Информатика | Интернет жүйесі

Информатика | Интернет жүйесі

«Қазақстандағы білім беру жүйесін бәсекеге қабілетті елдермен теңестіріп, дамыған мемлекеттермен иық тірестіреміз» деп жүрген Бірғаным Әйтімова бастаған Білім және ғылым министрлігінің мамандары кеше көршілес ТМД елдерінің басын қосып, халықаралық форум өткізді.
Бұл жиынның негізгі мақсаты – Қазақстандағы білім беру саласының ақпараттық құрылымдарын әлемдік білім салаларымен интеграциялау жолдарын талқылау. Расы керек, сонау Англия мен Нигериядан келген мамандар «Қазақстанның білім жүйесі төрт жылдың ішінде бой түзеп, еңсесін тіктеп қалыпты» деген жағымды пікір айтты. Бірақ өз еліміздің мамандары әлі де болса, ақсап жатқан тұстарымыз бар екенін жасырмайды.
Еліміздегі сарапшы мамандардың пайымдауынша, республика көлемінде білім беру жүйесін ақпараттандыру үрдісін кейбір басшылар сөзбұйдаға салып, ақыры халық арасында сенімсіздік белең алған. «Білім ордаларын толыққанды Интернет жүйесіне қостық!» деп жоғарыға есеп беріп жүрген мектеп басшыларының 80 пайызы компьютерді қалай қосып, қалай өшіруді білмейді» деп баз кешкен қазақстандық мамандар жалған ұранмен, «қызылды-жасылды» шаралар өткізуге құмар бірқатар мектептерді сынға алды.
Өздеріне келген есептік көрсеткіш бойынша, «60 пайыз электронды оқулықтардың баламасы бар» деп масаттанған республикалық ғылыми-әдістемелік орталықтың мамандары тексеру нәтижесінде, ауылды жердегі мектептерге сол оқулықтардың бірде-бірі жеткізілмегеніне, тіпті жуықарада ауылдың қарадомалақтары оқулықтың электронды жүйесін пайдалана алмайтындығына енді көз жеткізіпті. Республикалық білім беру жүйесін ақпараттандыру ғылыми-әдістемелік орталығының аға оқытушысы Бекзада Өтемұратова:
– Орта білім беретін мектептерде компьютерлердің жетіспеушілігінен үлкен мәселелер туындатып отыр. Электр жарығын толыққанды пайдалана алмай отырған ауылдар да бар. Ал енді осы ауылдағы білім саласының мамандары бізге келіп, «Интернет жүйесіне толық қосылдық» дейді. Бұған қалай сенуге болады?! Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 377 бала компьютердің не екенін білмейді. Ал Батыс Қазақстанда 297 бала информатика пәнін мүлде оқымаған. Компьютерлік бағдарламасы мүлде ескіріп кеткен білім ордалары да жетерлік. 1991 жылы сатып алған компьютермен күн көріп отырған мектептердің білім жүйесін қалай ақпараттанған дейміз. Кейбір ескі компьютерде қазақша әріптер де жоқ, – деді.
Ал Парламент Сенатының депутаты Талғатбек Абайдилдин болса, әзіл-шыны аралас: «Қазақ үйіне қонағын шақырып алып, оған басындағы проблемасын айтпайды» деп бір күліп алып, «бүгінгі жиында мәселелер толыққанды қамтылды деп ойлаймын. Жиында қозғалған жайттар алдағы уақытта өз шешімін табады» – деді.
Мамандардың пікірі арқылы өз елімізде болып жатқан жайтқа қаныққан соң «Өзге елде білім саласын ақпараттандыру деңгейі қалай жүріп жатыр?» деген сұраққа жауап іздеп, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерінің ЮнескО-дағы өкілі Тарья Виртаненмен тілдесуге мүмкіндік алдық. Ол: «АҚШ-та білім беру саласы дамып, шегіне жеткен десе де болады. Бір ғана мысал, Нью-Йорктің көпсалалы орта мектептерінде әрбір бала компьютерде ай сайын 40 сағат отырады. Интернет жүйесі арқылы әлемнің кез келген елімен байланысқа шыға алады» – деді.
Ал біздің елде бір компьютерге сегіз баланың телміретінін ескерсек, 40 сағат қиял болып қалатынын сезінесің де, амалсыз басыңды шайқайсың...

Ақпараттық технологияларды дамыту
Мұндай кең ауқымды шара елімізде кездейсоқ ұйымдасты¬ры¬лып отырған жоқ. Бүгінде Ин¬тер¬нет пен ақпараттық техно¬ло¬гиялар маңызы жағынан мемле¬кет¬тік саясаттың құрамдас бө¬лі¬гіне айналуда. Ел Президентінің тікелей қатысуымен өтетін ин¬тер¬нет-конференцияның мақсат¬тарының бірі ақпараттық техно¬ло¬гияларды насихаттап, тұрғын¬дар-дың компьютерлік сауат¬ты¬лығын көтеру болып табылады.
Бұл – уақыт талабы, өйткені, тарихи тәжірибе өндірістік құндылықтарды алмастырудан қашып құтыла алмайтынымызды айғақтап отыр. Егер көптеген өр¬ке¬ниетті елдер, олардың ішінде Еуропа мемлекеттері де бар, жа¬һандық ауқымда алып қарағанда аталған сала бойынша ілгері дамып кеткенін ескерсек, бізге де әркез тек қуып жетуге тырысу¬шы¬лар ретінде жүрмес үшін ақ¬па¬раттық технологиялар әлеміне енуді осы бастан ойлауымыз керек.
ХХІ ғасырда жаһандану үр¬дістерінің негізгі қозғаушы күші жаңа технологияларды күрт дамыту болып табылса, оның әлемді ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталған өндірістік революция жасағаннан да көп өзгертуге қабілетті екенін нақты түйсінудің маңызы зор. Инвес¬ти¬ция міне осы жоғары дамыған ақпараттық технология саласына үлкен ағынмен құйыла бастайды. Дүние бұрынғыға қарағанда ты¬ғыз¬дана және көп мөлшерде ақпараттана түседі.
Қазақстан жаһандану мен жаңғыртудың аталған сынақ¬тары¬на айтарлықтай мән беріп отыр. Мемлекет басшысы өзінің барлық бағдарламалық сөзде¬рін¬де, олардың ішінде Қазақстан хал¬қына Жолдауында еліміз модер¬низациялық секіріс жасау үшін ақпараттық технологиялар мен инновациялардың үлкен маңызға ие екенін қайта-қайта мәлімдеп келеді.
Осы мақсаттар есепке алына отырып жасалған, Елбасы бе¬кіткен Қазақстан Республикасын Индустриялық-инновациялық дамытудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы бүгінде жос¬парлы түрде жүзеге асырылу үстінде. Стратегияға сәйкес ин¬но¬вациялық түзілімдер бес басым салалар төңірегінде шоғырлан¬ды¬рыл¬ғанын да айта кетейік. Олар: ақпараттық технологиялар, био¬тех¬нологиялар, нанотехноло¬гия¬лар, баламалы энергетика, көмір¬сутегі шикізатын өңдеу техноло¬гиялары. Қарап отырсақ, ақпа¬рат¬тық технологияларды дамыту белгіленген басымдықтар тізі¬мін¬де бірінші тұр, ал бұған үлкен не¬гіз бар екені түсінікті болса керек.
