Тарих | Ғұн мемлекетінің этникалық және саяси тарихы

Тарих | Ғұн мемлекетінің этникалық және саяси тарихы

Ғұн мемлекетінің этникалық және саяси тарихы.

Шығыста Мөде «шығыс ху» тайпаларын бағындырды, ал оның құрамы-на, шамаыен алғанда, Керулен және Онон алкаптарында мекендеген сянь-би және ухуань тайпалары кіретін еді. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпаларына карсы жорыктар жасады. Бұл кезде казіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан ау-мак ғұн шаньюйлерінің қол астына түсті, ал солтүстікте ғұн конфедераци-ясына біріккен тайпалар Байкалдан арғы оңтүстік аудандарға дейінгі ау-макты алып жатты.
Деректемелерде ғұндардың Саян-Алтай тайпаларына жасаған жорык,-тары туралы да айтылған. Шежіреші б. з. б. 201 жылы сюннулердің со-лтүстікке және солтүстік-батысқа карай жорығын жалғастырып, Хуньюй, Цюйшэ, Динлин, Гэкунь және Синьли елдерін бағындырғанын хабарлайды. Текске берілген түсініктемеде әлгі айтылған бес елдің сюннулердің солтүстік жағында жатқаны айтылады, сірә, ол батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле алқабына дейін созылып жатса керек.
Б. з. б. 201 жылғы жорықта ғүндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік бағындырды, бірак, олар бұл аумақты толық қоластына қаратқан жок. Қалай дегенмен де, сол кезде осылай болғанын жазбаша деректемелер де, архео-логиялықЧіатериалдар да керсете алмады.
Одан кейінгі онжылдықтарда ғұн тайпаларының күшеюіне коса олар батыста да қызу қимыл көрсете бастайды. Б. з. б. 177 жылы Мөде көршілері-не карсы өз бетімен кимыл жасады деген сылтаумен өзінің батыстағы тук-терін (князьдарын) юедилерге қарсы жорыққа аттандарды. Ғұндардың атгы әскерлері Чжанье-Ганьчжоу ауданы маңында юедилерді жеңіліске ұшыра-тты және сонымен бірге ғұндардың калыптасып жаткан бірлестігінің шет аймағындағы бірнеше үлесті бағындырды. Келесі жылғы жазда бұл жөнінде шаньюй былай деген: «Аспанның ракымымен жауынгерлер аман, ал аттар мықты шықты: олар юедилерді жойып, жуасытты; семсердің үшына іліп немесе багындырып, (өз билігін) нығайтты. Лоулань, Усун, Хуцзе және оларға шектес 36 үлес (князьдік) сюннулерге каратылды. Олардың бәрі сюннулердің армиясына кіріп, бір әулетке айналды».
Бұл қүжат өте маңызды, бірақ сын көзбен карауды талап етеді. «Отыз алты мемлекет» деп казіргі Шығыс Түркістан аумағына орналаскан князьді-ктер, яғни жалпы алғанда батыстағы Каспий теңізінің жағалауына дейінгі бүкіл жер айтылған. «Тарихи жазбалардын» (Ши цзи) авторы Сыма Цянь юедилердің «толык» талканцалғаны туралы хабарды кұп алып, бүл орайда б. з. б. 177 жылы қытайларға юедилердің (юечжилердің) Хуанхэнің солтүстік ойпатынан батысырақта мекендеген бір бөлігінің ғана белгілі болғанын ескермеген. Қытай деректемелерінде юеди деп аталған көшпелі тайпалар Грек-Бактрияны
талкдндағаннан кейін олар туралы мәліметтер өзінен-өзі бүкіл Орта Азияға да тарала бастайды.
Сірә, б. з. б. 177 жылы сюнну-ғұндардың Тынық мүхиттан Каспий теңізінің жағалауына дейінгі барлық елдерді бір князьдің атты әскері күшімен бағындыруын шындыққа жанаспайды деп санау керек. Дегенмен де, шығыстағы юедилердің бағындырылғанына күмән жоқ, нақ сол сиякты Лоулан, Усун және Хуцзэ бірлестіктерінің юедилерге тәуелді болғаны ту-ралы хабар да рас. Бұл этникалық-саяси атаулардың географиялық орны онша айқын емес. Қазіргі картаға Лобнор ауданындағы Лоулан (Крораина) князьдігі ғана азды-көпті сәйкес келеді. Қытай жазбаларындағы басқа де-ректердің уцзесімен теңестірілген Хуцзе жерінің немесе тайпасының эт-нонимі жергілікті Айғыр атауынан шығуы мүмкін. Ол Усун және Цзянь-кунь елдерінің арасында, яғни шамамен Оңтүстік Алтайда болған. Геро-доттың аргиппейлер тайпасы осы маңайда орналаскан деп саналады. И. X. Дворсцкийдің пікірінше, аргиппейлер деген сөз ертедегі гректерше «арғы-мақ», «түлпар» дегенді білдірді, демек, нақ сол үғымға жакын әлдебір жергілікті атаудың аудармасы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, ер-тедегі кытай тілінің жоғарыда аталған транскрипцияларын түркілердін «арғымақ» немесе «айғыр» деген сездерімен салыстыру дұрыс сиякты.
Ғүндар бірлестігіне шыккан тегі әр түрлі тайпалар немесе этникалык-саяси кұрылымдар кірген. Конфедерацияның коғамдық өміріне бір орта-лыққа бағынғысы келмейтін куатты күштер, кең-байтак жердің әр түрлі аудандары арасында берік саяси және экономикалықбайланыстардың бол-мауы зор ыкпал жасады. Алғашкы кезде біршама бірлік ғүн коғамындағы фратрияаралық ұйымның ерекше түрі болуы аркылы орнаған.
Сюнну-ғұн тарихынан әулеттік бірлестіктің үш, ал кейін төрт экзога-миялық билеуші рулардан (фратриялардан) тұрғаны мәлім. Деректемеде былай делінген: «Хуянь руы, Лань руы, олардан кейін Сюйбу руы пайда болды; оларда ең атакты тармактар да нак осы үш әулет». Бұл орайла сол канатты құрайтын Хуянь руы ең атактысы болған, ал Лань және оған енші-лес Сюйбу оң канат болған. Бір кызығы, шаньюйлік Люаньти руы атакты ру деп аталмаған. Ал Хуянь мен Лань шаньюймен қүдандалы туыс болған. Біздін заманымызға жақындағанда күдандалы туыстық біраз өзгерген. Оңтүстік сюннулерде шаньюй руы Сюй-Лянь-ти деп атала бастады, баска аксүйектер әулетінен Хуянь, Сюйбу, Цюлинь және Лань аталған. «Осы төрт әулет олардың елінде атақты рулар болды және әдетте шаньюймен құданд-алытуыс еді»13. Онда бүдан әрі былай делінген: «Хуянь руы сол (яғни шығыс және үлкен) канат, ал Лань және Сюйбу рулары оң (яғни батыс және кіші) қанат болды». Тағы екі ғасырдан кейін олардың патшалык руы алмаскан және өз атауын өзгерткен. Тізіп келтірілген ең атактысы енді Дугэ (Туглаг) руы болып шығады, ол «ен батыр және үлығы болды, сондыктан шаньюй-лер солардан шыкты. Олардың атакты төрт руы Хуянь руы, Сюйбу руы. Лань руы, Цяо (Цюлинь) руы болды, бірак ен атақтысы - Хуянь руы, одан канцлерлер, сол және оң канаттағы жичжулер шыккан». Уакыт өте келе шаньюй руының белгісіз рудан «ең ержүрек» болуы негізінде «ең үлык» руға айналған эволюциясы ерекше көрінеді. Тегінде, мүнда белгілі бір ке-зенде сол кезде-ак болған ер адам жағынан мұраға калатын принципті көрсеткен еркек (патриархаттык) тегінің іс жүзінде үстемдік етуімен дуал-дық үйым қалыптаскан болса керек.
