Xxi ғасырдың көшбасшылары

 Xxi ғасырдың көшбасшылары

Өтегенов Жарқын
8 сынып, №40 ЖОББМ
Орал қаласы

Өз ортасында беделі биік, қандай қадам жасаса да, нық сеніммен алға жүретін адам нағыз көшбасшы бола алады.
Жауапкершілік, терең ой, батылдық, тапқырлық сынды қасиеттер жаңа заман көшбасшыларының бойында болуы тиіс. Қазіргі жастар,яғни XXI ғасырдың ұрпағы бұл қасиеттердің барлығына ие десем қате болмас. Олардың әрқайсысы ақылды, белсенді болып өсіп, болашаққа жаңа қадам жасайтын көшбасшылар. Мемлекетіміздегі, қоғамдағы салалар осындай жандардың арқасында дами түсіп, үлкен жетістіктерге жетуде. Олар әлемдік ареналарда Отанымыздың мәртебесін биікке көтеруде.
Біздер XXI ғасырдың көшбасшылары, Қазақстанның болашағы өзімізді бар қырымыздан танытып, жан- жақты болуға тырысудамыз. Әрбір күнімізді өте тиімді өткізудеміз, өйткені біздер өнер саласында талантымызды шыңдасақ, білім- ғылым жағынан да бәйгелерден сүрінбей өтудеміз. Дебаттар, конференциялар, байқаулар біздерді бәсекелестікке емес, алға ұмтылуға жетелеуде. Рухани құндылықтарымызды дәріптей отырып, ішкі жан дүниемізді байыта түсудеміз.
Болашағымыздың жарқын болуын тілейтін біздер үнемі ізденіс үстінде жүреміз, жаңа, тың дүниелердің жұмбағын шешуге тырысамыз. Ұлтымыздың өткенін, салт- дәстүрін құрметтей отырып, жаңашыл, батыл қадамдар жасап, тәуекелге бел буып, қиын шешімдер қабылдаудан еш жасқанбаймыз. Оқу орындарында ресми,мерекелік шаралар ұйымдастырып, егде жастағы адамдарға көмек қолын созып, өзімізден кішілерге қолдау көрсетудеміз. Мүмкіндіктері шектеулі, қиын жағдайдағы пенделерді материалдық жағынан болмаса да, рухани жағынан демеудеміз. Тақырыптары, мақсаттары әртүрлі акциялардың, флеш- мобтардың ортасынан табыламыз. Дәл осындай көшбасшы болудың арқасында өзімізді, келешек ұрпақты ешқандай пайда алып келмейтін зиянды әдеттерден алшақтатамыз. Салауатты өмір салтын ұстанудың көмегімен,спорттық сайыстарға қатысып, денсаулығымызды сақтаймыз.
Патриоттық сезімімізді оятып, жандандырып, еліміздің, ата- анамыздың, ұстаздарымыздың, бізге сенетін адамдардың мерейін үстемдету үшін, олардың үмітін ақтау үшін еш аянбаймыз. Қазақстанның бар жас ұрпағы өздерін нағыз көшбасшы болуға жетелесе деймін...


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі