Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Нан қайдан келеді

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Нан қайдан келеді


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Еркек үйге асығу үшін...

Мақсаты: "Нан қайдан келеді" деген ертегіні оқып беріп балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Нан туралы түсініктерін тереңдету.
Нанның адамның еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру. Еңбекті бағалап, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: суреттер.
Қос тілді түсінік: нан – хлеб,
Іс әрекет
бөлімдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы кезең
Балаларды шеңберге тұрғызып, өлең жолдарын қайталау
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Дастарханға нан қайдан келеді?
Күзде бидай орылып, жиналып, машинаға тиеліп, ұн тартатын заводқа әкеледі. Онан соң наубайхана неше түрлі нан пісіреді. Өлеңді бәрі қосылып айтады.
Ұйымдастырушы
лық - ізденушілік кезең
Қайдан келдің, бауырсақ
Дастарханда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
- Қайдан келдің, бауырсақ? – деп сұрады қуыршақ.
- Дүкеннен келдім нан сатқан, деді оған бауырсақ.
- Дүкенге келдің қай жақтан?
- Наубайдан келдім нан жапқан.
- Наубайға келдің қай жақтан?
- Диірменнен келдім ұн тартқан.
- Диірменге келдің қай жақтан?
- Даладан келдім кең жатқан.
Жер анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
Сұрақтар бойынша жұмыс.
- Нан туралы не білесіңдер?
- Нан қайдан пайда болады екен?
- Нан қандай тағам?
- Нанмен ойнап, аяқ астына басуға бола ма?
Нан қайдан шығады? (Ертегі)
Бір күні Тышқан нан дүкеніне кіреді. Сөреде жаңа піскен сап – сары бөлкелер үйіліп тұр екен. Піскен нан исіне қызыққан Тышқан тұмсығын жыбыр – жыбыр тартты. Төмендегі бір бөлкені кеміре бастады. Осы кезде күзетші келіп қалды. Тышқан зып беріп, тысқа атып шықты. Бірақ алысқа ұзамады. «Апырай, қайдан шықты екен осыншама нан. Біліп алып, шыққан жеріне кірсем, ә!» - деп қызығып кетті. Тышқан тесіктен сақтана сығалады.
- Нан, нан сен қайдан шықтың? – деді сыбырлады.
- Сатушыдан сұра, - деді Нан
- Сатушы, сатушы, нан қайдан шығады?
- Наубайшыдан сұра, - деді.
Тышқан тымпыңдап наубайханаға келді. Диірмен тасы тынымсыз шыр көбелек айналды.
Екі адам ұн тартып тұр. Ұн төгіліп аққан бұлақша құйылып жатыр. Көзді ашып жұмғанша қап – қап ұн дайын болады. Тышқан иненің көзіндей танауын тыржитып, таңдана қарап тұрды да:
- Диірменші, диірменші, нан қайдан шығады? – деп сұрады.
- Комбайыншыдан сұра, - деді қырманшы қарт.
Тышқан далада егін орып жатқан комбайыншыға келеді. Қалың егін теңіздей толқиды. Комбайн тоқтар емес, ілгерілеп барады. Сабанын бір бөлек, топанын бір бөлек шығарып тастады. Торсықтай ақ бидайды астауына құйып алып барады. Тышқан шіңкілдеп:
- Комбайыншы, комбайншы, нан қайдан шығады? – деп сұрады.
- Көктемде тракторшы жер жыртып, сеялкашы тұқым себеді. Егіншілер оны күтіп баптайды. Көп еңбек сіңіреді. Міне, мынау қалың астық – сол көп еңбектің жемісі. Нан еңбек арқылы табылады, - дейді комбайыншы.
- Ой, мұның - азап қой. Мен шалқайып жатып – ақ нан таба беремін, - деп қутың – қутың етті Тышқан.
- Әне мысық келе жатыр, - деді комбайыншы. Сол – ақ екен Тышқан бір ескі інге зып берді.
- Ертегі не туралы айтылған?
- Тышқан нанның шыққан жерін неге іздемекші болды?
- Ол қайда барды?
- Тышқан кімнен қорықты?
- Неге қорықты?
Өлең оқып жаттау.
Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар,
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан өмірдің ана сүті, арқауы,
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.
Мақал – мәтелдер.
"Ас атасы — нан".
"Нан бар жерде ән бар".
"Нан — тіршілік көзі".
Нан туралы тыйым сөздер.
Нанды бір қолмен үзбе.
Нанды жерге тастама. Өлеңді оқып беру
Түсіндіру

Сұрақ жауап
Ертегіні баяндау
Сергіту сәтін қимылмен жасау

Дәптермен жұмыс
Өлеңді оқып беру.
Мақал мәтелдер айту
Қорытындылау « Нан - байлық, нан – береке»деп халқымыз бекер айтпаған. Міне көрдіңдер ме нанда қанша адам жұмыс істейді
Сондықтан дастарқанға зор еңбекпен келген нан тағамдарын қастерлеу керек Бағалау
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: - Ас - атасы нан.
Түсінігі: Нанды қадірлеу керек .....


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
ҚҰРАН ОҚУДЫҢ 10 ПАЙДАСЫ



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle