Музыка | Музыка үндестігі

Музыка | Музыка үндестігі

Математика мен музыка - ең ежелгі ғылымдар. Музыканың құрылысы математика заңдарына бағынатыны мыңдаған ғасырлар бұрын белгілі болған.
...Музыка математикалы, ал математика музыкалы. Екеуінде де сан идеясы мен қатынас билік етеді.
Ғалымдар шоғырының көшбасшысы Әбу Насыр әл Фараби, Ибн Сина, әл Хорезми, Әбдірахман Жәми, Дәруіш, Әли, әл Түркістани, тағы да басқа ойшылдар, ғылымның барлық саласында бірдей еңбек еткен ғұлама ғалымдар. Фарабидің ғылым және өнердегі үлкен де кесек дүниесі - оның музыкасы, ол ең әуелі музыканың аса ұлы теоретигі саналады. Оның музыка іліміне, теориялық негіздеріне арналған бірнеше еңбектері болған. Солардың бастылары - «Музыканың ұлы кітабы», «Музыка ғылымы турылы пікірлер», «Ғылымдар классификациясы», «Ырғақтар классификациясы туралы кітап».
Әл Фараби музыка теориясын мынандай бес салаға бөледі:
1. Музыка туралы ілімнің негізі, зерттеу объектісі, тәсілдері.
2. Музыка туралы ілімнің негіздері, тондары өзара байланысы мен қатынасы.
3. Музыка теориясының негіздерін зерттеу тәсілдерін қолдана білу
4. Тондардың негізін құрайтын музыкалық ырғақтар табиғаты.
5. Музыкалық әуен, оны шығару жолдары (композиция).
Зерттеулердің нәтижесінде музыканы тыңдайтын және немесе музыкамен айналысатын 25 000 американдық оқушылар математика тесттілерінен, музыкамен айналыспайтын балаларға қарағанда, жоғары балдар жинаған.
Ми бөлімдерінің жауапкершілік аймақтарын ауқымды зерттеуін Эрве Платель (Platel Herve) бастаған 8 адамнан тұратын халықаралық топ қолға алып, мидың кейбір бөліктері музыканың кейбір функцияларына жауап беретінін атап өтті. Зерттеуде музыкант емес алты жас француз, музыканы тыңдаған кезде мидың логикалық операцияларына жауап беретін бөлімдері жұмыс атқарғанын байқады.
Барлық орта ғасыр музыканттары сандық заңдылықтарды пайдаланған, мысалы атақты «Фибоначчи сандары». Пушкиннің «Моцарт және Сальери» трагедиясында Сальеридің Моцарттан айырмашылығы алгебраның үйлесімділігін тексерген және оның ежелгі дәстүр мен ғылымның сақтаушысы екендігі анықталған.
XX ғасырдың композиторлары қайтадан математикаға бет бұрды. Ставринский, Скрябин қайтадан «Фибоначчи сандарымен» эксперимент жасады және көркемдік түрі арқылы «алтын қимаға» сай пропорциялар құрды.
Музыка тәсілінің математика тәсілінен айырмашылығы көп емес екенін композиторлар жиі мойындайды. Бұл туралы көрнекті дирижер, профессионал математик Эрнест Ансерме былай дейді: «Музыка мен математиканың арасында сөзсіз паралеллизм бар екені анық. Бұл екеуі де ойдың іс әрекеті, олар бізді өмірдің күнделікті қателерінен сақтайды». Ол музыка мен математиканың абстрактілі екенін, тура және шынайы ұқсастықтары жоқ екенін атап өткен.
1712 жылы Гольбахқа жазған хатында Лейбниц музыкаға мынадай танымал анықтама береді: «өзін - өзі есептей отырып, музыка жанның арифметикалық жаттығуы екенін білмейді» деген.
Көптеген көрнекті музыканттар математиканы жақсы білген:
60 жылдары композитор Эдисон Денисов музыкаға тікелей математикадан келген,ол Томск университетінде математиканы оқытқан.
Көрнекті виолончелист К.Давыдов физика-математикалық факультетті бітірген, замандастарының есіне түсіруі бойынша «оның таза және қолданбалы математикаға керемет дарыны болған және оның үйінде өзі жасаған теміржол көпірінің макеті көпке дейін сақталған».
Леонид Сабанеев - Москва университетінің математика факультетін бітірген, керемет пианист, композитор.
Леонардо да Винчи тек қана суретші ғана емес, музыкант және математик, сонымен қатар архитектор, мүсінші, инженер, анатом, физик болған. Ол өзінің ғылыми негіздеріне көп көңіл бөлген. Бұл жөнінде ол ертедегі ұстазы әл Фарабиге көп ұқсайды.
Белгілі композитор София Губайдулина Россия және шетел премияларының лауреаты, Берлин өнер Академиясының құрметті мүшесі, оны Э.Денисов пен А. Шниткеден кейінгі, алдыңғы қатарлы 1960-1980 жылдардағы советтік «үштікке жатқызады».
Атақты грек оқымыстысы Пифагордан бастап, математиктер ылғи музыкаға қызығушылық танытқан. Математикалық музыка теориясы өзінің бастамасын Пифагор мектебінде алған.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Математика ғылымдардың ішіндегі ең абстрактілісі, ал музыка өнердегі ең елеңдетуші (өнер мен ғылымның ең жоғарғы білдірушілері) болғандықтан, мен математика және өнер арасындағы қарым- қатынастар туралы ғылыми жобаны музыкадан бастаймын.
Домбыра, қобыз аспабы өте ерте кезеңде туып, дамып, жетілген. Қобыз аспабын бақсы сарынында жыр, терме, толғау үлгісіндегі эпикалық мақамда тартқан.
Тарихи айғақ: 694 жылы түркі тайпалары Түрік қағанатын қайта орнатқанда, қытайлықтар түркі тайпаларын бітімге шақырады. Сол тойда түркі тайпалары қобыз аспабының сарынымен жыр айтады. Мұны естіген қытайлықтар қобызды көктің үніне теңеген екен.
Бүгінде толық зерттеліп болмаған қобыз орта ғасырда бүкіл Орта Азияға мәлім болған. Қазақ даласында қобыз музыкасының атасы – Қорқыт, оның сарындары барлық бақсылар мен қобызшыларға үлгі болған. Ертеде бақсылар мен жыраулар қобызды сарнатқанда дауыл тұрып, алты қанат үй шайқалыпты дейтін аңыз - әңгімелер ел арасында көп. Ертеде поэзия мен қобыз культы діннен күшті болған. Мысалы, «Қорқыт ата кітабында» батырлар жауға аттанар кезде қобыз (нарқобыз) сарыны ойналады екен. Әрбір оғыз батыры беліне нарқобыз байлап жүретін болған. Жау қолына түскен Бәмсі - Байрақ (Алпамыс) өзін іздеп келген оғыз батырларына қобыз сарынымен хабар білдірген.
Қобыз аспабы туралы деректер Дәруіш Әли трактатында да кездеседі, ол: «Қобыз - жақсы үнді, өте әуезді, ішекті музыкалық аспап», - деген. Дәруіш Әли қобыздың алғашқы шығарушысы ретінде жалайыр Сұлтан Уәисті атайды. Қобыз ребабтың ұзартылған түрі.
Әбдірахман Жәми өзінің ХІV ғасырда жазған «Музыка хақындағы трактатында» ежелгі ғалымдардың музыка теориясына қатысты еңбектерін жинақтай келіп, Шығыс (Орта Азия) халықтарына тән ырғақ, әуен, мақымдарды классификациялайды. Үндестік заңдылықтары, екі музыкалық дыбыстың ара қатынасы (интервал) туралы теориялық ойларды дамыта түседі.
Әл Фараби «Музыкалық аспаптар» трактатында қобыз, уд аспабының құрылысы, ашық пернелері, оған орындаушы саусақтарының орналасуы, төрт ішекті қобыз, соның бойында жасалатын интервалдардың арақатынасы, дыбыс қатары, жағымды тондар, қобыз аспабын күйге келтірудің қарапайым және күрделі түрлері, оларды қолданудың тәсілдерін қарастырған.Әл Фараби уд, қобыз ішектерін пернелерге бөлу арқылы түрлі интервалдар (кварта, квинта, октава) жасаудың тәсілдерін, теориялық негіздерін көрсетеді. Мәселен, октава - , квинта - және кварта - деп белгілеген. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?