География | Дүниежүзілік мұхиттағы мұнай қоры және мұнай дауы

География | Дүниежүзілік мұхиттағы мұнай қоры және мұнай дауы

Дүниежүзілік мұхиттағы мұнай қоры және мұнай дауы
Жер шарының шамамен 3/4 бөлігін үздіксіз шетсіз-шексіз су қабаты - әлемдік мұхит алып жатыр. Құрлықтар арасында орналасқан, көлемі үлкен, өзіндік жеке су мен атмосфера айналымы бар, айтарлықтай гидрологиялық режимімен ерекшеленетін әлемдік мұхиттың бөліктерін мұхит дейміз. Мұхиттар теңіздерге, шығанақтарға және бұғаздарға бөлінеді.

ТЕҢIЗ ЖӘНЕ ТАБИҒИ ҚОРЛАР ДАУЫ

Жердi бөлiсе алмай таусылған кейбiр елдер ендi мұхит пен теңiз түбiне таласуда. Өйткенi, сарқылуға айналған табиғи ресурстардың игерiлмеген бөлiгi судың астында сақтаулы.
Жер бетiндегi түгелiсiп бара жатқан табиғи ресурстар үшiн күрес қыза түскен. Мұнай мен газ, бағалы және түрлi түстi металл, тасымал жолдары шектеулi көмiрсутегiлер әлемдiк саяси сахнаның күн тәртiбiне шықты. Кремль дайындаған “Ұлттық қауiпсiздiк стратегиялары” атты құжатта әлемдiк қорлар жолындағы тайталас Арктика, Таяу Шығыс, Баренцево мен Каспий теңiздерi, Орталық Азиядағы көмiрсутегiлерге бай мемлекеттерде орын алуы мүмкiн екендiгi айтылған. Халықаралық агенттiктер тарапынан ұсынылған деректерге сүйенсек, алдағы 10-15 жылда Жер шарында табиғи ресурстарды иемденудi көздейтiн күрес жиiлейдi. Өйткенi, жұмыр Жерге бұйырған мұнай мен газдың игерiлмеген бөлiгi (100 миллиард баррель) Солтүстiк Мұзды мұхиттың түбiнде жатыр. Қазiргi кезде миллиардтаған “қара алтынға” қожалық ету құқығына АҚШ, Дания, Норвегия, Канада мен Ресей таласуда. Тiптi, АҚШ, Канада мен Ресейдiң мұхит жағалауына тұрғызған әскери қалашықтары бар, ал қарулы қақтығыстарға дайын тұрған әскери қару-жарақтар кез келген сәтте берiлуi мүмкiн бұйрықты күтiп, қаңтарылған. Орыстар әскери-теңiз күшiнiң үштен екiсiн солтүстiк бөлiкке шоғырландырса, оларға қарсы Құрама Штаттардың әлемдi айбынымен ықтырған Екiншi флоты тұр. Мамандардың көпшiлiгi алдағы онжылдықта Жер шарында болмаған ең сұрапыл соғыс осы энергоқорлардың соңғы сарқыны сақталған Солтүстiк Мұзды мұхиттың төңiрегiнде болатынын айтады. Ресми деректерге сүйенсек, Арктиканың жағалауына жататын 5 мемлекет – АҚШ, Канада, Дания, Норвегия мен Ресей тек өздерiне тиесiлi жағалауда 200 мильге ғана иелiк етсе, мұхиттың қалған бөлiгi ешкiмнiң қожалығында емес. Мұхиттың бөлiгiн барынша молынан қарпып қалуға тырысқандарға БҰҰ тарапынан талап қойылды: егер мүдделi мемлекеттер мұхиттың өзге бөлiгiндегi елмен шектесетiн шекараларды анықтаса, мұхиттағы қосымша бөлiкке ие болады.
Бес ел осылайша мұхит түбiндегi көмiрсутегiлерге таласып жатқанда 69 мемлекет Бiрiккен Ұлттар Ұйымының комиссиясына теңiз түбiнде жатқан табиғи ресурстар қай елге тиесiлi екендiгiн анықтап беру туралы деклорацияларын жолдады. Әзiрге аймақтық жер дауына әкеп соғуы мүмкiн бұл мәселе шешiлген жоқ. БҰҰ тарапынан бекiтiлген заңдық құжаттарға сәйкес, теңiзден 220 миль (370 шақырым) қашықтықтан алыс орналаспаған кез келген мемлекет теңiз тереңдiгiнде сақталған қорларды пайдалануға құқылы. Алайда, территориясының басым бөлiгi теңiз қайраңында жатқан кейбiр елдер ресурстарға қатысты үлес салмағын арттыруға ниеттi. Сондықтан 69 мемлекет БҰҰ-ға нақты шекараларды белгiлеп берудi тапсырды. Ал БҰҰ тексеру жұмыстарын жүргiзе келе, әлемдiк картадағы теңiз шекараларын нақты әрi айқын белгiлеу iсiне кiрiсiп кеттi. Бүгiнде жер дауымен бiрге теңiз дауы да өрши түскен. Мысалы, Жапония мен Ресей арасындағы аралдарға байланысты туындаған дау, Фольклендтiк аралдарға таласқан Ұлыбритания мен Аргентина, Оңтүстiк-Қытай теңiзiн бөлiсе алмай шаршаған Қытай, Малайзия, Филиппиндер мен Вьетнам т.б.

Солтүстік Мұзды мұхиттағы мұнай қоры

Солтүстік Мұзды мұхиттың алабында 200 миллиард баррель мұнай қоры жатыр
АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат - Солтүстік Мұзды мұхиттағы мұнайдың қоры 200 миллиард баррельге жетеді. Еуроодақтың ауқымы жағынан екінші компаниясы саналатын - «Бритиш Петролеум» компаниясы осындай болжам жасады,
деп хабарлайды РАТА-ТАСС агенттігі.
«Мұзды мұхиттың алабында, оның оффшорлық аудандарын қосқанда, бүгінде бүкіл әлемде ашылған жалпы мұнай қорының ширек бөлігінен жартысына дейін жететін мұнай қоры бар», - деп хабарлады «Бритиш Петролеум» компаниясының бөлім басшысы Майкл Дейли. Оның айтуынша, британдық компания қазір Арктиканың бірқатар аудандарында - Ресейдің, Канада мен АҚШ-тың экономикалық аумақтарының суларына жақын маңда геологиялық барлау жүргізуде. Табиғи газдың жаңа кеніштерін іздеу жөніндегі бірқатар жобалар «Ресеймұнай» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда, дейді Дейдли.

РФ мен Қытай мұнай-құбыр жолдарының салынуы (Тынық мұхит)

Ресей мен Қытай Шығыс Сібір - Тұнық мұхиттан (ВСТО) мұнай құбырынан Қытайға тарату құрылысына, сондай-ақ «Алтай» газ құбырына дайындығы мен ұмтылысын растады, деп мәлімдеді Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының (СNPC) сыртқы байланыстар басқармасының бастығы Чжан Синь. Хабарланғандай, ВСТО Азия-Тұнықмұхит өңірінің келешекті рыногына мұнай тасымалдау үшін салынады. Мұнай құбырының бірінші кезегін 2009 жылдың аяғында енгізу жоспарланып отыр. Қытайға тармақтау құрылысы салынатын жағдайда осы бағытта жылына 30 млн. тонна, Сковородино-Тынықмұхит бағдарымен - 50 млн. тонна жеткізілетін болады. 2006 жылы "Газпром" және CNPC батыс және шығыс бағыттарымен Қытайға газ жеткізу туралы хаттамаға қол қойды. Батыс Сібірден газ жеткізу құрылысы төрт жылға есептелген «Алтай» газ құбырымен жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сонымен бірге, отынның бағасы бойынша келісімділік болмағаны себепті оның құрылысы, сонымен бірге жеткізуді бастау шегерілді. Сенбі күні қытай жағы Ресейден жылдам нейтрондардағы ядролық реакторды сатып алуға үлкен мүдделілікті растайды, деп хабарлады «Интерфакс-Қытай» агенттігіне ақпараттандырылған ресей көзі. Ол «қытай жағы осы мәселені бірінші рет көтеріп отырмағанын» атап көрсетті. Бірақ Ресейдің дайындығына қарамастан, «тараптар қытай серіктестері өте төменгі бағаны ұсынып отырғаны себепті бір келісімге келе алмайды». И.Сечин энергетикалық ынтымақтастық бойынша ресей-қытай диалогына қатысу үшін Қытайда болды. Ресей үкіметі басшысының орынбасары ҚХР Мемкеңесінің премьері Вэнь Цзябаомен кездесіп, өзінің қытайлық әріптесі Ван Цишанмен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында екі ел үкіметі басшыларының жүйелі кездесуінде қазан айында нәтижелерді баяндау үшін, ірі екі жақты жобаларды қосымша өңдеу туралы келісімділікке қол жеткізілетін болады, деп мәлімдеді И.Сечин. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі