Экономика | Қазақстан Республикасының білімі туралы

Экономика | Қазақстан Республикасының білімі туралы

Қазақстан Республикасының білімі туралы

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына Қазақстан Республикасының жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк бiлiмi бар азаматтар, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.
Жоғары оқу орындарында студенттер контингентiн қалыптастыру мемлекеттiк маман даярлау тапсырыс (мемлекеттiк бiлiм гранты ) бюджеттiк қаражат негiзiнде және жеке тұлғалардың өз қаражаты мен басқа қаражат көздерi арқылы жүзеге асырылады.
Қазақ ұлтының басқа мемлекет азаматы болып табылатын өкiлдерiне, шет ел азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға, сонымен бiрге Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Тәжiкстан Республикасының және Қырғыз Республикасының азаматтарына мемлекеттiк бiлiм грантын алуға Қазақстан Республикасының азаматымен бiрдей құқық берiледi.
Шет мемлекеттердiң басқа азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар жоғары оқу орындарына (ЖОО) Қазақстан Республикасының заңдылықтарында, сондай-ақ халықаралық келiсiмдерге сәйкес, Қазақстан Республикасында белгiленген тәртiппен қабылданады.
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына азаматтарды қабылдау ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң (бұдан әрi - ҰБТ) немесе Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Бiлiм беру мен тестiлеудiң мемлекеттiк стандарттарының ұлттық орталығы (бұдан әрi БТМСҰО) әзiрлеген технология бойынша өткiзiлетiн кешендi тестiлеудiң нәтижесi бойынша берiлген сертификаттағы баллдарға сәйкес азаматтардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
ҰБТ ағымдағы жылы орта білім беру ұйымдары бiтiрушiлер үшiн өткiзiледi.
Кешендi тестiлеу өткен жылы жалпы бiлiм беретiн мектептiң бiтiрушiлерi, кәсiптiк бастауыш және орта оқу орындарының бiтiрушiлерi, шетелде оқушылармен алмасу халықаралық желiсi бойынша оқыған жалпы бiлiм беретiн мектеп бiтiрушiлерi, ҰБТ-ға қатыспаған жалпы орта мектептi өзбек, ұйғыр және тәжiк тілдерiнде аяқтаған бiтiрушiлерi, республикалық музыка мектеп-интернаттарының түлектері, жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы халықаралық олимпиадалардың қатысушылары сондай-ақ оқу орындарын шетелде бiтiрген азаматтары үшiн өткiзiледi.
Азаматтарды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне, Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлiгiне, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің Комитетіне Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігіне 1-қосымшаға сәйкес бағынысты жоғары оқу орындарына бекiтiлген жоспар бойынша қабылдау үш кезеңде өтедi:
бірінші кезеңде аталған жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары құрылтайшылар белгiлеген және Бiлiм беру ұйымдарына қабылдау ережесiнде бекiтiлген тәртiпке сәйкес кадрлар даярлаудың аймақтық принципiн ескере отырып, медициналық, тәндік және психофизиологиялық көрсеткiштері бойынша iрiктеу жүргiзу арқылы талапкерлер контингентiн қалыптастырады;
екiншi кезеңде ЖОО сертификаттағы баллдарға сәйкес iрiктеу өткiзiледi;
үшінші кезеңде аталған жоғары оқу орындарының мандаттық комиссиялары студент қатарына қабылдау жұмысын өткізеді.
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына орта кәсiптiк бiлiмi бар азаматтарды төлемақы негiзiнде қысқартылған бiлiм беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға қабылдау жоғары оқу орындардың қабылдау комиссиялары жүргізеді.
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына ақылы негiзде қысқартылған мерзiмде оқуға кәсiптiк жоғары бiлiмi бар азаматтарды қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
Екi немесе одан жоғары елдер арасында мемлекетаралық келiсiмдер бойынша құрылған халықаралық жоғары оқу орындарына мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде белгiленген квота бойынша шет ел азаматтарын қабылдауды жоғары оқу орындары дербес түрде шешедi.
Оқу орындарына оқуға қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы № 1188 «Кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде адамдардың жекелеген санаттары үшін қабылдау квотасын белгілеу туралы» қаулысымен бекітілген қабылдау квотасы белгіленеді. Ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген бакалавриат және жоғары арнайы білім беру мамандықтарының тізбесі осы қабылдаудың үлгі ережелерінің 4-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
Жоғары кәсiби бiлiм берудiң мемлекеттiк құпиялармен Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiткен тiзбеге сәйкес жұмыс iстеудi талап ететiн жекелеген мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарды қабылдау мамандандырылған мемлекеттiк оқу орындарында және басқа да мемлекеттiк оқу орындарының факультеттерiнде (бөлiмдерiнде) мемлекеттiк бiлiм тапсырысы бойынша ғана 2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Азаматтарды арнаулы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтарға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады
Мемлекеттiк бiлiм грантын алу конкурсына қатысу үшiн талапкер ЖОО-ның қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтiнiшiн, бiлiмi туралы құжатын (түпнұсқа), сертификатты, мемлекеттік білім беру грантын алуға басым құқықты растайтын, 3х4 көлемiндегi 2 фотосурет 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, сондай-ақ жеке басын растайтын құжаттың көшiрмесiн суретiмен бiрге өткiзедi.
Мемлекеттiк бiлiм грантын алу конкурсына қатысу үшiн, азаматтар өтiнiшiнде осы мамандық бойынша мемлекеттiк бiлiм гранты орналастырылатын таңдаған мамандықпен ЖОО-ны көрсетедi. Төртінші пән сәйкес келген жағдайда, талапкер төрт мамандықты көрсетуге құқығы бар 3-тармақта көрсетiлген мемлекеттiк органдарға ведомстволық бағынысты ЖОО-ға түсетiн азаматтар бiрiншi осы жоғары оқу орнында даярланатын мамандықты, екiншi 3-қосымшаға бойынша мамандықты көрсетедi.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжат белгіленген тәртіппен нострификациялануы тиіс.
Шетел азаматтары ұсынатын құжаттар белгiленген тәртiпте нострификациялануы керек.
Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедек адамдар, мүгедек балалар сондай-ақ бала кезiнен мүгедектер таңдап алған мамандықтары бойынша оқу үшiн қарсы дәлелдiң жоқтығы туралы медициналық-әлеуметтік сараптамалық (МӘС) қорытындысын бередi.
Білім беру гранттарын алуға басым құқығы бар тұлғалар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына осы құқықты растайтын құжатты және мемлекеттік білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтінішті осы Үлгі ережеде бекітілген мерзімде тапсырады
Мемлекеттiк бiлiм гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшiн өтiнiштер 22 шілдеден 31 шілдеге дейiн қабылданады.
Шығармашылық мамандықтарға өтiнiштердi қабылдау мерзiмi ЖОО-ның қабылдау комиссиялары 20 маусымнан 3 шілдеге дейін, арнайы (шығармашылық) емтихандар 4 шілдеден 9 шілдеге дейін өткiзіледi.
3-тармақта көрсетiлген мемлекеттiк органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына өтiнiштердi қабылдау мерзiмiн тиiстi мемлекеттiк органдар белгiлейдi.
Шығармашылық мамандықтарға, сондай-ақ 3-тармақта көрсетiлген мемлекеттiк органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне қарасты ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарынан басқа оқу орындарына түсу кезiнде өтiнiштер ЖОО орналасқан жерде қабылданады.
Шығармашылық мамандыққа оқуға түсетін азаматтар бір шығармашылық мамандықты көрсетуі мүмкін.
Мемлекеттік білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысушы азаматтар үшін белгіленген қабылдау квоталары 4-қосымшаға сәйкес барлық төрт мамандық бойынша орналастырылады
Шығармашылық мамандықтарын таңдаған талапкерлер, оның ішінде “Алтын белгі” белгісінің иегерлері мемлекеттік білім беру грантын алу конкурсына бір мамандық бойынша қатыса алады және тек шығармашылық емтихан тапсырған жоғары оқу орнын ғана көрсетеді.
Студенттер қатарына қабылдау конкурсына қатысу үшін қажетті ең төменгі балдар деңгейі 60 балды құрайды, оның ішінде кемінде 7 балл бейіндік пәннен, ал қалған пәндер бойынша жақсы бағалар болуы тиіс. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!