Тарих | Жастар денсаулығы – Қазақстан болашағы

Тарих | Жастар денсаулығы – Қазақстан болашағы

Тәуелсіздік туын желбіретіп, өз алдымызға бөлек ел болып қалыптаса бастаған кезімізде баршамызды мазасыздандырған түйінді мәселе¬лер¬ді басымыздан өткізуге тура келгені бәрімізге де мәлім. Жаңа заман, жаңа леп жақсылығымен бірге бас шай¬қа¬тар кемшіліктерін де ала келді. Бұған себеп, бұрын бір қалыпта, бір үлгідегі өмірімізге елеулі өзгеріс енді. Тас бе¬кітулі шекаралардың ашылуы, елі¬мізге лап берген шетел¬дік азаматтар, бизнесмендер, ин¬вес¬торлар, тіпті алыпсатар сауда¬гер¬лерге дейінгі топтар өздерімен көңілді селт еткізер жаңалық¬тары¬мен бірге ортаны ой¬сы¬ратар кем¬ші¬ліктерін де ерте келгені бел¬гілі. Яғни, нарық заманы өмірі¬міз¬ді түп-кілікті түрде өзгертті. Бір¬қа¬тар жер¬ле¬ріміз гүлденіп жатса, екінші жері-мізде қуаңшылық басталды. Ауыл тұрғындарының тіршіліктің қамы¬мен жаппай қалаға ағылуы бұ¬рын¬нан сақталып келген қала мен дала тіршілігіндегі тепе-теңдікті бұзып, базарлар көркейіп, жұрттың тұтыну деңгейі жақсарғанмен де, ауылдағы өмір жұтаң тартты. Адам¬дардың пейілі тарылып, мінездерінде елеулі ауытқушылық байқалды.
Осы жәйттер ересектермен қоса жастардың да тұрмыс-тіршілігіне қат-ты өзгеріс енгізіп еді. Ең қор¬қы¬ныш¬тысы “есіре” бастаған ақшаның қол-дауындағы “еркін махаббат” арқылы кең тарай бастаған жұқпалы аурулар, әсіресе тікелей өлімге апарар кездей¬соқ жыныстық қатынастар, наша¬қор¬лық, есірткіге бас ию немесе жаман әдеттерге ұрыну, адам өлтіру, ұрлық жасау, зорлау, қинау сияқты дәл біздің қазағымызға жат қылықтар орын ала бастады. Сөйтіп, салауат¬ты өмір салтын қалыптастыру мәселесі өзінен-өзі туын¬да¬ды. Бұл, айтылған алапаттың алдын алуды қарасты-рудың бірден-бір жолы болатын.
1998 жылғы наурызда Шымкент қаласында облыстық денсау¬лық сақ-тау департаментіне қарасты облыс¬тық салауатты өмір салтын қалып-тастыру орталығы құрылды. Қазірде бұл орталықта бірнеше бөлімдер мұқият түрде жұмыс істеуде.
– Біздегі ең негізгі бөлімдер: ол білім беру, мониторинг, ұйымдас-тыру-әдістемелік бөлімдері, – дейді ор¬та¬лықтың бас дәрігері Гүлсім Әбді-реева. – Басты міндетіміз – халық арасында теориялық, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен қатар, оны іс жүзінде де тә¬жі¬рибелік негізде жү-зеге асыру. Қыз¬меткерлердің бар¬лы¬ғы дерлік жоғары білімді мамандар. Іштерінде дәрігерлер де, мұғалімдер де бар. Олар әр тақы¬рыпта іс-ша¬ра-лар ұйымдастырып, ісса¬па¬рларға шы¬ғып, семинар-тренингтер өткізіп, са-лауатты өмір салтын қалып¬тастыруда аянбай еңбек етіп, алғысқа бөленіп жүрген жандар. Қазақстан тұрғын¬дарының денсаулығы, жастардың ойдағыдай тәрбие алуы, ер-азамат атануы үшін орталықтардың сіңіріп жатқан еңбегі ойдағыдай деп сеніммен айтқан болар едім.
Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру СӨСҚ қызметіне қа-расты аудандық және қалалық 2 СӨСҚ орта¬лықтары мен 12 ден¬сау¬лықты нығайту орталықтары бар. Әрқайсысы міндет¬те¬рін өз дең¬гей¬лерінде атқаруда. Облыстық газеттер мен телеарналарда түрлі тақы¬рып¬тарға мақалалар жарияланып, сұхбаттар беріледі.
Бұдан кейін өз пікірін ортаға салған бас дәрігердің орынбасары Роза Жәукімованың айтқанындай, аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру және денсаулықты нығайту орталық¬тарына арнайы түрде әр айдың соңғы жұмасында семинарлар өткізіліп тұрады. Әрине, облыс көлеміндегі атқарылып жатқан жұмыстарды олар да өз әлде¬рін¬ше, қолдарынан келетін деңгейде одан әрі жалғастырып отырады. Кейде өз¬де-рінің жеке түйінді мәселелеріне бай¬ланысты кемшіліктердің де байқалып қалуы мүмкін. Оған себеп, сол баяғы ауылдық жердегі маман¬дардың жетім¬сіздігі. Қазіргі оқу бітір¬ген жастардың көбі айлықтың аз¬ды¬ғын, тұрмыс жағдайларының нашар¬лығын сылтау етіп, өздерінің туған жеріне оралудың орнына, қалада қалуды көздейді. Осының бәрі тәлім-тәрбие жұмысының өркендеуіне едәуір кесірін тигізері анық.
Орталық қызметкерлерінің әр алуан тақырыптарға арналған іс-шаралары өте күрделі. Індеттердің алдын алу, жұқпалы аурулардан сақтандыру, қарқынды түрде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу анау айтқан оңай шаруа емес, едәуір тер төгуді қажет ететін іс.
Мақтаулы қызметкерлердің бірі, білім беру бөлімінің аға валеологі Бибігүл Әліқұлова менің “Жұмы¬сың¬ды жемісті деп ойлайсың ба? Жас-өспірімдер арасында жүргізген шара¬ларыңның нәтижесі қандай?” деген сұрағыма былай деп жауап берді:
– Орталықтардың атқарып жатқан қызметі өте қажетті де, мәнді деп санаймын. Себебі, үгіт-насихат тек қағаз жүзінде қалып қоймай, адам¬дар-мен, әсіресе, жастармен етене ара¬ласып, әр түрлі тақырыптарға ойын-сауық, іс-шаралар ұйымдас¬тыру¬дың маңызы өте зор. Бұл олардың сана-сезімін жоғарылатып, өмірді сүйе де, бағалай да білуге үйретеді.
Өмірімізде өте күрделі құбылыс ретінде саналып отырған мемлекет¬тік тілдің мәртебесі де менің ойым¬ша осы орталықтар арқылы да мар¬қая түсер еді. Себебі, ұлттың орда¬сы іспетті оң¬түс¬тік өңірінде барлық құжаттар ба¬рын¬ша мемлекеттік тілде жүргізіліп, іс-шаралар осы тілде ұйымдастырылуда. Қазақтың ұлы үш биі бас қосқан киелі өлкеде тәлім-тәрбие жұмысы өз тілі¬міз¬де өркендеп, қанатын жайған дәл осы шақта жастар тәрбиесінің де гүлдене түсері сөзсіз.
Дәл қазір орталықтың педагог-ва¬лео¬логтары ғылыми-техникалық ын-ты¬мақтастық жөніндегі “Қауіп¬сіздік бағыты” жобасы бойынша жұ¬мыс істеп, медицинаның барлық жетіс¬тік¬тері¬не қарамастан, жазыл¬мас дертке айналған СПИД-ке (жұқтырылған қоздырғыш тап¬шылығының белгісі) қарсы күресті алдарына мақсат ретінде қойып, жұмыстарын қызу жүргізуде. Бағ¬дар¬лама қозғалмалы ақпараттық көрме және ойын үйретумен үйлес¬тірілген, яғни валеологтардың міндеті – жасөспірімдер арасында індетке қарсы ақпаратты таратып, өзін де, басқаларды да қорғауға дайындау. Бұл іс-шараға облыстың барлық аймағы дерлік қамтылды десе де болады.
…Адамзат әр кезде де баласының бо¬лашағына бақытты өмір тілеп, тәңір¬ден оның аман болып, ұзақ та үлгілі өмір сүруін сұрап, осы мақсатқа жетуі үшін терін төккен. Бұрынғылардың салып кеткен сара жолын лайықты түрде жалғастыра білу – ұлы мұрат.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?