Экономика | Бизнес түрлерін жіктеу

Экономика | Бизнес түрлерін жіктеу

Бизнес түрлерін жіктеу

Бизнес саласында көп ретте мәселені кәсіпкерлер емес, шенеуніктер шешеді. Сондықтан бұл шешімдер бизнес мүддесіне сай келе бермейді. Прези¬дентіміздің шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялауы да осыдан туындап отыр.
Жалпы, ерекше атап көрсететін бір мәселе, жемқорлықты тудыратын мемле¬кет емес, сол мемлекеттің саясатын қа¬лып¬тас¬тыратын бюрократия. Мемлекеттік органдар бизнеске араласқан сайын ше¬неу¬ніктердің ықпалы артады, құқы өседі. Бірқатар елдерде жемқорлықпен күресті науқаншылдыққа айналдырып жіберу кө¬ріністері етек алған. Осы науқаншылдық жағдайында бұқараның ойын басқа мәсе¬леге бұрып жіберу үшін түрліше тәсілдер де ойластырылған. Әлдебір қауіп түрлерін, қауырт мәселелерді ойлап тауып, жем¬қор¬лықпен күресті екінші сатыға ысыра салу мүмкіндігі қарастырылады. Алдағы уақыт¬та осыдан сақ болуымыз керек. Бұл бюро¬кра¬тияның үнемі құрал қылып ұстайтын тәсілі, үлкен амалы. Бәсекелестік – жем¬қор¬лықпен күрестің негізгі тетігі.
Жемқорлықпен күрестің тағы бір тиім¬ді факторы – ол адамдық фактор немесе қоғамдағы азаматтардың белсенділігі. Мы¬нан¬дай бір жемқорлық пен азаматтық бел¬сенділік туралы социологиялық зерттеу¬лер¬дің қорытындысына талдау жасап көрейік. “Пара берудің себебі не?”деген сұраққа азаматтар былай деп жауап беріп¬ті: 1.Шенеунік дәметіп тұрады. 2.Өзіміз үшін сұрамай-ақ береміз. 3.Ол да менің бе¬ре¬тінімді, мен де оның алатынын айт¬пай-ақ біліп тұрамыз.4.Пара беруден басқа мәселені шешудің жолы жоқ. “Егер сіз бір азамат өз бастығының пара алғанын про¬куратураға хабарласа, сіз ол адамға қалай қарайсыз?” деген сұраққа азаматтардың 42 пайызы бұл таза адам, 6 пайызы нағыз батыр, 15 пайызы бұл ерсілік қылық, 9,9 пайызы бұл біреуді көре алмай жүрген адам, 4,7 пайызы басшыны көрсету нағыз сатқындық деп жауап берген екен. Міне, қоғамдағы психологиялық айырмашылық пен пікір алшақтығының қандай екендігін осыдан анық көруге болады. “Пара беруге намысым жібермейді”, “пара бермей-ақ өз дегенімді жасаймын” деген де жауаптар болған. Бірақ мұндай пікірлер тым аз. Мұның астарында бізде әлі де болса азаматтық белсенділіктің жоғары дәрежеде емес екендігін көруге болады.
Жемқорлықпен күресте тиімді нәти¬же¬ге жеткізетін тағы бір шара жергілікті өзін-өзі басқару заңын тезірек қабылдап, әрбір азаматтың өз ауылының, өз ауда¬ны¬ның патриоты болуын қамтамасыз ету ке¬рек. Олардың өз тұрғылықты жерлеріндегі мәселеге тікелей араласуына жағдай жасау қажет. Өз ауылының мүддесін шешуге тікелей араласпайынша, ол адам сол мем¬лекеттің де нағыз азаматы болмайды. Кә-сіп¬орындар қай меншікте екендігіне қара¬мастан, ашық та адал жұмыс жасап, жергі¬лік¬ті бюджетке тиісті салық төлеуі тиіс. Ха¬лықтың оларға деген сенімін қалып¬тас¬тыру қажет. Сонда ғана халықтың бел¬сен¬ділігі артады. Сонымен бірге облыстарда, қалаларда, аудандарда беделді әрі тәуелсіз адамдардан еркін қоғамдық палата құру қажет. Оларға бюджетті қадағалауда және басқа да өзекті мәселелерде жан-жақты еркіндік берілсе, нұр үстіне нұр болмақ.
Елбасы атап көрсеткендей, жемқор¬лық¬пен күрес үдерісінде сот әділдігі де ерек¬ше рөл атқарады. Бұл ретте судья¬лар¬дың азаматтығына, кәсіби іскерлігіне, та¬за¬лығына ерекше мән берілуі керек. Біздің еліміздегі судьялардың беделі өз қол¬да¬рында. Олардың намысына кір келтірмеуі, жеке табысы мен жеке меншік мүлігін ашық жариялауы олардың беделін арт¬ты¬ратын басты көрсеткіш болып табылады. Әрине, соттың шешімі барлығына бірдей ұнай бермейтіні белгілі. Дегенмен, ашық¬тық, демократиялық әділдік, кең жария¬лылық болса, соттың да беделі жоғары болады деп ойлаймын.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев тағы да үлкен бастамашылық танытып, жемқорлықпен күрестің жалпыұлттық жоспарын жариялады. Бұл дер кезінде қолға алынған өте көрегендік бас¬та¬ма. Президент жоспарында да жем¬қорлықпен күрестің нақты және тиімді жолдары айқындалған. Ендігі міндет – осы заманауи жос¬парды орындауға жал¬пы халық болып жұмы¬лу, ұлт болып ұйысу.
Дамыған кәсіпкерлік сектор – бұл кез келген ел экономикасының негізі. Дамыған елдерде ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлес салмағы 60-80 %-ға дейін жетеді, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш шамамен 30 %-ды құрайды. Осыған байланысты қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру елдің экономикалық қауіпсіздігін нығайту нәтижесі ретінде бизнестің ұстанымын нығайту арнасымен жүруде.
Қазақстанда экономиканың салаларын жедел жаңғырту үшін іргелі негіз қаланған, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясы, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасы сияқты стратегиялық құжаттар және басқа да актілер қабылданды. Экономиканы жедел жаңғыртуға бағытталған жалпы жүйені қалыптастыру тұтастай алғанда аяқталды.
Шағын және орта бизнес саласында кәсіпкерлердің 90 %-дан астамы қамтылған, сондықтан экономикалық және әлеуметтік дамудың табыстылығы мемлекеттің бизнеске әкімшілік жүктемені азайту, рұқсат беру жүйесін одан әрі оңайлату жөніндегі жұмысты дәйекті әрі нық жүргізу қабілетіне түбегейлі байланысты. Бизнес қоғамдастықпен бірлесіп елдегі іскерлік ахуалды едәуір жақсартуға мүмкіндік беретін бизнес жүргізу үшін әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі кең ауқымды жұмыс жүргізілуде.
Сонымен бірге, көптеген елдер сияқты Қазақстанда да даму деңгейіне қарамастан экономикалық қызметті шамадан тыс реттеу проблемасы бар. Кәсіпкерлер бизнесін құрғанда және жүргізген кезде ұстануға тиіс күрделі әрі айқын емес рәсімдер экономикалық өсуге едәуір кедергі келтіреді. Бұл рәсімдер өндірістің шығындарын және кәсіпкерлердің шығасыларын ұлғайтады, олардың нарыққа қол жеткізуін шектейді, бизнестік ортаның дамуын әлсіретеді және сыбайлас жемқорлыққа ықпал етеді. Әкімшілік кедергілер экономиканың көлеңкелі секторының пайда болу себептерінің бірі болып табылады.
Қазақстанда экономикалық қызмет түрлерінің барлығы дерлік рұқсат беру жүйесі арқылы реттелуі проблемалық мәселе болып табылады.
Рұқсат беру құжаттарына жеке кәсіпкерлік субъектісіне мынадай түрлердің бірінде: лицензия, рұқсат, аккредиттеу, сертификаттау, тіркеу туралы куәлік берілетін құжаттар жатады.
Рұқсат – заңнамамен белгіленген белгілі бір операцияны бір немесе бірнеше рет орындау үшін тексеру уақытына заңды немесе жеке тұлғаның немесе объектінің негізінен техникалық сипаттағы талаптарға сәйкестігін растайтын уәкілетті орган берген құжат.
Мемлекет басшысы өзінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке «әкімшілік реформа аясында бизнеске түсетін әкімшілік салмақты батыл азайтуды, рұқсат беру жүйесін, ең алдымен лицензиялауды, сертификаттауды, аккредиттеуді одан әрі оңайлатуды» тапсырды.
Бәсекелі экономика жағдайында нарыққа әрбір қатысушының функциялары мен жауапкершілігі нақты белгіленуі тиіс. Заңдардың және қоғамның мүддесінің сақталуын қамтамасыз ете отырып бизнестің дамуы үшін қолайлы жағдай жасау мемлекеттің міндеті болып табылады.
Тиісінше мемлекет тарапынан шетелдік табысты тәжірибеге негізделген әрі рұқсат беру жүйесін оңтайландыруға бағытталған жақсы ойластырылып, ұйымдастырылған саясат талап етіледі. Бұл міндетті шешу үшін рұқсат беру жүйесін оңтайландыру және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату жөніндегі бағыттар мен шараларды айқындауға жүйелі ұстаным талап етіледі. Сол арқылы рұқсат беру жүйесін жетілдірудің нақты стратегиясы айқындалады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі