Отан үшін отқа түс күймейсің

 Отан үшін отқа түс күймейсің

Бердібаев Ербол
5 сынып, № 2 орта мектеп
Мұнайлы ауданы

Ата-бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуды армандады. Әрісі сонау Алпамыс, Қобыланды батырлар, берісі моңғол-жоңғар шапқаншылығы кезінде де, еліміздің батыр ұлдары ел қорғау мақсатында қолдарына найза ұстап, елін-жерін яғни осы ұлан-ғайыр атырыпты қорғағаны бәрімізге белгілі. Сондай қазақ батырлары: Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Райымбек батыр, Шапырашты Наурызбай батырлардың Аңырақай маңындағы шайқастарында елі мен жері үшін, қасық қаны қалғанша алысқаны тарихтан аян. Ал бертін келе кешегі жазықсыз жапа шеккен қазақ зиялы қауым өкілдері: Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллин, Беймбет Майлин, Ілияс Жансүгіров сынды қазақтың бір туар азаматтары осы ел, осы халық үшін жазықсыз жала құрбаны болды. Ал енді кешегі «Желтоқсан оқиғасының» алай-дүлей боранында қазақымның қанша баласын кетті-ай десеңші. Міне осылай ел маңдайына біткен тәуелсіздікте келді.Яғни, 1991 жылы 16 желтоқсан күні елім өзінің алғаш рет «Тәуелсіз Қазақстан» деп жариялады. Ұлан-ғайыр қазақ елінің, жерінің басшысы ретінде тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевсайланды .Әрине тай-тай басқан қазақ елінің сол уақытта ешкімде білмегені рас, оның тіптен тіліде ұмыт бола жаздаған еді. Осындай елді әлемдегі мен-мен деген халықтарға танытып оның берік ел етуі көреген саясаткеріміз-Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасы екені айдан анық. Оның дәлелі сол сындарлы жылдарда елбасымыздың «Қазақстан-2030» Стратегиялық бағыт-бағдарының болғаны белгілі. Сонда айтылған әрбір бағыттың орындалуы қазақ даласына жан бере бастағандай еді. Әр аймақта салына бастаған өндіріс ошақтары, темір жол торабы, білім беру ұйымдар, медицина орталықтарының бойына қан жүгіре бастағандай болды.
Қазақ бұл даласы сияқты пейілі кең, дархан-халық. Не түрлі қилы-қилы замандардан өтіп бүгінге жеткен тағдыры бар. Өз ойымды Бауыржан атамыздың «Отан үшін отқа түс күймейсің» деген сөзімен аяқтадым.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!