Тарих | Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы

Тарих | Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы

Мәншүк Мәметова Жеңсікәліқызы (Жиенғалиқызы) 1922 Батыс Қазақстан қазіргі Орал облысының Орда ауданында туған. Мәншүктің ата-анасы ерте қайтыс болды да, бес жасар баланы оның тәтесі Әмина Мәметова бауырына басады. Мәншүктің балалық шағы Алматыда өтті.
Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк медицина институтында оқып, соңымен бір мезгілде республика Халық Комиссарлары Советінің секретариатында қызмет етіп те жүрген. 1942 жылдың авгусында ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынады да, майданға аттанады. Өз бөлімінде Мәншүк таңдаулы пулеметші атанады. Алғашында бригада штабында қызмет етті, кейіннен пулеметшілер бөлімшесінің командирі болды.
Аға сержант Мәншүк Мәметова Псков облысындағы Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста ерлікпен қаза тапты.
Батыр қыздың құрметіне Оңтүстік Қазақстан және Павлодар облысының еңбекшілері «Мәншүк атындағы танк колоннасын» құру үшін қаражат жинап (1944), оған жасалған 26 танк майданға жіберілді.
1944 жылдың 1 мартында СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен аға сержант Мәншүк Мәметова Жиенғалиқызына қаза тапқаннан кейін Совет Одағының Батыры атағы берілді.
Батырдың туған жерінде мемориалдық музей, Орал қаласында да музей ашылды. Невель Орал, Алматы қалаларында ескерткіш орнатылып, Алматыдағы 28-орта мектеп пен медициналық институт алдында ескерткіш тақта қойылған. Қазақстанның ақын жазушылары Мәншүк Мәметова туралы көптеген өлең, поэмалар жазды.
Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады. Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель, Алматы, Орал, т.б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар. Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» (авторы — А. Михалков-Кончаловский, режиссері М. Бегалин) көркем фильм түсірілді. бетінен алынған.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!