Екіншіден ,қаржылар ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде қаржыландыру терминімін байланысты болады.Сондықтан болар ,бұл жерде қаржы термині мемлекетті ,кәсіпорындарды ,кәсіпкерлерді , аумақтарды ,әлеуметтік-экономикалық және тағы басқа бағдарламаларды қаржылық ресурстармен қамтамасыз етудің қайнар көзін ,көлемін, түрлерін және тәсілдерін білдіреді.
Үшіншіден,арнайы және дербес экономикалық категория ретінде қаржылар бөлу қатынастарын көрсетеді.Нақты бағыттарға арналып ақша бөлу түрінде жүзеге асырылатын қаржыландырудың өзі бөлу болып табылады.Қаржылардың арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлімдерінде және шаруашылықтың әрбір деңгейінде қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлу процестері жүзеге асырылады.Жасалған ұлттық табыстың құнын бөлу ақшалй табысты мемлекеттік деңгейде ,кәсіпорындар мен кәсіпкерлік қызмет деңгейінде бөліктерге бөлу арқылы жүргізіледі және осы жағдайларда туындайтын көптеген қатынастар қаржылық қатынастар деп аталады.Сонымен қаржылардың ақшалармен өте тығыз байланыста болатынын және ақшалардың қаржылар болмысының міндетті көрінісі ретінде сипатталатынын білдік Ақшалардың тауар айырбасында ,өзіндік айналымда болуы ,қолдан-қолға өтуі ақшалай қатынастар түріндегі айрықша нысандағы процестермен көрсетіледі.
Осы айрықша нысандағы экономикалық қатынастар қаржылық болып саналады.Сонымен ,қорыта келіп айтсақ ,экономикалық категория ретінде қаржылардың өте маңызды белгілері қаржылық қатынастардың бөлу сипатында болуы ,ақша нысаныедағы құнның тек біржақты қозғалысын білдіруі.Қорытынды ретінде тағы бір айта кететін жәйт ,қаржылырдың материалдық негізі өндіріс болып табылады.Өйткені шаруашылық субъектілерінің ақщалай табыстары мен экономикалық өнімді жасау және оны өткізу нәтижесінже құралады.Сонымен бірге ,қаржылар сол өндіріс аясының өзіне қызмет көрсетеді.,яғни өндірістің ұлғайтылуына ,дамуына және құрылымдық өзгертілулеріне жағдай жасайды.Қаржылардың арқасында мемлекеттің мұқтаждықтарын қанағаттандыруға ,әртүрлі меншік нысанына негізделген шаруашылықты дамытуға ,аумақтар арасындағы экономикалық байланыстарды жүзеге асыруға қажетті ақша қаражаттарын мемлекет қарамағына жұмылдырады.Қаржылардың негізінде ,олардың көмегімен шаруашылық қызметтердің нәтижелерін тексеру және бақылау жүзеге асырылады.
Енді осы қаржылар жөнінде оқымыстығалымдардың көзқарастарына көз жүгірте отырып,салысттырып көрейік.Қаржылық құқық саласының көрнекті ғалымы А.И.Худяков «қаржы» термині латынның «финис» , яғни қандай да бір істің бітуі,ақыры немесе төлемнің ,жалақының төлену мерзімі деген сөзінен туындаған дейді.Орта ғасырлық латын тілінде finatio ,financia деген сөздер міндетті ақшалай төлем деген мағынады айтылған болатын .Он сегізінші ғасырда француздар finance , яғни финанс деп мемлееттің кіріс және шығысын ,мемлекет мүліктерінің жиынтығын немесе мемлекеттік шаруашылықты айтатын болған.
Қазіргі кезде «финанс» - қаржы терминінің мағынасы ақшалармен тығыз байланысты.Сондықтан болар, көптеген жағдайларды азаматтар қаржыларды қолда бар және құжат жүзінде ақшалар деп түсінеді.Ал экономистер азаматтардың қаржылары ,мемлекеттің қаржылары, заңды тұлғалардың қаржылары деп бөледі.Кейбіреулер тар мағынада қаржылар тек мемлекет пен заңжы тұлғалардың ақша қаражаттарын қамтиды деп түсіндіреді.
Осы терминнің тағы бір сирек айтылатын мағынасы «мемлекеттік ақшалар» түсінігімен сәйкес келеді.А.И.Худяковтың айтуынша қаржы термині қандай да болмасын мағынада түсіндірілсе де .ең дұрсы мемлекет қарамағындағы ақша қаражаттары деген тұжырым.Егер арнайы мағынада қаржыларды – мемлекеттік қаржылар десек, яғни белгілі бір қорларға бөлінетін,мақсатты бағыты болатынын ,пайдалану тәртібі белгіленетін және оларды қалыптастырып, бөлетін органдардың бар екенін байқаймыз деп жалғастырады,өз ойын А.И.Худяков.Осы қорларға жиыстырылған ақша қаражаттары әрдайым мемлекеттік меншік нысанында болады.Сондықтан материалдық мағынада қаржылар деп, мемлекет меншігіндегі ақша қаражаттарының жиынтығын айтамыз.
Қаржылар экономикалық категория ретінде де айқындалады.Экономикалық мағынада қаржылар деп ,мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру ,бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі қатынастардың жиынтығын айтамыз.Дәлірек айтсақ, экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады.
В.И.Белинский қаржыларды экономикалық категория ретінде және қаржылық ресурстар ретінде қарастыру қажет деген пікір айтады.Осы автор қаржыларды ақша құжаттары қорларын құру және оларды орталықтандырылған, сондай-ақ орталықтандырылмаған негізде бөлу жөнінде туындайтын экономикалық қатынастар деп түсіндіреді.Қаржылардың материалдық негізі өндірістік қатынастар болып табылады.Сонымен қатар қаржылардың туындауының және өмірден орын алуының бірден-бір шарты тауарлық өндірістің және айналымның өздерін тән құндылық категорияларымен болуы.Кейбір эконмистер қаржыларға ақша қаражаттарын.Натуралды ресурстарды,кіріс және шығысты ,сондай–ақ,ақша қорларын жатқызады.Қаржылардың шынайы нақты объектісі ақша қорлары болып саналады.Бұл жерде байқайтынымыз ,қаржылардың ақшалай қатынастарға негізделетіні және күнделікті өмірде ,іс жүзінде ақша ресурстары ретінде көрініс табуы.Тағы бір айта кететін жәйт , ақшалардың өзі немесе ақша қаражаттары қаржылар жөнінде жөніндегі ғылымның объектісі болып табылмайды.Қаржылардың экономикалық категория ретінде ақшалардан айырмашылығы ,олар тек ақша қаражаттары қорларын құру ,бөлу және пайдалануға байланысты ақшалай ,яғни экономикалық қатынастардың ерекше аясын көрсетеді.Алайда қаржылардың осы сипаттамасы олардың толық маңызын айқындай алмайтын сияқты.Себебі мемлекеттік бюджетте , кредиттік және ассалық жоспарларда ,мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жоспарларында қатынастар емес белгілі бір мөлшердегі ақша қаражаттарының сомасы көрсетіледі.Бұл сомалардың шаруашылық қызметерінің қаржылық нәтижесі екені белгілі.
Сондықтан қаржылық ресурстар деген ұғымды қарастырсақ ,онда оның мемлекет қарамағындағы немесе қандай да болмасын меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қаражаттары қорларының жиынтығы екенін байқаймыз.
Қаржылар жиынтық қоғамдық өнімді және ұлттық табысты бөлетін экономикалық құрал болып табылады.Негізінде «қаржылар» ақша түріндегі қоғамдық өнімдерді бөлуге байланысты экономикалық қатынастардың едәуір аумағын қамтиды.Қаржылардың ақша сипатында болуы ,олардың экономикалық құндылық категориясына жататындығын және оларды жүзеге асыру нысаны болып табылатындығын көрсетеді.Қаржыларды экономикалық категория қатарына бөліп ,жеке-дара шығаруымыз үшін олардың мағынасын зерттеп ,зерделеп білуіміз қажет.

