Әдебиет | Махамбет Өтемісұлы әйгілі ақын

Әдебиет | Махамбет Өтемісұлы әйгілі ақын

Өтемісұлы Махамбет-қазақтың әйгілі ақыны, күйші-композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Туып өскен жері Ішкі Бөкей ордасының Бекетай деп аталатын өңірі. Бұл қазіргі Орал облысының Жәнібек ауданына қарайтын жер. Шежіре дерегі бойынша 12 ата Байұлының бір бұтағы Беріш ішінде Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректерде Құлиәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылайдан- 3 ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен 17 немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі.
Махамбет өзінің барша болмыс - қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып-өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларының көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік қыр-сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған. Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады.
Махамбет Ресей отаршылдығының барша ауырлық- тауқыметін көзімен көріп, оның барша зорлық-зомбылығын басынан өткеріп, ғұмыр кешкен адам. Сондықтан да 1836 жылы әбден шыдамы таусылған халық теңіздей толқып көтерілгенде, осынау тегеурінді дүмпудің дем берушісі Махамбет болды. Ол Исатай батырмен бірге арыстандай ақырып, азаттық туын қолдаса көтеріп шықты. Азаттық үшін күрес Махамбеттің бүкіл өмірінің мазмұнына айналды. Ұлттың азаттығы мен халықтың әлеуметтік теңдігін Махамбет жеріне жеткізе жырлаған әйгілі ақын. Ол поэзияда қандай дара болса, күй өнерінде де сондай дара. 1
Махамбет-көшпелілер өркениетінің осынау жарық дүниемен шырқырап тұрып қоштасқан соңғы үні. Жалына қол тигізбейтін көшпелілердің қыл сағағын тағдыр тұзағы қылғындырған сәтте асау рухы Махамбет болып тұяқ серпігендей. Қазақты ұлт ретіндей даралап, тарих сахнасына шығарған көшпелілер мәдениетінің буырқанып келіп жартасты соққан ақжал толқыны Махамбет тәрізді. Шыны да сол. Егер, қазақ халқының рухани
үрдісін кең аяда тарихи құбылыс ретінде елестетер болсақ, онда Қорқыттан Асан қайғыға дейін, Асан қайғыдан Махамбетке дейін, Махамбеттен Абайға дейін, Абайдан бүгінге дейін деп 4 кезеңге болар еді. Махамбет заманы көшпелілер рухының айының батып, күнінің тұтылған кезі. Сондықтан да, көшнелілер мәдениетіндегі эпикалық, синкреттілік Махамбет болмысымен түйінделеді. Бұдан былай өнер қоғамдық құбылыстарды реттеушілік міндетінен айрылып, эстетикалық алданыш болуға көшкен. Махамбеттің әрі батыр, әрі көсем, әрі шешен, әрі жырау, әрі күйші болуында осындай тарихи-әлеуметтік сұраным болған.

Махамбет өмірбаяны мен қызметінің зерттелу жайы.

Осы кезге дейін ұлы Махамбеттің өмірбаяны мен қоғамдық-саяси қызметі ғылыми тұрғыдан дәйекті түрде зерттелген жоқ. Бірде-бір ғылыми экспедиция оның өмірі туралы мәліметтерді, өлеңдері мен күйлерін іздестірмеді. Бодан елде өз тарихын, өз қайраткері туралы жазу, зерттеу қиын еді. Тіпті совет үкіметі кезінде де жалтақтап жан-жағына қарап, жаси сөйлеп, сақтана жазатынбыз. «Ұлтшыл» деген атты жапсыра сала ма деп үрейлене жүретінбіз. Жазуы жоқ елде Махамбет т. б. жөнінде жазбалы дүние болуы да екі талай . Түрікше жазу болған, Махамбет ол жазуды білгені байқалады. Заман ауыр еді. Махамбеттің көзі барда – ақ ол туралы екі түрлі пікір қалыптасты. Жәңгір хан, сұлтандар, сыбайластары, патша чиновниктері оны барынша, балағаттап, « қарақшы », « жыртқыш », « бүлікшіл » деп, істің мән, жәйін бұрмалады, не жасырды. Ал халық өз ішінде оның ісінде, жыры мен күйлерін де мақұлдап, әлінше дәріптеп, жадында сақтап, жастарға үлгі етті , өзіне ақын ісін , жырын рухани азық жасады: оны батыр, ақын, күйші деп еңбегіне қараи жоғары бағалап келді . Орыстың жоғары 2 бойлы азаматтары В. Даль, Савичев. Н , Ковалевский Е.П , т.б. қайраткерлері Махаңа тиісті жағымды ойда болған. Сондайдың бірі-Орал қазагі Никита Савачев жергілікті газетте «Исатай Тайманов-Бөкей ордасындағы старшина» деген очерк жазып, Махамбет жөнінде жылы лебіз білдірген, оны хан адамдары бекер жалалағанын, хан өз жұртына көп қысым жасап, ел оған наразылық жасағанын баяндайды.
Махамбетті 1839 ж күзде Борсық құмы маңында көріп, тілдескен адам-таукен инженері, филолог Е.П.Ковалевский Бұқар хандығына бара жатқан жолда көреді. Бұлардың қасына Махамбет
өзі келіп, Ковалевский т.б. емін-еркін орысша сөйлеседі. Экспедицияға жол көрсетпек болады. Бірақ алға барлауға кеткен Махамбетті олар күтпей кетіп, экспедиция қаразымдықтардың (орыстар Хиуа хандығы деп жазады, ал ресми атауы «Қаразым» И.К) тұтқынына түсіп, сәтсіздікке ұшырайды. ХХ ғасырдың басында Добромыслов А., Павлов Н., (1910 ж) Алекторов А., т.б. өз еңбектерінде махамбетті «бүлікші» деп жазған. Бірақ Добромыслов « В 1829 году обвиняя Джангира «в небрежения к пользам народа» взволновал Орду Кайыпкали Ишимов» деп шындықтың шетін көрсетеді. Жәңгір 1827, 1836-1837 ж.ж көтеріліс себебін- «Ордада орыстардың мүддесін қорғадым.» деп, ал хан үстінен шағымдардың көптігін қазақтардың «есер рухы», дөрекілігімен түсіндіреді дей келіп, Махамбетті «жыртқыш» дейді. 1864 ж. Қазақтарға қоныс салып, егін егуге лұқсат бергенде олар он жыл ішінде жартылай отырықшыға айналып, малшыдан егіншіге тез көшкенін бұл авторлар мойындап, отаршының қазақ қоғамы дамуын тежеп келгенін орыстар егін салуға үлгі болды дегеннің жалғандығын көрсетеді. Бұл фактілер Махамбет тобының ханға қарсы бас көтеруінің басты себебі еді. Сөйтіп патша авторлары да Исатай, Махамбет көтерілісін зерттеуде кейде шындықтан құтыла алмады.
Совет өкіметі кезінде баспасөз бетінде алғаш 1924 ж «Сәуле» журналы Махамбет туралы көлемді мақала жариялады. Автор Махамбетті ақын, батыр, домбырашы деп таныстырады, тегі Беріш руының Жайық арасынан, атасы Құлмәлі, ұлт-азаттық күресте халық оны батыр атағанын мәлімдеген. Бұған қоса ақынның толғауларынан үзінді жариялаған. Батырдың бет 3
бейнесін, бойында да айтылады. Мінез, құлқы, өмір пернесі жөнінде қысқа жол бар. Махамбет өмірі мен қызметін зерттеуде сара жол салған кісі халқымыздың ардақты перзенті Қалел Досмұхаммедұлы еді....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!