8 саны мен цифры

 8 саны мен цифры

Мақсаты: 8 - ке дейін сандарды қайталап, білімдерін бекіту. 8 - ке дейінгі санның құрамы, таңбасын, геометриялық пішіндерді айырып, салыстыруларын бекіту. «8» санын ажырату, сандар ішінен таба алу
Логикалық ойлауларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Санамақтар айтқызып математикалық ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту. Байқампаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сандар, Ойыншықтар, суреттер.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын
Амандасу Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі

Күндей жадырап
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап.
Судай таза көңілмен.
Бүгінгі күнді бастайық.
I. Ой қозғау
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Қай ай?
Аптаның қай күні?
Жақында қандай мереке болады? (балалардың жауаптарын тыңдайды)
Балалар осы Жаңа - жылға орманнан Аңдар келіпті олар өздерімен бірге көптеген тапсырмалар ала келіпті. Соның ішінде қу түлкінің тапсырмасын бірінші орындап тастайық.
II. Түлкі тапсырмасы: Тура, кері санау ( 3 - 4 бала санайды)
III. Қасқырдың тапсырмасы: Санада санын жаз

Балалар қараңдаршы барлық жемістер нешеу?

IV. Аюдың тапсырмасы: Санамақ айту
V. Сергіту жаттығу
VI. Қоян тапсырмасы: Түсіне қарай боя.

VII. Тиін тапсырмасы « Жоғалған сандарды тап» ойыны
12….. 45……7…9….
VIII. Кірпі тапсырмасы
8 - санын толтыру
Балалар алдымен ауада жазып алайық. Содан соң дәптерге жазамыз.
6 - 7 сандарының құрамын табу.
5+1 4+2 3+3 6+1 5+2 4+3

IX. Сабақты пысықтау
« Ойлан тап» ойыны Жұмбақ есеп
Менде болды төрт алма,
Сенде болды төрт алма.
Сен біреуін жесең,
Мен біреуі жесем.
Қалды сонда неше алма? (8 - 2=6)
Балалар бүгін біздер неше санымен таныстық?
Не үйреніп, не білдік?( лалалардың жауаптарын тыңдау)
Біздер аңдарға көмектестік. Енді олар бізбен бірге Жаңа – жылды тойлайтын болады.
Мадақтау .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!