Егемен Қазақстан: өткенге көз тастау және бүгінгі күн.

 Егемен Қазақстан: өткенге көз тастау және бүгінгі күн.

Балтабекқызы Інжу
11 сынып, А.Иманов атындағы ЖОББЛ-мектеп
Май ауданы, Баскөл ауылы

Өр Алтайдан Атырауға дейін тыныштық орнатқан қазақ елінің талай күрделі тарихи кезеңдерді басынан кешкені баршамызға белгілі. Темірдей төзімді, рухы биік халық жоңғарлардың қалың қолының шабуылына төтеп берген. Қалың елмен бірігіп, бір жеңнен қол шығара білген қазақ батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбайлар азулы жауды Аңырақайда аңыратып жеңсе, Райымбек сияқты киелі батырлар кейін шапқан кесапат жауды қасиетті қазақ жерінен біржола қуып тастаған. Қазақ жерін отарлап, бірте-бірте өз мақсатын орындап келе жатқан орыс патшалығы мен қарны жуан билерге қарсы шыға білген нағыз ерлік көрсеткен «Тебінгі теріс тағынып, темір қазық жастанған» да өр рухты, қайратты қазақ батырлары.
Сонау ғасырлар қойнауына көз салсаңыз, батыр бабалармыз өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң етуге төзбеген. Жауына қандай қатал болса, досына сондай адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садаққа кеудесін тосқан. Осындай найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен.
Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде менің ата-бабам туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамның кіндігі кесілген кең жазира жері. Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері тоғысқан кіндік Азияны басып өтетін қазақстандық телімі болған.
Сан ғасырлық тарихында қазақ халқы өзінің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын, ана тілі мен ділін және басқа құндылықтарын сақтап қалу үшін қилы кезеңді бастан кешірді. Біздің даңқты бабаларымыз – ұлы хандар мен батырлар терең ақыл, биік намыс, ержүректілік арқасында ел мен жердің тәуелсіздігі үшін күресті . Бүгінде өз тарихымызға көз салып, ой екшеген біз Тоныкөк, Күлтегін, Білге қаған секілді көреген билеуші, ұлы қолбасшылардың қадірін түсіне бастадық.
Әкеміз, ағамыз құрғақ халықтың
Аты, даңқы өлмесін деп,
Түркі халқым үшін
Түнде ұйықтамадым
Күндіз отырмадым
Біріккен халықты от-су қылмадым,– деп Күлтегін бабамыз айтқандай, олардың тас ескерткіштерге қашап жазып қалдырған сөздері түркі халқының талайлы тағдары мен тәуелсіздік үшін күресін ұрпақтар санасына мәңгіге бекітті. Түркілерге тән ержүрек, өршіл, қайсар, қайтпас мінезді бойына сіңірген Бауыржан Момышұлының Күлтегін заманынан неше ғасыр өтседе ер түріктің ерлігін қайталауы қазақ қанында ерлік, қайсарлық ежелден сақталып қалғанын көрсетеді.
Тарихтан қарап отырсақ,қатігез толқындар біржолата мәңгі жойылып жібергендей талай қиын кезең тұсында қиналса да,аман қалды.Қазақ ұлты тарихында көптеген қиыншылықты бастан кешті,аяусыз шабуылға ұшырады,алпауыттар тайталасының кәріне ілінді,қырғыннан қырғынға, басқыннан басқынға талай азапты көрді.Дегенмен ''тәуелсіз'' деген мағынаны білдіретін “қазақ” деген атына сай әрқашанда азаттыққа қол жеткізу үшін талпынды,осы жолда күресті.Талай батырларымыз бен ұлт қайраткерлеріміз халқын бостандық таңына жеткізуді армандап жанын пида етті,шәйт болды,арманда кетті.Ұлтымызды құрту мақсатымен жасалған алуан түрлі әрекеттер,қу саяси шаралар ұрпақ жадына жойқын соққы бергенімен оны мүлдем бағындыра алмады,дініміз бен тілімізді түбегейлі жоюға шамасы жетпеді.Қазақ “мың өліп,мың тірілсе “ де, қазақ болып қала берді,әр ұрпақ өзінен кейінгілерге тәуелсіздікті арман етіп,ұлттық мақсат ретінде аманат етті.Міне,сол өткен күрес-бүгінгі күннің жемісі деп білемін.
Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз-ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс-жақын жұрттардың бәрін ықтырып келген алып империяның ың-шыңсыз ыдырай бастауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет пайда болды. Солардың бірі – Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар Қазақстан Республикасы еді.
Шуақты, жарқын өміріміз үшін күрескен ата-бабаларымыздың арқасында, біз бақыттымыз. Мен балалық ақ тілекпен Қазақстанда бейбітшілік, тыныштық болып, еліміздің егемендігі мәңгілік болсын деп тілеймін.Жасай бер, жаса, менің Қазақстаным!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!