Экономика | Маркетинг ортасын зерттеу

Экономика | Маркетинг ортасын зерттеу

Маркетинг ортасы дегеніміз –ол фирманың маркетинг бөлімінің клиенттермен тиімді байланыс орнатып, оған әсер ететін белсенді субъектілердің және күштнрдің жиынтығы. Маркетинг ортасы келесі түрлерге бөлінеді: макроорта, микроорта, мелиаорта.
Макроорта кәсіпорынның әрекетіне жалпы бірыңғай сыртқы жағдай жасайды. Фирмалардың әрқайсысы макроортаның әсерін талдайды, бағалайды және әрекетіне тигізетін жағымды немесе қолайсыз жақтарын сынайды (кесте).
Микроорта фирмаға және оның клиенттеріне, қызмет көрсету мүмкіндіктеріне тікелей қатынасы бар күштермен белгіленеді. Солардың қатарындағы аса маңыздылары мыналар: жабдықтаушылар, маркетинг делдалдары, бәсекелестер, клиенттер.
Жабдықтаушылар дегеніміз –фирманы және оның бәсекелестерін тауарды өндіру үрдісіне қажет материалдық ресурстарымен жабдықтайтын іскер компаниялары мен жеке тұлғалар. Маркетинг тұрғысынан жабдықтаушылардың келесі түрлері болады:
 «эксклюзивті» жабдықтаушылар –тек қана бір фирмамен жұмыс істейді;
 «адал» жабдықтаушылар –фирмаға және оның бәсекелестеріне бірдей адал қызмет көрсетеді;
 «сырттағы» жабдықтаушылар –тек қана бәсекелестерге қызмет көрсетеді.
Жабдықтаушыларға әр түрлі маркетингтік талаптар қойылады. Олар:
 өнім сапасы белгіленген стандартқа сәйкес болуы;
 келісілген кестеге сәйкес нақты мезгілде өнімді жеткізу;
 өнімді жеткізу көлемін толығымен орындау;
 қажет болғанда қосымша қызмет көрсету;
 тапсырыс берушінің жаңа талаптарын орындау;
 келісілген бағаны сақтау;
 тауар сапасына кепілдеме беру.
Маркетинг делдалдары фирманың тауарларын клиенттерге қарай жылжытуға, оларға өткізуге және таратуға көмектесетін әдетте арнайы компаниялар мамандары. Оларға мыналар жатады:
 сауда делдалдары –фирма клиенттерін іздеп табуға және оларға тауарды сатуға көмектесетін іскер компаниялары. Олардың мақсаты –сату орнын, сату мерзімін және сатып алу процесінің фирмаға неғұрлым қолайлы болуын қамтамасыз ету;
 тауар жылжытуды ұйымдастыратын маманданған фирмалары, компаниялары тауар қорларын жинауға және жылжытуға көмектеседі;
 маркетинг қызметін атқаратын арнайы агентстволар ақылы тапсырыспен маркетинг зерттеулерін жүргізеді және маркетинг кешені туралы түрлі кеңестер береді немесе жарнамалық агентство компаниялары тауарды нарыққа бағыттауға және жылжытуға көмектеседі;
 қаржы –несие мекемелері келісім әрекеттерді қаржыландыруға және тәуекелден сақтануға көмектеседі.
Микроортаның келесі маңызды құрылымы –бәсекелестер. Бәсекелестер дегеніміз –бір типті тауарларды нарыққа ұсынатын өзара бәсекеге түскен компаниялары б.т.
Микроортаның соңғы элементі –клиенттер немесе тауарды тұтынушылар. Фирма нарықтың бес түрінде клиенттерге тауарларын ұсына алады. Олар:
1. Тұтыну нарығы –тауарлар мен қызметтерді өзі тұтынуы үшін алатын жеке тұлғалар мен үй шаруашылықтары.
2. Өндіруші нарығы –тауарлар мен қызметтерді өндіріс процесінде қолдану үшін алатын ұйымдар.
3. Делдалдар нарығы –тауарлар мен қызметтерді өздеріне пайда түсіру үшін қайта сатумен айналысатын сауда бұйымдарының жиынтығы.
4. Мемлекеттік мекемелер нарығы –тауарлар мен қызметтерді әрі қарай пайдалану үшін алатын мемлекеттік ұйымдар.
5. Халықаралық нарық –шетел нарықтарында тауарды сатып алушылар.
Медиаорта дегеніміз –фирманың мақсатына жетуіне әсер ететін кез келген топ. Медиаорта фирма әрекетіне көмектесетін немесе кедергі жасайтын топтарға бөлінеді. Жалпы медиаортаның келесі түрлері кездеседі:
1. Қаржы қоғамдары (банктер, инвестициялық компаниялар, қор биржалары) фирманы қаржы ресурстарымен қамтамасыз етеді.
2. Ақпарат тарату құралдары (радио, теледидар, газеттер, журналдар т.б.) кәсіпкерлік жүйесі туралы ақпарат таратады.
3. Қоғамдар (тұтынушылар тобы, жергілікті тұрғындар) фирманың жұмысын бақылайды.
4. Фирма қызметкерлері –олардың фирма жайлы қалыптасқан пікірлері жұмысшылардың өз міндеттерін орындау сапасына ықпалын тигізеді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!