Информатика | Өңдірісте

Информатика | Өңдірісте

Өңдірісте, ауыл шаруашылығы мен оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және т.б. салаларда түрлі берілгендерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиі кездеседі.
Оларды сақтаудың көп тараған әдісі – компьютерде деректер қоры түрінде сақтау. Деректер қоры (ДҚ) – құрылымы берілген тәсіл бойынша ұйымдастырылған арнайы форматтағы файл (деректер қорын кейде берілгендер қоры деп те атайды). ДҚ-да сақталатын берілгендер кесте түрінде дайындалады. Яғни дискілік файл – деректер қоры, оған енгізілетін кесте – ДҚ құрамында сақталушы объект. Деректердің байланысты элементтер тобын жазба деп атайды.
Деректкрді және олардың арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың түрлі типтері бар: иерархиялық, реляциялық және тораптық.
Иерархиялық ДҚ – ында жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі. Мұнда элементтер нақты тізбек бойынша сатылы түрде реттеліп қойылады. Онда берілгендерді іздеп табу саты бойынша төмен бағытта жүргізіледі. Мысалы, Norton Commander программасындағы каталогтар, білім жүйесіндегі иерархиялық кластар тізімі, т.б.
Реляциялық ДҚ – кесте түрінде дайындалған берілгендер. Ол ең көп тараған берілгендер қоры (relation – қатыс, байланыс), кестелер арасындағы байланыстар – жиі пайдаланылатын ең маңызды ұғым. Деректер қорында жазба үшін кесте жолы түсініледі, кестеде қайталанатын бірдей жолдар болмайды. Кесте бағанын құрайтын жазба элементтері өріс деп аталады. Өрістің негізгі ерекшелігі – бір өріс элементтері бірдей типті етіп құрылады, мысалы, сандық не символдық. Бұл реляциялық деректер қорының Excel – ден негізгі айырмашылығы (Excel – де бір өріс элементтері түрлі типті бола береді және ол тек бір пайдаланушыға ғана арналған, ал реляциялық ДҚ – мен көптеген адамдар жұмыс істей береді). Мұндай ДҚ – да кестелерді байланыстырып, олардың кейбір өрістері арқылы түрлі жаңа кестелер құруға да болады. Мұндай кестелерді сұраныстар деп атайды.
Реляциялық деректер қорын құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген арнайы программалар дайындалған: dBASE, FoxBase, FoxPro, Access, т.б. Оларды Деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ) деп атайды.
Алғашқы кездерде қолданып жүрген dBASE-тің түрлі нұсқалары, FoxPro, т.б. жүйелер әрі программалау тілдері, әрі ДҚБЖ болатын және олар MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін. Программалаудың кіші бизнестік сияқты шағын мекемелерде көп қиындық туғызатыны белгілі. Осы себепті, соңғы жылдары пайдаланушыдан программалауды қажет ете бермейтін Mikrosoft offike (Windows) құрамына кірістірілген реляциялық ДҚБЖ-лері, оның ішінде Access атаулы жан-жақты мүмкіндікті ДҚБЖ-нің бірнеше нұсқалары жарық көрді: Access 2.0, Access 7.0, Access 97, Access 2000 (аccess-кіру, еркін ену). Бұлар жұмыс істеуге жеңіл және анықтамалық жүйелері барынша жетілдірілген күрделі программалар.

МБ-да мәліметтерді ұсыну модельдерін талдау

Атрибуттарды және байланыстарды құрылымдық мәліметтерде біз модельдік мәліметтерде анықтаймыз. Біз қолданатын негізгі үш модель белгілі. Олар иерархиялық, реляциондық, желілік модельдер.
Иерархиялық модель иерархиялық бұтақ тәріздес құрылыммен мәліметтербазасын құруға мүмкіндік береді. Бұл құрылым қос байланыстармен жасалған, ағаш сияқты анықталады. Ағаштың ең жоғарғы деңгейінде бір түйін болады, оны тамыры деп атайды. Барлық басқатүйіндер тамырлардан басқасы бір түйінде ғана байланысады.
Иерархиялық модельдің негізгі жақсы жағы – иерархиялық құрылымның жазылуының қарапайымдылығы. Егер модельдерде әрбір элемент ең болмағанда бір мәлімет көзі болса, онда бұл модель желілік деп аталады. Бұл модельдегі элемент кез-келген басқа элементпен байланысуы мүмкін, ешбір шектеулерсіз.
Желілік мәліметтер базасында жазбалар жиынынан және жазба жиынының бір-бірімен өзара байланысынан тұрады. Мысалы, проектік ұйымдарға қатысқан қызметкерлер туралы ақпарат желілік мәліметтер базасында ұсынуға болады. Берілген мысалда желілік модель проекте әр түрлі қызметкерлер қатысуы мүмкін және дәл сол уақытта қызметкер әр түрлі проекттерге қатысуына болатындығын ерекшелейді.

Реляциондық МБ-да барлық ақпарат тіктөтбұрыш кесте түрінде болады. Реляциондық модельді 70-ші жылдар басында Кодд енгізген. Реляциондық модель реляциондық алгебра түсінік системасына сүйенеді. Оның негізгілері: кесте, байланыс, жол, баған, бастапқы кілт. Барлық реляциондық МБ-на жасаған операциялар кестелердегі манипуляциямен қиылысады. Кесте жол және бағаннан тұрады және оның аты болады, МБ-ның ішінде уникальды болады. Кесте объект типін нақты етіп көрсетеді, ал әрбір оның жолы (кортеж) – нақты объект. Мысалы, «Бөлім қызметкерлері» кестесі бөлімдегі қызметкерлер туралы ақпараттан тұрады, әрбір оның жолы – нақты қызметкердің атридуттық мәндер жиыны.Нақты атрибуттық мәнін доменада таңдалады-көп барлық мүмкіндіктер объектінің атрибутты мәні. Баған аты кестеде уникальды болу керек. Кез- келген кесте ең болмағанда бір бағаннан тұту керек. Бағандарға қарағанда жолдардың аты болмайды. Кестеде олардың реттелуі анықталмаған, ал логикалық жағынан саны шектелмеген. Өйткені кестедегі жолдар реттелмеген, оның позициясы бойынша жолды таңдау мүмкін емес – олардың арасында «бастапқы» және «соңғысы» жоқ.
Кез-келген кестеде бір немесе бірнеше бағандар болады, мәндер оның әрбір жолын бірден идентификациалайды. Мұндай бағанды немесе баған комбинациясын бастапқы кілт деп атайды. «Бөлім қызметкерлері» кестесінде бастапқы кілті «номер пропуска» бағаны болып табылады. Кестедегі бастапқы кілтте мәні қайталанатын жол болмау керек. Егер кесте осы талапқа қанағаттанса, онда оны қатынас деп атайды.
Кестелерді өзара байланысы реляциондық модельдерде сыртқы кілттермен ұстанады. Сыртқы кілт дегеніміз бұл баған.
Кестелерді сақтау және өңдеу мүмкін емес, егер МБ-да «мәліметтер туралы мәліметтер» (мета мәліметтер) болмаса. Мысалы, кестелердің суреттелуі, бағандардың және т.б. Сол сияқты метамәліметтер кестелік формада (қалыпта) орындалады және мәліметтер сөздігінде сақталады. Кестелерден басқа МБ-да басқа да объектілер сақталуы мүмкін, мысалы, МБ-ғы ақпараттармен жұмыс жасайтын – электрондық форма, есеп шаблондары және қолданбалы бағдарламалар. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!