География | Климаттық өзгерістер

География | Климаттық өзгерістер

Климаттық өзгерістер

Климаттық өзгерістер, әлемдік қоғамға ең үлкен қауіп төндіруде

Қызыл крест пен Жарты ай ұйымдарының халықаралық федерациясы: қазіргі таңда климаттық өзгерістер - әлемдік қоғамға ең үлкен қауіп төндіруде,-деп ескертті.
Германия ақпараттық агенттігі Женевадан мәлімдеуінше, Қызыл крест пен Жарты ай ұйымдарының халықаралық федерациясы кеше дүйсенбі: Ауа-райы және климаттық өзгерістер салдарынан табиғи апаттардың көбеюі, бұл федерацияның гуманитарлық бағдарламаларды орындауында күрделі кедергі болып отыр,-деп жариялады.
Қызыл крест пен Жарты ай ұйымдары халықаралық федерациясының бас хатшысы Марко Нисколо: зерттеулер бойынша, ауа-райы өзгерістері мен ірі мұздықтар еруінің мысалдары, су ресурстарына қауіп төндіруде және алдағы жылдары ауылшаруашылық саласына шынайы зияндар тимекші,-деді.
"Соңғы жылдары жер шарының жылуы да малярия тәрізді аурулардың кең таралуына себеп болды, осыған орай гуманитарлық ұйымдар алдын-алу жұмыстарын жүргізулері тиіс",-деп қосты.
Климат өзгерісінің себебі –адам баласы
Экологтар адамдардың ыстық ауа толқындары, жауын-шашын және тропикалық дауылдардың қалыптасуына әсер еткенін мәлімдеді.
Бүкіл дүние жүзіне әсер еткен жаһандық жылынудың ықпалдарын зерттеген ғалымдар адам баласының климат өзгерісіне ешқашан бүгінгі күнгідей көп әсер етпегенін ортаға шығарды.
Түрлі елдерден көптеген экологтың ортақ туындысы «Proceeding of the National Academy of Science» атты журналдың интернет бетінде жарияланды. Аталмыш мақалаға қарағанда, адамдар ыстық ауа толқындары, жауын-шашын және тропикалық дауылдардың қалыптасуына көптеп әсер етті.
2003 жылы Еуропада көптеген адамның өліміне себеп болған ыстық ауа толқынының зиянды газдардың әсерімен қалыптасқаны айтылды. Бүгінгі күні атмосфераға 1990 жылдардағыдан көп көміртегі жіберілуде.
Жылудың артуы мен климат өзгерісіне себеп ретінде өнеркәсіптік жұмыстар нәтижесінде ауамен араласқан көміртегі және басқа да газдар көрсетілуде. Зерттеуге қарағанда көміртегі шығару 2000 жылдан бері жылдық 3,5 пайыз артып отыр.
Климат өзгерісі ең көп қариялар мен кедейлерге болымсыз әсер етіп отыр. Зерттеу сондай-ақ адам баласының климат өзгерісіне үйренісе алмай келе жатырғанын көрсетті.
Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйымы Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы мекемесі, оның үстіне БҰҰ жұйесіндегі Жер ауасының жағдайы мен тәртібі, оның мұхиттармен қарым-қатынасы, климат қалыптасуы және су ресурстарының таратылуы жөніндегі бірден-бір беделді ақпарат көзі болып табылады.
ДМҰ өз қатарында 188 мүше-мемлекеттердің және аймақтардың басын қосады (2007 ж. 24 қантардағы мәліметтер). ДМҰ өз бастауын 1873 жылы құрылған Халықаралық Метеорологиялық Ұйымынан (ХМҰ) алады. 1950 жылы құралған ДМҰ 1951 жылдан бастап метеорология (ауа райы мен климат), шұғыл гидрология және геофизикалық ғылымдар саласындағы арнайы мекеме ретінде қызмет атқара бастады.
Ауа райы, климат және су циклы мемлекеттік шекарамен шектелуге жатпайтындығынан, халықаралық ынтымақтастық ғаламдық масштабта метеорология және шұғыл гидрология дамуына зор ықпалын тигізеді, сонымен қатар оларды қолданудан үлкен табыс табу көзі болып келеді. ДМҰ халықаралық ынтымақтастық құрылымын айқындайды.


Климаттың өзгере бастағанын сезіну
КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІ ДЕГЕН НЕ?
Климаттың өзгеруі атмосферада парниктік газдардан экран жасайтын және Жердің үстіңгі қабаты мен атмосфераның төменгі қабатын қыздыра отырып инфрақызыл сәулелерді өткізбейтін газдардан туындайды. Парниктік нәтижеде су буы бар, алайда атмосферада қос тотық көміртегінің, метанның, азот қышқылының, хлорфторкөміртектерінің ұлғаюы – климат өзгеруінің негізгі себебі болып табылады. Бұл газдар атмосферада соңғы 300 жылда халық санының өсуі және индустрияның дамуы нәтижесінде елеулі түрде ұлғайып отыр. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі