Экономика | Көлік саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі

Экономика | Көлік саласында көрсетілетін  мемлекеттік қызметтерді  алу тәртібі

Көлік саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі.


«Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – басқарма) 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы №265 «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көлік саласы бойынша мемлекеттік қызметтің екі түрін көрсетеді. Олар: жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру және халықаралық техникалық байқау сертификатын беру.
Аталған екі мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлғалар өтініштерін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарына (бұдан әрі – ХҚО) немесе www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) тапсырады және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін ала алады.
Лицензия алу, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға (қағаз түрінде) не порталға (электрондық түрде «pdf» фоматында) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
лицензияны алуға:
1) белгіленген нысан бойынша өтініш не порталда көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің көшірмесі;
3) дара кәсіпкер үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
4) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға құқық үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін автобустар мен шағын автобустардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
6) жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасының не ұйыммен(-дармен) жасалған қызметтер көрсету туралы шарттың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
7) автобустар мен шағын автобустарға рейс алдындағы техникалық байқау (инженер-механик), жүргізушілерге рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландыру жүргізу үшін қызметтердің және білікті персоналдың немесе осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
8) тахографтарды тексеру туралы тиісті сертификаттың көшірмелері;
9) автобустар мен шағын автобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының, сондай-ақ тасымалдауға ұсынылатын барлық жылжымалы құрамға міндетті техникалық байқаудан өткізу туралы куәліктің көшірмелері;
10) жеке тұлғалар үшін – тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің не заңды тұлғалар үшін – жүргізушілер құрамының тиісті санаттағы жүргізушілер куәліктерінің, тиісті санаттағы көлік құралы жүргізушісінің жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмелері;
11) тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі.
лицензияны қайта рәсімдеуге және телнұсқасын алуға:
1) белгіленген нысан бойынша өтініш көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында порталда сұрау салу;
2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
Халықаралық техникалық байқау сертификатын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға (қағаз түрінде) не порталға (электрондық түрде «pdf» фоматында) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) белгіленген нысан бойынша өтініш не порталда көрсетілетін қызметті алушының – ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) халықаралық сертификатты беруге мемлекеттiк баждың төленгенi туралы түбiртек;
3) жеке тұлғалардың Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен ағымдағы күнтiзбелiк жыл үшiн көлiк құралдарына салықты төлегенiн растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өту туралы куәліктің көшірмелері.
Көрсетілетін 2 мемлекеттік қызметті қызметті алушы ХҚО-ға көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсынады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген алымдар мөлшерлемесі бойынша жергілікті бюджетке төленеді және мыналарды құрайды:
1) лицензияны, сондай-ақ лицензияның телнұсқасын беруге – алымды төлеу күні қолданылатын үш еселенген айлық есептік көрсеткіш;
2) лицензияны қайта ресімдеуге – лицензияны беру кезіндегі мөлшерлемеден 10%.
Халықаралық сертификатты немесе телнұсқасны бергені үшін мемлекеттік баж беру орны бойынша төленеді және мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызын құрайды.
Төлеу тәсілі: лицензиялық алым банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ ЭҮТШ арқылы аудару жолымен не қолма-қол ақшамен төленеді.
2014 жылы ХҚО арқылы басқарма жеке және заңды тұлғаларға 60 дана халықаралық техникалық байқау сертификатын берді. Биыл да бұл жұмыстар жалғасатын болады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу мәселелері бойынша қажетті ақпаратты алу үшін «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының БҚО бойынша Орал қаласындағы филиалына (мекенжайы: Жамбыл көшесі,81) жолығып және басқарманың жолаушылар көлігі бөлімінен (мекенжайы: Х.Чурин көшесі, 116) 51-92-63 телефоны арқылы алуға болатынын хабарлаймыз.
А.Ж. Отарғалиева – Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жолаушылар көлігі бөлімінің бас маманы ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі