Жемқорлық жойылсын!

Жемқорлық жойылсын!

Ғарифолла Шырын
Журналистика мамандығының 3 кур студенті


  Жалпы адамзат тарихында сыбайлас жемқорлықпен күрес ауыр да,күрделі дерт екені жасырын дүние емес. Демек, бұл ауыр дертпен бар күш жігерімізді салып күресу, түп тамырымен жою әрбір қазақстандықтың басты міндеті дегенді айтқым келеді. Кез- келген салада, кез келген қоғамдық немесе жеке орындарда ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруді доғарғанымыз жөн. Жеке бастың ауыртпашылығы мен артылған жауапкершіліктен арылу мақсатында пара, тағы да өзге жолмен жалтару адамның игі ісі емес. Бұл ойланған әрбір саналы адамға пайда әкелмейді.
Қарапайым мысал келтірер болсам, студент пен мұғалім. Студент жеке басының әрекетіне қарай жұмыстанады. Ол өзінің арқалаған жүгінің салдарынан әр түрлі салада қызмет етеді, жұмыс жасайды, оқу ақысын төлеу кейбірі тіптен отбасын асырау үшін еңбек етеді. Әсерінен сабақ үлгерімі төмендейді, мұғалімнің бет жүзін танымайтын кезге де тап болып жатады. Ал аралық сондай-ақ, емтихан күндерінде студенттің төбе көрсетері анық. Мұғалімнің тарапынан әлбетте «бағаламаймын» десе де дұрыс. Бірақ түсіністік болмаған жағдайда студент басқаша әрекетке көшеді. Демек,мұндағы басты айыпты адам, алдын ала мұғаліммен сабақ барысын ақылдаспаған студент!
Екінші мысал, біліп тұрғаныңды білмейтіндей көретін ұстаздар да табылып жатады қоғамда. Ол студенттің талпынысы мен ар- ожданын құрметтемеген кезде орын алатын жағдаят. «Ауылдан шыққансыңдар, ЖОО-ның бағдарламасын меңгере алмайсыңдар» деп студенттің мысын басып, жігерін жасытады. Бұл жағдайдан кейін студент өзін дәлелдеу барысында қанша жерден күш жұмсап сабақ айтып, тапсырмасын орындаса да мұғалім көзге ілмей, сенімсіздіктен сұрақтарын жаудырады. Атап кеткенімдей екі жағдайда да екі жаққа ешқандай пайда келмеді, келмейді де. Студент бар жиғанынан жырып беріп, алатын білімінен қағылса, мұғалім мардымсыз дүниенің кесапатынан жақсы ат еншіленбеді.
Ең үлкен қателіктер мен қатерлер көзге ілмеген кішкентай дүниеден басталады. Біз өз Отанымыздың өркендеу жолында тамырына балта шауып жатқан жоқпыз ба? Осы ойдың төңірегінде әлі де ойлануымыз керек!
Студенттерді былай қоя тұрып,қарапайым адам өмірін саралайықшы.Еңбек еткісі келетін әр адам жұмыс іздей бастайды.Тапқанменен артының сұрауы бар.Одан бөлек ауруханаға аяқ бассаң болғаны,бәрі қаражатты талап етеді.Сырт көзбен қарасақ,жиіркенішті дүние,бірақ біздің қоғамымызда қалыптасқан дүние екені анық.  



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу