Ұшақ

 Ұшақ

Мақсаты: Балалардың ұшақ туралы білімдерін жетілдіре отырып, ұшақ құрылысына тоқталу, ұшақ ұшырылатын жерді аэропорт деп атайтыны, ұшақ пен тікұшақты салыстыруға баулу, ұшақ мағынасына кіретін сөздерді топтастыру жұмыстарына қатыстыру және ұшақ суретін бейнелеуге үйрету.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелесу, мультимедиялық құрал, СТО бағдарламасының «Топтастыру», «Галлереяны шарлау» стратегиялары бойынша жұмыстар, теледидар қарау үлгіге қарай отырып бейнелеу әдісі Көрнекілігі: Ұшақ және тікұшақ макеттері, ойыншық түрлері, мультимедиялық құрал, ойынға керекті қағаздан жасалған ұшақ, суретті көрнекіліктер: ұшқыш, су, жер, әуе көліктері Билингвалды компонент: ұшақ - самолёт, тікұшақ - вертолёт
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Ұйымдасты рушылық оятушылық Тәрбиеші ұшақ туралы жұмбақ жасырады.
Көзді ашып - жұмғанша,
Апарады ұшырып.
Қай жолменен жүргенін,
Жата алмайсың түсініп.
Тәрбиеші балалардан жыл мезгілін, апта күнін, ауа - райын біліп сұрайды. Балалар жұмбақ шешуге қызығушылық танытып, ұшақ екенін қасиеттеріне қарап ажыратады

Балалар жауап береді.
Ұйымдасты рушылық ізденушілік Тәрбиеші: - Балалар біздің бүгінгі оқу қызметіміз ойын түрінде өтеді. Сондықтан бәріміз атсалысып ұйымшыл түрде қатысайық.

1. Балалар, бәріміз көзімізді жұмып, қиялмен ұшаққа отырайық. Тәрбиеші аудиотаспадан ұшырылған ұшақтың дыбысын жібереді және қиялмен ойлаудың текстін, мәтінін оқиды...
2.- Енді балалар көзімізді ашайық, біздер қайтадан ұшақпен жерге қондық, енді бір сәт тақтаға суреттер бойынша әңгімелеп көрейік. «Ұшақ» дегенде біздің көзімізге нелер елестейді?

3. Ұшақтың құрылысында біздерге нелер таныс?
Сұрақтар қояды:
1) Ұшақ не үшін керек?
2) Ұшақ әуе ме, жер ме, су көлігі ме?
3) Ұшаққа мінгендерің бар ма?
4) Ұшақ жүргізетін адамды кім деп атаймыз?
5) Ұшақ пен тікұшақты Венн диаграммасы бойынша салыстырып көрейік

Ұшақ тікұшақ

6) Ұшақ пен тікұшақ қандай жәндіктерге ұқсас деп ойлайсыңдар?
Ұшақ ұшатын жерді аэропорт деп атаймыз.
4. Қимылды ойын: «Ұшақпен ауа - райын бағдарлаймыз»
Ойынның шарты: Қазір балалар сендер ұшақ боласыздар, бәрің ұшақ болып қанат жайып ұшып жүресіңдер. Мен: - Орал қаласына тоқтаймыз,- дегенде сендер кілт тоқтап, Мен: - Орал қаласында ауа - райы қар жауыпты,- дегенде сіздер қарды қимылдарыңмен бейнелейсіңдер.
• Оралда қар
• Ақтөбеде боран
• Атырауда бұлт
• Алматыда жаңбыр
• Өскеменде тұман
5. Тәрбиеші балаларға «Байқоңыр – ғарыш айлағы» туралы айтып өтеді және қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров екендігін тағы да естеріне салады.
6. Бейнелеу жұмыстарына баулиды Ұшақтың суретін салу үлгісін көрсетеді.
7.- Енді, балалар бәріміз тағы да ойнап қайтайық
Ойын: «Не қайда өмір сүреді?»
Суда: балық, сегізаяқ, крокодил, бақа, жылан, қайық, кеме т. б.
Аспанда: ұшақ, тікұшақ, бұлт, ай, күн, жұлдыз. т. б
Жерде: машина, мысық, ағаш, қоян, шөп т. б.
8. Балаларға теледидардан «Ұшақ»атты мультфильм көрсетіледі(үзіндісі)
9. Балалар біздер ұшқыш, ұшақ туралы қандай өлең - тақпақ білеміз бе?

Балалар тәрбиешінің айтқан сөзіне қызығушылық танытып, ойын ойнауға әзір екендіктерін айтады.
Балалар тәрбиешінің берген сұрақтарына көз жұмып жауап берумен қатар, қияли ойлаудан алған әсерлерін тәрбиешіге жеткізеді.
Топтастыру стратегиясы
Аспан Бұлттар
Ұшақ құстар ұшқыш
2 қанаты, терезелері, есігі, тұмсығы, баспалдағы, дөңгелегі.
Ұшақты жүргізушіні ұшқыш деп атаймыз
Балалар қимылдар жасайды
Балалар қимылды ойын барысында ұшақ болып ұшумен қатар, тәрбиешінің әр берілген бұйрығын қалтқысыз орындап, ауа - райын қимыл әрекетпен орындап береді.
Балаларға «Байқоңыр – ғарыш айлағы» туралы біледі және Тоқтар Әубәкіров жөнінде білгендерін айтты
- Балалар ненің қайда болатынын ойлап тез ажыратып орындап отырды.
Балалар аса қызығушылықпен қарайды, жалғасын күннің 2 жартысында тамашалайды
Сұлтан:
Мен ұшақпын, ұшамын
Ақ бұлттарды құшамын
Асқар таудан асып
Бәрінен де озамын.
Айнара:
Тоқтар ағам - жан ағам
Бұрыннан да ер еді
Менің батыр ағадан Аумай қалғым келеді.
Рефлекстік - түзету «Галлереяны шарлау»стратегиясы бойынша балалардың бейнелеу жұмыстары тақтаға ілінеді де өздеріне кімнің суреті ұнағандарын сұрау Балалар бір - бірінің жұмыстарын бағалайды, қошемет көрсетеді.
Күтілетін нәтиже: Біледі: Ұшақ туралы жан - жақты түсініп, ұшқыш туралы білімдерін тиянақтады.
Түсінеді: Ұшақ пен тікұшақтың айырмашылығын, жалпы көліктер туралы білді
Қолданады: Ұшақ туралы өз ойларын жинақтай келе, сурет салуды меңгерді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!