2.2.Қаржы құқығы құқық саласы ретінде

Мемлекеттің қаржылық қызметін жүзеге асыру үшін ,осы қызмет барысында пайда болатын қаржылық қатынастарды құқықтық реттеу қажет.Қаржылық құқық мемлекеттің қаржы жүйесінің және қаржылық қызметінің құқықтық негізі болып табылады.
Қалыптасқан дәстүрлі көзқарастар бойынша қаржылық құқық тек қана өктем-әмірлі (императивті) әдісті қолданады ,ал мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар ,яғни қаржылық-экономикалық қатынастар шартты түрде кездесетін де,олар азаматтық құқықтың пәніне жатады деп есептелінетін.Бұл көзқарасты мыандай негіздерді қарастыра отырп ,қате деп табуға болады:
1. қоғамдық қатынастардың заңды формасы оның экономикалық мәні арқылы анықталады.Бұл жерде қарама-қайшылық пайда болады ,өйткені қатынастар мәні бойынша қаржылық ,ал формасы бойынша құқықтық болып табылады.
2. құқық салаларын шектеудің негізгі критерийі ретінде құқықтық реттеудің пәнін айтуға болады,яғни құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың айырмашылығы.Бұл жерде осындай критерий ретінде ,пәніне қарамастан,құқықпен реттеу әдісі алынған.
3. мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында қолданылатын шарттарға талдау жасасақ ,оларда азаматтық-құқықтық шарттарға тән басты белгі – екі жақтың тең құқықтығының жоқ екенін көреміз.
Сонымен бірге, қаржылық құқықта қолданылатын құқықпен реттеу әдістерінің бірі – шарт жасасу әдісін жоққа шығаруға болмайды ,бірақ бір ескертетін жәйт, бұл жерде қолданылатын ерекше шарт – қаржылық-құқықтық шарт.
Қаржылық-құқықтық шарттың азаматтық-құқықтық шарттан айырмашылығы тек осы шартпен реттелетін қоғамдық қатынастардың айырмашылығында ғана емес, сонымен қатар осы қатынасқа қатысушы жақтардың тең құқыты емес екендігінде.
Қаржылық қызметтің түсінігін алып қарасақ ,қаржылық құқықтың пәніне ақша қорларын пайдалану кезінде пайда болған қатынсатр кірмейді.Себебі, ақша қорларын басқа қорларға қаражат беру арқылы немесе ақша қаражаттарын тікелей тұтынушыларға беру арқылы қорларды «бөлу» түсінігін қамтиды.яғни, осындай жолдармен орталықтандырылған қорлардың ,мысалы, бюджеттік-банктік кредиттеу қорлары арқылы және тағы басқа қаражаттары жұмсалады.Орталықтандырылмаған қорлар,мәселен, кәсіпорындардың қорлары екі жолмен жұмсалына алады:біріншіден,қорларын бөліп беру арқылы; екіншіден, қорларын пайдалану.
Сонымен,қаржылық құқық дегеніміз – мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын ,қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Қаржылық құқықта қоғамдық қатынастарды құқықпен реттеудің екі әдісі қолданылады:
1. біржақты - өктем ,әмірлі әдіс,яғни императивтік әдәс;
2. қаржылық-шартты әдіс,яғни диспозитивтік келісімге келу.
Бірінші әдістің кеңінен таралған әдістің бірі екенін мемлекеттің қаржылық қызметінің маңызынан білеміз.Мысалы,халықтан салық алу кезінде, ақша иесінің еркі есепке алынбайды ,ақша қаражаттары міндетті және ықтиярсыз түрінде жиналады.Бірақ кейбір кездерде ,қаржылық қызметті жүзеге асыруға ,мемлекет тарапынан икемділік көрсетіледі, яғни ақша қаражаттарын табу, жинастыру кезінде мәжбүр ету әдісін қолданбай-ақ ,төлеушілер өз еріктерімен ақшаларын береді.Мысалы,мемлекеттік заемдарды сатып алу,жинақ банктерінде азаматтардың ақшаларын сақтау кезінде.
Бұл жағдайларда мемлекет ,екінші әдісті, яғни шарт жасасу әдісін қолданады.Осы әдіс кейде ақша қорларын бөлу процестерінде де қолданылады.Мысалы, банкілердің қарыз беруі.шарт жасасу,яғни келісімге келу әдістері негізінде қаржылық қызметтің несиелік қатынастарға реттеуге қатысады.,өйткені несие беру қатынастарының экономикалық табиғаты екі жақтың келісімге келуін керек етіп қана қоймай, ақшаны беру шартын екі жақтың келісімінсіз ұйымдастыру мүмкін еместігін ескеріп, қараздың сомасын ,оның қайтарылу мерзіміне және процентіне елісу ,тағы басқа талаптар қояды.Қазіргі кезде қолданылатын мына төмендегідей қаржылық шарттарды атап көрсетуге болады:
 бюджеттік-банктік заемдар шарты;
 бюджетаралық ссудалар шарты;
 мемлекеттік заем шарты;
 азаматтардың Қазақстан Республикасының жинақ банктерінде ақша сақтау шарттары;
 ведомствалық ссудалар шарты;
 мемлекеттік банктің несие беру шарты.
Осы айтылған келісім-шарттарының бәрі қаржылық қызметтің процесінде өолданылады да ,қаржылық-құқықтық шарттарға жатады.Қаржылық шарттардың құқықтық ерекшеліктеріне мыналар жатады:
1. қаржылық шарттар мемлекеттің қаржылық қызметін жүзеге асырудың заңды жолы болып табылады;
2. қаржылық шарттар ,өздеріне тән экономикалық қасиеттерге байланысты қаржылық қатынастар болып табылатын қоғамдық қатынастардың заңды түрі ретінде кездеседі және бұл шарттарда екі жақтың келісімі өте қажетті;
3. қаржылық шарттың бір жағында әрқашан да мемлекеттің біртұтас өзі немесе мемлекет мүддесін көздейтін өзі уәкілдік еткен органы тұрады, мысалы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі;
4. шартқа қатысатын екі жақта азаматтық құқықққа тән тең құқықтық болмайды.Мұндағы қатынастар басқа да қаржылық қатынастар сияқты мемлекеттік - өктем сипатта болғанымен,құқықпен реттеудің әмірлі әдістеріндей үзілді-кесілді емес, кейбір белгілі жерлерінде қолданылады;
5. қаржылық шарттардың қайсысы болмасын ,тек екі жақтың келісімімен және өзара міндеттеме алулары арқылы жасалады.
Бұл жерде шартқа қатысатын екі жақтың бірі мемлекет те, екінші жағы мемлекетпен шарт жасасуға өз еріктерімен келісім берген субъектілер.
Сонымен,реттеу құралы ретінде және қаржылық шарттың субъектілерінің ықпал ету әдістері боынша қаржылық шарт біржақты-өктем құқықпен реттеу әдісі мен азаматтық-құқықтық келісім әдісінің аралығын дербес орын алып отыр.
Қаржылық құқық басқа да негізгі құқық салалары сияқты мемлекеттің заң шығарушылық қызметінің барысында пайда болады.Ал қаржылық-экономикалық қатынастар объектілік түрде тек қаржылық-құқықтық қатынастар арқылы өмірдер орын алады.Былайша айтқанда, қаржылардың қаржылық-құқықтық болуын белгілейді.Дәлелдемекші көзқарасымызда мемлекет, қаржылар және қаржылық құқық өзара тығыз байланыста бола отырып, бір уақытта пайда болған деп айта аламыз. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!