Педагогика | Қазақ әйелдері бойындағы патриоттық (елжандылық) сезім көріністері

Педагогика | Қазақ әйелдері бойындағы патриоттық (елжандылық) сезім көріністері

Қазақ әйелдері бойындағы патриоттық (елжандылық) сезім көріністері.

Сезімдер адамның қасиеттерімен тығыз байланысты. Субъект қажеттігі және сол қажеттікті қанағаттандыруға бағытталған ерекше қызметіне орай сезімдер екі ірі топқа бөлінеді. Біріншісі- қажет заттардың объективті мазмұнына жаңа, айрықша мән қосып оларды қанағаттандыру әрекетінің сеп-түрткісіне (мотив) айналдырушы сезімдер. Мұндай толғаныстардың пайда болуы үшін аса қажетсіну қажет. Көңіл күй серпінісі қажеттілікпен үйлесе келе, іс-әрекеттің бастауын береді, оған ынталандырады және бағыт-бағдарлы жетекшісіне айналады. Осылайша, мұндай сезімдер іс-әрекетпен сәйкестікке түседі.
Екінші эмоциялық құбылыстар тобына- жетекші ниет, яғни басталған ішкі не сыртқы іс-әрекет туындайтын сезімдер кіреді. Бұлар сол әрекеттердің орындалуына тиімді болған жағдайларға (үміт, ыза), жетіскен нәтижелерге немесе қалыптасқан не мүмкін болар ситуацияларға (сенімді болу) субъектінің қатынасын сипаттайды.
Күшті сезімдер тарихи-әлеуметтік негізге ие. Олар әртүрлі халықтарда әр түрлі кезеңдерде мән-мағынасы мен көріну формасын ауыстырып отырған. Түрлі дәуірде өмір сүрген адамдардың ұқсас, тіпті біртекті оқиғаның өзіне жасаған қатынасы бірін-бірі қайталамайды. Сезімі ұдайы қозғалыста болып, тұрақты және ауыспалы элементтердің тұтастай бірлігінен құралады. Бұл сезім желісінде, бір жағынан, бір ізді қысқа мерзімді толғаныстар құрылымын: пайда болу-өрбу шыңына жету, екінші жағынан, әр түрлі толғаныстар түйдегінен түзілген ұзақ мерзімді сезімдер құрылымын айыруға болады. Олардың қатарында адам сезімінің жоғары деңгейдегі саналы әрекетін білдіретін-адамгершілік моральдық сезімдер.
Адамгершілік сезімдерінің адам өміріндегі орны туралы К.Д.Ушинский «Біздің өзімізді, біздің дүниеге қалыптасуымызды біздің сөзіміз де, ойымыз да, тіпті қылығымыз да сезімдей анық және дұрыс білдіре алмайды, біздің сезісмдеріміз де жеке шешімдер ғана емес, адам жанының мазмұны, оның жүйесі түгелдей көрініп тұрады», -деп дәл сипаттама берген.
Адамгершілік сезімнің принципі мен жалпы негізі-белгілі бір қоғамдық-экономикалық формацияларда қалыптасып отыратын мінез-құлық нормалары. Адамның жоғары деңгейдегі сезімдерінің қалыптасып, дамып отыруы ең алдымен өзінің жеке басына, елдік қасиеттеріне, Отан алдындағы жауапкершілікті сезінуінде жатыр.
Елдік қасиеттер аспаннан түспейді, жоқтан жаралмайды. Өзі туған топырақпен, ана сүтімен ұйыған елжандылық арнасында өткен ортасы мен азаматы ретінде қалыптастырған қоғамы дарытар терең де, текті дүниетаным негізінде ғана бітеді. Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде» деген еңбегінде: «біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз-қазақстандық отан сүйгіштікке тәрбиелеу»-деп маңызды міндеттердің бірі ретінде алға тартуының сырын содан іздеген жөн.
Қазақ халқы «Отан» деген ұғымды бала бойында ерте бастан сіңіруге тырысқан. Мұны ең алдымен, туған жер, атамекен, ел, жұрт деген ұғымдармен барынша кеңінен байланыстырған. Сондықтан да болар, соншама кең далада өмір сүрсе де, ата-бабаларымыз үшін атамекен ұғымы -әрдайым қастерлі де қасиетті ұғым.
Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі-Отан десек, оның мазмұны: табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де дерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы.
Патриоттық сезім тұлғаның тектілігінен туындайды. Ол тәрбие арқылы өсіп, жетіліп патриоттық сана түрінде қалыптасады.Ұлттық патриотизмді ұлт және патриотизм туралы екі ұғымның жадағай қосындысы деп қарауға болмайды.Ғалымдар «ұлттық патриотизм- қанмен, тектілікпен туа біткен қасиеттердің тәрбие арқылы бекіп,нығаюы, елін, жерін, шексіз сүйіп, соған қызмет ету, ұлттың барлық қасиеттерін ардақтау» деп көрсетеді.
Жалпы «патриотизм» ұғымына тоқталар болсақ, қазақ энциклопедиясының 9-шы томында « Патриотизм» (грек.Patriotes–отандас, patris -отан, туған жер)-Отанға деген сүйеспеншілік, бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау. Туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт дәстүрлерін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан бастайды»деп көрсетілген.
Осыған орай, жеке адамның санасында Отан түсінігінің қаншалықты терең және саналы орнығуына қарай патриотизмді екіге бөліп қарастыруға болады. Біріншісі, Отан туралы жалпы түсінік. Ол халықтың тарихы дамуы, қорғаныс тәсілдері, патриоттық пікірлер, көңіл-күйі, дәстүрлері мен саналы сезімі кіреді. Екіншіден, патриотизмдің теориялық деңгейі де бар. Атап айтқанда, Отанның құрылуы,дамуы, сақталуы, оның егемендігі мен тәуелсіздігі туралы ғылыми білімдерді жете меңгеру. Отанға қызмет ету жөніндегі патриоттық идеялар, патриоттық мінез-құлық нормалары –осы теориялық деңгейді сипаттайды.
Сол сияқты, Отан, туған жер-халық бұқарасы өмір сүріп, еңбек ететін белгілі бір саяси, мәдени, әлеуметтік және тұрғын орта. Бұл орайда Отан түсінігінің тұрақты құрамдас үш бөлігі жөнінде ғалым М.С. Жүнісовтың мына пікірлері көңілге қонады.
Патриоттық сана ұлттық және жалпы адамзаттық мүдделер тұрғысынан қарастырғанда отанға деген көзқарас құндылықтарының жиынтығы болып табылады.
Жоғарыда айтып өткеніміздей ұрпағын өз халқының патриоты етіп тәрбиелеу-қай хылықтың болса да тәрбиелеу жүйесінің негізгі талаптарының бірі. Ал біздің халқымызда бұл талап әрдайым жоғары болған. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі