Отан

 Отан

Әлімжанова Гүлназ
7 сынып, № 3 орта мектеп
Мұнайлы ауданы
Жетекшісі: Оразова Гүлсара

Отан! Осы сөзді естігенде маған бір ой келуші еді. Отан менің кімім? Отан
– анам, әкем, бауырым, досым дейді. Сонда ол солардай қымбат болғаны ма? Дәл осылай ойлаушы едім. Бұл сұрақтардың жауабын енді тапқандаймын. Отан , расында бізге өте қымбат екен. Осыны білгеннен кейін «Отан» деген сөзді естігенде бойымды ерекше әсер билейді. Мен Отанымның көк шөбінен , заңғар тауынан, мөлдір бұлағынан, ашық аспанынан бойыма қуат, нәр аламын. Тек осы аспанды басқа елдің азаматшасы ретінде тамашалауға қорқамын. Мен бірде ашық аспанда жарқыраған күнге, шайдай ашық түнде жарық айға ұзақ қарап тұрдым. Сонда менің ойыма келгені мен бақытты жан екенмін, менің өмір бойы жолым болып келеді екен. Былай емес пе? Аспанда самсаған жұлдыздар көп, аспан сонысымен әдемі, бірақ самсаған жұлдыздардың ішінде бір жұлдыз ерекшеленіп тұрады. Менің де әлем аспанында жарқырап өзінің орынын алған Қазақстандай елім бар. Міне , мен осы себепті бақыттымын. Төгілген күн сәулесінің нұрына шомылған алып та әсем ғимараттарды, күннің сәулесіне шағылысқан әсем жерлерді көргенде, Отанымның сұлулығына тағы бір мәрте көзім жетеді. «Отанымның бар жәндігін сүйемін қыбырлаған» деген өлең тіркестерін енді түсінгендеймін. Мейлі, ол құрт – құмырсқа болсын, мейлі ол жусаны болсын, ол елімдікі. Кез – келген адамға елінің кез – келген нәрсесі қымбат. Бұл сөзсіз. Қазақ жастары нағыз патриот жастар. Бұған біздерге үлгі болған Қайрат, Ләззат, Сәбина секілді аға- апаларымыздың елі үшін жанын беріп, өшпес ерлік көрсеткендігі дәлел. Кез –келген уақытта қазақ жастары Отаны үшін отқа да, суға да түсетініне сенімдімін. Себебі біз Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай секілді батырлардың ұрпақтарымыз. Иә,әркімге өз елі қымбат, өз елі әдемі. Бірақ Қазақстаннан алған әсер басқа елде қайталануы мүмкін емес. Мен өз Отаныма пайдамды тигізетін адам болып өсемін. Бұл Отанымның алдында борышымды өтеуге кішкене болсын септігін тигізер деп ойлаймын. Мен өз елімді сүйемін, өз елім үшін бәрін істеуден, өмір бойы сүюден ешқашан жалықпаймын. Себебі менің Отаным бұған әбден лайық!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!