Фармакология | Дофаминергиялық заттар жіктелуі

Фармакология | Дофаминергиялық заттар жіктелуі

Фармакологиялық заттардың көптеген топтары нигростриалды, мезолимбиялық және туберофундибулярлы жолдары бар дофаминергиялық жүйеге әсер етеді.Қозғалыс белсенділігінің орталық реттелуі, мінез құлық және психикалық қызметтер, бірқатар гипофизарлық гормондардың өнімі, құсу орталығының қызметі дофаминергиялық жүйенің жағдайына тікелей байланысты.Дофаминергиялық жүйенің реттелуі пост және пресинаптикалық дофаминдік ( D) рецепторлар арқылы іске асырылады.Пресинаптикалық дофаминдік рецепторларды қоздыру жүйке ұштарынан дофаминнің синтезі мен босап шығуын төмендетеді.
Дофаминдік рецепторлардың 2 тобы бар : D ^1 –рецепторлар көбінесе постсигаптикалық тежелулер шақырады. Олар G^1-белоктарымен байланыста. Аденилатциклазаны ынталандырып, цАМФ-тың мөлшерін жоғарлатады. Бұл рецепторлар G^і/о-белоктармен байланыста. Аденилат циклазаны тежейді. Сонымен қатар, олар К+-өзекшелерін белсендіріп, Са2+-өзекшелерін тежейді. Қолданып жүрген дәрілік заттардың ішінен дофаминдік рецепторлардың тежегіштері ретінде және дофаминергиялық жүйені белсендендіретін (паркинсон ауруында қолданылатын заттардың бірқатары акромегалияда өсу гормоны мен пролактиннің өнімін төмендететін дофаминомиметик бромокриптин) заттарда болады.
Паркинсонизмді емдеуде қолданылатын дофаминдік рецепторладың ынталандырғыштарына бромокриптин (парлодел) жатады. Химиялық құрылымы бойынша бұл қастауыш алколоидты эргокриптиннің жартылай синтетикалық туындысы. Дофаминдік D^2-рецепторларының агонисті болып табылады. Паркинсонға қарсы айқын белсенділігі бар. Бромокриптинге тән әсерлерге, сондай-ақ пролактин мен өсу гармонының өнімін төмендету жатады. Ішке қабылданады. Асқазан ішек жолдарынан шамамен 30% сіңеді. Бірталай бөлігі бауыр тосқауылынан бірінші рет өткенде ыдырайды. Қанның сары суында максималды концентрациясы 1,5-3 сағат жиналады t^1\3 сағат. Бромокриптиннің айтарлықтай бөлігі биотрансформацияға ұшырайды. Шығуының негізгі жолы өтпен ішекке түсу арқылы. Бромокриптин,ереже бойынша, леводопамен жұптастырылып қолданылады.
Емдеудің алғашқы кездеріндегі жанама әсерлері: лоқсу, құсу, ортостатикалық гипотензия. Ұзақ қолданғанда психикалық бұзылыстар, дискинезия, этил спиртін көтере алмаушылық, іштің қатуы және т.б. дамуы мүмкін.

Rp: Tabulettam Bromocriptini 0,03
D.S. Ішке күніне үш рет тамақтан кейін
#

D^3-және D^3-дофаминдік рецепторлар антогонисттерінің бірі ропинирол болып табылады. Оның паркинсонға қарсы әсерін неостриатумдағы постсинаптикалық D^2-дофаминдік рецепторларға ықпалымен байланыстырады. Пролактиннің секрециясын босады. Паркинсонизмде ропиниролдың тиімділігі бромокриптиннен басым. Оның орталық әсерлері дофаминдік D^2- рецепторларды тежейтін психозға қарсы және басқа да заттармен жойылады.
Препарат шеткі D^2-рецепторлардың да агонисті. Бұл ортостатикалық гипотензиямен байқалады, мұны осы рецепторлардың тежегіші домперидонды енгізу арқылы алдын алуға болады. Ропиниролды ішке енгізгенде жылдам және толығымен сіңеді. Қан сары суындағы максималды концентрацисы 1 сағат кейін анықталады. Биожеткілікті шамамен 55% .Қан сары суының белоктарымен затың 10-40% байланысды. Айтарлықтай бөлігі бауырда метоболизмге түседі. Бүйрек арқылы бөлінеді. t=6 сағат.
Бұл топтың препараттары психозға қарсы әсер көрсетеді және белгілі дәрежеде айқын тыныштандырғыш әсер көрсетеді. Психозға қарсы әсері олардың психоздың өнімді көріністерін жоюына сандырақ галлюцинация және аурудың әрі қарай дамуын кідіртуіне байланысты.Тыныштандырғыш қасиеті аффекті реакциялардың жоюлуымен, тынышсыздықтың, үрейдің және қозғалыс белсенділігінің төмендеуімен сипатталады.
Психозға қарсы әсерінің механизмі толығымен ашылмаған. Аталған топтың көптеген препараттарының бұл әсері лимбиялық жүйенің постсинаптикалық дофаминдік D^2- рецепторларын тежеуіне байланысты деген жорамалдар айтылады. Дофаминдік рецепторлардың тежегіш қасиеті олардың мінез құлықтық реакциялар және жеке нейрондар деңгейінде дофаминмен және дофаминомиметмктермен антогонизмдігімен байқалады.
Психозға қарсы заттардың дофаминергиялық жүйеге ықпал жасауы оларға тән экстрапирамидалық бұзылыстар секілді жанама әсерлер шақыру мүмкіндіктері де түсіндіріледі. Бұл жағдайда барлық көріністер психозға қарсы заттар тежейтін дофаминге сезімтал рецепторлардың айтарлықтай саны орналасқан жер неостриатумда жүреді.
Психозға қарсы заттар мен дофаминнің арасындағы антогонизм дофаминнің соңғы ядролар аймағында ионофоретикалық инъекция түрінде енгізу зерттеулерімен дәлелденеді.Тәжірибенің осындай жағдайында психозға қарсы зат аминазинді алдын ала енгізу дофаминнің соңғы ядролар нейрондарына тежегіш әсерін жояды.
Аминазин спектрі кең. Препарат ОЖЖ не. Сондай ақ шеткі инервацияға, атқарушы мүшелерге және зат алмасуға айқын әсер көрсетеді.
ОЖЖ не ықпалы бірқатар әсерлермен байқалады. Сонымен, аминозинге психозға қарсы және тыныштандырғыш әсер, сондай ақ экстрапирамидапық бұзылыстар шақыру тән.Үлкен мөлшерлерде ол гипноздық әсер шақырады: сыртқы тітіркендіргіштермен жылдам үзілетін беткейлік ұйқы дамиды.
Аминазинге қозғалыс белсенділігін төмендететін миорелаксациялаушы қасиет тән. Бұл көбіне базальды ядроларға әсер ету арқылы бұлшық еттер тонусының супраспинальды реттелуін тежеуіне байланысты. Аминазин, сонымен қатар жұлындық рефлекстерге ретикулярлы формацияның төмендегіш жеңілдетілген ықпалдарын азайтада немесе толығымен жояды. Препарат жұлынның өзіне әсер етпейді.
Аминазин жылу реттеу орталығын тежейді. Көбінесе шамалы гипотермия байқалады. Аминазиннің әсерінен бір уақытта суық ауаны қолданса дене температурасының барынша төмендеуі байқалады.
Аминазин IV қарыншаның түбінде орналасқан жіберу аймағының дофаминдік рецепторларын тежеуіне байланысты құсуға қарсы айқын әсер етеді. Осыған орай аминазин опомарфинмен, морфинмен, хлорэтиламиндер тобының бластомаға қарсы заттармен шақырылатын құсуларды ескертеді.
Аминазин ОЖЖ не ықпалының бірі бірқатар нейротропты препараттардың наркозға арналған заттардың, наркотикалық әсері бар ұйықтатқыш заттардың, опиоидты анальгетиктердің әсерлерін шамадан тыс күшейту мүмкіндігі болып табылады. Олардың әсерлерінің күшеюі аминазиннің осы препараттардың биотрансформация үрдістерін тежеуімен байланысты.
Аминазинді ұзақ пайдаланғанда оған бейімделу пайда болады. Бірақ бұл оның тек тыныштандырғыш гипотензивті және басқа да әсерлеріне байланысты, психозға қарсы әсері өзгермейді.

Rp: Dragee Aminazini 0,025 N. 30
D.S Бір дражеден күніне үш рет тамақтан кейін.
#

Rp: Sol. Aminazini 2,5% 1 ml
D.t.d N. 6 in ampull.
S. Бұлшықетішілік инъекция үшін; 5 мл 0,5% новокаинмен бірге
#

Rp: Sol. Aminazini 2,5% 2 ml
D.t.d. N. 6 in ammpull.
S. Тамыр ішіне 1-2 мл-дан; 20 мл 5% глюкозамен бірге.
#

Орын басқан бензамидтер туындыларына сульперид жатады.Ол дофаминдік D2-рецепторларына таңдамалы әсер ететін тежегіш болып табылады. Жеткілікті айқын психозға қарсы әсері бар. Оған қоса құсуға құсуға қарсы әсер де тән. Тек болмысыз тыныштандыргыш әсер шақырады. Асқазан ішек жолдарынан нашар сіңеді. t=5-10 сағат.

Rp: Sulpiridi 0,05
D.t.d. N 30 in capsules
S. Күніне үш рет тамақтан кейін
#

Rp: Sulpiridi 2 ml-5%
D.t.d N 6 in ampulis
S. Бұлшықетке енгізу үшін
#

Rp: Sol. Sulpiridi 0,5%-5 ml
D.S. Ішке қабылдау үшін ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі