Философия | ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ

Философия | ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ

Көне түркі жазбаларындағы алғы
философиялық ойлар

Ашина (көк бөрі) ұрпақтары VI ғасырда қандықтың басқару жүйесінен құқықтық негізді құрды. өкілетті билік пен заң шығару ісі ақсақалдар әлқасының (кейінгі қазәқ һандығында –билер алқасы мен хан кеңесі) құзырында болды. Ал хан жарлығы атқарушылық міндеті үлкенді кішілі лауазымдар иесіне жүктеледі. Бұл мансаптар мұрагерлік жолмен хандық билік, әскери демократия арқылы жүзеге асырылған, Халықтың құқықтық санасының әрі мемлекеттік басқару жүйесінің арқауы кең ауқымды жеті баптан тұратын, Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деген атқа ие болған Ел заңы:
1-бап. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.
2-бап. Түрік будун мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.
3-бап. Қағандық ішінде жазықсыз кісі өлтірген кісілер өлім жазасына бұйырылсын.
4-бап. Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзушыларға өлім жазасы бұйырылсын.
5-бап. Өреде тұрған, тұсаулы тұрған сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.
6-бап. Төбелесте мертігудің түріне қарай мүлік түрінде күн төленсін:
а) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді;
ә) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.
7-бап. Үрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірсін.
VIІІ ғасырдың басында жазылған аталмыш жәдігерліктер стилі ХІV-ХV ғасырларға дейін жеткен. Мұндай жәдігерліктер қатарына “Қорқыт Ата” кітабы мен “Оғызнаманы” да жатқызуға болады. Олардың өзара стильдік айырмашылықтары болғанымен, оқиға желілері, баяндау үлгілері, дүниетанымдық арқаулары өте ұқсас.
Бұл аталмыш жәдігерліктердің барлығының да мазмұнын тәңіршілік көктей өтеді, ол олардың дүниетанымдық өзегі ретінде көрінеді. Мысалы, көне түркілердің космогониялық түсінігін мына сөздерден бағамдауға болады: “Жоғарыды Көк тәңірі, төменде қара жер жаралғанда екі арасында кісі оғлы жаралған екен”, Олардың үстінен қарайтындар “Тәңірден болған”, яғни қағандық үстемдікке ие болатындар Бумын, Істемі, Білге қағандар еді.
Тәңіршілдік көзқарастың танымдық тірегі - тәңірінің жасампаздық құдыретіне деген халықтық сенім. Түркілердің танымдық қабылеті , жеңіске жетуі, табғачқа (қарақытайға) бағынғаны үшін жазалануы да тәңірінің мейіріміне немесе каһарына ұшырағандықтың жемісі. Көрнекілік үшін мысал келтіретін болса, дана қарт Тоныкөк өзінің біліктілігін тәңірдің сыйы ретінде қабылдайды, ал, шын мәнісінде, ол білімді тбғач елінде алған. Әрине, өзінің табиғи қабылетінің арқасында. Өзінің даналығындәріптеу мақсатында қайталанып отыратын “қағаны алып екен, ақылшысы дана екен” деген сөз тіркесін жауларының аузына салып отырғандығы Тоныкөктің мақтаныш сезімінің айғағы болса керек.
Қазақстан аймағындағы алғашқы адамдар тас дәуірінен бастап еңбек құралын сапасына қарай таңдады, осыдан сезімді, мәнді әрекет процесі басталды. Қола дәуірі тарихта жалпы тұрғындардан бақташылықтың пайда болуымен, яғни қоғамдағы алғашқы ең үлкен еңбек бөлінісімен белгілі. Бұл материалдық мәдениеттің дамуына, өркендеуіне қуатты қозғаушы күш берді. Тері шалбарлар пайда болды және көрші халықтар мұны жылдам қабылдады. Ауыздықтың, айыл, құйысқан, ертоқым, найза, жебе ұштарының қажеттілігі металлургия мен тау-кен өндірісін тудырды.
Қазақтың ата тегінің еңбек әрекетімен, сан мың шақырымдық көш жолдарының белгілі бір күн мен айға байланысты басып өтілуін белгілеумен кеңістік ұғымы басталды. Күндік көш жолы бір көш, сондай-ақ қозы көш, апталық көш, т.б. қашықтық мөлшері белгіленеді. Кеңістік бет-бағдары ежелгі қазақтар есігінің шығысқа бағытталуымен ерекшеленетін.
Жалпы адамзат өркениеттегі әйгілі мадени ошақтардың ұдайы көшпелілер мекені мен оған жапсар өңірлерде дүниеге келіп отырғаны кездейсоқ емес. Әлемдік діндердің бастауы тегіне тәңірлік дінінің өзекті қағидалары арқау болған. Тәңірлік дін уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған ортамен тіл табысуға ұмтылған адам баласының алғашқы таным-түсінігі еді. Тәңірлік дін көшпелілердің өмір сүруінің кепілі болып, өмір салтына айналды.
Қазәктар күні бүгінге дейін таңнын атуы мен күннің батуына дейінгі уақытты беске бөледі: таң, сәске, түс, екінді, ақшам. Осы дәстүр Сырдария бойында туған Заратуштра діні арқылы иудаизмге ауысты, одан ислам дініңдегі бес уақыт намаздың орнығуына себепші болды.
Қазақ халқының алғы философиялық және дүниетанымының қалыптасуына мифологиялық ертегілері; хайуанаттар жайындағы ертегілер; реалистік ертегілерінің де әсері өте үлкен болды. Бұл ертегілер өте ерте замандарда адамның табиғат сырын әлі толық түсініп болмаған кездерде туған. Мұнндай мифологиялық наным , сенімдер және оның тарихы үнді , қытай, грек, араб елдерінде көбірек сақталған.Бірақ қазақ аңыз, ертегілерінің ой туғызар дүниетанымдық тұстары олардың адамды бірінші орынға қоя білуінде. Мысалы, патриархат дәуірінде адамды ең басты киелі күш деп ұғыну үстем болған. Табиғаттың тілсіз күштерін мифтік ойлаумен образдап, соған адам әрекетін қарсы қоятын қиял-ғажайып аңыз-ертегілері осы ізде туған. Кшпелілер аңыздарының бір ерекшілігі – оның жалпы халықтық мазмұндылығында әкиқат болған-ды. Қазақ әныздарында көшпелі елдің төл ерекшеліктері, белгілері бірден байқалады. Себебі олар – біздің тұрмыс-салтымыздың , болмысымыздың негізінде туған аңыздар. Осындай дала аңыздары ішінде халық арасында Қорқыт, асан қайғы туралы толып жатқан аңыздар бар. Бұл тараған аңыздар да Қорқыт асқан күйші, қобызшы болғандығын айта келіп, табиғаттың дүлей күшіне қарсы күрескен, өліммен алысқан алып жанды тынытады. Қорқыт һалық ұғымынша, болашақты көре білетін, өлімді өнерімен жеңүге ұмтылған алып философ, ұлы қобызшы.

Қорқыт ата
Қорқыт философиясын, оның дүниетанымын біздер ел арасында сақталған Қорқыт туралы толып жатқан аңыздардан танып білеміз. Бұл аңыздар негізгі философиялық өзегі – мәңгілік, мәнгі-бақи өмірлік, жанның мәңгі бақи екеніне сену. Мәңгілік етуге талпыну. Адамдар қашанда мәңгі өшпес өмір сүруді армандап келеді. Оны барлық жерден іздеді, оған жол таба алмаған жағдайда адамдар адам жанын мәңгі етер жанды су, т.б. нәрселерді ойдан құрастырып, талай аңыз-әңгімелерді дүниеге келтірді. Қазақтардың ауызша-поэтикалық шығармаларындағы ең құнды аңыздар – Қорқыт туралы аңыздар болып табылады.
Қорқыт туралы бұл аңыздар “Иллиададан” да ерте бір жарым мың жылдай бұрын келген шумерккадықтардыңГильгамеш туралы эпаосымен өте ұқсас, мазмұны да сәйкес келеді. Мұнда да өмір мен өлім, мәңгі жойылмайтын өмір туралы адамдардың іс-әрекеті, ізденістері бар. Шумераккадтықтардың эпосын зерттеуші И.М.Дьяконовтың жазуынша “Бұл проблема ежелгі шығыс әдебиетінде бұрыннан үлкен орын алып келген”.
“Оғыз” эпосында Қорқыттың барлық қызметі Оғыз тайпаларының ортақ мақсат-мүдделерімен байланысты. Оның жатса-тұрса ойлайтыны – құдайға құлшылық жолы емес, оғыздардың тағдыры, жырлайтыны - әулие пайғамбар туралы діни сюжеттер емес, оғыз батырларының ерлігі. Қорқыт туралы аңыздарда Қорқыттан асқан күйші , қобызшы болғандығын айта келе, табиғаттың дүлей күшіне қарсы күрескен, өліммен алысқан алып жанды танытады. Қорқыт халық ұғымынша, болашақты көре білетін сәуегей философ, қобызшы, Қорқыт өміріне байланысты тараған аңыздарда ұлы күйшінің барлық өміри күй шығаруға айналғандығы айтылады. Ол өзінің астындағы жалғыз түйесін сойып, терісін қобызына шанақ етіпті дейтін сөз бар.
“Қорқыт ата кітәбы” өзінің тарихилығы, образдарының саралығы, суреттейтін өмір тұрғысы, салт-сана көрінісіжағынан қазақтың батырлық жырларына өте жақын. Сондай-ак “Қорқыт ата кітабында” исламнан бұрынғы мифология көріністері елеулі орын алды.
Қорқыт ата жырларында көшпелі тайпаларға тән, табиғат құбылыстарына яғни. Жылан, қасқыр, су, тау, ормандарға сыйыну болған. Әр нәрсенің өз иесі бар деп, ол табиғатпен де тілдесе білген. Сондай-ақ көк тәңірі аруақка сыйыну туа бастайды. Бұл кезде тайпа адамдардың көсемдерінің бәрі де аруақты адам болып саналған. Бұл бірте-бірте ата-баба аруақтарына сыйынуға, ата-баба рухына табынуға алып келген. Қазақ аңыздарында аруаққа сыйыну осы Қорқыттан басталды. Аталық қоғам салты шамандық наным-сенім жырдан үлкен орын алған. Оларда діннен гөрі музыканы қастерлеу үстем болған. Оғыз батырлары жауға аттанарда қобыз байлап жүретін болған.
Қорқыт жырларында батырлық пен әсемдік, нәзіктік пен сұлулық қобыз сарынымен үндесіп, үлкен бір философиялық ой-арнаға алып келеді. Табиғаттың тылсым күштерін , адам жанының көңіл-күйлерін, сезімін ұлы бабамыздың қобыз ішегімен аса бір нәзіктікпен жеткізе білгендігіне қайран қалып отырмыз. Корқыт түркі халықтарына ортақ философ, музыкант ретінде Шығыс Ренессансы үшін де аса көрнекті тұлға болды. Қорқыт қайда барса да , алдынан екі адам кездесіп, көр қазып жатады. Қорқыт оларға: “Бұл көр: деп сауал қойса, олар: “Қорқыттың көрі” деп жауап қатады. Ақыры, ол суда ажал жоқ деп Сырдарияға кілем төсеп, қалған ғұмырын су үстінде өткізбек болады. Бірде Қорқыт қалғып кеткенде оны жылан шағып өлтіріпті дейді. Қорқыттың өз басынынң ғана емес, сол өз заманындағы аталық қоғам арасындағы қаұшылықтар, әділетсіздіктер Қорқытты осындай пессимизмге алып келді деп түсұнуімз керек.
Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов: “Қазақ музыкасының атасы Қорқыт туралы әпсананың философиялық мазмұны өте терең. Ажалды тоқтату мүмкін еместігін мойындағысы келмеген Қорқыт жұрттан безіп, айдалаға табиғат аясына кетеді, бірақ тауларда, жазықтар да, ормандар да оған өлім күтіп тұрғанын айтады; содан қорқып шырғайдан бірінші рет қобыз жасап, жер бетіне бірінші болыпкүй тартады. Сөйтіп өлмеудін амалын өнерден табады” - деп жазды.
Міне, көріп отырсыздар, қазақ аңыздарындағы Қорқыт бейнесі енді өлімнен қашқан жан емес, өнерден іздеген, ажалмен айқасқан рухани алып тұлға. “Қорқыт күйлерін бүкіл дүние, жан иесі түгел үйып тыңдайды. Күй тартып отырған Қорқытқа ешқандаұ ажал жақындай алмайды, ажал күйден, күй тартушыдан өзін әлсіз сезінеді. Қорқыттың әлсіреген шағын күтеді.
Қөп замандар бойы үздіксіз қобыз тартқан Қорқыт қалжырап, қалғып кетеді. Қорқытты ізіне түсіп аңдыған ажал сол кезде қайрақ жылан күйінде жорғалап кілемге келіп шаққанда, Қорқыт осыдан ауырып өледі” – дейді халық сөзі.
Қорқыт жайындағы аңыздың философиясы өліммен күресу, мәңгілік өмір, қорқыт жазмыш, тағдыр даярлап қойған талайына қарсы алысады. Ол өзі өлімді өнерімен жеңіп, халыққа қызмет етті. Оның өлмес-өшпестігі де, терең философиясы да осында болса керек.
Әл-Фараби (870-950)
Тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі “екінші ұстаз” атанған Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген.
Үлы жерлесіміздің әл-Фарабидің түркі тайпасынан дәулеті бір ортасынан шыққан бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты-жөнінде “Тархан” деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзенінің Сырға барып құятын жеріндегі Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Үзлаг ибн Тарһан әл-Фараби, яғни әкесі Үзлағ, арғы атасы Тарһан. Туған жері – қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба – Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу-Насыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны - қазіргі Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында.
Әл-Фарабидің Аристотельдің, Платонның, ерте дүниедегі Грецияның басқа да философтардың шығармаларымен түпнұсқасынан танысқаны жөнінде деректері бар. Білімге ізденге деген құштарлықтың жетелуімен ол жас шағында, дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге әрі ғажап, әрі таңсық көрінетін кезде саяхат жасап, сол замандағы мәдени әлемнің көптеген орталықтары: Хорасанда, Бағдадта, Дамаскіде (Шам), Каирда (Мысыр) болған. өз өмірінің көп жылдарын ол араб халифатының саяси және мадени орталығы болған Бағдатта өткізді. Мұнда ол өз білімін әбден тиянақты меңгеріп, толықтырады. Көрнекті ғалымдармен байланыс жасайды, сөйтіп өзінің білімдарлығы, ақылының алғырлығы және асқан байсалдылығы арқасында көп ұзамай олардың арасында үлкен абырой –беделге ие болды. Бірақ өрісі тайыз кертартпа хадисшілер оны жек көріп, күндей бастаған, әсіресе, олар Әл-Фарабидің бүкіл ойының негізгі мәніне қарсы шыққан, өйткені оның дүниеге көзқарасы шынайы болмысты танып білуге , адам бақытын о дүниеден емес, бұ дүниеден іздеп табуға мегзейтін еді. Ақыр соңында әл-Фараби лажсыздан Бағдаттан кетеді. Өзіниң “Фусоул ал-мадани” (Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері) деген соңғы шығармасында ол: адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылыми өркен жайған елде тұруға тиіс дейді.
Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді. Өйткені жақсы стер істеп, мұның төлеуін күтсе, адам бұл істерін жамандыққа айналдырады.
Жетік философ теориялық ғылымдарды дә білуге, бұл ғылымдарды басқа ғылымдарда да қолдана білуге тиіс. Платон мен Аристотель нағыз философқа әқимнің міндеттері жүктелуге тиіс деп санады, бірақ Платонның пікірінше , философ өзгермейтін ақиқаттарды меңзеп, мемлекетті басқаруды жоғарғы мақсатқа жетуге бөгет жасайтын ауыртпалық деп есептейді, ал әл-Фараби, керісінше, тіршілік істерден бойын аулақ салмайды, қайта адамдардың ақиқатқа жету жолына түсуіне көмектесуге тырысады. Бұл арада әл-Фараби дінмен философияны салыстырды. Оның пікірінше, дін философияға ұксас: екеуі де жоғары принциптерге, бар заттардың бастамаларына түсінік береді. Бірақ философия дәлелдеуді, дін сенуді керек етеді. Заң шығарушы өте жақсы пайымдаудың арқасында адамның мүдделеріне сай келуге тиіс заңдарды дұрыс жүзеге асыра алады.
Имам – ең жоғары дәрежеде теориялық білімі және ойшылдық қайырымдылықтары бар адам, мұның өзі адамдарға ақылшы, жетекші болып, оларды бақытқа жетуге бағыттап отыруға құқ береді.
Сонымен, философ”, “заң шығарушы”, “имам” және бирінші басшы” ұғымдары бір нәрсеге келіп қосылады. Олар бір мақсатқа қызмет етеді,бірақ бұл мақсатты әр түрлі әдістермен жүзеге асырады.Демек, әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этникалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі