Экономика | Кепілді қолдану туралы

Экономика | Кепілді қолдану туралы

Кепілді қолдану

3. Бұлтартпау шарасы ретіндегі кепіл тек Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 139-бабында көзделген процессуалдық негіздер болған кезде ғана қолданылады. Бұл ретте мынадай талаптарды сақтау қажет: қылмыстық іс қозғау туралы қаулы, осы бұлтартпау шарасын таңдау туралы тергеушінің, анықтаушының прокурор санкциялаған қаулысы не болмаса соттың шешімі; кепілді және кепіл туралы шарт қабылдау туралы хаттама жасау.
4. Кепіл күдіктіні ұстағаннан кейін қамауға алудың, үйде қамап ұстаудың немесе өзге де бұлтартпау шарасының орнына дербес қолданылуы мүмкін. Кепіл аса ауыр қылмыс жасаған айыпталушы адамдарға қатысты қолданылмайды.
5. Қылмыстық процесті жүргізуші орган бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы шығарады.
Қаулыда мыналар көрсетіледі: оның толтырылған жері мен уақыты; қаулы шығарған адамның тегі мен лауазымы; күдікті немесе айыпталушы адамның қылмыс жасау жағдайлары; осы адамның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы мен туған жері; азаматтығы; күдіктінің, айыпталушының жеке басын куәландыратын құжат; қылмыстық істі қозғау күні мен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы; ұсталған және айып тағылған күн; тағылған айыптың көлемі; кепіл түрінде бұлтартпау шарасын таңдау үшін негіз болатын мән-жайлар; кепіл ретінде салынатын ақшалай сома не болмаса оның құнын және соттың депозитіне ақша салуды растайтын құжатқа сілтеме жасай отырып, мүлік тізбесі; күдіктінің, айыпталушының анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келу жөніндегі міндеттерін, сондай-ақ өзінің болатын жерін өзгерткен жағдайда хабарлау туралы түсіндіру; Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің қаулы шығаруға негіз болған баптары. Қаулыға оны толтырған адам, күдікті, айыпталушы және қатысқан жағдайда - олардың қорғаушысы тегі мен ордер номерін көрсетіп, қол қояды.
Кепіл тек прокурордың санкциясымен немесе соттың шешімі бойынша қолданылады. Қылмыстық қудалау органы шығарған кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы, қылмыстық іс бойынша өндірістің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын прокурор оны санкциялағаннан кейін күшіне енеді. Прокурор ҚІЖК-нің 148-бабының 3-бөлігінде көрсетілген көлемнен төмен болмайтын басқа кепіл мөлшерін тағайындай отырып, тергеуші (анықтаушы) белгілеген кепіл сомасын өзгертуге, сондай-ақ қаулыны санкциялаудан бас тартуға құқылы. Кепілді таңдаған лауазымды адам бас тартқан жағдайда, оны кепіл берушіге қайтару және кепілге алынған мүліктен барлық шектеулерді алу жөнінде шаралар қабылданады.
Кепілді қолдану туралы қаулы қылмыстық істі жүргізіп жатқан органның кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын есепке алу журналына тіркеледі.
6. Ақша, бағалы заттар, жылжымалы және жылжымайтын мүлік кепіл заты болып табылады.
Алдын ала тергеу барысында бағалы заттарды немесе жылжымайтын мүлікті кепіл ретінде салу туралы шешім тек прокурордың немесе соттың рұқсатымен қабылдануы мүмкін.
Бағалы заттардың бағалылығы, түпнұсқасы және құны анықталса, бұл туралы кепіл беруші тиісті құжаттар ұсынса, олар кепіл заты болуы мүмкін.
Түріне қарай құнды қағаздарға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген әртүрлі талаптар қойылады. Міндетті деректемелерінің болмауы немесе белгіленген нысанға сәйкес келмеуі құнды қағаздың жарамсыздығына әкеп соғады. Құнды қағаздың құны бұлтартпау шарасын таңдаған кезде айқындалады.
Кепіл ретіндегі мүлік егер осы мүлікпен мәміле жасасуға тыйым салынбаған болса және оны кепіл заты ретінде ұсынған адам осы мүлік оның меншік құқығында екендігін растайтын дәлелдемелерді (құжаттарды) ұсынған жағдайда ғана ресімделеді. Егер мүлік бірлескен меншікте болса, онда кепілді салуға мүліктің ортақ иелерінің жазбаша келісімін алу керек немесе кепіл берушінің пайдасына өз үлесі-нен жазбаша түрде бас тарту керек.
Меншіктің ортақ иесінің кәмелетке толмаған балалары болған жағдайда пәтер немесе үй кепіл ретінде ұсыныла алмайды.
Жылжымайтын мүлікпен айналысу тәртібін реттейтін қолданыстағы заңнамаға қарама-қайшы келмесе, кепіл ретінде өзге жылжымайтын мүлік ұсынылуы мүмкін.
7. Егер кепіл ретінде ақша немесе бағалы заттар берілсе, сот депозитіне кепіл салуды куәландыратын түбіршек растау құжаты болып табылады.
8. Кепіл мөлшері шағын ауырлықтағы қылмыс жасағандығын айыпталуы кезінде, айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен; орта ауырлықтағы байқаусызда жасалған қылмысқа айыпталуы кезінде - айлық есептік көрсеткіштің үш жүз еселенген мөлшерінен; орташа ауырлықтағы қасақана қылмыс жасағандығына айыпталуы кезінде - айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен; ауыр қылмыс жасағандығына айыпталуы кезінде - айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен кем болмайды.
Кепіл сомасын айыптаудың ауырлығын, күдіктінің, айыпталушының жеке басын, қызметін, тұрақты тұрғылықты жерінің бар-жоғын, кепіл берушінің отбасылық және мүліктік жағдайын, қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды және басқаларды есепке ала отырып, осы бұлтартпау шарасын таңдайтын адам анықтайды.
9. Енгізілетін кепілдің бағалылығын дәлелдеу кепіл берушіге жүктеледі. Кепілдік мүліктің құнын айқындайтын құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкес бағалау қызметімен айналысуға құқық беретін лицензиясы бар заңды тұлғалар сияқты жеке адамдар да бере алады.
10. Қылмыстық процеске қатысушылар бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолдану туралы қолдаухатпен өтініш жасауға құқылы. Қолдаухатта кепілді бұлтартпау шарасы ретінде қолданудың пайдасына дәлелдемелерді көрсетуге болады. Қолдаухаттың мазмұны мен нысаны еркін түрде болады. Егер қолдаухатпен күдікті, айыпталушы өзі өтініш жасамаса, онда оның кепілді таңдауға жазбаша келісімі қажет. Келісім қолдаухатта қол қою түрінде болады не болмаса оның өтініші түрінде көрсетіледі.
11. Кепіл берушіге, егер оның өзі сезікті, айыпталушы болмаса, оған қатысты осы бұлтартпау шарасы қолданылатын адамның айыбының мәні түсіндіріледі. Кепіл берушіге күдікті, айыпталушы шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда кепіл мемлекеттің кірісіне айналатындығы туралы ескертілгендігі атап өтілген хаттама жасалады.
12. Бұлтартпау шарасын таңдаған адам кепілді қабылдағаны туралы хаттама (4-қосымша) толтырады, онда хаттаманың толтырылған жері мен күні; хаттаманы толтырған адамның тегі мен лауазымы; күдіктінің немесе айыпталушы адамның жасаған қылмысы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы); осы адамның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы; ҚІЖК-нің 132-бабындағы тәртіппен ұстаудың күні және уақыты; күдіктінің, айыпталушының анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келу міндеттерін, сондай-ақ өзінің орын ауыстырған жағдайын хабарлау туралы түсіндіру; кепіл берушіге күдікті, айыпталушы шақыру бойынша келуден бас тартқан жағдайда кепіл мемлекет кірісіне айналатындығын ескерту туралы; кепіл берушінің тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы мен жылы; кепіл ретінде берілетін ақшалай сома мөлшері не болмаса оның құны мен соттың депозитіне ақша енгізілгенін растайтын құжаттары бар мүлік тізбесі көрсетіледі. Егер кепіл беруші заңды тұлға болса, хаттамада оның толық деректемелері мен өкілдері көрсетіледі. Хаттаманы кепіл түрінде бұлтартпау шарасын таңдаған лауазымды адам толтырады және осы адам күдікті, айыпталушы, оның қорғаушылары, сондай-ақ кепіл беруші (егер ол басқа адам болса) қол қояды. Кепілді қабылдау туралы хаттама екі данада толтырылады. Бірінші данасы қылмыстық іс материалдарына тігіледі, екінші данасы қолхат арқылы кепіл берушіге беріледі. Егер кепіл беруші бірнеше адам болса, онда лауазымды тұлға растаған хаттаманың көшірмесі олардың әрқайсысына беріледі.
Хаттамадан басқа қылмыстық іске соттың депозитіне кепіл енгізу туралы құжат, кепіл ретінде алынған жылжымайтын мүлікке, автокөлік құралдарына және басқа да мүлікке құқық беретін нотариалды расталған құжаттар, олардың құнын растайтын құжаттар, сондай-ақ кепілді соттың сақтауына өткізуді растайтын құжаттар тігіледі.
Бұлтартпау шарасы ретінде кепілді таңдаған орган кепіл берушінің еңбекке қабілетті екеніне көз жеткізу керек.
13. Кепіл аумақтылығы бойынша соттың депозитіне енгізіледі. Кепіл енгізілген кезде сот тиісті құжат (кассалық кіріс ордері, төлем тапсырмасы) береді. Егер кепіл ретінде бағалы заттар енгізілсе, онда оларды сақтау нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 658 болып тіркелген, "Соттардың, прокуратура, алдын ала тергеу, анықтау, сот сараптамасы органдарының қылмыстық, азаматтық істер жөніндегі және әкімшілік құқық бұзушылық істері туралы құжаттарды, заттай дәлелдемелерді алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 12 қарашадағы № 121, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 1998 жыл-ғы 1 желтоқсандағы № 1043, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 1998 жылғы 8 желтоқсандағы № 73, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 598, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 2 желтоқсандағы № 429, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1998 жылғы 28 желтоқсандағы № 111 бірлескен бұйрығымен бекітілген нұсқаулыққа сәйкес заттай дәлелдемелерді сақтау сияқты жүзеге асырылады.
Аталған бұлтартпау шарасын таңдаған лауазымды адам кепіл ретінде жылжымайтын мүлікті немесе автокөлік құралын қабылдаған жағдайда, олармен жасалған мәмілелер жасауды болдырмау мақсатында бұл туралы жоғарыда атал-ған кепіл заттары тіркелген органдарға дереу хабарлайды.
14. Алдын ала тергеу жүргізу міндетті болып табылатын қылмыстық істі қозғаған анықтау органы қандай да бір бұлтартпау шарасын таңдауға құқығы жоқ (ҚІЖК-нің 200-бабы).
15. Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау кезінде анықтау органының бастығы бұлтартпау шарасы ретінде кепілді таңдау немесе басқаға өзгерту туралы анықтаушы шығарған қаулыны бекітеді. Анықтау жүргізудің мерзімін 10 тәуліктен астам мерзімге ұзарту кезінде күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қылмыстық іс қозғаумен бір мезгілде таңдалса, оның күші жойылуы не болмаса Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 288-бабының 2-бөлігінде белгіленген тәртіппен алдын ала тергеу өндірісі тағайындалуы тиіс.
16. Егер адам қылмыс жасағаны үшін күдікті ретінде ұсталса, онда бұлтартпау шарасы ретінде кепілді таңдау туралы қаулы қылмыстық істің материалдарын және кепілді енгізу мүмкіндігін растайтын құжаттарды қоса отырып (кепіл берушіде кепіл заттардың барлығын растайтын құжаттар), ұстау мерзімі аяқталғанға дейін 6 сағаттан кешіктірмей кепілді таңдау туралы қаулыны санкциялау туралы мәселені қарайтын прокурорға берілуі тиіс.
17. Кепіл қамауға алудың немесе үйде қамап ұстаудың орнына прокурордың немесе соттың (ҚІЖК-нің 150-бабының 9-бөлігі), сондай-ақ прокурор санкциялаған қаулы бойынша тергеуші мен анықтау органының шешімімен қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда күдікті, айыпталушы келісілген сома іс жүзінде соттың депозиттік шотына енгізілгенге дейін қамауда немесе үйде қамау-да ұстауда қалады. Осыдан кейін прокурордың, соттың қаулысы атқарылуға беріледі.
18. Ұсталған адамға (қамаудағы адамға) шоттан ақша қаражатын алу қажет болған жағдайда сенімхат ресімделеді.
19. Қылмыстық қудалау органы қамауға алу немесе үйде қамап ұстау бұлтарт-пау шараларын кепілге ауыстырудан бас тартқан жағдайда күдікті, айыпталушы, олардың қорғаушысы немесе заңды өкілдері, сондай-ақ кепіл беруші ретінде іске қатысуға рұқсат берілмеген адам ҚІЖК-нің 110-бабында белгіленген тәртіппен шағымдана алады.
20. Енгізілген кепіл бойынша міндеттемелер мерзімі кепіл түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған сәттен бастап ол жойылғанша немесе өзгергенге дейін, істі алдын ала тергеудің және сотта қараудың барлық уақытына созылады.
Егер күдікті, айыпталушы немесе айыпталушы болып табылмайтын кепіл беруші салынған ақшаны, мүлікті немесе бағалы заттарды қайтаруды талап етсе, қылмыстық процесті жүргізуші орган бұдан бас тартуға құқығы жоқ. Мұндай жағдайда кепіл - бұлтартпау шарасы неғұрлым қатаңырақ түрге өзгертілуі немесе басқа кепіл берушіге ресімделуі тиіс, бұл туралы күдіктіге, айыпталушыға түсіндіріледі.
21. Егер кепіл беруші бірнеше адам болса және олардың біреуі қабылданған міндеттемеден бас тартса, онда бұлтартпау шарасын таңдау кезінде белгіленген сома міндеттемелерді орындауды қамтамасыз еткен жағдайда ғана азайтылуы мүмкін. Кепіл мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда, жетпеген соманы басқа кепіл берушілер толықтыра алады не болмаса бұлтартпау шарасы неғұрлым қатаң түрге өзгертіледі. Бұл шешімдердің барлығы сотқа дейінгі өндірісте ҚІЖК-нің 154-бабына сәйкес қылмыстық процесті жүргізуші органның дәлелді қаулысы түрінде ресімделеді.
22. Күдікті, айыпталушы қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда, бұлтартпау шарасы неғұрлым қатаң түрге өзгертіледі. Күдікті, айыпталушы шақыру бойынша келмеген әрбір жағдайда қылмыстық процесті жүргізуші орган мұның себептерін анықтауға және күдіктіні, айыпталушыны шақыру туралы тиісті хабарламаны растайтын құжаттарды (шақыру қағазын алғаны туралы қолхаттар, баянаттар және тағы басқалар) істің материалдарына қосуы керек.
Кепілді неғұрлым қатаң бұлтартпау шарасына өзгерту үшін шақыру бойынша келмеу жүйелі, яғни екі және одан да көп болуы тиіс. Әрбір келмеген жағдай туралы қылмыстық процесті жүргізуші орган бір тәулік мерзім ішінде кепіл берушіге хабарлауы және оған кепілдің мемлекет кірісіне берілу мүмкіндігі туралы түсіндіруі тиіс.
Дәлелді себептер болған жағдайда (келу мүмкіндігінен айыратын ауруы, жақын туыстарының қайтыс болуы, дүлей зілзала, жаппай тәртіпсіздіктер, шақыру қағазын алмауы, белгіленген мерзімде келу мүмкіндігінен объективті түрде айыратын өзге де жағдайлар) күдіктінің, айыпталушының келмеуі бұлтартпау шарасын өзгерту үшін негіз ретінде қабылдануы мүмкін емес.
Егер күдікті, айыпталушы өзінің тұрғылықты жерін хабарламай жасырынған және ол осындай себептермен келуден жалтарғаны туралы жеткілікті негіздер болған жағдайда, бұлтартпау шарасын неғұрлым қатаң түрге өзгерту және оған іздестіру жариялау туралы мәселе қаралуы тиіс.
Кепілді неғұрлым қатаң бұлтартпау шарасына өзгерту туралы (үйде қамап ұстау, қамауға алу) қылмыстық процесті жүргізуші орган дәлелді қаулы шығарады, оны қылмыстық істің материалдарымен және күдіктінің, айыпталушының шақыру бойынша келуден жалтарғанын растайтын құжаттармен бірге осы бұлтартпау шарасын санкциялаған прокурорға дереу жібереді, ал сотталушыға қатысты шешімді сот қабылдайды.
Прокурор осы шешімнің заңдылығы мен негізділігін тексере отырып, сотқа кепілді мемлекет кірісіне жіберу туралы ұсыныс жасайды, бұл туралы кепіл берушіге хабарлайды. Егер бұлтарпау шарасын өзгерту туралы қабылданған шешім негізсіз және заңды бұза отырып қабылданса, прокурор өзінің қаулысымен оның күшін жояды. Мұндай жағдайларда кепіл өзгеріссіз қалады.
Егер кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту туралы шешімді сот өзінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша қабылдаса, онда кепілді мемлекет кірісіне беру туралы мәселені олар дербес қарайды, бұл туралы қаулы шығарады.
23. Міндеттемелерді орындау кезінде кепіл ретінде енгізілген сома есебінен азаматтық талапты өтеу айыпталушының өзі кепіл беруші болып табылса ғана мүмкін болады.
24. Күдікті, айыпталушы өзінің міндеттерін сақтаған жағдайда, сот істі тоқтату туралы үкім немесе қаулы шығарған кезде кепілді кепіл берушіге қайтару туралы мәселені шешеді (ҚІЖК-нің 148-бабының 7-бөлігі).
25. Алдын ала тергеу сатысында қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда, кепіл ретіндегі бұлтартпау шарасының күші прокурор санкциялаған тиісті қаулымен жойылады. Бұл ретте осы шешімді қабылдаған лауазымды адам прокурор санкциялаған қаулыны қоса отырып, кепілді қайтару туралы сотқа жазбаша түрде хабарлама жібереді. Егер салынған мүлікке шектеулер болса, қылмыстық істі тоқтатқан орган оларды алу жөнінде қажетті шаралар қабылдайды.
Сот осы қаулыға сәйкес салынған мүлікті, сақтауға тапсырылған бағалы заттарды немесе депозитке салынған ақшаны береді. Кепілді кепіл берушіге қайтару туралы құжатты сот істің материалдарына тігу үшін анықтау немесе алдын алу тергеу органына жібереді.
Кепіл туралы келісім-шарт жасасу. Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісім-шарт негізінде шешеді.
Несиелік келісім-шарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:
- несиелеу мақсаты және объектісі;
- несиенің мөлшері;
- ссуданы беру мерзімі және қайтару шарттары;
- несиені қамтамасыз ету формасы;
- несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;
- несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі;
- несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі;
Несиелік клісім-шарттың мазмұнын келісуші жақтардың өздері
анықтайды.
Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы келісім-шарттың орыны ерекше. Кепіл туралы кепіл затына байланысты ажыратылады.
Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік құқықтар жатады.
Материалдық-заттық мазмұнына қарай кепіл заттары мынадай топтарға бөлінеді:
1. Клиент мүліктерінің кепілі:
· Тауарлы – материалдық құндылықтар кепілі:
а) шикізаттар, материалдар, жартылай өнімдер кепілі;
ә) тауарлар және дайын өнімдер кепілі;
б) валюталық бағалылар (нақты валюталар), алтыннан жасалған бұйымдар кепілі;
в) басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі;
· Бағалы да тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі;
· Сол банктегі депозиттер кепілі;
· Жылжымайтын мүлік кепілі (ипотека)
2. Мүліктік құқықтар кепілі.
· Жалгерлік құқық кепілі;
· Авторлық құқық кепілі;
· Жерге құқық кепілі.
Кепіл туралы келісім-шартта мынадай мәселелер қарастырылады:
· Келісім-шарт жасасушы тараптар туралы мәліметтер;
· Келісім-шарт заты;
· Кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері;
· Кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері;
· Талап ету құқықтары;
· Кепілге қойған мүлікті қайта рәсімдеу, басқа мүлік есебінен;
· Кепілге қойған мүліктің бұзылуына байланысты тәуекел жағдайлары мен кепіл затын ауыстыру;
· Тараптардың жауапкершіліктері;
· Ерекше шарттар;
· Дауларды шешу;
· Басқа шарттар;
· Кепіл туралы келісім-шарт жасасушылардың заңды мекен-жайы мен өзге де мәліметтері.

Кредиторлардың талабын қанағаттандыру үшін кепілдік келісім-шарттың рәсімделуін реттеуші ретінде Қазақстан Республикасының №254-1 30 маусым 1998 жылы шыққан «Кепілдік мүліктің қозғалысын тіркеу туралы» заңы негізгі құжат болып табылады.
Осы заңға сәйкес кредитор (кепілдік ұстаушы), егер де қарызданушы өз міндеттемесін орындай алмаса, кепілдікке қойылған мүліктен берілген несиенің құнын ұстап қалуға құқылы.
Кепілдікке қойылған мүлікке деген талап білдірушілердің талабын қанағаттандыру үшін олардың кезектілігін белгілеп, кепілдіктегі мүлік қозғалысын тіркейді. Кепілдік заңы бойынша кез келген міндеттемені орындаудың мүмкіндігін қамтамасыз етеді (банкі несиені бергенде, құрал-жабдықты, қаражатты уақытша пайдалануға алғанда, салып-сатуда, жалғада, жүкті тасымалдағанда т.б.). Кепілдік бұйымы (нәрсесі) кәсіпорынның мүліктік айналысынан алынбауы мүмкін «ғимарат, қондырғы, өндіріс құралдары, бағалы қағаздар, ақша қаражаттары, мүліктік құқықтары т.б.), бірақ оларды Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өндіріп алуға (төлетуге) болады.
Кепілдік міндеттеменің қамтамасыз етілуі тоқтатылса, кепілдік тоқтатылады: кепілге салынған мүлік жойылған жағдайда, кепілге салынған мүлікке меншік иесі ретінде иеленген жағдайда, кепілге салынған мүлік мәжбүрлік жолмен сатылғанжағдайда және т.б. Кепілдіктің түрлері болып мүлікті салу және ипотека саналады.
Кепілге салу кезінде кепілдікке (закладкаға) салынған мүлік кепілге берушіден кепілге ұстаушының иелігіне өтеді. Кепілге ұстаушының келісімімен кепілге салынған зат кепілге берушіде айрықша сақталынып, мөр қойылып, сол жерде қалдырылуы мүмкін.
Ипотека жағдайында кепілге салынған мүліктер кепілге берушінің немесе үшінші тұлғаның иелігі мен пайдалануында болуы мүмкін.
Ипотекалық несиелік келісім-шарт бойынша негізгі қарыздың сомасын кепілдік ұстаушыға төлеуді немесе ипотекалық келісім-шарт бойынша қарастырылған басқа міндеттемелерді толық не ішінара бөлігін орындауды қамтамасыз етеді.
Егер де келісім – шартта басқаша шаралар қаралмаса, онда ипотека тек сол кезеңдегі талапты толық көлемде қанағаттандырады, демек, зиянды қалпына келтіруін; негізгі міндеттемесін бұлжытпай орындауын және басқа да заң актілерімен немесе негізгі міндеттемелерімен қарастырылған жағдайларын. Кепілдікке заттық нысандарға ие объектілерінен басқа да құқықтарды (кен орындарын пайдалану және кен шығару, кәсіпорынға, құрылысқа, ғимаратқа, қондырғыларға және т.б. жалгерлік құқық) және бағалы қағаздарды (акциялар, облигациялар, вексельдер және т.б.) қабылдауы мүмкін. Ипотекалық келісім-шарт тараптардың негізгі ниеттерін қуаттайтын құжат болып табылады және ол қағаз нысанында жазылып, оған кепілдік беруші де, кепілдікті алушы да, сондай-ақ қарызданушы да қол қояды, егер де ол кепілдік беруші қарызданушы болмаса (яғни, тұрақты тапсырма ретінде болуы мүмкін). Ипотекалық келісім шарт мемлекеттік тіркеуден өтеді, сол тіркеуден өткен кезден бастап оның ипотекалық құқығы пайда болады. Ипотекалық келісім-шартта кепілдік берушінің де, кепілдік алушының да мекен-жайы, негізгі міндеттемесінің мәні, олардың деңгейі және орындау мерзімі т.б. мәліметтері көрсетіледі. Кепілдік ұстаушының құқығы ипотекалық куәлік берілумен қуатталады, ал ол негізгі міндеттеменің орындалуын талап етуге, кепілдікке қойған мүлікті алуына құқысының бар екендігін көрсетеді. Ипотекалық куәлік бір ғана данада жасалады, ал ол тек кепілдік ұстаушының қолында болады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі