Педагогика | Куратор тәрбие жұмысының ғылыми теориялық және ұйымдастырушылық негіздері

Педагогика | Куратор тәрбие жұмысының ғылыми теориялық және ұйымдастырушылық негіздері

Академиялық топтағы куратор студенттің жаңа әлеуметтік рөлге, жоғары оқу орнына, жаңа қалаға әлеуметтік-психологиялық бейімделу мәселелерімен айналысады. Ол мәселелерді шешуге жоғары оқу орын және мамандық туралы әңгіме-сұхбатттар, қала бойынша экскурсиялар, оның мәдениетімен, тарихи ескерткіштерімен таныстыру сияқты іс-әрекеттер көмектеседі. Студент атағына ие болған жастар көп жағдайда қолына түскен бостандық, еркіндік ықпалына түседі, уақытын бос өткізіп, сессияға дайындалуға үлгермей қалады. Сондықтан алғашқы семестрдің өзінде-ақ студенттерді университеттік өмір және ондағы оқудың ерекшеліктерімен таныстыру, олардың жауапкершілігін дамыту маңызды.
Куратор студенттерді олардың өмір сүру әрекеттерін реттейтін нормативтік құжаттармен, деканат және ректорат, университет және факультеттің ғылыми кеңесінің отырысында қабылданған шешімдермен таныстыруды ұйымдастырады. Бұл сипаттағы ақпарат студенттерге өте маңызды, өйткені ол университеттік өмірде болып жатқан жаңалықтармен таныстырады, өзінің жоғары оқу орнына баулиды.
Периодты түрде куратор студенттердің сабаққа қатысуын және үлгерімін тексереді. Егер қажетті болса, академиялық топ жиналыстарында бұл сұрақтар қарастырылады. Кейбір жоғары оқу орнындарында ата-анаға арналған күндерді өткізу тәжірибесі енгізілген.
Куратор жұмысының маңызды аумағы болып студенттерді ғылыми-зерттеу әрекетіне баулу табылады: кафедралық үйірмелер, пән бойынша олимпиадалар, студенттердің ғылыми жұмыстарының жарыстары, кафедра немесе лабораториялардың ғылыми зерттеу жұмыстары. Бұл бағыт студенттердің ғылыми әлеуетін дамытуға әрекет етеді.
Аламға әдетте өмірде бір қатар әлеуметтік және басқа рөлдерді атқаруға тура келеді. Алайда оқу жоспарлары және бағдарламалары студенттерді тек бір рөлге - жақсы білікті мұғалім болу рөлін қарастырады. Куратор активті топпен бірге студенттерді басқа әлеуметтік, отбасылық, азаматтық және т.б. рөлдерді атқаруға өнегелік-психологиялық және теориялық-практикалық дайындыққа жауапкершілікті ала алады.
Куратор студенттердің материалдық мәселелерін назардан тыс қалдырмайды. Периодты түрде жатақханаларға барып тұрып, қиындықтарды шешуге көмектеседі. Материалдық қиындықтарға байланысты студенттер жұмыс жасауына тура келеді, куратор оларға жұмыс іздеуіне белгілі бір көмек көрсетуге тиісті.
Академиялық топтың І курсында куратор ұйымның басқарушы рөлін атқарады. Ол студенттердің дербес ерекшеліктерін, олардың психологиялық сәйкесстігін зерттейді, кейін өзі жүгінетін топтың активін құруға қатысады. Қазіргі жағдайда маңызды мәселе болып студенттердің өзін-өзі басқару табылады. Қоғамдық ұйымдардың болмауына байланысты топта бұл мәселе студенттік актив көмегімен, студенттердің әртүрлі жиылысы арқылы шешіле алады. Академиялық топта бірлескен актив жұмыс істей бастағанда жоғары курстарда әрбір студент осы ұжымның әрекеті және өмірін басқаруға қатысу қабілетіне ие болады.
Куратор топта студенттер арасында бейресми және достық қарым-қатынастардың дамуын бағыттайды, ол психологиялық атмосфераның орнатылуына жағымды әсер ете алады. Бұл әрекетпен куратор топтың эмоциялық және өнегелі бағытына, ішкі топтық микроклиматқа бір уақытта әсер ете отырып, топтың ұйымдастырылған бірлігіне жетеді.
Іс-әрекетінің алуантүрлілігіне қарамастан, куратор студенттердің тәрбие мәселесін қатаң сақтап отыру қажет. Тәжірибесі мол куратор бұл мәселені білдіртпей шешеді.
Өзін-өзі тәрбиелеу процесін ұйымдастырушы болып студенттің өзі табылады, алайда куратор оған белгілі бір көмек көрсете алады. Ол жетістіктер мен кемшіліктерді бағалауда эксперт рөлін атқарып, кеңес бере алады.
Куратор жұмысының нәтижелілігі көп жағдайда студенттермен мақсатты түрде қалыптасқан қарым-қатынастармен анықталады. Егер қарым-қатынастар назар, сенім, құрмет негізінде құрылса, егер куратор студенттермен өзара әрекеттесу әдістеріне жүгінсе, ол қойылған мақсатттарды шешуде жетістіктерге жетеді.
Студенттермен өзара әрекеттесе отырып, куратор оларды академиялық топта толығымен басқару жұмысын жүзеге асырады. Әрбір кураторға өзіндік жазу тән, алайда қалыптасқан өзгерістерді ескермей, бір ережені қатаң сақтау да дұрыс емес. Топта болған өзгерістерді ескеріп, онымен байланысты тәрбиенің өзіндік сызығын дұрыстап отыру жөн: бір жағдайда - студентке белсенділік танытуға мүмкіндік беріп, екінші жағдайда - қатаң педагогикалық талапқа жүгіну.
Тәжірибелі куратор болу үшін арнайы әдістемелік әдебиетті оқыу, басқа оқытушылар тәжірибесін зерттеу қажет. Көп жағдайда кураторлар өзге тәжірибені қолданады. Алайда К.Д.Ушинский кеңесі бойынша басқа педагог тәжірибесінің өзін алу қажет емес, өйткені басқа педагогикалық жүйе бойынша тәрбиелеуге болмайды, бұл тәжірибедегі ойды, идеяны пайдалану қажет.
Кураторлар жұмысының тәжірибесін зерттеу негізінде олардың әрекетінің нәтижелілігін көтеретін бір қатар педагогикалық ережелерді ұсынуға болады:
1) жұмыстың жоспарын бар мүмкіндіктер бойынша топ активімен бірлесіп жасау;
2) едәуір ықпал тигізу үшін академиялық топ мүшелерін барлық қарым-қатынастарда зерттеу;
3) педагогикалық жағдайға байланысты студенттермен қарым-қатынасты өнімді түрде құруға үйрену;
4) күрделі, әрі ұзақ қа созылатын алғашқы мақсаттардың бірі – толыққанды студенттік ұжымды қалыптастыру;
5) әрбір студент қоғамдық жұмыстарға қатысуна және оларға жауапкершілік тартуына қол жеткізу;
6) студенттерге көптеген әлеуметтік рөлдерді орындауға көмектесу;
7) ұжымды немқұрайлылық, бақылаусыздық және жауапкершіліксіздік сияқты басқа ешнәрсе ұжымды бұзбайтындығын ұмытпау;
8) студенттің өзін-өзі тәрбиелеуде саналы және мақсатқа бағытталған жұмысты жүзеге асыруда қажетті көмекті көрсету;
9) студенттік өзін-өзі басқаруды, қоғамдық белсенділікті қолдау және дамыту.
Орта ғасырлық университтерде міндетті тұлға ретінде қалыптасқан куратор оның бүкіл даму траихымен тікелей байланысты. Басында ол студенттерге кепілдікпен оқу кітаптарын беретін, олардың ұмытып кеткен заттарын жинайтын бақылаушы-қадағалаушы адам болатын.
Университеттік білімнің өзгеруімен куратордың мәртебесі де өзгерді, оның құқықтары және функционалдық дықміндеттері нақты сипатқа ие болды. Куратор студенттермен бірге ұжымдық шараларды бірлесіп жоспарын құрып атқарады, толыққанды тәрбиелеу ұжымын қалыптастыруға көмектеседі, қоғамдық белсенділік және студенттердің өзін-өзі басқарудың дамуына әрекет етеді, студенттерді қиын жағдайларда қолдау көрсетеді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?