Экономика | Қазақстанда көркемөнердің дамуы

Экономика | Қазақстанда көркемөнердің дамуы

Мәдениетіміздің, бір қырынан алғанды таныс, ал сонымен қатар үнемі болжалуы мүмкін емес жағдайы – күрделі араласулар мен өзара әсерлердің, бастан кешірген қиысулар мен түйісулердің, сонымен қатар көркемөнер мен мүсін өнері түрінде көрініс беретін ұлттық сезіміміздің нәтижесі. Мүмкін соның нәтижесі болар, 90-шы жылдардағы қазақ өнерінің жалпы ауқымын көру үшін, сонымен қатар, сол өнердің көркемсуреттік процестерге әсерін А. Қастеев пен А. Исмаиловтардың шығармашылығындағы алғашқы қадамдармен бірге келіп, ары қарай Х. Наурызбаев, М. Кенбаев, С. Мәмбеев, К. Телжанов, Г. Исмайлова, С. Айтбаев, Т. Тоғысбаев және басқа да көптеген суретшілердің өнерінде жалғаса отырып, қазақ сурет өнеріне енген рухани басымдықтар стилдік көріністердің аса бай қырларының ішінде бола отырп – ақ сирек кездесетін тұрақтылыққа ие болды.
Адам мен оны қоршаған орта арасындағы нәзік және рухани үйлесімділікті, қазақ ұлтының табиғат – анамен, соның нәтижесінде әлеммен біртұтастығын, туыстығын көрсетуге бағытталған, ұмтылысын, адамның рухани және ішкі дүниесін білуге деген қызығушылығын, мәңгіліктің бір буыны – қас қағым сәттің әдемілігіне, құндылығына сүйсіну, жалпыға белгілі жүйеге ерекше жолмен ену және дүниетанымның басқа да қырларын суреттеу – міне осылар, қазақ суретшілерінің еңбектерінен байқалатын рухани әдет-ғұрыптық көріністер. Республикадағы бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы, мазмұны мен ішкі қыр-сыры, ұлттың мәдени әдет-ғұрпымен үйлескен, тұрмыстың жанданған, дүние тірегі болатын табиғат пен үйлесімділігін қалыптастыру және адамның шығармашылық жігерін нығайту болды.
Түрлі жағынан көріне отырып, осы дүниетанымдық принциптер дамудың бүгінгі күнгі сатысында да бейне өнерінің негізгі тірегі болып отыр және сол арқылы қазақтың бейнелеу өнерін жалпы дүниежүзілік мәдени кеңістікке үйлесімді түрде енгізуде. Осыған орай, бүгінгі күні бейнелеу және мүсін өнері қандай нысандар мен ерекшеліктерге ие болады деген сұрақ туады? Оның сарқылмас потенциалық қандай суретшілердің шығармашылығынан қандай ағымдарды пайда болуынан көре аламыз? Ата-бабаларымыздан қалған, ғасырлар бойы шындалған мұралармен байланысады, бүгінгі күні ұлттық суретшілер мектебі кәсіби толысудың қай дәрежесіне жете алады?
Мәдениет әлеуметтік және саяси оқиғаларға тікелей және дәлме-дәл тәуелді болмағанмен, қоғамдық сананың нысандарының бірі болып табылады. Көркемсуретті нысандар өз тілімен үнемі адам сезіміндегі шамалы болсын өзгерістерді, оның рухани дүниесін көрсетіп отырады. Өнер өзінің мәнерлеу құралдары мен тәсілдері жүйесінде адам өміріндегі, оның ішкі дүниесіндегі өзгерістерді сөзсіз түрде көрсетеді, көп жағдайда оны ертерек сипаттайды, алдын алады, сол себепті әлеуметтік тұлғаның даму динамикасын үйлестіреді және белгілі бір арнаға бағыттап отырады. Оның дамуының әр сатыларында алдыңғы қатарға түрлі басым идеялар шығады. Қазақтың кәсіби бейнелеу және мүсін өнеріндегі 80-90-шы жылдардың соңындағы қалыптастырудың ішкі логикасы айрықша талап еткен идея бейнелеу өнерін ұлттық тұрғыдан дербес түрде сипаттау идеясы болды.
Келесі жайды айта кетуіміз керек, бейнелеу және мүсін өнері өз техникасы, технологиясы, әлеуметтік қызметі тұрғысынан алғанда Батыстан әкелінген бейнелеу өнерінің жаңа болса да, оның бүкіл жолы, ежелгі қайнар бұлағы бар қазақ өнерінің қуатты діңгегінің жаңа көгерген бұлағы тәрізді үйлесе дамуға толы болды. Сюжеттер ғана емес, суретшілердің ұлттық мінез-құлқы, менталитеті, қоршаған ортаны түсіну және бейнелеу тәсілдері, тікелей немесе жанама түрде бейнелеу және мүсін өнерінің сырттан келген тәсілдерінің арасынан көп ғасырлық көшпелілік өмірге негізделген, өзіндік ерекшелігі бар ұлттық сезімнің қайталанбас лебінің соғып тұруына ықпал етті. Соңғы онжылдықтардағы өнердің ерекшеліктері ұлттық сана сезімнің парасаттылық, философиялық дәрежесінің сапалық тұрғыдан алғанда өрлеуіне ықпал ететін, өнердің рухани толысуы мен жоғарғы кәсіби деңгейінің ұштасуы болды.
Өнердің шартты «ұлттық арнаға түсуі» 80-ші жылдардың екінші жартысында-ақ анықталды. Қайта құру кезеңі берген еркіндік, сырттан бақыланбайтын ерікті өнер саласының пайда болуы, суретшілер мен мүсіншілердің өз тамырлары мен пайда болу көздеріне қызығушылығын тудырды. Өнердің осы түрлерінің халықтың рухани әдет-ғұрыптарымен мирасқорлығы осы жылдары, өз мәдениеті мен әдет-ғұрпына деген қызығушылықпен қатар өнер туындыларының бейнелеу және пластикалық түрлерінің қазақтың ежелгі рухани байлығы жүйесі арқылы түрленушілік арқылы да көрініс берді.
Осы жылдары үшін таңғаларлық оқиға қазақтың, түркілердің, жалпы шығыс архаикасын зерттеуге бағытталған ұмтылыс болды. Өзіндік сипаты бар, әдеттегі дүниетаным мен образдық тұрғыдан көру саласына терең деп ену негізінде қалыптастырылған бейнелеу мифтері, дүниені көркемсуреттік тұрғыдан өзгерту өнері, жас суретшілердің еңбектері арқылы қазақ өнерінде де пайда болды. Б. Бапишев, Г. Маданов, А. Есдәулетовтың шығармаларында ата-бабаларымыздың рухтарына деген үндеулер, сананың ежелгі нысандарына деген тартымшылық, ұлттық бастамалар мен рухани көздерге, сонымен қатар ұлттық тарих және санамен ғана шектелмей, Жер шарындағы жалпы адамзаттық өрлеу жолымен танысуға ұмтылыстар таңғаларлық тәсілмен келтірілген.
Уақыт ағымына сәйкес өзгеріске ұшырай отыра, жаңадан өз орындарын таба отырып, олар өнерге деген нақты көзқарастарға ие болып, жаңа философиялық ілімдермен қаруланған ұлттық сананың типтері мен дүниетанымы бар, заманының парасатты тұлғасы ретінде енді. Ғылымдағы жаңалықтар ХХ ғасырдағы фәлсафалық ағымдармен ұштаса отырып, олар бейнелеу өнері шығармалары мен дүниені бейнелейтін мүсіндік композицияларда қайта орын алды, көшпенділі халықтың мәдениетінің генетикалық табиғатына тән, эмоциялық ырғағын тірілтті. Көзге тартымды, метафоралық тұрғыдан нақтыланған белгілер мен таңбалар жүйесінде дүние құрылымының барлық элементтері арасындағы нәзік үйлесімділік концепсиясында сәйкес әдет-ғұрыптар, кеңістік құрылымындағы біртұтас уақыттық цикл, тірі және өлі материя арасындағы бірлік пен байланыс, шексіз кеңістіктің үстінде қалқып жүрген көшпенділердің елестік бейнелері арқылы сипатталатын ерікті және жігерлі рухани көтерілу туралы түсініктер пайда болды.
Жас суретшілердің сол кезеңінің өнер саласына аса күшті сакралдық сәтін енгізгенін атап өтуіміз керек. Мүмкін, көбіне Ұлы даланың ежелгі нанымдары мен сенімдеріне түсініктеме беретін сюжеттер арқылы, мүмкін тұлғаның өзінің ішкі дүниесінің, айтарлықтай баса айтылған сұранысы ретінде тұрақты, өзгеріссіз, біріне - бірі ауыспайтын құндылықтар мен түсініктер ретіндегі архаикаға да бет бұрған шығар. Әр кезеңнің ажырамас біртұтастығы, адамдағы рухани бастаманың беріктігін бекіту, көзге көрінетін сырт пішінінен көрінбейтін, мүмкін тәңірлік мазмұнын көруге ұмтылыс, пластикалық нысандардың бетінде сезімдердің нәзік ойын көру А. Есенбаев, Э. Казарян, Ш. Түлешов сияқты мүсіншілердің еңбектерінде орын алған.
Ежелгі құндылықтарға бет бұру осы мерзімдерге қазақ өнеріне оң бағыт бергіш, сонымен қатар тұрақтандырғыштық бастама енгізгеннің зор қызығушылықпен атап өтуге болады. Мәңгілік дүниетанымдық және рухани белгілерге арқа сүйеп, осы кезеңнің, сонымен бірге глобалдық және жалпыадамзаттық дүниемен, шексіз көп байланыстар арқылы жалғады. Адамзаттың тарихы, мифологиясы, бүгінгі күні Дала өмірінің ежелгі ережелер арқылы шағылыса отырып, олардың бейнелік шығармаларынан көрінеді. Сол шығармалардың космогоним мен экологиялық сезім, дүниені жетілдірудің иманенттігіне деген даналық сезім, ата-бабаларымыздың буындарына ғана тән, өнегелік және этникалық құндылықтардың дәл анықталған шкаласы көріністер береді.
Ғасырымыздың соңғы он жылдығында, әсіресе оның бірінші жартысында, көркемсуреттік нысандардың түрлену процесі қарқынды және біртұтас нысанда жүре бастады. Бейнелеу мен жалпыламалау құралдары мен әдістері рәміздендіру, белгілеу, шарттылық және метафорландыру бағытына қарай күрт өзгеруде. Суретшілердің өздерінің дербес және топтық шығармашылық концепцияларын қазақтардың әдеттегі түсініктерімен тығыз байланыстыра отырып өмірге әкелуі сол онжылдықтағы бейнелеу өнерінің ерекшелік белгілерінң бірі болды.
Онжылдықты дүние байлығының барлық рәміздерін шоғырландыратын таңбалық бейнелеу шебері А. Сыдыханов ашады. Таңғаларлық бағыт – жарық шашатын бейнелеу нысаны мен рухтың жүрек соғысы тәрізді энергиясынан ие тәсілді байланыстыратын шығармаларын Е. Түлебаев та өмірге әкелді. Түрлі – түсті фактуралық жапсыру өнері мен түстілік байлықты қанықтыру шығармаларын А. Ақанаевтан көреміз. Заттардың сарқылмас ішкі энергиясы мен күшін күшті қолдана тежеп отыратын экспрессивтік нысандар К. Дүйсенбаев еңбектерінен орын алады. Ырғақтың талдамалық ықшамдылығы мен әр түстердің таңғалақтарының шамасы және оптикалық тұрғындар дәл келтірген қатынастар арқылы дүние К. Ахметжановтың шығармаларында өзінің үйлесімдік сәйкестігіне ие болды.
Дүниенің жан-жақтылығын шифрленген көп таңбалар арқылы түсіндіруге ұмтылыс, дүние құрылымына, оның байлықтарын шексіз мөлшерде өзгеріске ұшырап отыратын талдамалық қатаң нысандар арқылы көрсетуге деген ұмтылысқа әкелді. Осы бағыттарға арналған еңбектерден М. Нарымбетовтың жер тартылысы сияқты салмақты бейнелер мен С. Атабековтың адам демі сияқты нәзік бейнелерін атап өтуге болады. Немесе, ұшқыр, алабажақ кеңістікті жылжытатын, кенепке бейнелеген С. Баялиевтің композициялары шексіз қозғалыс және өмірдің жаңа нысандарының пайда болуы идеяларын таңдайды.
Жаңа бағыттарды іздестіру барысында түрлі дәуір мен мәдениет архаикасына бет бұру, бақылаудың өткірлігі мен масштабтығы өмірге күшті және айрықша шығармаларды әкелді. Өнерде дүниеге қатысты көзқарастың түрлі қырын және әмбебаптығын дамытты. Бүгінгі күннің өнер саласындағы танымал тенденцияларының бірі жеке бейнелеу объектісі немесе тұрақты объктілердің жиынтығында дүние қалыптасу потенциалы мен мүмкіндіктерінің кең ауқымды спектрін сыйғызу болып табылады. Осындай шығармашылық, ұлттық және тартымдылыққа байланысты таңдалып алынатын, көп жағдайда нақты контекстерден жұлып алынған объектілер немесе сюжеттер түрлі суретшілердің еңбектерінде өзіндік рәміздер немесе мифтерге айналады. Сол миф арқылы дүниені генезисті және ондағы тәртіптің ұлылығы, қолданымдағы ережелер, алдағы болашағы сияқты құбылмалылығы мен толықтығын адам көкейіне жеткізуге тырысады.
Осындай жалпылама мифтік шығармашылық арнасы арқылы Қазақстанның алдыңғы қатарлы суретшілерінің де шығармашылығы дами береді. А. Сыдыханов өзінің мифтік бейнелеу өнеріне қажетті ерекше код ретінде қазақтың рулық рәмізін, таңбалардың әр түрін ала отырып, оны бірте-бірте қоршаған ортаны толықтыратын дүниеқұрылымдық ережелерге қарай түрлендіре алады. Дәуірдің астан–кескенінен, стихияларынан, тарих тағдырынан өз тәртібін бейнелеп шығады. Оның бейнелеу шығармаларының қою материалдық туындысынан, ағымдағы өмірге тән таңба шоғырланады, сол арқылы түсінік, ой-сезім және сананың шағылысы пайда болады. Шарттылық, түстілік-фактуралық ізденіс А. Сыдыхановтың бейнелерінде өзіне ғана көзге көрінер дүниені бағындырады және оны өз заңдарына орай түрлендіреді.
Е. Түлебаев өзінің кеңістіктік түрлі шешімдерінің күрделілігіне қарамастан, осы жылдары тұрақты таңбалық қатарға, пропорциясы «алтын адам» деп аталатын сақ жауынгер – көсеміне сәйкес, адам пішінін еске түсіретін, ұзартылған тұлға бейнелеуге келді. Сыртқы көріністермен шырмалған, адамның ішкі өмірімен ұштасып жатқан нәзік метаморфозалар Е. Түлепбайдың жарық шашыратқыш, өмірлік күшке мол шығармаларынан орын алады. Осы суретшінің күшті жақтарының бірі бояудың алуан түрлері мен бейнелеу өнерінің сипаттарын мүмкіндігіне, негізгі мазмұнын жоғалтпай, әсерлендіргіш, сезімдік тұрғысына келтіруі еді.
А. Ақанаевтің пластикалық және рухани кеңістікті бейнелейтін шығармалары мифте және дала аңыздарын еске түсіруге толы бола отырып, күн энергиясы мен даланың хош иістерін сездіріп отырады. Осы бір тұтас дүниетанымның әр қырларын Б. Мырзагалиева да көрсетуге тырысады. Осы заман суретшілердің көбі ежелгінің анималистік төтемдік ағымына ұқсас өзіндік бейнелеу мифтерін асқан зор жігерлікпен қалыптастыруда.
А. Иса сияқты суретшілер жолбарыстан әлемдік абсолют рәмізі кейіпкерін көрсе, А. Есдаулетовтың мүйіз тұмсықтары мен бұқалары мифологоиялық кезеңнің, жер бетіндегі бастапқы өмірдің сан қырлы тірлігін қалпына келтіреді. Асқар Есдаулетов 1962 жылы туылған. 1991, 1994 жылы жарық көрген шығармасы «Носорог» деп аталады. «Красное облако» (1997) картинасында түрлі-түсті бояумен боялған, құсқа ұқсас бейне көрсетілген. Бұл картинаға қарағнда құпиялы, көптеген құстардың ұялары бар құзға ұқсайды. Сүйкімді қиялды ғажап құстың көздерін қараса, “Z” әрпіне ұқсайды. Қуаныш кейпіндегі құс соңынан қызыл бұлтты ертіп келе жатқандай. Бұл суретшінің түсіндірейін деген ойы мынадай мағынада: «Ғажап құс дүниенің бастамасын құйрығымен ұстап алғандай. Мифтік мағынаға сүйенсек, тұмсығындағы және аяқтарындағы сазды тасып келе жатқан сияқты. Ал бұл саздан жер және әлем пайда болады деген сөз.» бұл суретшінің шығармашылық картиналарында бір адам бейнеленген болса да, ғажап бір энергиялық әсер береді. 2005 жылы шыққан «Мираж» атты туындысы өзіне көңіл аударарлықтай етіп жасалған. Бұл суретте таулардың алқабында қалалар елестейді. Ғажап қыз бен сүйкімді ит бейнесі өмірдің керемет жаратылысы сияқты көрінеді.

Асқар Есдаулетов, «Мираж», 2005 жыл.

А. Ахаттың ежелгі Тұранды бейнелейтін шығармаларында, өткен кезеңді армандау мен өткен дәуірді аңсауды байқаймыз. Небір түрлі заттар, атап айтқанда: шәйнектер, сазгерлік аспаптар, ежелгі мүсіндік релефтер, ай тәрізді періштелер (Р. Қожахметов, М. Нарымбетов, Э. Казарян, А. Есенбаев) фетиштелінеді.


Эдуард Казарян. «Птица над домом», 1995 жыл.

Әр түрлі объективті жағдайларға байланысты (бұрынғы орталықтың қысымдық әсерінің болмауы, дербес мемлекеттің ішкі сұранысы, сонымен бірге сыртқы нарықтың кең ауқымды сұранысы) өнердің әр алуан деңгейдегі ұлттық идеяға деген қызығушылығын арттырды. Тәуелсіз мемлекетке қажетті көрнекі көркем суреттік құрылымдар (ұлттық волюта, Елтаңба, монументалды мүсіндік кешендер, тарихи бейнелеу шығармалары) қалыптастыратын сәттен бастап, еркін шығармашылық ізденістерді әр суретшінің шығармаларынан көреміз. Алайда, ең қызығы, ұлттық идея үнемі нон – конформистік өнер өкілдерінің концепциясына енуде, олар қазақтардың әдеттегі дүниетанымдық түсініктерін, түркілердің өз әрекеттерін, перформанстары мен объектілерін тұрақты ауыстыра пайдаланады.
Алайда 90-шы жылдардың екінші жартысындағы өнер саласында ұлттық суретшілер мектебінің кемеліне келуінің куәсі болатын бір ерекшелігі де бар.Оны стильдердің қолтаңбаларының тенденциялары бағыттары мен дербес ерекшеліктерінің кең ауқымды болуынан көреміз. Өзіндік ерекшеліктері, өзіндік құндылығы, танымал, сөйте тұрса да, стилистикалық және идеялық параметрлеріне келетін болса, мүлде қарама-қарсы тұлғалар да кездеседі. Авангардта, реализм де өте қызық арналарын тауып, жаңа кезеңге сыйсып отырады, жаңа тұрғыдағы обстрактілі кейіпкерлік қалыптасты, сонымен бірге сезімдік жағына нәзік импрессионистік бейнелеу өнері де өз көрермендерінің жүрегінен орын табуда.
Егер де көптеген суретшілердің шығармашылығында өмірдің нақты реалдылығына деген қызығушылық материалдылық тұрмысқа дейінгі небір реалдылыққа деген тартымдылықпен ауыстырып отырса, біртұтас мәдени кеңістікте мүдделері мүлде қарама-қарсы екендігі айдан – анық бейнелеушілер мен мүсіншілер еңбек етуде. Таңғажайыптылыққа деген нәзік сезімталдыққа ие, елестік кейіпкерлерге жаны тартып тұратын суретшілер (А. Дүзелханов, Д. Қасымов) классикалық нақты нысандарда бізді қоршаған дүниеге танымды түрде адам мен кеңістік арасындағы үйлесімшілік идеясын абстракті тәсілмен шешуші жақтаушылар тәрізді жеткізе алды.
ДҮЗЕЛХАНОВ Ағымсалы Дүзелханұлы - 19.8.1951 жылы Қызылорда облысы Қазалы қаласында туылған. Ол суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1996). 1976 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1982 ж. Мәскеу көркемсурет институтын бітірген. Қолданбалы графика, плакат, кітап безендіру, кескіндеме, портрет жанрларында еңбек етеді. Тарихи, фольклорлық тақырыптағы жөне балаларға арналған 200-ден астам кітап, әлеумует және тарихи тақырыптағы 50-ден астам плакаттар безендірген. "Томирис", "Сақтар", "Айман — Шолпан", "Қыз Жібек", т.б. литографиялардың "Алтын сарбаз", "Түркістан", "Ордабасы", "Көроғлы", "Оғыз хан", т.б. кескіндеме жанрындағы туындылардың авторы. Сондай-ақ, оның "Абылай хан", "Әбілқайыр хан","Әйтеке би", "Қазыбек би","Төле би", "Қорқыт" тәрізді портреттер сериясы бар. Қазақстанның ұлттық ақшасы — теңгені безендірушілердің бірі. "Жоғалған ұйқы" қуыршақты мультфильмінің қоюшы-суретшісі болған. Туындылары Қазақстанның және шет слдердің өнер мұражайларына қойылған.
Ағымсалы Дүзелханов, «Томирис»,



Г. Исмаилова сияқты қазақ бейнелеу өнерінің классиктері де өз жұмыстарын жалғастыруда. Әйелдердің көзге түсерлік әдемілігі, хош иісті гүлдер, өмірдің жылы тынысы оның еңбектері арқылы бізді нақты адам өмірінің қымбаты, қайталанбас және табылмас әлеміне әкеледі. М.Каспак асқан зор шеберлікпен қазақ көшпелілерінің өмірін, тұрмысын және рухани атмосферасын қайта қалпына келтіреді. Қазақтардың күнделікті өмірінің реалдылығы мен этнографиялық ерекшеліктері жалпылама түрде берілсе де, танымалдық сипатқа ие, жарықтандырудың ерекшеліктерін, ауаның ылғалдылығы мен құрғақтығын, кештің ымырттығын немесе түс кезіндегі күн сәулесінің бірқалыптылығын асқан зор шеберлікпен көрсете білу оның шығармаларына көп уақыт бұрын жоғалып кеткен және рухани сезімділік дыбыстарын қабылдау мүмкіндігін берді. Ж. Қайрамбаев та өз шығармаларында бейнелеушілік пен бейнелеудің декоративтік сапаларын, көңіл күйі мен көңіл жағдайының психологизмін өзінше қиыстыра білген.
Мүмкін, кей жерлерде Қазақ даласындағы өмір салтын қабылдаудағы кузнецовтік бағытын жалғастыра және дамыта отырып, З. Түсіпов, Б. Табиевтер реалистік әдет-ғұрыптарды ерікті түрде түсіндіреді. Күнделікті тұрмысқа тамырын тереңдетіп енгізген, олардың сюжеттері мазмұны жағынан поэтикалық сезімталдылықпен тартымды болды. Нақты өмір сезімдерінің күші, тартып тұрып жібере салған кендір сияқты ұшатын экспрессивтік динамика З. Түсіпованың натюрмоттары мен далалық пейзаждарын толтырады, Б. Табиевтің суреттердегі орта ғасырлық қалалардың мешіттері мен тар көшелері, қоңырқай көгілдір түтін тәрізді ортадағы Шығыстың жұмсақ өмірін сипаттайды. Осысуретшілердің қаламдары арқылы берілген, адам және табиғаттың өмірі мен сұлулығының құпиясы, автор көзқарасының толғамдылық сезімділігімен, мәңгілік, тұрақты және даланың алтын көкжиегіне көгілдір аспанға төгілген құндылықтарды түсінумен, дала тұрғындарының қоңырқай келбеттерінің әдемілігімен ерекшеленеді. Қазақтың әсемдік – қолданбалы өнерінің тәсілдері мен батыс – еуропалық поатимпрессионизмнің сабақтарын трансформациялаудан келетін шарттылық әсемдік әдет – ғұрыптары М. Қасымбеков пен Т. Мұқаттың шығармашылықтарында ерекше тәсілмен ұштасып жатады. Авангардты түрде түсіндірілетін этнографиялық нотасы бар, өзгешелігі бар жаңа толқындар С. Смағұлов пен А. Смағұлова ары қарай дамытады. Елестеушіліктің еркін қалқуын түсіндіре отырып, С. Сүлейменова, А. Меңлібаева, З. Сұлтанғазина, М. Бекеев еркін және бейнелеушілік ойын ары қарай жалғастырады ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!