Биология | Бұлшық еттердің құрылысы мен жұмысы

Биология | Бұлшық еттердің құрылысы мен жұмысы

Бала бұлшық етінің дамуы. Бұлшықт еттер ана құрсағындағы дамудың алғашқы жартысындағы кезеңнің өзінде-ақ өздеріне тән тұр мен құрылымдылық сипат алады. Бұдан былай олардың ұзындығымен қалыңдығы тез ұлғаяды.Олар сүйек қаңқасының өсуіне сәйкес бұл шық еттер талшықтарының әсіресе, тарамыстардың ұзаруы арқылы ұзыннан өседі, солардың көмегімен бұлшық еттер сүйекке бекиді. Шамалы дәрежеде бұлшық еттердегі алғашқы бұлшық ет ұлпасының қалыңдығынан өсу талшық диаметрінің ұлғаюы арқылы жүреді.
Жаңа туған нәрестеде ол миллиметрдік 10-15 мыңнан бір үлесінен аспайды, ал 3-4жаста 2-2,5есеүлғаяды. Келесі жылдары бұлшық ет талшықтарының, диаметрі айтарлықтай дәрежеде ағзаның жеке ерекшелігінен, ең батысы қимыл белсенділігіне байланысты болады.
Жаңа туған нәресте бұлшық етінің үлесіне бүкіл дене салмағының 20-22% тиеді.яғни ересек адамдікіне қарағанда шамамен екі есе аз. Ал ересектердің бұлшық еттері көбінесе дене салмағының 35-45% құрайды. Демек, туғаннан ержеткенге дейінгі бүкіл кезең ішінде бұлшық еттер салмағының артуы жалпы дене салмағының артуының екі есе қарқынды болуы тиіс. Алайда алғашкы уақытта, сәби жүре қоймаған кезде, бұлшык еттер бүкіл ағзаны тұтас алғандағыға қарағанда баяу өседі. Мәселен, Руганнан кейінгі алғашқы 4 ай ішінде дененің жалпы салмағы екі есе артады, ал бұлшық ет салмағы тек 60% ғана өсіп. дене салмағының 16%-ын құрайды. Бір жасқа толғаннан бастап табиғи жаттығудың әсерінен бұлшық еттердің өсуі бірте-бірте шапшаңдай береді, ал алты жаста бұлшық еттің үлесіне дененің жалпы салмағының тағыда 22%-на жуығы, ал сегіз жаста 27% тиеді. Әсіресе бұлшық еттің өсуі 14-15-тен 17-18 жасқа епін қаркынды болады. Сөйтіп, бұлшық еттің үлесіне 14 жаста ортанша алғанда дене салмағының 30%, ал 18-20 жаста 40% тиеді.
Бұлшық еттің жиырылу қабілеті ана құрсағындағы тіршіліктің екінші айының соңында пайда болады. Бұлшық ет тонусы бірте-бірте дамиды, сонымен бірге- ана құрсағындағы даму кезеңінде және емшек жасында бүгілгіш бұлшық ет тонусы жазғыш бұлшық ет тонусы басым келеді де, оның жатырдағы ұрыктың табиғи жағдайын сақтау үшін маңызы болады. Бұл қимылдау деп аталады. Ол бірте-бірте жиі болады әрі соншалықты айқын білінеді, сондықтан оны жүкті анық сезеді. Аяқ-қолды бүгіп, жазу үшін және тынысалу мақсатында басты қозғалту үшін қажет кимылдардың тек туғанға
дейін пайда болатындығында күмән жоқ. Алайда, қимыл өте баяу етеді.
Бала өмірінің алғашқы күндерінде-ақ белсенділігін байқатады. Бұл - негізінен алғанда, аяқ-қолдың ретсіз қимылдары. Бала етпетінен жатқан жағдайда басын бұрады, одан кейін бүкіл денесімен аунап, шалқасынан жатады. Егер оны тік жағдайда ұстаса, басы алға қарай еңкейеді, өйткені оны салмақ түсу орталығы алда, яғни бас сүйектің омыртқамен буындасқан жерінде, тірек нүктесінде болады, ал артқы мойын бұлшық етінің тонусы басты дұрыс қалыпта ұстап тұруы үшін жеткіліксіз.
Бала өмірінің екінші айында басын жарыққа қарай, одан кейінірек дыбыс шыққан жаққа бұрады. Етпетінен жатқанда ол басын көтереді, ал екінші айдың соңында, қолмен сүйеніп, басын ғана емес, кеудесін де көтереді. Үш айлық бала шалқасынан етпетіне аунап түседі. Оның қолдарының, қимылы бірте-бірте түрліше болады және бесінші айда затқа көз тоқтатып қарай бастайды. Жаңа бір нәрсені көргенде бала қолын созады, ұстайды және оны әдеттегідей ауызға апарады.
Жеті айға аяқ басқанда бала дұрыс отыра алатындай жағдайға жетеді, ал тағы бір айдан кейін өзі отырып, әр түрлі заттан ұстап, аяғымен тұрып көтеріледі. Ол бірте-бірте еңбектей бастайды да, бір жаста немесе екінші жастық алғашқы айларында бастапқыда құлап-жығылып, одан соқ неғүрлым еркінірек, ешкімнің көмегінсіз-ақ бөлмеде жүретін болады.
Тұлғаны немесе бүкіл денені тік жағдайда ұстауды игеру қимыл аппаратында бірқатар айтарлықтай өзгерістер енгізеді, біріншіден, тонус пен жазылғыш бұлшық еттің қысқару қабілеті кенеттен артады, екіншіден, тепе-теңдікті сақтауға жағдай жасайтын, жүрудің, жүгірудің, секірудің икемді болуына әсер ететін және дененің тік жағдайын ұзақ сақтаған кезде бұлшық еттің жұмысын жеңілдететін омыртқа иіндері пайда болды. Жақа туған нәресте омыртқасында ұзына бойына артқа шығыңқы әлсіз ғана білінетін дөңес бар, оның төменгі бөлігінде дөңестік күшті білінеді, бұл- сегіз көз-құйымшақ иіні.
Мойын иіні екінші айдың соңында, артқы мойын бұлшық етінің тонусы артқанда пайда бола бастайды да, алғашқыда бала етбетінен жатқан қалпында басын көтереді содан кейін оны тұлғаны жағдайында ұстайды.Омыртқаның мойын бөлігін алға шығыңкы дөңестігі бала өзінше және ұзақ уақыт отыру қалпын сақтағанда едәуір кішірек жақсы бөлінетін болады. Сонымен бір мезгілде омыртқаның орта бөлігінің - көкірек иінінің артқы шығыңқы дөңес болуы мүлде анық байқалады. Жиі отыру, әсіресе, көп тұру дөңестігі алға шығыңкы бел иінінің пайда болуына жәрдемдеседі. Әдет-те, бұл иін екі жаста ғана байқалады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда иінде рөлі де қалыптаса бастайдыда,ол едәуір дәрежеде дененің тұрған қалпына байланысты болады. Ұзақ жатудан кейін, мысалы түнгі ұйқыдан соң, мойын, әсіресе бел иіні жазылып кетеді де, отыру мен жүрістің әсерінен қайтадаи пайда болып,жұмыс күнінің соңында ол күшейе түседі.Тіпті, 7-10 жастың өзінде түнгі уақытта иіндер едәуір жазылып теңеледі. Бұдан былайғы жерде иіндердің өзгергіштігі бірте-бірте жойылып кетеді.
Мектеп жасына дейінгі балаларға тұлғасының ерекше иілгіштігі тән, мұны омыртқа аралық шеміршектердің аса қалыңдығы мен икемділігімен және омыртқа эпифиздерінің кеш сүйектенуімен түсіндіруге болады. Омыртқа иіндері пайдн болады да, соңынан дененің жоғарғы бөліктерінің қысымы әсерінен бекиді. Қысым бағыты дене сымбатына, яғни оның отырған, тұрған және жүрген кездердегі қалпына байланысты болады.
Қимыл аппаратының негізгі қасиеттерінің даму ы. Денені тік жағдайда ұстау үш жүзге жуық үлкенді-кішілі бұлшык еттердің бір мезгілде жақсы үйлестіріле әрекет етуін талап етеді. Әрбір бұлшық ет басқа да бұлшық еттермен бірге белгілі бір қалыпта бір-бірімен қозғала біріккен қаққа сүйектерін бекіту үшін қатаң түрде белгілі бір күшпен жиырылуы тиіс. Бұлшық еттің 50-ге жуык бүлшық ет кернеуін үздіксіз өзгерте отырып, аяқты алға жылжытуға қатысады. Бір аяқ алға қадам басарда басқа аяқтың бұлшық еті тұла бой бұлшық еттерімен бірге тепе-теңдікті сақтауды қамтамасыз етеді, бұл ауырлық орталығының үздіксіз дауысымен күрделенеді.
Баланың тұрған және жүрген кездегі бұлшық еттерінің жұмысын үйлестіру бірден ретке келмейді. Бастапқыда бала аяқтарын алшақ басып, екі жағына жайған қолдарымен денесін тең ұстай отырып жүреді. Тек бірте-бірте, 3-4 жасында ғана қимыл үйлесімінің болатындығы сонша, сәби тепе-теңдікті жақсы сақтай отырып жеңіл жүреді, жүгіретін болады.
4-5 жаста бала алуан түрлі және күрделі қимылдарды жасай алады. Ол секіріп, бір аяғымен қарғиды, мұз жолдарында сырғанап, коньки тебеді, әр түрлі гимнастикалық және акробатикалық жаттығулар жасай алады. Әрине, жаңа қимылдар жасауға бірден қол жете қоймайтыны даусыз. Ондай қимылдар дағдыны, үнемі жаттығу жасауды талап етеді, сонымен бірге кейбір балаларды тез, ал енді біреулері үлкен киындықпен меңгереді.
Қол басының ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысы бір жастан соң немесе екі жастық бастапқы кезінде меңгеріле бастайды. Мәселен, бала ұсақ заттарды бас салып, барлық саусақтарымен ғана ұстап қоймайды, сонымен қатар басбармақпен сүқ саусағымен де ұстай алады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!