Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Ғашық жүрек не дейсің...)

 Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Ғашық жүрек не дейсің...)

Ғашықтық құмарлықпен егіз екен,
Құмарлық бір нәпсі үшін керек екен.
Ләззатын құмарлықтың татсаң егер,
Сенен артық жан жоқ деп қалады екен.
Ғашықтықтың шынары осы емес пе,
Көңіліңнің рақаты сен болған соң.
Ойламайын десем де ойлатады,
Албырт сезім өртіне бөленгенде.
Ой не деген керемет деп қаласың,
Жетегіне ілінсең ғашықтықтың.
Жетелейді нәзік сезім өзімен,
Менсінбей-ақ дүниенің өзге бақыт, шаттығын.
Ғашық көңіл айдынында қалықтап,
Құмарланып іздейсің де тұрасың.
Шыр айналып дегеніне көнесің,
Ішкі сезім билегенсін көңілді.
Өзіңді мен құштарлықпен қиялдадым,
Жаным деп жүрегімнен жыр арнадым.
Өмір деген өте шығар өткінші,
Аз ғұмырда тарқатшы құмар бағын.
Бұны бәлкім білер мекен біреулер,
Махабаттын аспаны, мың жұлдыздың ішінде,
бір жұлдыздан тұрарын.
Ғашықтықтың жанары,
Қос жүректе боларын.

Бұл сезімнің ұшан-теңіз адамзатқа берері,
Ғашық болу келсе кімнің қолынан.
Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы,
Сондықтан да ғашықтықпен өткен күндер бағалы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?