Әлеуметтану | Маркстік философияның пайда болуы мен алғышарттары

Әлеуметтану | Маркстік философияның пайда болуы мен алғышарттары

Алдынғы тарауда көз жеткізгеніміздей, К. Маркс пен Ф. Энгельстен бұрынғы философтардың көзқарастары мен философиялық бағыттары ғылымға, шынайы әдіске және практикаға толық негізделмеген еді. Сондықтан олар дүниетаным мәселелерін арнайы ғалымдардың зерттеулеріне, қоғамның жалаң тәжірибесіне сүйенбей – ақ шешуге тырысты. Бұл – ескі мәндегі, адамды қоршаған дүниені өзгертуді мақсат еткен күреске кереғар келетін философия еді.
Міне, ос жағдайда, ғылым жетістіктеріне сүйенген, практикамен, еңбекшілердің азаттық қозғалысымен тығыз байланысты, бұдан бүрынғы философиялық ой – толғамдардың прогрессифті қасиеттерін бойына сіңірген мүлде жаңа сапалы философиялық жүйе жасау қажеттігі туды. XIX ғасырдың ортасына қарай оның тарихи әлуметтік және ғылыми алғы шарттары да пісіп жетілген еді.
Маркстік философияның дүниеге келуінің ғылыми себептетері де болады. Бұл кездегі ұлы ғылыми жаңалықтар табиғатта да, қоғамда да барлық құбылыстар бір – бірімен тығыз байланыста және ұдайы даму үстінде болатынын дәлелдеді. Тірі организімдердің микроскопиялық клеткалардан тұратынын, адам мен жалпы табиғаттың бірлігін көрсетеді. Энергияның сақталу заңы материя қозғалысының мәңгілік және құрып кетпейтін, қозғалыс түлері мен энергияның біріне – бірі алысып отыратынын дәлелдеді. Бұл дүниенің материялдық бірлігінде айқындап беруге мүмкіндік береді.
Дарвин ашқан биалогиялық эвалюция теориясы жанды табиғаттың даму негізі ішкі қарама – қайшылықтардың, прцестердің, құбылыстардың күресі деп атап көрсетеді. Яғни, қандай да болмасын даму сыртқы күштердің әсері арқылы емес, ішкі қайшылықтардың күресімен олады шешу нәтижесі екендігі ғылыми тұрғыда айқындалды. Д. И. Менделеев химиялық элементтердің периодтықжүиесі органикалық дүниеге де диалектикалық заңдардың жалпы заңдылықтары тән екенін дәлелдеді. Осы аталған ғылыми жаңалықтар ескі метафизикалық және механикалық материализімнің жаңа ғылыми білімге сәйкес келмейтіндігін көрсетті. Ғылым матерализімді танымның диалектикалық тәсілмен біріктіру қажеттігін туғызды.
Маркстік философияныңпайда болуының ең үлкен алғышарттарының бірі – бүкіл адамзаттық филолософиялық білімнің кең өріс алып дамуы еді. Оның ішінде Маркстік философияға тікелей әсер еткен жоғарыда айтылғандай неміс классикалық философиясы, Гегель еңбектерінде танымның деалектикалық тәсілі кең түрде және жан – жақты қарастырылған еді. Ф. Энгельс Гегельдің деалектиканы дамытудағы қосқан үлесін бағалай келіп, былай деген болатын: «ол бірінші болып барлық табиғи, тарихи және рухани дүниені процесс түрінде, яғни толассыз өзгеріс, өңдеу және даму үстінде көрсете білді»
Бірақ Гегельдің деалектикасының бірталай кемшіліктері болды: біріншіден, ол деалектикалық идеализм негізінде жасалған еді, басқаша айтқанда, объективтік дүние емес, тек адам санасының даму жолдарының диалектикасын танып – білуге арналды; екіншіден, материяға белсенділік тән емес деп қарады. Бұндай тұжырым өз заманындағы ғылыми жаңалықтарға қайшы ойға әкеп соты; үшіншіден, қоғам дамуы тек өткен уақытта ғана болған, ол қазіргі пруссия монархиялық жүйесімен шектелді, себебі тек осы қоғамда ғана даму процесі шегіне жетеді, сондықтан одан жоғары әділетті, тапсыз қоғам құру және оны дамыту мүмкін емес жариялады. Фейербах Гегельдің идеализмін түгелдей теріске шығарды. Бірақ ол идеализммен бірге алдыңғы тарауда айтылғандай, деалектиканы да ысырып тастады. Сондықтан ол метафизикалық матерализм деңгейінде ғана болып, таптық күресті қоғамның қозғаушы күші, ал қоғамдық қайшылықтарды даму көзі деп түсіне алмады. Сайып келгенде бұл қоғам дамуын материалистік тұрғыдан түсінуге кедергі болып, Фейербах философиясы бұл мәнде идеализм түрінде қалып қойды.
2.МАРКСТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
В. И Ленин К. Маркстің рухани эвалюциясына, жалпы марксизмнің қалыптасу жолына терең талдау жасай келіп, бұл процестің әбден заңды екенін атап көрсетті.
Егер Маркс 1842 жылға дейін идеалистік – гегельдің көз-қарас деңгейіне аса алмаған болса, осы жылдан бастап ол ревалюциялық демократизм жолына түсе бастайды. Әлеуметтік зерттеулерін өзінің саяси позициясы тұрғысынан сол кездегі қоғамдық құрлысты сынау мақсатына бағындырды. Біртіндеп әлеуметтік қайшылықтардың мәнін түсіну мәселесіне назар аударды. Осы мәселені шешу барысында ол әлеуметтік шындық логикасын пайымдауға, сондай-ақ нақты социологиялық талдау ісіне ден қояды. Мысалы, 1842 жылы Паруссияның жаңа цензуралық нұсқауын сынай отырып, Маркс әр істің «логикасын» зерттеу қажеттілігін атап көрсетті. Осындай қоғамдық қайшылықтарды зерттеудің бірінші қадамын жасаған Маркс 1842 жылдың алғашқы жартысында, алдымен саяси күрестің негізінде әлеуметтік құрлымының қайшылықтары бар екенін, екіншіден, дін мен философияға мемлекеттің шешуші қадам жасағанын көрсетеді.
1843 жылы Маркс өз еңбектерінде барлық әлеуметтік қайшылықтардың негізінде мемлекет пен азаттық қоғамның арасында қарама – қарсылық жатыр десе, содан кейінгі кезеңде, осы қарама – қарсылықтардың көзі азаматтық қоғамның табиғатына тән екенін атап көрсетті. Осы идея арқылы ол диалектикалық материализмге қарай үлкен қадам жасады.
Маркстің рухани эвалюциясындағы үлкен орын алатын еңбегі «1844 жылғы эканомикалық – философиялық қолжазбалары». Бұл қолжазбалардың негізгі – адамзаттың антропологиялық қалыптасуы мен дамуындағы материялдық өндірістің, еңбектің шешуші ролі туралы идея. Адамның дамуына негіз бола отырып, еңбек оның барлық күштерін, уақытын жұтып қояды, оны езеді, жеке меншіктің, қанаудың, таптардың пайда болуына әкеп соғады.
Ф.Энгельс матералистік және деалектикалық көзқарасқа өзіндік жолмен келеді. Бастапқы кезде Энгельс те Маркс сияқты Гегель филасофиясына үңілді. Дегенмен бұл философияның немістің сол кездегі артта қалған өмір шындығына сай келмейтіндігіне тез көз жеткізді. «Шеллинг Гегель туралы», «Шеллинг және жаңалық», «Шеллинг – Христосқа сиынған философ» деген памфлеттерінде ол Гегель философиясының прогресшіл жақтарын қорғайды. Сонымен бірге Шеллингтің наным мен білімді, дін мен философияны ымыраластыру мақсатымен философияға құдайдың беделіне илануды, сезімдер жұмбағы мен мифалогиялық қиялды енгізу әрекетін әшкерелейді.
Энгельс Гегель философиясының идеалистік жүйесі мен деалектикалық тәсілінің арасындағы қайшылықты көрсете білді. Ол Фейербах гуманизмнің әсерімен Гегель жүйесінің шырмауынан шығып, диалектикадан азаттық күрестің туын жасауға ұмтылды.
Ағылшын жұмысшыларының өмірін бақылау, чартистермен және социалистермен жақындасу Энгельсті пролетариаттың тек ашықтан-ашық қимылы ғана жұмысшы табын азат етуге, сонымен бірге бүкіл адамзатты да азат етуге жеткізе алады деген қортындыға әкелді. Бұл қортынды Энгельстің «Англиядағы жұмысшы табының жағдайы» деген еңбегінде ғылыми негізделген. Осы еңбекті В. И. Ленин дүниежүзілік социалистік әдебиеттегі таңдаулы шығармалардың бірі деп атаған болатын.
Маркс пен Энгельс бірлесіп жұмыс істеген 1844 жылдан бастап, олар приципті маңызы бар адам мәні туралы жан – жақты теория жасады. Оның мәнісін қысқаша былай деп тұжырымдаса болады: буржуазиялық қоғамда адам - әрқашан да белгілі бір таптық өкілі; адам табиғаттың бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар табиғат дамуының ең жоғарғы нәтижесі; еңбек процесінде адам тек табиғатты ғана емес өзін де өзгертіп отырады, дүниені өзінің рухани күші мен дене күші жұмсайтын орта етіп меңгереді: еңбек – адамның тіршілік әрекетінің негізі.
1845 жылы екеуі бірлесіп жазған «Қасиетті әулет» атты кітабынада халық бұқарасының тарихтағы шешуші ролі жайында матералистік көзқарас дамытылып және онда өндірістегі қоғамдық қарым – қатынастар идеясына деген көзқарас баяндалған. Ал «Неміс идеологиясында» -тарихтың түптік негізі материялдық өндіріс екенін дәлелдеді. Осы аталған еңбектерінде және 1845 жылы жазылған Маркстің «Фейербах туралы тезистерінде», олар өздерінің бұрынғы материализімді сынап, оның тарихи өрісі тарлығын көрсетеді.
Маркс пен Энгельс көзқарастарының қалыптасу дәуірі «Коммунистік партияның манифенсі» шығаруымен аяқталады, онда марксизімнің барлық үш құрамды бөлігінің: оның философиясының,саяси эканомикасының және ғылыми социализмнің негізгі идеялар баяндалған.
Маркстің философияның онан әрі дамуы 1848 – 1849 жылдардағы ревалюцияның тәжірибесін жинақтап қортумен, марксизмнің саяси идеяларыннегіздеумен байланысты. Пролетариат пен оның партиясының ревалюция дәуіріндегі саясаты мен тактикасының негіздерін анықтай отырып, Маркс пен Энгельс маркстік саясат ілімінің негізгі мәселелерінің бірі – пролетариаттың демогратиялық өзгерістер жасау жолындағы күресі мен оның социализм үшін күресінің арақатысы екендігі жөніндегі мәселені алға қойды және дәлелдеді.
XIX ғасырдың 50 – 60 жылдарында марксизмде оның эканомикалық жағы бірінші орынға қойылады. Маркс бүкіл капиталистік құрлысқа объективті терең талдау жасады. «Саяси эканомиканың санына» (1859) дегн еңбекте, «Капиталдың» бірінші томында (1867) маркстің теория жете және жан-жақты негізделген. В. И. Ленин: «Капитал» марксизмді болжаулықтан ғылымға айналдырды деп көрсетті. Материалистік диалектиканы саяси эканомиканың категорияларын талдау мәселесіне қолдана отырып, Маркс бұл ғылымды ревалюциялық жолға қолдайды. Ал Маркстің «Франциядағы азамат соғысы» (1871) деген еңбегінде пролетарлық ревалюцияның барысында буржуазиялық мемлекентті Париж коммунасы түріндегі мемлекетпен ауыстыру туралы тезисті дәлелдеуі сол кездегі маркстік теорияның аса маңызды жетістіктеріне жатады. Пролетариат диктатурасы мәселелерін, коммунистік қоғамның екі фазасы туралы және капитализмненсоциализмге өту дәуірі туралы мәселелерді К. Маркс «Гота прграммасына сын» (1875) атты еңбегінде онан әрі дамытты.
Париж коммунасынан кейін марксизм жұмысшы қозғалысында толық жеңіске жетіп, алдыңғы қатарлы интеллигенция арасында кеңінен тараған.

3. МАРКСИЗМ ФИЛОСОФИЯСЫ ДАМУЫНЫҢ
ЛЕНИНДІК КЕЗЕҢІ
1895 жылы жазылған «Халық достары деген не және олар социал – демократтарға қарсы қалай күреседі?» деген кітабында В. И. Ленин маркстік философияның жаңа сипатын, оның дүниежүзілік цивилизацияға қандай үлес қосқанын және өзінің Марксті қалай түсінетін, оның идеяларын қандай бағыттарда творчестволықпен дамыту қажеттілігін айқындап берді. Ленин өз еңбектерінде Маркстің көзқарастарының дәйектілігі мен тұтастығын айта келіп, бұл көзқарастардың «...жинақталған күйінде дүниежүзіндегі барлық цивилизациялы елдердің жұмысшы қозғалысының теориясы мен программасы болып саналатын осы заманғы материализм мен осы заманғы ғылыми социализмді беріп отырғанын» атап көрсетті.
Марксизімнің барлық құрамдас бөліктерінің ажырамастай байланыста екендігін және оның қандай да болсын бір бөлігін басқаларынан жеке – дара қарауға болмайтындығын айта келіп, Ленин сонымен бірге әр түрлі кезеңде марксизмнің біресе бір бөлігіне, біресе басқа бөлігіне баса назар аударылғанын, ал мұның өзі адамдардың субъективті еркіне емес, тарихи жағдайларға байланысты болатынын ескертті. Маркстік филолософияның тарихын ғылыми тұрғыдан оқып – білуде Лениннің бұл нұсқауы зор методологиялық маңыз атқарады. В. И. Лениннің марксизмге сіңірген аса зор тарихи еңбегі ретінде оның жаратылыстану, әсіресе физика ғылымындағы жаңа табыстармен байланысты деалектикалық материализмді онан әрі дамытуын айту керек. XX ғасырдың бас кезінде жаратылыстану ғылымы материализм мен идеализм арасындағы қызу күрестің майданына айналды. Физиктердің біраз бөлігінің идеализм жолына түсуі диалектикалық – материалистік тұрғыға сүйенбейінше буржуазиялық идеялардың шабуылына жаратылыстану ғылымының төтеп бере алмайтындығын айқын көрсетті . жартлыстану ғылымындағы революция оның теориялық негіздерін анықтау жайындағы мәселені үзілді – кесілді алға қойды. Бұл орасан зор міндетті В.И. Ленин өзінің «Материализм және эмпириокритицизм» деген философиялық кітбында тамаша орындады. В.И. Ленин жаратылыстану ғылымын идеалистердің шабуылынан қорғап қалды. Ол ғылыми жаңа табыстар материализмнің бұлжымайтын принциптерін «бұзбай», табиғат дамуының анағұрлым терең заңдарын ашып беретіндігін, диалетикалық материализм адамның дүние жайындағы білімдерін онан әрі тереңдете түсудің бірден бір ғылыми негізі екенін дәлелдеді.
Маркс пен Энгельстің Гегель деалектикасын жоғары бағалағанын атап көрсете келіп, Ленин өзінің бірқатар еңбектерінде даму туралы ілім ретіндегі деалектиканың анықтамасын нақтылай түсті, оның негізгі белгілеріне сипаттама берді. Ол Маркстің пікірінше деалектиканың «...сыртқы дүние қозғалысының жалпы заңдары туралы ғылым» екендігіне кең тоқталды.бұл классикалық анықтама диалектиканың, логика мен таным теориясының белгілі туралы тұжырымға алып келеді. Ленин бұл пікірін кейін «философиялық дәптерлерде» дамыта түсті. Материалистік диалектиканы сөз жүзінде мойындап қоймай, оны революциялық күрес практикасында қолдану – бұл ілімнің жанды мазмұны екенін көрсетті. Ленин диалектиканы таптар күресін талдауға қолданудың негізгі жағдайларын: қоғамдағы барлық таптардың өзара қарым – қатынасын объективтік түрде ескеру, таптарды өткендегі, қазіргі және болашақтағы кезеңдер тұрғысынан деалектикалық қозғалыста қарастыру қажеттігін ашып көрсетті. Ленин қоғам тарихын ғылыми зерттеу үшін, және революциялық практиканыүшін тарихи материализмнің жалпы қағидалары мен прициптерінің методологиялық маңызын айқындап береді. Материализмнің дәйекті ұласуы, қоғамдық құбылыстар саласына қолданылуы, В.И. Ленин атап көрсеткендей, бұрынғы тарихи теориялардың басты екі кемшілігін жойды. Біріншіден, бұрынғы теоиялар мықтағанда адамдардың тарихи қызметінің тек идеалдық себептерін ғана талдады, ол себептердің неден туатынын зерттемеді, қоғамдық қатынастар жүйесінің дамуындағы объективті заңдылықты аңғара алмады, бұл қатынастардың түп тамырлары материалдық өндірістің даму дәрежесінде жатқанын білмеді, екіншіден, бұрынғы теориялар нақ халық бұқарасының іс - әрекеттерін қамтыды.
Тарихи материализм бұқара өмірінің қоғамдық жағдайларын және сол жағдайлардың өзгеруін табиғи – тарихи жағынан дәл зерттеуге тұңғыш рет мүмкіндік берді; ол бұқараның іс – қимылы мен тап күресін айқындайтын объективті материалды жағдайларды ғылыми түрде талдау талабын ұсынды. Міне, осы қағидалар негізінде Ленин халық бұқарасының жаңа тарихи дәуір жағдайында атқаратын ролін терең, әрі жан – жақты ашып көрсетті, қоғамдық құбылыстарды түсіндіруге субъективизмді де сынға алды.
Лениннің теориялық мұрасында XX ғасырдыңбас кезі, оның екі он жылдығы, жұмысшы табының қоғамды революциялық жолмен қайта құруға тікелей кіріскен кезі бейнеленеді. Маркстік философияның лениндік кезеңі маркстік методологиялық принциптерін жүзеге асырудың біртұтас, дәйекті жүйесі ретінде көрінеді. Егер жұмысшы табының тарихи ролі қоғамдық болмысты қайта құруда әлеуметтік - өзгертушілік қызметімен сипатталса, әлеуметтік таным осы қызметтің теориялық құралы ретінде әрекет етеді. Марксизмнің философиялық – социологиялық теориясын одан әрі дамытудың лениндік программасы, міне, осы арнада жатыр, албұл теорияның аса терең мәні ғылым мен проктиканың прогресіне байланыстыбарған сайын ашыла түсуде.
Философиялық еңбектерінде В.И. Ленин маркстік теорияны ілгері дамытып, ғылыми орасан зор үлес қосты. Мәселен, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр басындағы жаратылыстануғылымдарында, әсіресе физикада болған дағдарыстардыңсебебін жан – жақты ашып, одан шығудың жолдарын көрсетті. Айталық, атом бөлшектеніп, одан екі мың есе кіші элементар бөлшек – электрон бөлініп шыққанда, атомның бөлінуін материяның ыдырауы деп түсініп, енді материя жойылды деген жалған пікір сын айта келіп, материя қолдан жасалған жоқ, ол жойылмайды, материя мәңгі жасайды деп қортты В.И. Ленин. Олай болса, материя жойылған жоқ – ол жөніндегі біздің ескі ұғымымыз жойылды дей келіп, В.И. Ленин материяға жаңа философиялық анықтама берді. Бұл «табиғат диалетикасы» атты еңбектегі Ф. Энгельстің анықтамасын ілгері дамыту болып табылды.
Сонымен қатар В.И. Ленин Маркс пен Энгель дүнйе салғаннан кейін капитализмнің империалим дәуіріне көшкенін талдай келіп, оған жаңаша анықтама берді. Ипериализм капитализмнің ең жоғарғы сатысы, социалистік революция қарсаңы, оны тездететін империализм қайшылықтары деп шешті В.И. Ленин. Осыған сәйкес олсоциалистік революцияныңтеориясын тұжырымдады. Сондай-ақ В.И. Ленин материалистік диалектиканың категориялары мен заңдарын анықтауға сүбелі үлес қосты, оған жататындар: жалпылық пен жекелік диалектикасы,терістеуді терістеудің диалектикалық және метафизикалық әдістері, идеализмнің таптық және танымдық тамырлары, диалектикалық логиканың прициптері т.б. В.И. Ленин марксизмге қосқан зор үлестерінің бірі саласы оның таптарға, пролетариат диктатурасына, мемлекетке берген анықтамалары,кооперация жайындағы ілімі, дамуда артта қалған елдердіңкапитализмді жанай өтіп, бірден социализмге жете алатындығы жайлы теориялары т.б.
В.И. Ленин ірі ғалым, әрі революционер болды. Ол теорияның тұтқыны емес, оның нағыз қожасы еді. Өйткені ол белгілі теорианы нақтылы жағдайға сәйкес оның көнерген, өмірге сәйкес емес жерлерін алып тастап керектісін твочестволықпен дамытып отырады. В.И. Ленин Маркс ілімінің әрпіне емес, методологиялық күшіне сүйенеді.
Мәселен, идеализм бас көтерген реакция жылдарында жазылған «Материализм және эмпириокритицизм» еңбегінде В.И. Лениннің негізгі мақсаты философиялық материализмді қорғап, оны ілгері дамыту болған болса, бірінші дүниежүзілік ипериалистік соғыс жылдарында зерттелген «Философиялықдәптерлерінде» В.И. Ленин материалистік диалектиканы қорғап, оны ілгері дамытты. Бұл еңбектер бірінші дүнйежүзілік соғыстың ипериалистік сипатын анықтауда,Коммунистік партияның стратегиясы мен тактикасын жасауда, пролетариатты теориялық жағынан қаруландыруда маңызды орын алды.
Ленин буржуазиялық филасофияның ғылыми білімінің объективтілігі теріске шығару сынға алды. «Физикалық» идеализмді әшкерелей отырып, ол танымның бірден – бірі ғылыми теориясы болып табылатын материалистік диалектиканы жан – жақты зерттеді.
Маркстің тарихи материализмін Ленин ғылыми теңдесі жоқ тамаша жетістік деп бағалады. өйткені бұл ілім бір қоғамдық – эканомикалық формацияның екінші формацияға, неғұрлым жоғары формацияға өтуінің заңдылықтарын ашып беретін, қоғам дамуының осы заманғы ғылыми теориясы болып табылады.
Қоғамдық ойдың тарихында тұңғыш рет маркстік теорияда тарихи шындықты талдауда практика мен таным бір – біріне қарама – қарсы қойылмай, қайта олардың арақатынасы дәл белгіленгендігін В.И. Ленин ерекше атап өтті. К. Маркс объективті мен субъективтінің өзара байланысына тән мынадай сипаттарды ашып көрсеткені белгілі : біріншіден, өндірістік іс-әрекет процесі арқылы болатын адамның табиғатпен байланысы, екіншіден, субъективті қоғамдық қатынастардыөзгертуі. Бұл қатынастардың бір – бірінен айырмашылығы бар. Адамның қызметі ықпал ететін табиғат сол субъектініңөзі дүниеге келмей тұрып пайда болған. Ал қоғамдық қатынастар адамның өзімен бірге қалыптаса бастайды. Сондықтан қоғамдық қатынастар субъектінің ерекше қызметі нәтижесінде ғана дамып отырады дәуге болады.
Маркстік дүниетанымының пайда болуы тарихи процесті материалистік тұрғыдан түсінуі, әрі оны дәйекті жүзеге асырумен тығыз байланысты. Мұның өзі Маркске субъектінің қоғамдық табиғат, оның негізгі ерекшелігі болып табылатын алғаш рет ашуға мүмкіндік берді. Бұл мәселені жан – жақты зерттей келіп, ол іс - әрекет субъектінің тіршілік тәсілі,оның мәні мен белсенділігінің көрнісі деген қортынды жасайды. Маркстің философиялық тарихындағы еңбегі мұнымен ғана шектелмейді. Ол срһонымен бірге өзтарихын адамдардың өздері жасайтынын, оны материалдық дүниенің объективті заңдылықтарын терең ұғына отырып, жасайтын материалистік тұрғыдан терең талдап береді. Адамның ақыл – ой тарихын әлемді іс жүзінде игеріп жатқан субъекті қызметінің құралы мен нәтижесі ретінде қарастыра отырып, К. Маркс адамның ойлауы жөнінде мәселе,бұл мүлдем теорияның мәселесі емес, қайта практикалық мәселе, өйткені адам өз ойының шындығын, былайша айтқанда оның пәменділігі, құдіреттілігін іс жүжінде дәлелднуге тиіс деген пікір айтады. Шынында практикамен байланысы болмаған жағдайда қандай да болсынәлеуметтік теория жалаң абстракциядан аса алмайды, ал қоғамдық практикада сынала бастаған кезде ол нысаналы қызметтің мегзеуші сәті ретінде көрінеді.
Белсенді қызметті жете бағаламау және объективті жағдайда асыра дәріптеу фатализмге апарып соқтырады. Объективті жағдайларды елемеу немесе жете бағаламау тегінде субъективтивизм мен волюнтаризмге әкелуі ықтимал. Ал объективтік жағдайдың маңызын сыңаржақ асыру көрсету сол жағдайда селқос бейімдеушілікке итермелейді. Қысқасын айтқанда, мұның бәрі ғалыми теория мен практикалық принциптерден ауытқушылық болып табылады. Маркстің қуаттай отырып, Ленин, міне, осы мәселелерге назар аударды.
Ғылыми теория мен оның жұмысшы қозғалысындағы ролі жөнінде проблеманы талдап шешуге В.И. Ленин өлшеусіз үлес қосты. XIX ғасырдың аяқ кезінде жарық көрген алғашқы шығармаларынан бастап, өзінің соңғы еңбектеріне дейін ол капитализмге қарсы тап шайқасының аса маңызды формасы ретіндегі жұмысшы табының теориялық күресінің прнциптік мәнін үнемі атап көрсетіп отырды.

ҚОРТЫНДЫ ЛЕНИНДІК СОЦИОЛИЗМ ТЕОРИЯСЫ
В.И. Ленин теорияға қарағанда практиканың алдыңғы орында тұратынын, абстракциялық дәрежесі қаншалықты жоғары болғанымен, теориялық ой – пікір әлеуметтік тәжірибеарқылы саналып, қоғамдық өмірдің қажетімен мүддесіне, адамзаттың материалдық және рухани практикасына қызмететкенде ғана тиісінше дамиалатынын ұдайы ескертті. В.И. Ленин теориялық еңбектің мәнін кемсітудің қандай түріне болса да қарсы шығып: «Біздің пікірімізше, теорианың болмауы революциялық бағытта өмір сүру правосынан айырады, ерте болсын, кеш болсын, оны саяси күйреліске ұшыратпай қоймайды», деп жазды.
Теорияның мәнін сөз жүзінде мойындағанымен, оны қарапайым, жеңіл – желпі түсіну, теориялық абстракциядан нақты практикалық шешімге барар жолдағы оның сан алуан байланыс буындарын ескермеу, әділіне келгенде, теорияны жете бағаламаудыңбір көрнісі болып табылады. Өйткені, Ленин айтқандай , теориядан практикаға, практикадан теорияғаөтер жолды тым тұрпайым етіп көрсетуге тырысушылық философиялық ойдың қоғамдық өмірдегі ролін кемсітумен бірдей.
Осыған сүйене отырып В.И. Ленин социализм теориясын жұмысшы қозғалысымен ұштастыру міндетін айқындады, оны ғылыми теориялық тұрғыдан негіздеп берді. В.И. Ленин өзінің «Карл Маркс ілімінің тарихи тағдырлары» деген мақаласында Маркс ілімінің революциялық мәнін, оның құдіретті күші мен өміршеңдігін ашып көрсетті. Россия жұмысшы табы мен халықаралық жұмысшы қозғалысының жаңа күрес тәжірибесін саралай отырып, Ленин маркстік теорияның маңызды қағидасын тұжырымдайды. Осыдан келіп ол мынадай екі қортынды жасайды: біріншіден, дүниежүзілік оқиғалардың даму барысы « пролетариаттың социалистік қоғамды жасаушы ретіндегі бүкіл дүниежүзілік – тарихи ролі» жөніндегі марксизм ілімінің расталғандығы, екішіден, қоғамды ревалюциялық жолмен өзгерту дәуірінің басталғандығы. Бұл тұжырымдардың дұрыстығын Ленин тап күресі тарихына талдау жасау арқылы дәлелдеді.
Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан қайта құру прцесі қоғамды демократияландыру, жариялылықты арттыру және бұқараның саяси - әлеуметтік белсенділігін көтеру социализмнің шынайы адамгершілік мнін, оның маңызды прициптерін қалыпқа келтіру бағытталған. Бұл ретте, социализм проблемаларыне талдау түсіну, оны жаңартудың нақты бағыттары менәдістерін анықтау тек маркстік – лениндік ілім негізінде ғана мүмкін екенін атап өткен жөн.
Әр түрлі елдердегі коммунистік және жұмысшы партиялары ленинизмді одан әрі дамытты, твочестволықпен қолдана отырып, бұқараның жаңа тарихи тәжірибесін жинақтап қорытады, оны теориялық тың қағидаларымен қаруландырады. Бұл ретте марксизм – ленинизмнің теориялық қазынасына елеулі үлес болып қосылған социализмді қайта құру жөніндегі ілімді айтуға болады. Мәселен, біздің елде социалистік жаңа қоғам совет халқының қажырлы еңбегінің, коммунистік партияның сан қырлы қызметінің нәтижесінде орнады. Еңбекшілердің қалың бұқарасын төңірегіне берік топтастырып, жарқын істерге жұмылдыра білген, халыққа қызмет етуді өзіне мұра санайтын СОКП марксизм – лениннизмді меңгеріп, оны практикада қолдануда көш бастаушы. Дегенмен социализмді орнату жылдарындаорасан қателіктерде кетті. Ол өкінішті жағдайлар. Осыған орай кемістіктердің негізі Ленин теориясында, партия басшылығында деушілер де шығуда. Негізінде, орын алған қателіктердің түбірі – маркстік-лениндік теорияда емес, оны іс жүзінде қолдануда, теорияны догматикалық тұрғыдан саңар жақты түсінуде.
Әрине К.Маркс, В.И. Ленин еңбектері нақты жағдайларда жазылды. Оның бүгінгі күнге сәйкес келмейтін, көнерген де жерлері бар. Ол түсінікті де. Бірақ, Ленин еңбектерінің методолгиялық дүниеге көзқарас жақтары көнермейді. Оның күші – материалистік деалектикада. Сондықтан қазір халқымыз қайта құру дәуірінде социализмнің лениндік үлгісіне қайта оралуда. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?