Дінтану | Мұхаммед - ислам меи халифаттың негізін салушы

Дінтану | Мұхаммед - ислам меи халифаттың негізін салушы

Әлемде үш дін адамзаттың мәдени қазынасы деп танылады. Олар: будда діні, христиандық және ислам діні. Ислам бұлардың қатарындағы жаңа әрі жас дін. Бүгінде жер жүзінде шамамен бір миллиард жүз жетпіс мыңдай адам осы дінді ұстанады. XX ғасырда ислам дінін тұтушылар саны екі есеге жуық өсті. Бұл біріншіден, ислам діні тараған региондардағы демографиялық жағдайдарға байланысты болса, екіншіден басқа діндер тараған дәстүрлі аймақтарда адамдардың ислам жолына бет бұруынан болып отыр.
Ислам араб тілінен аударғанда "бой ұсыну" деген мағынаны береді Ислам және мұсылман (муслимун - бой ұсынушы ерлеру муслиматун - бой ұсынушы әйелдер) сөздерінің түбірі бір.
Ислам - монотеистік дін. Ол мейірімді және қайырымды Аллаға ғана сенуді уағыздайды. Бүкіл әлемді - көк пен жерді жаратушы – Алла. Барша әлем тек соның хұзырында. Алла болмаса әлем сол сәтінде жоқ етілер еді. Адам баласының фани (жалған) дүниеде жасаған жақсылық, жамандығын таразылаушы, заманның ақырыңда оларға осы қылықтарына қарай рахым жасаушы немесе жазалаушы бір Алла. Барлық өлгендер заманақырда қайта тіріліп, соның алдына жауапқа келеді.
Ислам - адам баласына аян жолымен келген дін. Қасиетті Құран аяттары жиырма үш жыл бойында Жебірейіл періште арқылы Мұхаммед пайғамбарға жеткізіліп тұрған.
Ислам діни ғұрыптарды және дүниелік мәфлелерді шариғат жолымен реттеп отырады. Ол сөзсіз орындалуы тиіс мұсылмандық парыздарды және орындағаны қосымша сауап болатын сунна жолдарын айқындайды, жоғары адамшылыққа, еңбекке әрі білімге уағыздайды және Құран-Каримдегі (Қасиетті Құран) аяттар мен пайғамбардың хадистері арқылы соның ережелерін белгілейді. Исламның өзге әлемдік діндерден айырмасы - оның айқын рәміздерінің болуы. Мұсылманшылық екі сенім негізі бойынша құрылған: біріншісі - Алладан басқа құлшылық етілетін тәңірдің жоқтығына; екінші - Мұхаммедтің (ғалайһиссаламның) Алла тарапынан бүкіл адам баласына жіберілген пайғамбар екендігіне сену) Сондықтан "Алладан басқа (тәңір) жоқ, Мұхаммед оның елшісі, араб тілінде "Ла илаһа иллаллаһ Мұхаммадүр-Расулүллаһ," - деген мүбарак қағиданы тілімен айтып, көңілімен бекіткен адам ислам дінінде болып салалады. Бұл сенімді (символды) Иман, сенушіні Мүһмин деп атайды. Нағыз ислам жоғары мәдениетті және гуманистік идеяларды насихаттайды. Мұхаммед пайғамбар өзінің хадисінде: "Дінде зорлық жоқ" - деген. Яғни, ислам дініне біреуді мұқтаж ету немесе пайдасын беріп, енгізуге жол жоқ. Әр пенде исламды өз еркімен, өзінің қалыбымен (жүрегімен) қабылдауы тиіс.
Мұхаммед - ислам меи халифаттың негізін салушы.
Біздің дәуіріміздің ҮІІ ғасырында Таяу Шығыстық жүрегі аталатын Араб шығанағында саяси және діни тұрақсыздық орын алды. Көшпелі және отырықшы араб тайпаларының бас араздығы салдарынан бір кездегі қуатты мемлекеттер ыдырап, аймақтағы ықпалынан айрылып қалды. Оның халқы теріскейінде негізінен христиандықты, - оңтүстігінде иудаизм мен көпқұдайлықты уағыздады. Бұл жиі әскери қақтығыстарға соқтырып отырды.
Ол кездері Африка мен Йемелнен Палестинаға жөне Месопотамияға өтетін сауда жолы қуатты Византия империясы мен Сасанидтер Иранның Химьярит және Аксум патшалықтарын байланыстырып тұратын. Осы сауда жолы бойында орналасқан Мекке қаласы араб жұртында біртіндеп алға оза бастады, оның маңында жыл сайын өтетін сауда жәрмеңкесіне барлық араб тайпалары жиналып, бас қосатын болды.
Жәрмеңкеге жиналатын айда соғыс қимылдарына тыйым салынды. Бұл ай араб жұртының басты діни орталығы -Меккедегі Қағбаға құлшылық жасау мерзімімен орайластырылды. Бұл ай зуль-Хиджа, яғни хажылық айы деп аталды. Демек, оның әуел бастан дүниелік маңызынан діни маңызы айқынырақ болды. Араб тайпалары қай дін жолында болмасын осы айда Меккеге сапар шегуді өздеріне міндет санады. Ислам діні кейбір ғылыми орталарда "Йбраһим діні" деп те аталады.
Меккедегі қасиетті Қағба, Зомзам құдығы, Сафа және Маруа таулары - бәрі осы Ибраһим есімімен байланысты. Осыдан хажылық сапарында Қағбаны жеті айналып шығады. Олар осымен қатар өзге де толып жатқан құдайларға тағзым етті. Мәселен біздерге Манат, Лат, Узза деген әйел құдайларының есімдері белгілі. Қағбада осылардың және басқа да құдайлардың мүсіндері қойылды. Сонымен қатар VI-VII ғасырда ханиф ілімі (жалғыз құдайға илану) кең тарай бастады. Мұны түптеп келгенде саралы діни ілім деуге де болмайтын еді. Одан араб тайпаларының монотеистік дінді орнықгыруға деген ұмтылысы басымырақ көрінді.
Ханифшілер иудейлік және христиандық үлгілерімен бір құдайға табынуды жақтады. Бірақ олар күмәнді болды. Әдетте басымдыққа ие болған тайпа көсемі немесе мемлекет басшысы бір дінді қалап, соны уағыздайтын. Яғни дін күшпен орнап, сол күштің, саясаттың қызметшісі болатын. Ал VII ғасырдағы Араб елінде оқиға мүлдем басқа жолға түсті: жаңа, хақ дінді саясатшы көсем емес, дін уағызшысы, Алланың елшісі насихаттап, Атлантикадан Үнді мұхитына дейін созылып жатқан аса қуатты мемлекет-Араб халифатын орнықтырды. Адамзат тарихында бсындай ересен бетбұрыс жасаған Меккедегі аса беделді құрайыш тайпасының Әшім әулетінен шыққан Мұхаммед пайғамбар еді.
Ислам "Мұхаммед пайғамбарлардың мөрі"- деп атайды. Өйткені ислам діні адамзат баласына келген және келетін ең соңғы хақ дін, Мұхаммед Алланың соңғы елшісі саналады. Осыдан соң пайғамбарлық тынады, халифтер (ізбасарлар) келеді.
Мұхаммедтің өмірі: ақиқат пен аңыз. Әшім, одан соң, оның баласы Әбд-әл-Мүталлиб Қағбаның шырақшылары, аса беделді, салиқалы адамдар бодды. Әбд-әл-Мүталлибтен Әбу-Тәліп, Әбу-Лахаб, Ғаббас, Хамза және Әбдаллаһ деген ұрпақтар өнді. Әбдаллаһ өте көркем еді, ол құрайыш тайпасынан Әмина атты қызбен некелескен, осы некеден Алланың рахымымен рабиғұл-әууәл айының он екінші кешінде, бейсенбі күні, (23 маусым) 571 милад жылында Мұхаммед ғ.с. пайғамбар дүниеге келді.
Мұхаммед ғалайһисаламның дүниеге келуі туралы ақиқат пен аңыздың арасы пышақ жүзіндей, ажырату өте қиын. Тіптен оның туған айы-күнінде шүбә болмаса, жылы кейбір деректерде 570 деп керсетіледі. Бұл мынадай оқиғаға байланысты: 570 жылы (милад немесе жаңа жыл санау бойынша) заратуштралық Иранмен соғыстағы христиандық Византияға Аксум патшалығы жердемге келді. Ол Хиджаз жазығы арқылы өтіп, жолында Мекке қаласын қоршауға алды. Меккеліктер Аксум әскерінің жауынгер пілдерінен түршікті. Бұл олардың бұрын көрмеген хайуаны еді. Осыдан Меккенің қоршалған жылын арабтар "піл жылы" деп атап кетті.
Меккені қамауға алған бірінші түнде-ақ ақсумдықтар арасында апат ауру тарап, өскері қырыла бастады, қорықкан дұшпан Меккені тастап қашты. Иран шахы шаттануы тиіс еді. Бірақ осы түні оның сарайында кереметтер болды: Заратуштра құрметіне жағылған мәңгілік шырақ кенет өшіп қалды, ал парсының бас казысының түсіне ноқта көрмеген атанды бір арабтың мұрындықтағаны кірді. Түн күндей жарық болды. Осы түнде дүниеге Мұхаммед келді. Осы аңызды негізге алсақ, Мұхаммед 571 жылы дүниеге келген болады. Мұхаммедтің бірінші әйелі - Хадишаның жасы туралы да дерек екі түрлі. Ислам кітаптарында Мұхаммед жиырма бес жасында үйленді, әйелі он бес жас үлкен, бай саудагердің жесірі еді десе, европалық дінтанушылар Хадишаның осы некеден бес бала көтергенін алға тартып, оның жасын жиырма сегізде еді деп көрсетеді. Шындық сол - Хадиша төрт қыз және Қасым атты бір ұл бала көтерді. Осыған қарап кейде Мұхамедті Әбу-Қасым - Қасымның әкесі деп те атайтын. Бірақ, пайғамбардың көзі тірісінде Фатимадан өзге балалары тегіс дүние салды. Қалай болғанда да ақиқаты -пайғамбарымыз бен Хадишаның некесі үйлесімді, абыройлы болды, араб дәстүрі рұқсат етуіне қарамастан Мұхаммед Хадишаның көзі тірісінде оның үстінен әйел алған жоқ.
Пайғамбардың туылуынан екі ай бұрын әкесі, туғаннан кейін алты жасында шешесі дүниеден қайтты. Сегіз жасына дейін атасы Ғабұл-Мүтәліптің, одан соң немере ағасы, төрт шын абзал халифтің бірі - хазірет Әлінің екесі Әбу-Тәліптің қолында тәрбиеленді. Ол балалық шағынан адал, шыншыл еді. Осыдан оны көбіне "Мұхаммадүл-Әмин", "Сенімді Мұхаммед" деп атайтын. Мұхаммедтің балалық шағы туралы діни аңыздар былай дейді. Ол замандарда қала тұрғындарының жас нәрестенің таза ауамен тыныстанып, табиғат ортасында еркін есуі үшін қала сыртын мекендейтін тайпалардың әйелдерінен сүт-ана тауып, кесімді мерзімге соған табыстау салты болатын. Мұндай әйелдер Меккеге келіп, емшек сүтімен асырайтын нәрестені өздері таңдап алар еді.
Келушілердің көбінің назары Әминәнің перзентіне тоқтамады. Солардың ішінен Халима есімді әйел ғана көңілін Мұхаммедке бөлді. Оның тұрмысы төмен еді. Бірақ, Мұхаммедті бауырына алғаннан ризығы артты, құдығы суалмады, жері көктеп тұрды, ақ мол болды. Бала үш айында аяғын басатын болды, жеті айлығында жүгіріп кетті, тоғыз айында адам таң-тамаша боларлықтай есті сөздер айтар еді. Үш жасына келгенде далада ойнап жүрген жерінен екі періште адам кейпінде келіп оның кеудесін ашып, жүрегін ұйыған қаннан, Адам-Атадан бермен келе жатқан бастапқы күнәдан тазартты, оған иман нұрын салды.
Діни кітаптарда Мұхаммедке пайғамбарлық қырық жасында келді, деп жазылады. Оған дейін ол Дамшаққа дейін керуен тартып, көп жерлерді көрді, көп адамдармен дидарласты. Ол Хира тауына оңашаланып, терең ойларға берілді. Осындай оңаша сәттерінің бірінде оған үн келді. Ол "оқы" деп әмір етті. "Мен нені оқимын?" деді. Сонда құлағына Құранның беташар аяты келді. Мұхаммед ғажаптанып жан-жағына қарады. Қайда мойын бұрса да, алдында адам бейнесіндегі Жебірейіл періште тұрды. "Мұхаммед! Сен Алланың елшісісің? - деді ол. Осыдан кейін де, әлі бірталай уақыт күмәнді болды. Бірақ, Жебірейіл арқылы Алладан тағы аяттар аян болды. Хадиша оны мұның бәрі жаратушы хақ тағаланың әмірінен екендігіне сендірді. Өзі мұсылман болды. Мұхаммедтің пайғамбарлығы осылай басталып, адам баласын адамшылық нәрімен сусындатты, қияметке дейін сөнбейтін ғылым, білім, мәдениет күнінің шырағы бүкіл дүниені нұрландырды.
Ол ислам дінін үш жыл құпия таратты. Кейін Алланың әмірімен халықты тура жолға ашық шақыра бастады. Бірақ, рухтары дүниялық пиғылдармен қарайып қалған дін дұшпандары пайғамбарға қиянат жасап, қастандық ойлады. Бұл кезде оның сүйікті зайыбы - Хадиша мен қамқор ағасы Әбутәліп дүниеден озған еді. Осы уақытында ол Йасрибтің (Медина) хазрадж тайпасынан өзіне жақтастар тапты. Олар Мұхаммедті жаңа дінді таратып, қауымға басшы болуға шақырды. Бұл қауым кейінде ансарилер (көмекшілер) деп аталып, дін жолында қарымды істер жасады. Осылайша Мұхаммед Алланың әмірімен он үш жылдан соң ол ізгі жолға түсушілерді бастап, Медина қаласына көшті. Бірақ, көш алдында "Исраһа-л-миғраж" аталатын ерекше оқиғаны бастан өткерді. Қағбаның маңында тыныстап жатқан Мұхаммедке Жебірейіл періште келді. Ол өл-Барақ атаған бір жануарды келтіріп, соған отыруға бұйырды. Көзді ашып-жұмғанша Хебронда, Вифлеем мен Иерусалимде болды. Осында Ибраһим, Мұса, Ғайса пайғамбарлармен мінажат етті. Содан соң көкке ұшып, Алланың дәргейінде болды. Оқиғаның жылдам болғаны соншалық еді - ол қайтып оралғанда, төсегі де суымаған, қисайып құлаған құмырадан сүт тамшылап үлгермеген...
622-жылы жиырмасыншы қыркүйекте (бір деректерде он алтыншы шілдеде) Мұхаммед пайғамбар Қасриб қаласына көшті. Осымен ислам тарихының жаңа беті ашылды. Мұсылмандық жыл санау — хиджра басталды. Йасриб қаласы Мадинат ан-наби - Пайғамбар каласу деген ат алды.
Бертін келе, ол жай Медина, яғни "қала" аталып кетті. Хиджраның екінші жылында тұңғыш мешіт (масджид) - Пайғамбар мешіті тұрғызылды. Мұхаммед пайғамбарға Меккеден кешкенде жүз жиырма адам ере келген еді. Бас-аяғы сегіз жылдан соң, ол Меккеге он мың қол бастап аттанды.

Ислам дәуірінің жаңа кезеңі. Хнджра.
Хиджра - ислам тарихындағы аса елеулі кезең болды. Кейбір зерттеулерде аталатындай, бұл жаңа дінді және Мұхаммедті қабылдамаған Меккеден жай қоныс аудару немесе қашу емес еді. Пайғамбардың соңынан ергендер дін жолында арабтар үшін аса қасиетті саналатын тайпалық қатынастарын құрбан етті. Оларды ислам нұры қуаттандырды.
Бұл алғашқы мұсылмандар арабтың "мұхаджир" деген сөзімен анықталды, ал жаңа дінді қабылдаған йасрибтіктер, жоғарыда айтқанымыздай, ансарилер, яки көмекшілер аталды. Мұхаммед жаңа қоныста тайпалық одақтарды жойды, олардың жауласуына, қанды қанмен жуу салтына тыйым салды. Исламды қабылдағандарды дін қарындас етті. Бұл өзге туыстықтан да артық еді. Қауымда темір тәртіп орнады. Ол Алланың жердегі өкілі - имамға ғана бағынатын болды. Мұхаммед пайғамбар бірінші жұма намазын және тұңғыш хұтпаны (өсиет) осында оқыды, дейді діни жәдігерліктер.
Бірақ, Мекке мен Мединаның арасы жараспады. Меккеліктер жаңа пайғамбарды мойындамады. Әбу-Суфиян бастаған меккеліктер мединалықтарды бағындырмақ болып жорық жасады. 624 жылы он алтыншы наурызда екі қол кездесіп, мединалықтар айтулы жеңіске жетті. Араға бір жыл салып, тағы ірі әскери қақтығыс болды. Соңында екі қаланың арасындағы соғыс созыла берді.
Осы жерде Мұхаммед асқан көрегендік жасады. Ол 628 жылы арабтардың дәстүрі бойынша ұрыс қимылдары тоқтатылуы тиіс хажылық айында Меккеге сапар шекті. Оған қалаға енуге рұқсат болмады. Бірақ, осы сапарында ол он жылға бітім жасады. Келесі жылында, 629 жылы мұсылмандар келісімді пайдаланып, хажылық сапарын атқаруға мүмкіндік алды. Мединалық мұсылмандарды бұрынғы тайпаластары жылы қарсы алды. Көбі мұсылман болды. 630 жылы Мұхаммед пайғамбар Меккенің іргесіне он мың қолмен келгенде Әбу-Суфиянның өзі қаланы соғыссыз берді.

Осылай сегіз жылдан соң Мұхаммед пайғамбар Меккеге жеңімпаз ретінде салтанатпен енді. Қала түгел мұсылман болды. Қағба пұттан тазартылды. Исламды бүкіл араб жұрты мойындады. Пайғамбар Византия мен Иранға исламды мойындау туралы жаушылар жіберді. Исріам Араб түбегінен тысқа тарала бастады. Бірақ, ол күнге Мұхаммед пайғамбар жеткен жоқ. Меккеде ұзақ аялдама: Медина қаласына оралды. Осында алпыс үш жасында дүние салды.
Ислам төрт халифті - Әбу-Бәкірді, Омарды, Османды және Әліні сенімді деп бөліп атайды. Бұл адамдар ислам діні жолында ерекше қызмет қылған қайраткерлер, кәміл мұсылмандар. Осы халифтер тұсында ислам Египетке, Сирияға, Иракқа, Ливияға, Иранға, т.б. елдерге тарады.
Бұл уақыттарда жихад - дін жолындағы күрестер жүрді. Оның бір нысаны - ғазауат, дінсіздерге қарсы соғыс. Әр кәміл мұсылман дін жолында жанын пида қылуды мақсат тұтты. Бірақ, жихадтың мағынасын тек соғыспен шектеуге болмайды. Мұхаммед пайғамбар айтқан: Муджахит деген сол адам - Алла жолына көндіру үшін өз-өзімен күрессе; ал мұхаджир деген - барлық залымдықтар мен күінәлардан қашқан адам.
Ислам елдерінде жихад жайында негізгі бес қағида орныққан. Оның жоғарғы нысаны - рухани жихад. Мәні - өзін-өзі Алла жолына әзірлеу. Екінші - найза жихады. Ол - дінсіздермен күрес. Осы күресте шейіт болғандар жаннаттан орын алады. Үшінші - жүрек жихады. Ол -өзінің ерсі қылықтарымен күрес. Төртіншісі тіл жихады -тілді жақсы істерге қолдануға үйрету үшін күрес. Соңғысы қол жихады - қолды адал істер істеуге үйрету, бейімдеу, осы үшін күрес. Яғни, жихад - қару алып күрес ғана емес, негізінен рухани күрес әрі адамның өзін өзі жақсы істерге дағды алуына тәрбиелеуі үшін күресі.
Құран-Кәрім.
Исламда төрт пайғамбарға жіберілген кітаптар хақ деп саналады, олар: Таурат - Мұса пайгамбарға түсірілген, Зәбур - Дәуіт пайғамбарға келтірілген, Інжіл - Ғайса пайғамбарға келтірілген, Құран - Мұхаммед Мұстафа ғалайкум -ассалам пайғамбарға түскен. Құранның алғашқы бес аяты Мұхаммедке Хира тауының үңгірінде Жебірейіл періште арқылы аян етілді. Бар аяттар жиырма үш жылда жеткізілді. Түскен уақыттарына қарай олар меккелік және мединалық болып бөлінеді. Құранның мәртебесін ұлықтап мұсылмандар оны Құран-Кәрім, Құран-Шәрип, Құран-хатым деп атайды. Ол бір жүз он төрт сурадан (сүре) тұрады. Сура - араб тілінде қатар, дәреже деген мағыналар береді. Кітапқа қатысты сураны тараулар десе орьшды. Әр тарау аяттардан тұрады. Суралардағы аяттар саны бірдей емес. Ең қысқа Каусар сурасы бар болғаны үш аяттан ғана тұрса, Бақара сурасында екі жүз сексен алты аят бар. Құран 114 сүреден тұрады, ал аяттар саны болса, әр Құран баспаларында сөйлемдегі угір мен нүктелердің орналасуына байланысты бір деректерде 6204, бір деректерде 6236 аяттан тұрады. Мысалы Орыс ғалымы Люциан Климовичтің деректеріне сүйенер болсақ, (Құран аяттары Меккелік баспаларда - 6219 аят, Мединелік баспаларда - 6000, Басыралықта - 6214 аят, Сириялықта - 6226, ал Куфалық, Самарқандық, Үнділік, Бұхарлық баспаларда - 6236 аят есептелінген, ал Құранның жалпы халықтық тізімі бойынша - 6225 аят есептелінген. (Л. Климович "Содержание Корана" Москва: 1929.- С. 11. )
Құран Мұхаммедтің тірі кезінде жинақталмай, ауызша тараған. Бірінші халиф Әбу-Бәкір хижраның он үшінші жылы, 634 милад жылында Зайд ибн Сәбитке Құранды жинастыруды табыс етті. Бұл жұмыс Алланың рахымымен Османның халиф болған кезінде аяқталды. Зайд 651 жылы Құранды төрт дана етіп қолмен жазып шықты. Осылай адамзат үшін екі дүниені нұрландырушы, туралық пен білім бұлағы кітап болды. Ислам Құран аяттарын жатқа білетіндер Алланың мол шапағатына бөленеді дейді. Осыдан мүһминдер оны жатқа меңгеруге ынталы. Ондай жатқа меңгерушілерді қари деп атайды.
Ислам діні Құранға дейін үш киелі кітаптың болғандығына еш шүбә келтірмейді. Олар Таурат (Мұса пайғамбарға жіберілген), Забур (Дәуіт пайғамбарға жіберілген), Інжіл (Иса пайғамбарға жіберілген).
Мұсылмандар үшін келесі бір сенімнің негізі - сүннет. Сүннет ол Мұхаммед пайғамбардың айтқан насихаты мен (Хадис) істеген ізгі істерінің жиынтығы. Хадистер хиджраның І-ші жылдарынан-ақ жинақтала бастады. Бүгінгі таңда көпшілік ғұламалар шынайы деп тапқан сан алуан хадистер жинағы бар. Ол авторлар Ат-Термизи, имам Бухари т.с.с. Қазақ тілінде Халифа Алтайдың аударуымен қысқаша хадистер жинағы жарық көрді. Ал кең көлемді Халықаралық Ислам Университетінің қолдауымен орыс тілінде "Мұхаммед өсиеттері" (Изречения Мухаммеда) -деп аталатын жинақ жарық көрді. Ислам дінінің шариғаты (Исламның конституциясы) осы Құран мен хадиске негізделген.
Мұсылманның қырық парызы осы шариғаттың алғы шарттарының бірі болып табылады. Ал қырық парыздың ең негізгілері мыналар: 1) иман келтіру, яғни, Алланың бір, пайғамбардың хақ екендігін тілмен айтып, жүрекпен сену; 2) бес уақыт намаз; 3) зекет беру; 4) рамазан айында ораза тұту; 5) мүмкіндігі жетсе, қажыға бару.
Қажылық — мұсылман дүниесінде қасиетті болып саналатын Мекке мен Мединаны зират ету. Қажылық — зират барысында міндетті түрде сақталуы қажет арнайы заңдылықтар арқылы орындалады. Ал намаз болса, күннің шығып батуына байланысты белгіленген уақыт бойынша қатал тәртіппен өтеледі. Мысалы таңғы намаз (салату ал-фажр) таң білінгеннен күн ұясынан шыққанша оқылуы тиіс. Түскі немесе бесінді намазы (салату аз-зухр) болса күн тас төбеден өтіп, заттың көлеңкесі өз бойыніан екі есе ұзарғанша оқылуы тиіс. Түс ауған кездегі намаз немесе екінді намазы (салату ал-аср) заттың көлеңкесі өз бойынан екі есе ұзарғаннан күн батқанша. Ақшам намазы (салату аш-шам), ете қысқа уақыт күннің қызылы тарқап бірінші жұлдыз шыққанша оқылуы тиіс. Ал түнгі намаз (салату ал-айша) бірінші жұлдыз шыққаннан таң білінгенге шейін оқылуы керек. Бұған қоса айт (мереке), жаназа (өлген адам) намаздары бар.
Айт намаздары — бүкіл мұсылман жұртшылығы мерекелейтін құрбан айты және рамазан айының ораза айты күндерінің бірінші күні таң намазынан кейін жамағатпен (көпшілікпен) күн қамшы сабындай, яғни күн 40/45 градус бұрыш өлшеміндей көтерілген кезде оқылатын намаз түрі.
Жаназа намазы мұсылман адам дүниеден өткен соң, жерлеу рәсімі алдында оқылатын намаз. Бұл соңғы екі намаз жоғарыда аталған негізгі бес парыз ішіне енбейді.
Шариғатта намазды оқуға мүлде болмайтын уақыттар да бар. Олар: I) күн ұясынан шыққаннан, күн қамшы сабындай көтерілген кезге дейін; 2) күн тал төбеде тұрғанша; 3) күн батқаннан қызылы тарағанша. Намаз оқу тәртібі қалай қадағаланса, онда оқылатын сүре, аяттардың да оқылу тәртібі дәл солай қадағаланады. Негізінен намаз қиам (тік тұру) қираат (дауыс шығарып аят оқу), рукуг (еңкею), сәжде (маңдайды жерге тигізу), ташахуд (тізе бүгіп отыру) деп аталатын іс-әрекеттерден тұрады. Намаздың басқа ғибадаттардан ерекшелігі намаз тек араб тілінде оқылады.
Намаз оқыр аддында әр мұсылманның ғұсылы әрі дәреті болуы қажет (ғұсыл арабтың ғасала-жуу, шаю етістігінен). Ер мен әйел арасындағы жыныстық қатынастан кейін денені ине шаншардай жер қалдырмай жууды айтады, ал дәрет — арабша тахарат деп аталады, ол арнайы тәртіп бойынша бетті, қолды, ауыз қуысын, мұрынды жуып-шаю. Ғұсыл немесе дәрет алуға су болмаған жағдайда, ие мүмкіндік болмаған кезде ислам "таям соғу" арқылы намаз оқуға рұқсат береді ("таям соғу" — таза жер қыртысын тауып, екі алақанды тигізіп, төртіп бойынша бетті, қолды сипау арқылы өтеледі).
Жетім-жесір, ғаріптерге садақа беріп, қолғабыс етуді де ислам мұсылман адамның міндеттері санатына енгізген. Сондай көмектердің бірі зекет. Мысалы, зекет беруші мұсылман өзінің соңғы кірісінің немесе барлық байлығының 2,5 пайызын жарлыларға беруі міндет (парыз). Ал, рамазан айындағы ораза әрбір мұсылманның таң атқаннан кеш батқанға шейін жеп ішуден және сонымен қатар нәпсіден тиылуын талап етеді.
Ислам діни ілімінің негіздері:
1. Ғаламды жаратушы Алланың бар екендігіне сену;
2. Оның періштелеріне сену;
3. Оның кітаптарына сену;
4. Оның жіберген пайғамбарларына сену;
5. Ақыр заманның болатындыгыиа сену;
6. Жамандықта, жақсылық та шын мәнінде Алладан екендігіне сену.
7. Өлгеннен кейін қайта тірілуге сеиу.
Дін Алланың бір екендігіне негізделген. Оған дәлел Құран көрімдегі 112 -ші "Ихлас сүресі". "Айт ол Алла жалғыз, ол тумады, одан ешкім туылмады, ол өзінің жаратқандарының ешқайсысына ұқсамайды".
Алла тағалаға балама жасау немесе сол сияқты тағы бір нәрсені құдіретті мойындап бой ұсыну "шіріқ"- деп аталады. Құранда, "Алла тағаланың ең жаман көретіні -шіріктік"- деген екен.
Періштелер — ислам дінінде жаны бар тәнсіз жаратылыс иелері, періштелердің міндеттері олемнің халифаты адам баласына қызмет ету. Олардың нәпсілері жоқ. Періштеге қарама-қайшы жаратылыс иесі шайтан бар. Олардың басшысы Ібіліс деп аталады. Оларға Алла тағала тарапынан қиямет күніне дейін адам баласын аздыруға, тура жолдан тайдыруға, рұқсат берілген. Әу баста адам баласын жаратқанда оған бас имегендігі үшін Алла тағаланың каһарына ұшырап жәнаттан қуылған.
Құранда 25 пайғамбардың есімі аталған. Оның ішінде бізге белгілі Мұса, Ыбрайым, Иса пайғамбарлардың есімдері бар. Ислам діндарларының пайымдауларынша Мұхаммед пайғамбарға дейін жер бетіне 2400 пайғамбар жіберілген. Бұл жайында Құранның Бахара сүресінің 130— 136 аяттарында анығырақ айтылған.
Мұхаммедке дейінгі пайғамбарларға жіберілген хақ дін дінсіздердің бұрмалауларына түсіп, өз құдіреттілігін жоғалтқан. Ал пайғамбар Мұхаммедқе жіберілген ислам діні, ең соңғы әрі ең хақ дін болып есептеледі. Олай дейтініміз, Құран көрімнің өзінде "Алланың алдында ең хақ дін — ислам," — деп айтылған.
Құранның хақтығына дәлел оның түпнұсқасының бүгінгі күнге дейін қаймағының бұзылмауында. Құранның басқа тілдерге аударылғанымен ислам ғибадаттарында тек қана араб тілінде қолданылуы талап етілуі де осыдан.
Ислам "Ақыр заманның" міндетті түрде болатындығын үйретеді, ал оның қашан болатындығы тек бір Аллаға аян. Құран көрімнің Зұмар сүресінің 67-68-ші аяттарында ол жайлы былай делінген: "....Олар Алланы шын мәнінде қадірлей алмады. Негізінде қиямет күні жер бүтіндей оның уысында....(67) Сүр үрлегенде Аллапың қалаулыларынан басқа көктегі жан иелері, жердегі жан иелері жығылып еледі. Бірақ Алланың қалағандары қалады.
Ислам діндәрларынын айтулары боиынша "Ақыр заман" күні күн батыстан шығып, шығысқа батады, күн бұлттанып, қою жаңбыр жауады. Жаңбыр барылған соң жер бетінде бір сот тыныштық орнап, қабірлерден бүкіл адамзат баласы тұрып, “мәшһәр майданына” (Алла тағала алдында бүкіл адам баласының есеп беретін орны) барады.
"Мәшһәр майданына" жеткенше кей адамдар ерекше қиналыс, күйзелісте болады. Ал ізгі істер істеп жалған дүниеде Алла тағалаға жақын болғандар жүрісі жеңілдеп, тіпті кейбір әулиелік дәрежедегі мұсылмандар жаннат пырағымен жетеді деседі.
Ол жерге жеткен соң, адам өміріндегі жақсылық пен жамандықты жазушы "Кирамин" жоне "Катибин" періштелерінің амал дәптерлерінде жазылғандар бойынша адам баласынан сауал сұралады. Сауал сұралып болған соң, күнәларының ауыр, жеңілдігіне байланысты бірі тозаққа, екіншісі — жаннатқа барады. Егерде өмірінде Алланың бірлігі мен пайғамбардың хақтығын мойындаған адам болса, ол күнәларын өтеген соң, тубінде тозақтан жаннатқа баратыны анық.
Алла пенде өмірімде не болатынын, ненін, немен аяқталатындығын білетіндігі шындық. Алайда мұсылман адам өз ісіне өзі жауап беруі қажет. Істеген ісінің бәрін Алла тағалаға ысырып тастау сияқты фатализмге берілмеген жөн. Ислам дінінің христиан діыінен ерекшеліктерінің бірі — ислам дінінде адам дүниеге келгенде күносіз, пәк, ізгілік тілеуші; Құранда берілген адам талаптарын орындау арқылы ол жаннатқа баруы тиіс. Ол үшін ол өз сенімін іспен көрсеткені абзал.
Ислам дінінде адам өмірі толықжан-жақты қаірастырылып, өмірінің соңына дейін өзін қалай алып жүру заңдылықтары көрсетілген. Мұны ислам дінінің шариғаты деп атайды. Бұл діни заңдар мен адами істер жиынтығы. Оның негізін құраушы Құран мен Сүннет. Бұдан басқа да алғашқы төрт халифаның және басқа да діии ғалымдардың ілімдерімен толықтырылады. Ислам заңы яғии шариғаты торт типтегі құқық деңгейлерін қарастырады. 1) Бәрі құрмет тұтуға міндетті құдай құқы; 2) жеке адам құқы; 3) басқа адамдар құқы; Алланың барлық жаратқандарының құқы. Алайда шариғат барлық құқық ережелерін түбегейлі қарастырады. Мысалы, тамақтану қағидалары бар: өлген малдың етін жемеу немесе доңыздың (шошқа) етін және Алланың есімінсіз бауыздалған малдың етін жеуге тыйым салынған. Одан басқа ғұсыл, дәрет алудың, намаз окудың өзіндік тәртіптері бар. Сонымен қатар, шариғат қылмыстық және азаматтық құқық процестерінің жүйелерін қамтиды, әр мұсылманның барлық жасаған істері мынадай ұғымдар бойынша сұрыпталады:

Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Мұхаммед Пайғамбарымыздың хадистері» Н. Қазыбекв, Алматы 1993 ж
2. Халифы Алтай Ғақыпұлы Таңдаулы Хадистер аудармасы –Алматы: «Берен» ШК., 1993-112 бет. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!