Ерлік - ұрпаққа ұран, елге – мұра

 Ерлік - ұрпаққа ұран, елге – мұра

Қадим Қымбат
10 сынып,М. Мәметова атындағы №27 мектеп
Орал қаласы

Ұшқан құстың қанаты талып, шығысынан шыққан күн батысына әзер жететін кең жазиралы даланы мекен еткен қазақ деген іргелі елміз. Ғасырлар бойы осы кең дала төсін тұлпар тұяғымен дүбірлеткен бағы мен соры кезектесе отырып, досқа ақ пейілін, қасқа найзасын,дауға қылышын сілтеген ата-бабамыздың ғұмыр бойы аңсағаны да, тілегені де - еркіндік. Болашақтан үмітін үзбеген аға ұрпақ тағдырлары қаншама рет тағдыр таразысына түсіп,қыл үстінде тұрса да «құт дарып,қыдыр қонған» туған жерді көздің қарашығындай сақтай білді.Теңдік пен татулықты,елдік пен еркіндікті ту етіп ұстаған «бастаса қолдың көсемі,сөйлесе сөздің шешені» болған аталарымыз бен найзаның ұшы,қылыштың қыры,садақтың жебесіне тайсалмай қарсы тұрған аға-апаларымыздың арқасында еліміз «ақ түйенің қарны жарылған » тәуелсіздік таңына жетті.
Тәуелсіздік...Қандай ыстық,қарапайым әрі қасиетті сөз.Осынау қасиетті ұғымды аңсап күткен қазақ баласы екі жарым ғасыр бойы дұғадай жаттап, ұрпақтан-ұрпаққа найзаның ұшы,қылыштың жүзімен, ата- баба қанымен аманат етті, намыс жігерін болат кездіктей жаныған батыр бабаларымыздың азаттық жолындағы күрестері-осының жемісі.
Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Бүгінгі ұрпақ егемендік ғасырлар бойғы күрестің, «Елім- жерім» деген жан дауыстың, қасық қандарын қиып, елі үшін жанын пида еткен аға-апаларымыздың қанымен келгендігін есте сақтағанымыз жөн.
«Ерлік - ұрпаққа ұран, елге – мұра »деген бабалар өсиетін бойына дарытқан халқымыз бүгінде жас ұрпақтың бойындағы патриотизмді дамыту үшін зор көңіл бөлуде Елбасының бастауымен ұйымдастырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жас Ұлан» ұйымы – осының айқын көрінісі.Біз,жастар, «Бір жеңнен қол,бір жағадан бас шығарып»,бір қозғалысқа бірігіп,биік асуларды бағындыруымыз қажет. «Жас Ұлан» ұйымы осы игі істердің бастауы деп ойлаймын.Осы орайда жас ұрпақтың болашағына алаңдаулы Нұрсұлтан атамыз бен еліміздегі белсенді жастардың ойы ұштасып жатқандай.Себебі құрамына оқу үлгерімімен, үлгілі тәртібімен көзге түскен үздік оқушыларды қабылдайтын ұйымның мақсаты- елім деп еміренген, батыр да дана, ақылды да айбарлы, сәулелі де сезімді, ұшқыр да озық ойлы, саналы да үмітті ұрпақ тәрбиелеу болып отыр.Бүгінгі кезде рухани дүниесі кең,ұлтын сүйетін,білімге деген құштарлығы мол,дәстүрімізді,ұлттық
құндылықтарымызды қастерлейтін жас азамат қалыптастыруда ұйымның атқарар жұмыстары көп екендігіне сенімім мол.Қазіргідей жаһандану кезеңінде ұлттық құндылықтар әлсіреп,замандас ұл-қыздарымыз қазақы болмысымызға сай келмейтін әрекеттерге бой ұрып жатқан бүгінгі заманда қоғамымызға осындай ұйымдар қажет-ақ.Менің ойымша,жас ұрпақты ұлтжандылық рухта тәрбиелеу үшін ұлттық идеологиямыз мықты болуы керек.Сондықтан да осындай ұйым тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ құрылуы керек еді деген ой да келеді. «Дегенмен, ештен кеш жақсы» дегендей, ұйым жас өскіндердің талай ізгілікті шарасына арқау болып,тәрбие жұмысына жәрдемін тигізіп, патриоттық сезімнің мән-мазмұнын байыта түсетініне кәміл сенемін.
Иә, мен күні күлімдеген, таңы жарқыраған тәуелсіздіктің жиырмасыншы жылын артқа тастаған ұлан-ғайыр кең даласы,жаны жайсаң жомарт халқы бар Қазақстан деген үлкен әрі қуатты елдің ұланымын. Ел тәуелсіздігінің болашағы мен тағдыры жастардың саяси-азаматтық , рухани бағдар – ұстанымына , патриотизміне , қандай азаматтық құндылықтарды қастерлеп бағалайтындығына тікелей байланысты. Сондықтан да туған жерімізді , телегей теңізімізді , ұшар басын мәңгі қар басқан зеңгір тауды, көкпеңбек орман-тоғайды,көз жеткізгісіз даламызды қорғап, қастерлеу егеменді елдің төл перзенттері,тәуелсіз мемлекеттің ұландары-біздің міндетіміз деп ойлаймын. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Болашақтың іргесін бірге қалайық!» дегендей, болашағымызды бірге кемелдендірейік, Жас ұландар!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?