Мамандықтың бәрі жақсы

 Мамандықтың бәрі жақсы

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға түрлі мамандықтар туралы түсінік беру арқылы бұрын беймәлім мамандықтар жайлы жалпы ұғым қалыптастыру;
2. Дамытушылық: Балаларды әрқилы мамандықтарға сын тұрғысынан қарап, ойлау қабілетін, өрісін кеңейту;
3. Білімділік: Оқушыларға мамандықтардың пайдалы жақтарын айта отырып, олардың бәрі адам мүддесі, қоғам мен халыққа қызмет етуші екендігін түсіндіріп, жалпы мамандыққа және оны игеріп ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген маман адамдарға деген құрметтеу, ардақтау және мақтаныш ете білу сезіміне тәрбиелеу.
Сабақтың көргізбелігі: Түрлі маман иелері көрсетілген суреттер, тіл дамыту әліппе – дәптері.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа дайындықты көріп шығу.

II. Психологиялық дайындық:
Тәуелсіз жаңа заманда,
Сұраныс көп маманға.
Нағыз маман пайдалы,
Мемлекет, қоғам, адамға.
– Балалар сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
– Ата – аналарың, аға – апаларың, көршілерің қандай мамандық иелері? Соларды атап өтіңдер.

III. Жаңа сабақ:
Еңбек етсең ерінбей,
Абыройыңды асырған.
Бірақ өзі көрінбей,
Бізден бойын жасырған. (Мамандық)

Ал енді балалар тіл дамыту әліппе – дәптерінде берілген тапсырманы орындаймыз. Ол үшін өздеріміз жақсы білетін мамандық түрлеріне тиісті еңбек құралдарын сызық арқылы қосамыз.

Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Енді мен сендерге мамандық жайлы жұмбақтар жасырамын. Құлақ салып тыңдап отырамыз.
IV. Жұмбақтар:
1) Мектептің жүрегі,
Білімнің тірегі. (Мұғалім)
2) Сауықтырар сырқатты,
Жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)
3) Тікті әсем киімді,
Дүкенге әкеп ілінді. (Тігінші)
4) Зымыранды ерттеген,
Ай – жұлдызды зерттеген. (Ғарышкер)
5) Тыныштығын Отанның,
Күзететін адам кім? (Шекарашы)
6) Тәртіп, заңды сақтайды,
Ел сенімін ақтайды. (Полиция)

Өте жақсы. Енді сендер өскенде кім болғыларың келеді? Қандай мамандық иелері болғыларың келеді? Сол туралы айтасыңдар.
V. Тақпақтар:
Мұғалім (Мариям):
Жаққан білім шырағын,
Мен боламын мұғалім.

Дәрігер (Бану):
Сыйлайтын саулық, амандық,
Дәрігер жақсы мамандық.

Шекарашы(Адильжан):
Тыныштық күзетіп тұратын,
Шекарашы болып шығамын.

Жүргізуші (Кудайберген):
Елге қызмет істеген,
Көлік айдап үйренем.

Аспазшы (Данагуль):
Жасайтын түрлі тағамдар,
Аспазшы жақсы мамандық.

Ғарышкер:
Тоқтар, Талғат – нағыз ер,
Солардай болам – ғарышкер.
Полиция:
Тәртіп, заңды қолдайды,
Полиция елді қорғайды.
Құрылысшы:
Адамдарға үй салған,
Құрылысшы болам ұлғайсам.
Кенші (шахтёр):
Ел байлығын көбейткен,
Шахтёр болам есейсем.
Тігінші:
Тігетін киім-кешекті,
Тігінші болам мен епті.
Электрик:
Жарық еткен түніңді,
Электрик болам білімді.

VI. Қорытынды: Өте жақсы балалар, ер жеткен соң ата – аналарың мақтан ететін, өзгелер құрметтейтін, сыйлайтын, ең бастысы елің мақтан тұтатын азамат, маман иесі болыңдар!.....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі