Бағдаршамға бағынамыз баршамыз

 Бағдаршамға бағынамыз баршамыз

Отбасылық спорттық - танымдық жарыс
Тақырыбы: Бағдаршамға бағынамыз, баршамыз!
Мақсаты: Балаларға жол ережесінің алғашқы ережелерін ойын арқылы түсіндіру, ата - аналарды ойынға қатыстыру арқылы балаларымызды бірге тәрбиелеуге, ортақ тіл табысуға шақыру, салауатты өмір салтын насихаттап, жеңіске жету үшін талпынатын намысты ұрпақ тәрбиелеу.
Сұрақ – жауап:
- Балалар, біз балабақшаға келгенде және тағы басқа жақтарға қалай барамыз?
- Жолмен, келеміз
- Немен барамыз?
- Көлікпен, велосипедпен немесе жаяу
- Балалар көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
- Көліктер соғылмай, адамдардың амандығы үшін.
Әр адамның өз өмірінің қауіпсіздігі үшін. Яғни, амандығымыз үшін. Олай болса жол ережесіне бағынып, аман - есен жүру үшін «Бағдаршамға бағынамыз баршамыз» атты отбасылық спорттық – танымдық жарысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Жарыс болғаннан кейін біз қатысушыларды екі топқа бөлеміз, бір топ «Жүргізушілер», екіншісі «Жаяу жүргіншілер» деп аталсын атына заты сай болып жүргізушілер жеңер ме екен, әлде жаяу жүргіншілер басып озар ма екен?!
Әділқазылар алқасын сайлап алайық:
1.
2.
3.
Жарысымыз 5 бөлімнен тұрады. Бұл жарыстың ерекшелігі алдағы кедергілер жол ережесімен байланысты болмақ және бізбен бірге «Бағдаршам» ойынға қатысады. Мұқият тыңдап, ережеге бағынып ойнайтын болайық.
Бағдаршам: Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін мен сендерге арнайы келдім. Ойындарың тартысты, қызық өтсін деп.
Мен өзімді таныстырып өтсем:
Жол бойында тұрамын,
Жол ережесін құрамын,
Саулығы үшін адамның,
Үш көзіммен сендерге қызмет етіп тұрамын.

1. Велосипедпен серуен
Шарты: балалар өздері белгіленген жерге дейін велосипедпен серуендеп айналып қайтып екінші балаға велеосипедті береді.
Жүргізуші:
Қызыл жанды, тоқтағын,
Көрдің жұрттың тосқанын.
Сары жанды – дайындал
Айналаңа қарап ал.
Жасыл жанды – тыңдағын
Жолың ашық, тұрмағын.

2. Бағдаршам көздері
Шарты: алдыда тақтаға бағдаршамның көздерін орын тәртібі арқылы орналастырады.
Жүргізуші:
Қызыл көзін ашқанда,
Ешқашанда баспа алға.
Орныңда тұр қозғалма
Ереже бұл “Сен тоқта!”
2. Көпірден өтеміз
Шарты: көпір қауіпті болғандықтан баламызды қолымызға көтеріп алып өтіп, тез арада топқа ораламыз, ойыншылар саны біткенше ойын жалғасады.
Жүргізуші:
Жасыл көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жүруге әлі болмайды,
Дайындықты сақтайды
3. Жол ережесіне байланысты жұмбақтар шешу.
Арқаным бар тым ұзын,
Ала - алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)

Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (Трамвай)

Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

Ала таяқ ұстағаны
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (Жол полициясы)

Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)

Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)
Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды.
(Автобус)
Жүргізуші:
Сары көзін ашқанда,
Көліктер саған тоқтайды.
Ережені білгендер,
Өтуге еш қорықпайды.
5. Балабақшадан баланы автобуспен алып қайту
Бұл турда команда болып ойналады. Автобус ұзын болғандықтан адамдар бірінің - артына – бірі отырады, сол себепті бірінші ойыншы баласының қолынан ұстап, белгіні айналып келіп, жолында бағдаршамның қызыл түсі жануы мүмкін, жаяу жүргінші өтуі мүмкін сондай кедергілер уақыт ұстайды соған қарамастан келесі ойыншыларды артына жалғап автобусқа мінгізіп, ойынды бірінші болып аяқтау керек.

Сөз кезегі әділқазыларға беріледі. Жеңген топты марапаттау.
Жүргізуші:
Жолды кесіп өтерде,
Сол жағыңа қарайла,
Жарты ортаға келгенде
Оң жағыңа қарайла
Білгеніңді басқаға
Үйрете жүр, жарай ма? .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі