Аңсаған атамекен

 Аңсаған атамекен

Қурбанбаева Индира
10 сынып, №1 мектеп-лицейі
Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы
Жетекшісі: Сариева Э.А.

Отан…Бұл сөз- әр адамның жанына жақын,жүрегіне жылы тиер сөз.Құс ұясыз болмайтындай,адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным, ата-бабаларым туып-өсіп,туын тіккен жаныма жайлы киелі жерім, алтын топрағым - Қазақстаным. Бірақта жүрегімдегі бір өкініштісі сол киелі жерден алыста көрші елде, балалығымның, балдай тәтті шақтарын өз Отанымнан алыста өткіздім. Қанша алыс болсам да жүрегімдегі бір ғана арманым-Отаныма қайта оралсам екен деген ой болатын. Отаныма деген сағыныш қайта оралуымды жақындатқан сияты. Көрші елде басымнан көп киын жағдайлар өтті. Соның ішіндегі жаныма қатты тигені- менің тірегім әкемнің ол дүниеге аттануы. Әкемнен ерте ажрап қалғанымның бірден –бір себебі оз Отанымыз атамекенімізде тұрмағанымыз деп білем. Себебі көрші елдегі адамдар біздің отбасымызды ылғи да шеттейтін. Сол қара ниетті бірін-бірі көре алмайтын,жанын да жылуы жоқ,тас жүрек жандар әкемді ерте ол дүниеге аттандырды. Өкініш өзегімді өртеп , жанымды қинайды.Кей кезде ойға шөміп!..."Неге менде басқа бақытқа толы отбасындағы балдар сияқты өз Отанымда, кең байтақ қазақ жерінде, туылып,ата-бабаларым із басқан киелі жерде алғаш рет тысауымды кесіп,тәй-тәй басып жүрген жоқпын!?"-деген сұрақ жанымды жиі-жиі қинайды.Осылайша ,балалық шақтарым Отанға деген сағыныш пен өкінішке толы өтті. Кеш болса да, балалық арманым орындалып,міне , өз Отаныма,қазағым орналасқан кең байтақ қазақ даласына, қайта оралдым.Қайта оралғандағы қуанышымды сөзбен жеткізе алмаймын...Қуанғаным соншалықты- поезден түсіп,өз Отаныма табаным тиген кезі көзіме сағыныш жастары келді. Бір сәтке болса да қуанышсезімдері, қиналған шақтарымды, өкінген күндерімді кішкене болса да ұмытуға көмектесіп,жаным жай тапқандай болды. Ең бастысы мен жалғыз емес екенімді,менің қасым да қандас бауырларым, қашан да қол ұшын беруге дайын, қонақжай,мен үшін теңдесі жоқ, қазағым бар екенін сезіндім.Оз Отанымада нағыз бақыт не екенін түсініп, шын жүректен армандасаң, ерте ме, кеш пе орындалатынына көзім жетті.Алайда,көңілімнің көлеңкесі, сүйенсең асқар тауым әкеммен бірге осы бақытты күндерімді өткізсем екен деген балалық арман жүрегімді қинап,көңіл-күйімді түсіреді.Білемін,арманым еш уақытта орындалмайды,бірақта әкемнің жоқтығы мені әлсірете береді.Өкінген мен пайда жоқ,откен күндер қайта оралмайды.Өмір ғой,бәрінеде көнеміз...
Енді менің тек қана бір жолым бар, ол да болса әкем жете алмаған жетістіктерге жетіп, биік шыңдарды бағындырып, әкемнің арманын орындап өз Отаныма пайдасы тиетін азаматша болып ер жету.Енді қалған өмірімде өз Отанымды жоғарғы дәрежеде білім алып,болашақта Отанымнның өркендеуіне өз үлесімді қоссам екен. Менің ендігі басты мақсатым ана тілімді жақсы менгеріп ,өзге ұлттарға өз тілімде сайрап мақтану.Мен үшін ,Отан-дүнидегі ең асыл да ардақты, қымбатта ыстық ,ой түйсігінің" шырқау" шыңының ұшар басындағы қасиетті ұғым. Мен үшін әр бір қазақ Отан мен "Ана" бірін –бірі толықтыра түсетін ажрағысыз ұғым.Біздің салыстырмалы санамызда бір неше анамыз бар.Атап айтатындай бізді өмірге әкелген жарыққа шығарған әйел затын ана десек,соңғы анамыз-туған еліміз-туған жеріміз.Ойыңды жеткізіп айналаңмен қарым-қатынас жасайтын ол-өзіміздің Ана тіліміз.
Міне біз міндетті түрде өз анамызды ардатауымыз керек,тағы да сол сияқты өз халқымызды,оның ішінде қанша ұлт болса да, сыйлауымыз керек. Себебі біздің Отанымыз оларға қамқорлық жасап,құшағына тартып отыр. Көзі ашық, көкрегі ояу қазақ ұрпақтары Отанын-анасын қорғауға міндетті. Шындығында, осы сезім емес пе, қазақтың батырларының елі үшін ,жері ушін көкрегін оққа тостырған, жандарын пида қылдырған. Мен өз елімді,өз халқымды ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерім мен әдеп-ғұрыптарымды жан тәніммен сүйем.
Шет елге газды бердік,мұнайды бердік,көмірді бердік,енді тек қана ана тіліміз қалды. Сол ана тілімізді ардақтап,қәстерлеп ұлттық құндылығымызды сақтап қалайық .Біз ата-бабаларымыз сенім артан ұрпақтарымыз.Барлығымыз бір жағадан бас шығарып қолымыздан келгенше қазақ елін ,қазақ ұлтын әлемге танытайық. Мен Отанымның өркендеуі ушін, әр уақытта өз үлесімді қосуға тырсам. Қашан да мен қазақ деген атыммен,қазақ деген еліммен,жағымды ана тіліммен кай елге болсада көкрек кере мақтана аламын!..


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!