Ақпараттық технологиялар маңызының мысалы ретінде ІТ-дің Франция индустриясындағы өсу ырғағын келтіруге болады. ХХІ ғасыр шебінде Интернетті пайда¬лану¬шылар қатары бес есе артқан бол¬са, ақпараттық технологиялар саласындағы шағын кәсіпорындар саны күрт көбейіп (екі жылда 15 мың), бұл бағытқа құйылған қаржы 1997 жылдан бермен қарай 5 есе ұлғайған. Нәтижесінде ақпараттық технологиялар мен байланыстың қазіргі заманғы құралдары бүгінде Франция ІЖӨ-сінің 5 пайызын құрап отыр. Бұл туризмнен түсетін табыспен бірдей деген сөз. Ал Франция Италия және АҚШ-пен бірге туристер ең көп баратын ел¬дер¬дің үштігіне кіреді. Бұдан да әсер¬лі деректі көлденең тартар бол¬сақ, Францияның ақпараттық “ин¬дустриясынан” түсетін табыс энер¬гетика мен автомобиль жасау сала¬ларын қоса алғандағының алдын орайды.
Егер Интернет туралы дербес әңгіме қозғасақ, аталған сала өзінің қазіргі даму қарқынымен және әлеуетімен таңқалдырады. Интер¬нет¬тің әлемдік кеңістікте табысты әрі аса жылдам дамуының мысалы ре¬тінде “Google” және “Yahoo” із¬деу жүйелерін келтірсек те жет¬кі¬лікті ғой деп ойлаймыз. Өйткені, аталған жүйелер Интернеттің жар¬нама таратудағы ерен мүмкіндігін көрсетеді. Мәселен, “Google” мен “Yahoo” 2004 жылы өздерінің жар¬намалық қызметтерінен 6,5 мил¬лиард доллар табыс тапқан. Бұл 2003 жылғыдан 4 миллиард дол¬лар¬ға көп. Бүгінде ақпаратты Интер-нет-БАҚ-тарға орналастырудан да пайда мол. Себебі, ол дәстүрлі жарнамалық жүктемелерге қара¬ған¬да анағұрлым мақсатты және бағдарлы сипатқа ие.
Осындай әсерлі мысалдарды на¬зарға ала отырып, еліміз ақпа¬раттық технологиялар саласындағы екпінді жобаларға, атап айтқанда, бүгінгі күні әлемдік рынокта шын мәнінде бәсекеге қабілетті ин¬тер¬нет-технологияларды дамытуға ерекше назар аударып отыр.
Қазақстанда республикалық ауқымдағы бірнеше провайдер – “Қа-зақтелеком”, “Nursat”, “ASTEL”, “KazTransCom”, “Транстелеком”, “Арна” (“Ducat”) және “Golden Telecom” қызмет көрсетсе, өңірлерде жергілікті про¬вайдерлер белсенді жұмыс істеуде. Домендер мен сайттардың саны да көңіл қуантарлықтай: қолымызда қазіргі бар деректің өзіне қара¬ған¬да, 2005 жылдың қазаны мен 2006 жылдың мамыры аралығында ғана олар 9 мыңнан 12 мыңға дейін көбейген.
Елімізде Интернет желісін тұ¬рақ¬ты пайдаланушылар қатары қар-қынды өсіп келе жатқандығын тө¬мендегі дерек айғақтай түседі: 1997 жыл – 41,1 мың, 1998 жыл – 71,4 мың, 1999 жыл – 93 мың, 2000 жыл – 117,5 мың, 2000 жыл – 200 мың, 2001 жыл – 500 мың және… 2005 жылы 1 миллионнан астам адам!
Интернетті пайда¬лану¬шы¬лар¬дың осындай ауқымды аудито¬рия¬сының ішінде Қазақстанның саяси және экономикалық дамуы қызықтыратын азаматтар саны айтарлықтай екені күмән туғыз¬байды. Егер бұрындары мемле¬кет¬тік биліктен жауап алу үдері¬сіне біршама уақыт кететін болса (шенеунікпен жеке әңгімелесу, жазбаша сұрау салу, немесе БАҚ-тарда ашық хат жариялату үшін), бүгінде Интернетті пай¬да¬ланудың нақты мүмкіндігі туып отыр. Оның үстіне, тіпті дәстүрлі электронды (радио, телевизия) және мерзімді БАҚ-тардың өзі кейбір керекті дү¬ние¬лерін Интер-нет¬тің жаһандық желі¬сі¬нен іздеуге мәж¬бүр. Осымен бай¬ла¬нысты қазіргі қа-зақ¬стандық үшін Ин¬тернеттің бірте-бірте ақпарат алу¬дың негізгі көзіне айнала бастағаны туралы айтқан орынды.
Осы тұрғыдан келгенде, Елбасы Нұрсұлтан Назар¬баев¬тың тікелей қа-тысуымен өтетін алғашқы интер¬нет-конференция мемлекеттің Интернеттің тұтастай алғанда елімізде дамуына ерекше назары¬ның ғана емес, сондай-ақ әр қазақстандықтың жеке сұра¬ны¬сын қанағаттандыруға деген ұм¬ты-лысының да нақты көрінісі болып табылады.
Мемлекет басшысына өзіңді қызықтырған сұрақты тікелей қойып, оған жауап алу мүмкіндігі шын¬дығында басқа қай кезде және қай жерде пайда болуы ықтимал?
Президенттің қатысуымен болатын интернет-конференция сұрақтарының статистикасы қа¬зірдің өзінде қазақстандықтарды түрлі бағыттағы сауалдар қызық¬тыратынын көрсетіп беріп отыр. Олардың көпшілігінің нақты бір адамға ғана емес, ел тұрғындары¬ның басым бөлігіне қатысы бар. Қойылған сұрақтар саны жағы¬нан көшбасшы білім және ғы¬лым саласы болып табылады. Екін¬ші орында тұрғын үй сая¬саты саласы тұр. Үшінші орын бәсекеге қабілетті экономика мен өнеркәсіптің үлесінде.
Мемлекет басшысының қа¬ты¬суымен өтетін интернет-кон¬ференцияның бір парасы Интер¬нет болып табылатын ақпараттық технологиялар жетістігіне қазақ¬стан¬дықтардың бұрынғыдан да көп бөлігін үндестіретіні еш кү¬мән туғызбайды. Бұл өз кезегінде біздің қоғамымыздың қазіргі за-манғы ырғақты дамып келе жат¬қан ақпарат әлеміне интегра¬ция¬лануына қосымша серпін бере¬тіні тағы анық. Өйткені, Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан – ол жаһандағы жаңа ақпараттық мүм¬кіндіктерді табысты қолда¬на¬тын ел. Және ол әлемдік кеңіс¬тікке өзінің ақпараттық жүгімен ену үстіндегі ел.
Қазақстан халқы әзірше сон¬¬шалықты көп емес, 15 мил¬лион ша-масында ғана. Ал бұл Ин¬тер¬нетті барынша да¬мы¬ған елдерде пайдаланатындай дең¬гей¬ге ұмты¬лу¬ға итермелейтін тағы бір ұтым¬ды себеп болып та¬былмақ. Мы¬сал үшін айтсақ, Скандинавия елде¬рінде тұрғын¬дар-дың 90%-ға жуы¬ғы Интернетті пайдаланады. Мұн¬дай мақсатқа жетуге алғы¬шарт¬тар Қазақ елінде де жоқ емес. Елбасының ақпарат ал¬масу үшін Интернет секілді заманауи тәсілді кеңінен пай¬даланатын уақыттың кел-геніне өзі бас болып үлгі көр¬сетуі өз¬гелерді де осынау про¬грессивті жолды таңдауға қадам басты¬ратыны анық.
Интернет жүйесі қазақы қоғамға дендеп енді. Бүгінгі ұрпақтың бүкіл тыныс-тіршілігі осы жүйеге тоғысты. Рас, интернет бізге дамыған елдер қатарында саналуымыз үшін, әлемдік кеңістікке енуіміз үшін ауадай қажет. Бірақ бізге керегі – оның өз тілімізде, өз ұлтымызға қызмет етуі еді.
Қазір қалалы жерлерде, аудан орталықтарында, тіпті кей «дамыған» ауылдарда интернет клубтардың, интернет дүкендердің жұмыс істей бастағанына да біраз уақыт болды. Кез келген мәселе секілді бұл жердегі де проблема – жүйенің қазақыланбауы, интернеттегі қазақ тіліндегі мәліметтердің аздығы, ұлттың өзіне тиесілі жеке құндылықтары жайлы ақпараттардың түспеуі және осы дүниелерді қарапайым оқырман интернет дүкендерінен қанша сабылса да таба алмауы. Талай жылдардан бері Ұлттық кітапханада еңбек етіп келе жатқан тәжірбиелі кітапханашы Сағира Қанахина да бұл мәселеде өз ойын былайша білдіреді: «Қазақ кітаптарының таралымы да, тиражы да қанша жерден «қоғам дамыды, ілгеріледі» десек те, бүгін өте төмен жағдайда тұр. Бірақ оны оқуға құмар адамдар аз деп айта алмаймын. Жалпы, қазақ – кітап оқып, сауатын тереңдетуге өте құмар халық. Санаулы ғана тиражбен шығатын кітаптар көп жағдайда осындай білімге құштар оқырманның қолына жете бермейді. Қазір енді интернеттің мүмкіндігі мол ғой. Бірақ біздегі интернет жүйесіне тек қана экономикалық, құқықтық мәселелерге қатысты оқулықтар мен әдебиеттер енгізілген. Олар да санаулы ғана. Көркем әдебиет жоқтың қасы. Бұл енді біздің кітапханашылардың шешетін шаруасы емес. Бұны жоғарғы жақта отырғандар шешуге тиіс. Жалпы, қаланың халқы интернет жүйесін көп пайдаланады. Сондықтан да көркем әдебиеттер осы жүйеге енуге тиіс. Барлық әдебиеттерді енгізу, әрине, мүмкін емес. Сондықтан да атаулы деген танымал біраз еңбектерді түсіруге болатын шығар. Біздің кітапханашылардың қолынан бұл жерде түк те келмейді. Мұны жоғарыдағы билік адамдары қолға алмаса, құры әңгімеден ештеме өнбейді». Бұл шындығында, бірінші рет көтеріліп отырған мәселе емес. Ел жанашырларының аузынан бұдан біраз бұрын да айтылған болатын. Бірақ осы мәселе «жартасқа бардым, күнде айғай салдымның» кебін киіп келеді. Осы жердегі «не істеу керек?» деген заңды сұраққа кітапханашы: «Меніңше, бұл өзекті жайда баспагерлер де, авторлар да қателік жіберіп отыр. Әлде мүмкіндіктері жоқ. Мысалы, мен өзім автор болып жақсы бір кітап жазсам, ең алдымен оны осы жүйеге түсіруге ыңғайлаған болар едім. Оған біреулер мүмкіндік жоқ дер. Менің пікірімше, мүмкіндіктің бәрін сол адамның өзі жасайды. Дәрігер адамды емдеу үшін бар мүмкіндігін салады ғой. Сол секілді ұрпақтың жаны сау болуы үшін оларға да жанашырлар шығуы керек. Қазір, мысалы, интернет жүйесі барлық ауылдық жерлерге де бара бастады. Осыдан кейін ауылдық баланы қалай интернетке үңілмейді деп айта аларсың. Дәл қазіргі кезде сол интернеттен бала қазақ мәдениетінен басқа өзге елдің мәдениеті жайлы да мәліметті ала алады. Демек, біздің интернет жүйесіндегі ұлт жанды азаматтардың дәл қазір қарекеттер жасауы қажет» дейді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?