Технология | Мал өнімдері

Технология | Мал өнімдері

Мал шаруашылығы мен мал өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорын¬дары облысымыздың аграрлық секторындағы негізгі салалардың бірі. Өйткені, облыс халқының әл-әуқатын көтеру және аймақтың өзін-өзі сүт және ет тағамдарымен қамтамасыз етуі осы саланың дамуына тікелей байланысты.
Біздің “Меркі-ет” жауапкер¬ші¬лігі шектеулі серіктестігі бүгін облыс бойынша ет өнімдерін өнді¬рістік өңдеудің толық циклын жү¬зеге асырушы жалғыз кәсіпорын ретінде ерекше қатардан орын алып отыр. Өйткені, еліміз “Жаңа әлем¬дегі жаңа Қазақстан” асуын алу¬ға бет алған шақта, ауыл шаруашы¬лы¬ғын қайта өңдеу кәсіпорын¬дарынсыз елестету мүмкін емес. Өскелең өркениет өресі – ауыл шаруашылығын бір ғана шикізат өндіру дәрежесінде қалдырып қоймай, оны сол шикізатты қайта және терең өңдеу арқылы үлкен өн¬дірістік-экономикалық және ин¬дустриялық-инновациялық кешенге айналдыруды, оларда өндірілген өнімдерді халықаралық рынок талап¬тарына сай шығаруды қажет етеді.
Сонау 1986 жылы қабырғасы қаланып, мал сою және етті қайта өң¬деу ісіне маманданып, іргесі көтерілген бұл кәсіпорын содан бер¬гі 21 жыл ішінде еліміздің ба¬сынан өткен әр алуан кезеңдермен бірге, бірде құлдырап, бірде өркен¬дей отырып, түптің-түбінде бүгін¬гідей үлкен өндірістік кешенге айналғанын мақтан етеміз. Кәсіп¬орынның бүгінгі өндірістік қуаты тәулігіне 10 тонна ет өндіруге мүмкіндік береді.
Кәсіпорында сонымен бірге Германияда шығарылған 1 тәулікте 3 мың құты бұқтырылған ет шығаруға лайықталған өндірістік желі орнатылған. Сондай-ақ, 1 тәулікте 2 тонна шұжық өнімдерін шы¬ғаратын соңғы үлгідегі герман¬дық өндірістік желі орнатылған цех жұмыс істейді. Осы жаңа қондыр¬ғылардың бәрі кәсіпорынға үстіміз¬дегі жылдың мамыр айында әкелі¬ніп, орнатылды. Оларды сатып алу үшін Үкімет тарапынан зор қолдау көрсетіліп, “ҚазАгроҚаржы” ак¬цио¬нерлік қоғамы арқылы 7 жыл мер¬зімге 4 пайыздық жылдық өсім¬мен 119 млн. теңге несие алған бола-тынбыз. Осы орайда, кәсіп¬орын¬ның өндірістік биіктерге сам¬ғауы үшін мемлекет тарапынан көр¬сетілген қолдауға шексіз ризамыз.
Қазіргі кезде облыста бірнеше шаруашылықтар мен кәсіпорындар базасында мал еті мен құс етін экспорттайтын толық инфра¬құрылымы бар, құс өсіріп, мал бордақылайтын және ет өнімдерін қайта өңдейтін ірі кешендердің құрылысы бойынша жасалған әлденеше жобалар іске асырылу үстінде. Біз бәсекелес басқа да ірі өндірістердің болғанына пейілміз. Өйткені, өндірістің бір орнында тұрып қалмай, одан әрі ғарыштап дамуы өзіңе лайықты бәсекелестер болғанда ғана жүзеге аспақ.
Бір көңіл аударатын мәселе, еліміздің “Ветеринария туралы” заңының талаптарына сәйкес сарып, туберкулез, лейкоз аурулары шыққан малдар тиісті ветери¬нарлық-санитарлық талаптарға жауап беретін ет комбинаттарында сойылып, олардың еттерін малдәрі¬герлік сараптамадан өткізген соң, тиісті мамандардың қорытындысы бойынша, егер пайдалануға жарам¬ды болса, технологиялық жүйелерде өңделіп, консерві не шұжық жасауға цехтарға жібереді. Ал егер, пайдалануға жарамсыз болса, арнайы көмбелерге жіберілуі тиіс. Ауру мал терілері де мамандардың тексеруінің қорытындысы бойынша залалсыздандырылып, қолданысқа немесе көмуге жіберіледі. Осыған орай, “Меркі-ет” кәсіпорны ет өнім¬дерін қайта өңдеумен қатар, мал союға маманданған өндіріс болғандықтан, мал союға арналып жабдықталған цехтар, мал етін арнайы санитарлық бақылау мен тексеруден өткізетін зертханалар жұмыс істейді. Жарамсыз деп та¬былған ауру мал өнімдерін көметін арнайы көмбелеріміз де бар. Олар ветеринарлық-санитарлық дәрігер¬лермен, бесаспап қасапшылармен, ауру мал өнімдерін оқшаулап, жоя¬тын жұмысшылармен және басқа да мамандармен толықтай қамта¬масыз етілген.
Сондықтан, мал сойып, оның етін өткерумен айналысатындар үшін біздің кәсіпорынның қызме¬тін пайдалану өте маңызды. Бұл мәселе тиісті бақылау орындары¬ның, оның ішінде, әсіресе, Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық инспекциясы облыс басшылығының осы тұрғы¬дағы нұсқауының орындалуына ат¬салысса дейміз.
Мал шаруашылығы өнімін өндірудің артуы мал басының және ауыл шаруашылығы мал үйірі мен құс өнімділігінің артуы есебінен қамтамасыз етілді. 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда сиырлардың орташа айлық саны 7,1 мың басқа (2,3%), өнімді мекиен саны - 86,9 мың басқа (6,7%), қырқылуға тиісті қой – 124,5 мың басқа (9,1%) өсті. Бір сиырдан орташа сауылған сүт 2105 кг-ды, бір қойдан қырқылған жүн – 2,5 кг-ды құрады, бұл 2006 жылдың деңгейіне сәйкес келеді. Бір өнімді мекиеннен жұмыртқа алу 218-ден 223 данаға дейін артты. Сиырлардың сүттілігі облыстың 13 өңірінде, өнімді мекиеннің жұмыртқалағыштығы - 14 өңірде, орташа қырқылған жүн – 8 өңірде жоғарылады. Сүт бағытындағы сиыр мен құстың ең жоғарғы өнімділігі ауыл шаруашылық кәсіпорындарында байқалды, онда бір сиырдан сауылған сүт 2889 кг-ды құрады немесе орташа облыстық көрсеткіштен 1,4 есеге жоғары; құс фабрикаларында бір өнімді мекиеннен 275 дана жұмыртқадан алынды немесе бұл облысты тұтастай алғандағыдан 1,2 есеге көп. Бір қойдан қырқылған орташа жүн жұртшылық шаруашылықтарында 2,6 кг-ды, шаруа қожалықтарында – 2,4 кг-ды, ауыл шаруашылық кәсіпорындарында – 2,2 кг-ды құрады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!