Экономика | Қазақстандық банктік жүйенің даму тарихы

Экономика | Қазақстандық банктік жүйенің даму тарихы

Банк жүйесі туралы ұғым

1.1 Банктік қызметті ұйымдастыру мен құрылу типтері

Банк – өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме. /1,3б/
К.Маркс банктер туралы былай деген: «Кәсіпкерліктің ерекше саласы, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып ірі масштабта жүргізіледі...»
Банк ісі – қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, оқу орындары мен бала-бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады. /2, 135 б./
«Банк» деген ұғым италиан сөзі «bank» – орындық, «айырбас орындығы – айырбас орны» дегенді білдіреді. Тарихта банктің ең жай қызметі, мысалы тұқым сатып алуға ақшаны несиеге алған жағдай жаңа эраға дейінгі VIII-V ғ.ғ Вавилонда кездескен. Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египетте, Грецияда, Римде зәулім ғимараттар салған. Ал феодализмге өту кезінде тауар ақша айналысы және несие қатынастарының ауқымы тарылып, тек XIII-XIVғ.ғ сауданың кең өрістеуіне байланысты төлем делдалы ретінде банк ісі қарқыны өрістей бастады. Орта ғасырда банк ісінің орталығы Италия, Германия, Нидерланды болып саналса, ал ерте капитализм жағдайында Англия болған.
Капиталистік банктердің алғашқы ізашарлары Флоренция мен Венецияда 1587ж айырбас ісінің негізінде, яғни әртүрлі елдер мен қалалардың ақшасын айырбастауда пайда болды. Банктердің негізгі операциялары ақшаны сақтауға қабылдау мен ақшасыз есеп айырысуды жүргізу болған. Ақшасыз есеп айырысуды жүргізудің мәні – екі клиенттің қатысуымен банкирдің кітабына бір шоттан екінші шотқа белгілі бір соманы аударып жазу. Кейінірек ол осындай негізде Амстердамда (1609ж) және Гамбургте (1618ж) ұйымдастырылды. Бұл банк ісінің анайы түрі еді. Бұл кезде банктер саудаға және есеп айырысуға қызмет еткенмен, олардың өндіріспен, өндірістік капиталдың қайталама айналымымен байланысы аз болды, несие ақшаларын шығару қызметі де дамыған жоқ. Ал капиталистік банктер, керісінше ұдайы өндірістің, өнеркәсіп және сауда капиталдарының қажеттілігінен пайда болды. Натуралды шаруашылықтың ыдырауы, сауда мен тауар айналысының дамуы есеп айырысу мен несиенің маңызын арттырды. Жалдамалы еңбекке көшу халықтың табасының көп бөлігін ақша түрінде төлеуге мәжбүр етті. Тұрақты ақша айналысы пайда болып, оны ұйымдастыру мен техникалық жағынан қамтамасыз етуді банктер өздеріне алды. Осылай дами келе банктер тұтас несие беруші ретінде капиталистік кәсіпкерліктің дербес саласына айналды. /2, 135б./

ҚР банк жүйесінің құрылымы

ҚР банк жүйесінің құрылымын «ҚР банктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы Заң күші бар Жарлығында «Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі бар. Ұлттық банк – мемлекеттің Орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіндегі банктер» делінген жолдардан көруге болады.
Біріншіден, Ұлттық банктің құрылымын қарастырсақ, оны « ҚР Ұлттық банкі туралы» Заңы және « ҚР Ұлттық банкі туралы» ережесі негізінде көруге болады.
Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат, бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелер бар. /3, 238 б./
Басқарма
Диркеторлар кеңесі Төраға
Төрағаның орынбасарлары


Ұлттық банктің орталық аппараты


Департаменттер, дербес басқармалар және бөлімдер
Ұлттық банктің тәуелсіз бөлімшелері
Мемлекеттік сақтау орны
Банкноттық фабрика
Бағалы қағаздар фабрикасы
Приборлық бақылаудың мемлекеттік инспекциясы
Қазақстанның банкаралық есеп айырысу орталығы
Банкаралық және қаржылық телекоммуникациялар орталығы
Банктік сервистік бюро және т.б.
Облыстық (аумақтық) басқармалар


Сурет 1 – Ұлттық банктің басқару құрылымы

Ұлттық банктің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына – Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламент пен Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Ұлттық банк төрағасы ҚР Президентінің ұсынуымен алты жылға сайланады. /3, 237б./
Ал, коммерциялық банктердің құрылымы осы саладағы Заңдарға сәйкес, коммерциялық банктерді филиалсыз банктерге, бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Қазақстанда банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.
Банк филиалы – бұл бас банктің берген құқықтары шегінде банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттар мен өкілеттіктер шегінде қызмет етеді.
Банк өкілдігі – депозит тартудан басқа белгілі-бір банктік операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып саналмайтын құрылымдық бөлімше.
Еншілес банк – жарғылық қорының 50%-дан астамы бас банкке тиесілі заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.
Коммерциялық банктердің көп бөлігі акционерлік типте құрылғандықтан, банктің ұйымдық құрылымы әрқайсысы белгілі бір міндеттер мен талаптарды атқаратын қызмет тараулары мен бөлімшелерден тұрады. Жалпы кез-келген банктің ұйымдық құрылымы банктік операциялардың атқаратын міндетін ескеріп қалыптасады. /2, 191 б./
Банктің актив операцияларын жүзеге асыратын негізгі буыны – несие басқармасы.
Акционерлер жиналысы


Банктің басқармасы Тексеру комитеті

Несие комитеті
Сурет 2 – Коммерциялық банктің ұйымдық құрылымы

Банктің басқармасы қызмкт салаларына қарай бірнеше бөлімшелерден тұрады.
Банктердің нарықтық экономикада құрылымдық үлгісін дұрыс жүргізуі– банктің тұрақты іс-әрекет етуінің бірі. /3, 287 б./
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Қазіргі Қазақстанның нарықтық банк жүйесінде әртүрлі меншік формасындағы банктер қызмет істеуде. Солардың әрқайсысына сипаттама берелік.
Мемлекеттік банк – үкімет қаулысымен құрылған екінші деңгейлі банк, оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет.
Инвестициялық банк – негізінен тікелей және портфельдік инвестиция тартумен шұғылданатын банк.
Шетелдің қатысуымен құрылған банк – акциясының 50 пайыздан астамы ҚР резиденті емес иеленушілердің қарамағында, меншігінде және/немесе басқаруында болатын екінші деңгейдегі банк.
Мемлекетаралық банк – халықаралық келісім негізінде құрылған банк, оның жарғылық қорының иеленушісі Қазақстан үкіметі және келісімге қол қойған мемлекттердің үкіметі.
Банктік емес несие-қаржы мекемелері – Ұлттық банктің лицензиясы негізінде кейбір банктік операция жүргізуге құқығы бар банктік емес заңды тұлға.
Коммерциялық банктер – кәсіпорындар мен халыққа жан-жақты қызмет көрсететін банктер.
Банктік заңдарда, банктердің жарғылық қоры қандай көздерден құрылғанына байланысты оларды мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік, аралас және шетелдік банктер деп жіктейді.
Банктерді ұйымдастырудың акционерлік формасының ерекшеліктері мен артықшылықтары «Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы» Заңға сәйкес, біріншіден, акционерлік қоғам – бұл құрылтайшылардың меншік құқығын, Ұлттық банк берген лицензия шегінде шығарылатын акциялармен куәландырылатын заңды тұлға. Акционерлердің банк меншігіндегі үлесі мен табысы сатып алынған акциялардың санымен тікелей байланысты.
Банкті басқаруда акционердің жауапкершілігі тек басқарманы сайлау мен жылдық жиналыстарда банк саясатына қатысты сұрақтар бойынша дауыс берумен шектеледі.
Банкті ұйымдастырудың акционерлік емес формасы (үлестік жарна формасы) қатысушылардың меншік құқын куәландыратын қандай да бір формалды куәлікті қажет етпейді.
Екіншіден, акционер өз акцияларын басқа тұлғаға бере алады. Бұл жерде банктің қызмет етуі жекелеген акционерлердің қоғамнан шығуына, біліксіздігіне, банкротқа ұшырауына байланыссыз. Ал үлестік жарна формасында қатысушы өз үлесін басқа қатысушылардың келісімінсіз бере алмайды. /3, 203б./
Үшіншіден, акционерлік банкте оны басқару бойынша қызметтер нақты үлестірілген. Акционерлер басқарманы таңдайды, соңғысы – таңдағаны, ал ол басқару аппаратын, басқару аппараты өз кезегінде мамандар мен қызметкерлердің міндеттерін анықтайды.
Жеке банкте қатысушылар өздері тікелей банкті басқаруға қатысады да әкімшілік қызметкерлері болады және басқарудың тиімділігі олардың жеке бастарының жұмыс сапасына байланысты.
Банкті ұйымдастырудың акционерлік формасының кемшіліктеріне мыналар жатады: акционерлік банті құру қиындығы, өзгермелі жағдайларға бейімделу мен икемділік дәрежесінің төмен болуы. /4, 19 б./
Осы жоғарыда аталған кемшіліктерге қарамастан банкті ұйымдастырудың акционерлік формасы нарық жағдайында тиімді, қолайлы болып келеді және нарықтық экономикасы дамыған барлық елдерде банктер акционерлік компания немесе корпорация нысанында ұйымдастырылуы да кездейсоқтық емес.
Банкті ұйымдастыру қиын процедураны білдіреді және ол елдің арнайы заңдарымен реттеліп отырады. Ұлттық банк ҚР аумағында банктерді құруға рұқсат береді және банктермен, олардың филиалдарын тіркеуге алу кітабын жүргізеді.
Рұқсат Ұлттық банк белгілеген мөлшердегі төлем негізінде беріледі.
Рұқсат берген кезде Ұлттық банк атқарылатын банктік операциялардың шеңберін анықтайды. Банктің заңдар мен заң актілерінде банктерждің ашылуы мен тоқтатылуы реттелір отырады.
ҚР банктерін тіркейтін кітапта тіркелгеннен бастап, банк заңды тұлға мәртебесін алады.

1.2 Қазақстандық банктік жүйенің даму тарихы

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы Ресей тарихымен тығыз байланысты. Патшалық Ресейдің банк жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кірді. /2,169 б./
Ресейдің мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық несие жүйесінің орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды.
Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиалымен) қарыз каипталы нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 жылы шоғырланудың жоғары дәрежесіне жетті.
Орта және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадай ұсақ несиелік мекемелер қызмет атқарды: өзара несие беру қоғамы (11081), қалалық қоғамдық банктер (343).
Ипотекалық несие жүйесі – мемлекеттік дворяндардың жер банкі мен мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды.
Несиелік мекемелердің ішінен, әсіресе, деревнялардағы дәулетті адамдарға қызмет көрсететін несиелік кооперация кеңінен танылды. Ол қарыз-жинақ кассалары мен несиелік серіктестіктерден тұрды.
1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін банк ісін ұйымдастыруды мемлекет монополиялы түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктірілді. 1922 жылы Тұтыну кооперациясының банктері және Өнеркәсіп банкі құрылды.
1924 жылы акционерлік қоғам үлгісіндегі сыртқы сауда банкі құрылып, оның акционерлері мемлекет, кооперативтік және қоғамдық ұйымдар болды.сөйтіп, 1925 жылы КСРО-да Мемлекеттік банк, Өнеркәсіп банкі, Сауда банкі және ауылшаруашылық банкі болды.сондай-ақ Орталық коммуналды банкі (Ценкомбанк), Кооперативтік банк және акционерлік, салалық, аймақтық банктер құрылды. Банктер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несие түрлері бойынша да ажыратылды. 1928 жылы Өнеркәсіп банкі мен Электробанкі бірыңғай өнеркәсіп пен электр шаруашылығын ұзақ мерзімді несиелеу Банкіне біріктірілді. Жалпы 1927-1929 жылдары банктердің өзіне тән ерекшк қызметі –банктік несие беру жойылып, несие мемлекеттік жоспарлы қаржыландырудың түріне айналды. /3, 164 б./
КСРО-да 1930-1932 жылдары жүргізілген несиелік реформаның нәтижесінде жаңа қағидаларда салалық банктер ұйымдастырылды. Капитал жұмсалымдарды қаржыландыру және несиелендіруге байланысты 4 арнайы банктер құрылды:
1.Промбанк, 1959 ж КСРО Құрылыс банкі болып қайта ұйымдастырылды.
2. Ауылшаруашылық банкі, 1959 ж оның қызметтері КСРО Мембанкі мен Құрылысбанк арасында үлестірілді.
3. Всекомбанк, 1939 ж Всекомбанк өз жұмысын тоқтатты, ал активтері мен пассивтері 1959 ж таратылған КСРО Сауда банкіне берілді.
4. Ценкомбанк, 1959 ж таратылды да оның қызметтері КСРО Құрылыс банк мен Мембанк арасында үлестірілді. /3, 165 б./
КСРО-да банктік реформа 1987-1988 жылдары жүргізілді. Нәтижесінде, КСРО Мембанкі мен КСРО Құрылыс банкін құру негізінде: Өнеркәсіп құрылыс банкі, Агроөнеркәсіп банкі және Тұрғын үй-әлеумеетік банкі; КСРО Мембанкінің құрамына кіретін жинақ кассалары негізінде: Сыртқы экономбанк, Жианқ банкі, құрылды. КСРО Мембанкі кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік- есеп айырысу қызмет көрсетуін тоқтатты. Ол елдің Орталық банкі деп жарияланды. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі