ZHARAR | KZ | Сабақ жоспары | Тәрбие сағат | Бастауыш | Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей

Бастауыш | Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей

 Бастауыш | Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей
Орал қаласы №19. ЖББОМ.
Бастауыш сынып мұғалімі
Мырзажанова Айдана Биманбетовна

Тәрбие сағатының тақырыбы: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей
Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру; еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту; еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Көрнекіліктері: слайдтар
Тәрбие сағатының өту барысы:
Психологиялық дайындық
Үлкенге де "Сіз",
Кішіге де "Сіз".
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
Шаттық шеңбері
Ән: Болайықшы осындай.
Сөзі мен әні –А. Меңжанованікі.
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүл толады.
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы, досы-ай!
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған,
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.
Мақал:
Еңбек – бәрін жеңбек
Әңгімелесу:
Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Еңбекқор деп қандай адамды атаймыз?
Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?
Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
Ауа, су, тағам. Ауа, су – табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні – нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқасы да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен келеді.
Мәтінмен жұмыс
Б.Әділов «Еңбексіз өмір — сүреңсіз» мысал әңгіме
Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?
Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?
«Еңбексіз өмір – сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?

Дәйексөз
Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап. Абай
Сахналау:
«Қайдан келдің, бауырсақ?» Ө. Тұрманжанов
Автор:
Дастарханда шашылып
Жатты аппақ бауырсақ
Бауырсаққа қызығып
Қарап тұрып көзін сап.
Қуыршақ:
-Қайдан келдін бауырсақ?
Бауырсақ:
-Дүкеннен келдім нан сатқан.
Қуыршақ:
Дүкенге келдің қай жақтан?
Бауырсақ:
-Наубайдан келдім нан жапқан
Қуыршақ:
-Наубайға келдің қай жақтан?
Бауырсақ:
Диірменнен келдім ұн тартқан.
Қуыршақ:
-Диірменге келдің қай жақтан?
Бауырсақ:
Даладан келдім жан-жақтан.
Жер-анам менің көсілген
Дихандар мені өсірген
Жүректен жүрекке
Бір – біріне жүрекжарды тілектерін айту
Үйге тапсырма:«Еңбек – бақыт бастауы» тақырыбында әңгіме жазу

Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Гость Шолпан - Сегодня, 15:07
Дос (Достық)

Дос ар кашан жаныннан табылу тек куанышты жагдайда емес

Розбаева Зеба - Сегодня, 14:50
Тегін сертификат алу !!!

Е Иззатуллаев орта мектебі

Розбай Жасур - Сегодня, 14:48
Тегін сертификат алу !!!

Түркістан қаласы Е Иззатуллаев орта мектебі

Розбаева Арзугул - Сегодня, 14:46
Тегін сертификат алу !!!

Түркістан қаласы Е Иззатуллаев орта мектебі

Гость Айжан - Сегодня, 14:39
Тегін сертификат алу !!!

Қазақ әдебиет 11 сынып қаз.тілі бжб мен тжб болса

Аман Перизат - Сегодня, 13:30
Қазақ әдебиеті (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Незнаю

Инаят - Сегодня, 12:33
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Информатика (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маған информатикадан жиынтық керек еді 1тоқсан 4 сынып

Кто то - Сегодня, 11:31
Ешқашан да мұндай сұмдықты басымнан кешпеген едім

Что то

ZHARAR - Сегодня, 03:50
Ауа-райы туралы мақал-мәтелдер топтамасы

керемет мақалдар

Іңкәр - Сегодня, 02:59
Анашым, мама

Іңкәр