Б. з. б. I ғасырдын. орта шенінде-ак сюнну коғамы өзінін. вассалдык иелік-терінен айрылумен бірге «байырғы» күрамында екі топка - Хуханьешаньюй бастаған оңтүстік және Чжичжи басшылық еткен солтүстік топтарға бөлінді. Оңтүстік сюннулер Ордос аумағында мекендеп калды да, солтүстік сюннулер өз тайпаластарының кысымымен Саян мен Байкал өңіріне ығысты, яғни солтүстік пен батысқа коныс аударды.
Б.з.б.49жылыЧжичжикершікнязьдіккедипломатиялыксапарғакет-кен Хуханьенің аз уакыт болмауын пайдаланып, оның жерін басып алып, сол арқылы конфедерацияның бірлігін кайта орнатуға әрекет жасады. Алай-да оның күші жетпейтін еді. Шежірешінің айтканындай, «Чжичжидің өзі сюннуде күшпен нығая алмайтынын білді». Ол усун гуньмосы Уцзютудан көмек сұрады, бірак соңғысы оның елшісінің басын алып, Чжичжиге ша-буыл жасауға 8000 атты әскер жіберді. Чжичжидің атты әскері усундердің отрядын талкандады, бірак. одақтассыз калған Чжичжи оңтүстік ғүндардың жерінен кетуге мәжбүр болды. Одан әрі деректемеде бұл және одан кейінгі оқиғалар былайша суреттеледі: «Чжичжи усун әскерінің көп екенін, өз елшісінің әлі оралмағанын көріп, өз әскерін орналастырды да, усундерге лап койып, оларды тас-талкан етті; солтүстікке бет бұрып, Уцзеге соккы берді, Уцзе бағынды. Чжичжи өз әскерінін көмегімен ба-тыста Цзянькуньді киратты, ал солтүстікте Данлинді бағындырды. Үш князьдікті бағындырған соң ол бірнеше рет Усунге әскер жіберіп, әде-тте оны жеңіп жүрді».
Цзянькунда (Минуса ойпаты) Чжичжи өз ордасын кұрып, сол жер-ден батыска беттеген козғалысын жалғастырмақшы болды. Чжичжидің армиясы ол кезге карай каракшы күшке айналып, оның кираткыш күші «бағындырылған» князьдіктерге де, катардағы кауым мүшелері сюнну-лерге де бірдей жайсыз тиді. Қалай дегенмен де, деректемеде сол жыл-дарда «Хуханье-шаньюй халқы көбейді... сөйтіп ол Чжичжиден кауіпте-нбей, өзін езі корғай алатын еді». Оңтүстік сюннулер саны Чжичжи-ден бөлініп шыккан көшпелілер және «бағынған» князьдіктер тарапы-нан көрінеу карсылық жасауы есебінен өсті.
Енді қүдіретті Хуханьенің кенеттен шабуыл жасауынан корыккан Чжичжи батыска кашып қүтылу жолын іздестірді, оған апаратын жол усундер жерінен өтетін еді. Ол соларға карсы күресу үшін күш жинап, одан соң Канцзюй (Кангюй) жерін жаулап алмакшы болды. Кангюйлер князінің кангюйлермен араз усундерге карсы күресу үшін кенеттен Чжиужимен бірігуді үсынуы оның ниетін өзгертті.

ҒҰНДАРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ҚАТЫНАСТАРЫ
Ғүндардың өмірінде мал шаруашылығы басты рөл атқарды. Сыма Цянь былай деп жазады: «Қытайдың солтүстігінің сырт жағын мекендей жүріп, олар өздерінің малымен бір жайылымнан екінші жайылымға кешеді. Үй малынан жылқы, ірі қара және кой-ешкі өсіреді; біразытүйе, есек ұстайды. Шөптің калың, судың мол болуына карай бір жерден екінші жерге көшіп жүреді... Шонжарларынан бастап бәріде үй малыныңетіментамақтанады, олардыңтерісін киім қылады, жүн мен аңтерісін жамылады». Ғұндардың өмірінде жылқы ерекше маңызды рөл аткарды. Ал койдың етін, терісін, жүнін пайдаланды. Қой терісі мен жүннен киім, аяқкиім жасады, жүннен киіз басылды.
Малының бәрі дерлік бүкіл жыл бойына жайып бағылды. Сондықтан жазда куаңшылық немесе қыста кектайғақ болуы, мал індеті үлкен апатқа ұшыратып отырды. Деректемелер мұны да жиі көрсетеді.
Қытай әскерлерінің ғұндарға жорыктары суреттемелерінде келтірілген жанама деректерге қарап, халыктың жан басына шакхандағы орташа мал санын аныктауға әрекет етуге болады. Мәселен, б. з. б. 72 жылы келтірі-лген ең толық мәліметтер бойынша, әскербасылар ездерінің реляцияла-рында былай деп хабарлаған: 700 тұтқын мен 10 мың бас мал қолға түсірілді - 15 : 1; 100 тұткын мен 2 мын. бас мал — 20 : 1; 300 және 7 мың — 29 : 1; 19 және 100 - 5 : 1; 1900 және 70 мың - 35 : 1; 39 және 700 мың - 18 : 1. Сонымен, орта есеппен халықтың жан басына шакканда 19 малдан келеді. Қарапайым мал шаруашылығы жағдайында мұндай аракатынас оңтайлы болатын.
Гұндар отырықшылык. пен егіншілікті де білген. Деректемелерде «солтүстік жерлерде суык ерте түседі, сондықтан тары себуге қолайсыз болса да, ғұндардын жерінде тары себіледі» деп жазылған. Байкал сыр-тындағы Нижнс-Иволгинск кала жүртын казған кезде еденді сыллған бал-шык арасынан туралған сабан шықты. Нак осы жерден қысқы, гүраклы жартылай жертөлелердің жұрты табылды, олар кандар жүйесімеи жылы-тылған. Тары дәндері, шойын түрендер, темір орак, тас дәнүккіш гер және астык. сақтайтын ұралар шыклы. Адам жерленген ағаш кималар да ғүнда-рда отырыкшылык. болғанын дәлелдейді.
Ғұндар өмірінде аң аулау манызды рөл аткарды. Бұл жөнінде деректе-мелерде былай делінген: «... балалар қойға мініп, садак тарта алады және күстар мен тышкандарды ата біледі; біраз өскен соң олар түлкілерді және тамақ етіп жейтін қояндарды атады... Олардың арасында орнаған ғұрып бойынша, тыныштықкезде мал бағып, оған қоса күс пен аңаулайды, сөйтіп тіршілік етеді». Ғұндардың кабірлерін казған кезде киіктің, кабанның, қүланның, бұғының, таутекенің, еліктің, қоян мен түлкінің сүйектері табылды.
Кабірлерде керамика — қүмыралар, көзелер, саптыаяқтар аз емес, олар қолдан жапсырып және құмырашы ұршықшасында дайындалғаң, мүның өзі кыш-күмырашылыктың дамығанын дәлелдейді. Баска жақтан әкелі-нген заттар, жібек маталар, айналар, көз салған әшекейлер кездеседі.
Ғұндарда әскердің негізі тез орын ауыстыра алатын атты әскер болған. Салт атты жауынгердің қару-жарағы — садақ пен жебелер. Қазба жұмыс- тарының материалдарына карағанда, садақтар екі үлгіде жасалған. Ерте-дегі садак ағаштан иіліп, адырнасын тарамыстан жасаған. Садактың жағы сүйек каптырмалармен капталды (барлығы жетеуге дейін), екі үшында адыр-наны байлайтын кертпешесі бар екі каптырма, ортасына - жебе атылатын жеріне трапеция тәрізді каптырма орнатылды. Осылайша садактың иілгіштігі күшейтілді. Садақтың ұзындығы 70-80 сантиметрге жетті. Жебеге үш кырлы темір үш салындй. Садактың екінші түрі үлкен әрі ауырлау болады. Оған үңғысы бар үш кырлы салмақты темір ұшты жебе колданы-лды. Мұндай садақтар мен жебелер сауыт киген жауды атуға арналған. Дөңгелек және сопаксипатгағы, шыбықтардан тіреу орнатылған ағаш жак-таулы қалқан да болған.
Деректемелерге карағанда, ғүндар 24 руға бөлінген, оларды рубасыла-ры(аксақалдар) баскарған. Рулык күрылыстың ақсакалдар кеңесі және ха-лык жиналысы сияқты институттары сакталды. Деректемелерде былай деп айтылған: «ғұндарда жылына үш рет Лунциге жиналатын әдет болды. олар бірінші, бесінші және тоғызыншы айларда өткізіледі, «сюй» деп аталатын күні көк рухына кұрбан шалынды... сол жиналыстарда рубасылары мемле-кеттік істерді талкылап, ат жарысы мен түйелердін жарысын кызыктайды». Алайда ғұндардын патриархаттық-рулык, құрылысы койнауында жана коғамдық катынастар пісіп-жетілді. Мұның себептерінің бірі айырбастың, сауданың дамуы болды. Обаларды казған кездетабылған алтын бүйымдар, қымбат маталар ғұн қоғамы үстем топтарында жинаісгалған байлықты дәлел-дейді.
Ғұндарда малға әулеттік және жеке меншіктік болғаны туралы мәлімет-тер бар. Мәселен, Сыма Цянь ғұн князьдарынын хань елшісі Су Уға екі рет жылкы үйірі мен кой отарын тарту еткенін және сыйлык ретінде мал бер-генін айтады.
Ғұндардыңдағдылы кұқында мыналар көзделген: «¦рлық жасап кінәлі болғанның жері алынады; шайкаста жаудың басын шауып алған немесе оны түткынға алған адамға бір кеспек шарап сыйланады, қолға түсірілген олжа соған беріледі, ал түткынға алынғандар (соның) күлдары мен күндері етіледі»; «...ұрыс алаңынан қазатапқан адамның сүйегін кім әкелсе, оның от-басының бүкіл мүлкін сол алады».
Сыма Цянь бүдан әрі былай деп жазады: «Суы мен оты мол жер іздеп, бір жерден екіншісіне көшіп жүреді, оларда ішкі және сырткы дуалдармен коршалған қалалар, тұракты тұратын жері жок, болса да және егістік өнде-умен айналыспаса да, әркайсысының өзіне бөлініп берілген жер учаскесі бар». Ғүндарда ауыл болып көшіп-қону әдісі болған деп жорамалдауға, ал деректемелерде айтылатын «әрқайсысының өзіне бөлініп берілген жер учас-кесі бар» деген сөздерді жеке қожалыктарға жаткызуға болады75.
Қабірлерден шыккан материалдар ғүн қоғамындағы мүліктік теңсіздік жайын айкын сипаттайды.
Ғүндарда соғыс тұткындарынан және бағынышты өңірлердің халқынан түратын күлдар болған. Олар үй кызметшілері, бакташылар, колөнершілер және жер жыртушылар ретінде пайдаланылды.
Елді шаньюй басқарды, оның колында шексіз дерлік билік болды. Одан кейін түмен басылар деп аталатын бекзадалар тұрды. Олар шаньюйдің ұлдары, інілері немесе жакын туысқандары болатын. Барлығы 24 түмен басы және олардың әркайсысының көшіп жүретін өз жері болды. Түменбасылар өз иеліктерінде мыңбасылар, жүзбасылар тағайындай алатын еді. Алайда шаныой езіне бағынбаған немесе жазықты болған түменбасылардың жерін кайтарып алатын, өздерінің жүзбасылары мен онбасылары жөнінде түмен-басыларыныңда нақ сондай күкығы болды. Лауазымдар мен жоғары шен-дер мұраға калдырылды. Қарапайым халыктан алынған салыктар туралы мәліметтер бар.
Сонымен усун және ғүн коғамдарындағы әлеуметтік-экономикалык катынастар шамамен алғанда бірдей даму денгейінде болды. Оларда ерте-дегі алғашкы таптық коғамдардың кұрылуы кезінде канау мен байлық жи-наудың әр алуан түрлері калыптасады. Алайда олардың бірде-біреуі түтас алғанда бүкіл жүйені аныктайтын доминанттык маныз алған жок. Сондык-тан күлдардың және күл иеленушілік катынастардың болғанына карама-стан, бұл коғамдарды күл иеленушілік немесе патриархаттық-құл иеле-нушілік қоғамдар деп сипаттауға болмайды. Усундер,'ғүндар коғамдары-ның үлгісіндегі ежелгі көшпелі, ертедегі таптык бірлестіктердің баска бір сипатты белгісі езінше бір әкімшілігі мен күштеу аппараты бар мемле-кеттіліктің калыптасуы болып табылады, олар рулық-тайпалық құрылыс органдарын сол кезде-ақ ішінара алмастырып, ішінара солардын бейнесін алып, оларды жана жагдайларға бейімдеді.
Ертедегі түрік коғамына және ежелгі көшпелілер бірлестіктеріне тән әр түрлі өндіріс әдістері мен қанау түрлерінің катар емір сүруінің жағдайында феодалдық құрылымы барған сайын тереңірек айкындала түсті.

Ежелгі хундар туралы тарихи деректер және хундардың шығу тегі
Ежелгі хундар туралы ең алғашқы жазғандар кытайдың әйгілі үш тарихшысы еді. Олар: Біріншісі — Қытай тарихшыларының атасы ' деп саналатын Сыма Цянь (б. з. б. 135—67 жылдар). Оның еңбегі «Ши-цзи»"і)«Та-рихи жазбалар») 130 бөлімнен тұрады.
Еікінші тарихшы — Бань-Гу. Ол жазған еңбек «Цянь Хапь-шу» («Батыс Хань мемлекетінің кұжаттары») деп аталады. Бұл еңбек біздің заманымыздан бүрынғы 206 жылдан басталып, біздіц заманымыздың 25 жылына дейіегі оқиғаны қамтиды.
Үшінші тарихшы—Фай Е-ніц «Хоу Хань-шу» («Шығыс Хань мемлекетінің күжаттары») — жогарыда атал^ ған скі тарихшыныц ізімен жазылған аса күнды еңбек. Бір артықшылыгы — туркі халықтары туралы арнайы тарауы бар. Олар: «Чжоу-шу» («Чжоу ұлысыныц кұжат-тары»), «Бэи-ши» («Алдьщғы үлыстар тарихы»), «Түн-дянь» («Бөгде таііпалар жылнамасы»), Таншш хуан-юи» («Көне тарих туралы дерек») және тағы баскалары.
Орыс тарихшылары ішінде аса құнды деректер жазған Бичурин Н. Я. (1777—1853)— архимандрит, орыстың белгілі кытайтанушысы.
Міне, осы еңбектерге сүйене отырып, әу баста копыл-ған сүрақтарға тоқталайық. Хундардың шығу тегі тура-лы тарихшылардын зерттеулеріне сүйенсек, б. з. б. III ғасырда хундар туркіше сөйлеген және олар қаңлы, үйсін, кырғыз т. б. жиырмадан астам түркі таппаларымен бірге өмір сурген. Өткен ғасырларда-ақ Еуропа ғалым-дары хундардың кім болғанын, Еуропаға қайдан келге-ні туралы ғылыми зерттеулер жүргізе бастаған. Хундар өздерін әр турлі атаған: монғолмыз, түрікпіз, славян-быз, неміспіз, иранбыз деген және басқа да халыктарды айткан. Кейінгі жылдары казіргі Монғолия мен Байқал өңірінде ,көп ғасыр өмір сурген сюннуларды (хундарды) жамаида'п жазған кытай жазбалары табылды. Қытай-лардың оларды жек көруінің себебі де бар еді. Сюнну-лар (хундар) туралы- жазылған бір қолжазбада мына-дай мінездеме берілген: «Дәстүрлері бойынша малдың етін жеген, оның сүтін ішіп, мал терісінен киім жасап кнген, малд-ары шөп жеп, су ішкен, жылдың әр мезгілі-не қарай су, шөп іздеп олар бір орыннан екінші орынға көшіп отырған. Оларда ішкі жэне сырткы корғандар жок, түрақты мекен-жайлары жоқ, қалалары болмаған және жер өңдеуіМен айналыспаған. Әрбір еркек жауын-гер болған. Соғыста құстардын тобы сияқты жауына бәрі құлшына жабылады, ал женілген кезінде бытырап кетеді, сонан сон кайта жиналады» дейді.
Сюннулардың тарихы кытай жазбаларында біздіц заманымыздан бұрынғы 403 жылдан басталады. Біздің заманымыздан бұрыиғы 206 жылы олардың көсе.мі Моде еді. Ол жоғары колбасшының баласы болғаны айтыла-ды. Қытайлар түркілерді сюннулардың (хундардың) ұрпақтары деп есептейді.
Хундардың шығыс көршісі ретінде кытай жазбала-рында біздің заманымыздың I ғасырының соңында Мон-ғолиядан хундарды ығыстырып шығарған сәнбилер ата-лады. Қейінірек сәнбилер хундар сиякты Қытайда бір-неше әулеттін негізін калайды, сәнбилер әулетінің ішін-де Солтүстік Вэй әулеті (386—534 жылдар) ерекше аталады.
Белгілі француз ғалымы Пеллио 1925 жылдыц кү-зіндс Санкт-Петербургта оқыған өзінін бір лекциясында қытап әдебиеттерінде сәнбилердін, түркі тілдес халық екенін аңғаруға болатын сездік сакталғандығын хабар-лайды. Егер сәнбилер туркілер болса, онда бүдан мына-дай корытынды келіп шығады: өте ерте уақыттарда түр-кілер Монғолияның шығысын мекен еткен. Сэнби және Сібір халыктары жайында Византия және Армян жаз-баларында алғаш рет 463 жылы, соңғы рет 558 жылы айтылады. Алайда сәнбилердің батыска коныс аударуы туралы ешнәрсе белгісіз.

Азиядағы хундар құрған мемлекет
«Сүй патшалығьіның тарихы» деген кітаптың «Жағрапиялық дерек» деген бөлімінде былай делінген: «Бес-балық құмды аймағының терістігі — алдыңғы хань пат-шалығы тұсында (б. з. б. 223—206 жылдарда) үйсіндер-дің дунхудағы жері, соңғы хань патшалығы тұсында (б. з. б. 225—220 жылдары) хундардың ордасы тұрған жер. Ордадағы (хундардың, әскери лагері мен әскери басшы ставкасы осылай аталған) үйсіндер басшысы хун-дардан шекаралык аймакты босатуды талап етті. Соғыстан қауіптенген ақсақалдар хундардың көсемі Модеге дунхуларға жерді беру туралы кенес айтты. Бұған Моде: «Жер — мемлекеттің негізі, оны беруге бола ма, сі-рә?»— деп қатты ашуланды. Сонан соң атына мінді де, соңынан ермегендердің бастарын алуды бұйырып, шы-ғыска карай жылжиды. Дунхуларға тұткиылдан шабуыл жасап, оларды талкандады, басшысын өлтірді, адамда-рын және малдарын өзіне қосып алды». Хун тәңіркүты-ның алғашкы кадамын Сыма Цянь осылай жеткізеді.
Б. з. б. 202 жылы Қытайда азамат соғысы-аяқталды. Ел басына Хань династиясы келді Оның негізін қалаушы Лю-Бан (император Гао-ди) мемлекет шекарасын қауіпсіздендіруге тырысып, 202 жылдың қысында хундарға қарсы әскер шығара бастады. Бірінші кактығыстан соң-ақ Моде кейін шегінді, ал олардың соңынан жүріп отырған Хань әскері өзінің негізгі кушінен бөлініп, көз жазып қалды. Әскерімен бірге императордың өзі де бар еді. Мұны байқаған Хундар шегіністі бірден тоқтатып, төрт атты корпусымен императорды Байдан тауының маңында коршауға алды. «Жеті күн бойы таудағы және одан сырттағы Хань әскерлері бір-біріне азық-түлік кемегін де, әскери көмек те бере алмады»— деп жаза-ды тарихшы Сыма Цянь.— Батыстағы сюннулар атты әскері — ақ аттарға, ал шығыс беттегілер — тұмсығын-да ақ дағы бар сұр аттарға, солтустіктегілер — қара тұмсықтыларға, ал оңтүстік жақтағылар — жирен аттарға мінген».
Императорға. хундармен туыстыққа негізделген бей-біт келісім шартын жасауға уәде беруден баска жол қалмады, яғни Модеге император үйіндегі ханшайым^ды беруге тура келді. Бірақ император өз уәдесін хундар-дын, дүркін-дүркін шапқыншылығынан кейін ғана орын-дады, ханшамен бірге жыл сайын сыйлық беріп отыруға міндетті болды. Ол сыйлыктар — жібек маталар, шарап, күріш, әшекей бүйымдар еді. Шындығына келгенде бұл салыктар кезбояушылық еді. Хундар мен Хань арасын-дағы бейбіт қатынас б. з. б. 166—163 жылдарға дейін созылды. Бүдан сон, туыстық пен бейбітшілік туралы шарт кайтадан басталып, жаңарып отырды.
Моде мен оның мұрагерлері, дәлірек айтқанда, тәңір-құт Лаошань ең қатал соғысты үлы жүздермен (юэчжи-лермен) жүргізуге тура келді (б. з. б. 177—176 жылда-ры). Күрес ширек ғасырға созылды және біздің зама-нымыздан бұрынғы 174—167 жылдары хундар үйсіндер-мен одақта болудың нәтижесінде катты шйвленіскен соғыста жеңіске жетті. Юэчилер көсемі ұрыста қаза та-уып, оның бас сүйегінен тәңірқұт Лаошань ішімдік ішетін сүйек тостаған жасатады. Бүл жөнінде қытайдың жазба дерегінде: «Хундардын, тәңіркүты Аслан (Лауо-шань) үлы жүздер тайпасының ханын өлтіріп, оның бас сүйегінен шарап ішетін ыдыс жасатқан. Алғашында ұлы жүз тайпалары Дун Хуан мен Жылан тауы арасында бтыратын, енді хундардан жеңіліп, алыстағы өңірлерге карай ауып кеткен. Ұлы жүздер (юэчжилер) хундардан жеңілген соң Ферғанадан өтіп, Бактрияға шабуыл жа-сап, оларды бағындырып, өз ордаларын күрғаң» делін-ген. Осылайша бұл жолғы шабуылдар арқылы хундар мен үйсін тайпалары ұлы жүздің қоныстарын тартып алып, оларды өз боданына айналдырған.
Хун.империясының кұрылуымен және ұзаққа созыл-ған хун — юэчжи (ұлы жүз) соғысының аяқталуымен кең далада бейбітшілік орнады. Б. з. б. II ғасыр хундардың көшпелі шаруашылығының өркендеген уақыты болды.
Біздің заманымызға дейінгі 119 жылы орасан мол кытай армиясы Тәңіркұтының ставкасын басып алып, 90 мыңға жуық хундарды қырып салды, қытайлықтар-дың өздері де үлкен шығынға ұшырады.
Сонымен біргечҚытай әскерлері Батыска, Орта Азия бағытына жылжи бастады, ол жерде біздің заманымыз-дан бүрынғы 101 жылы Ферғана калалары тоналып, хун-дар Шығыс Түркістан алқаптаррынан бөлініп калған еді. Б. з. б. 99—97 жылдары ханьдықтар (кытайлар) хундарға қарсы тағы ірі екі шабуыл жасады. Жетпіс мыңдай қытай армиясы колбасшы Ли Гуан-лидің басшылығымен хун жеріне басып кірді. Бірақ бұл жольг қытайлар өз күштерімен хундарды жене алмады, тек 20 жылдан соң ғана оларды басқа көшпелі халықтардың батыстағы үйсіндердің, шығыстағы ухуан (дунху) және солтүстіктегі Енисей динмендіктерінің көмегімен жеңіске жетті. Жан-жақтан жау анталаған ауыр соғыста хундар көп қырғынға ұшырады. Хундардың саяси дағдарысы басталды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!