Қазақстан – мәңгілік ел!

 Қазақстан – мәңгілік ел!

Тәттібек Индира
10 сынып, №25 «Ә.Молдағұлова» ЖОМ
Сарыағаш ауданы
Жетекшісі: Мусаева Б.

Қазақстан – ұшқан құстың қанаты, шапқан аттың тұяғы талардай, кең – байтақ, дархан даланы мекен еткен жаны жомарт қазақ халқының Отаны.
Бүгінгі таңда, Қазақстан – тәуелсіз мемлекет! Тәуелсіздік – қазақ жұртына оңай келген жоқ. Сан ғасырлардан бері дербес ел болуды көксеген халқымыз мұра болып келе жатқан кең байтақ жерді, ақ білектің күшімен, найзаның ұшымен келген ұлан-ғайыр өлкемізді өзге жұрт өкілдері таптап кетпес үшін қасық қаны қалғанша күресті, жері, елі үшін талай күнәсіз жастардың қаны төгілді.
Айтып өткеніміздей бостандық, теңдік, тәуелсіздік өз бетімен келген жоқ. Қаншама адам құрбан болды. Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасы! Осы бір жан түршігерлік оқиға қазақ халқының мәңгі есінде қалды. Желтоқсан көтерілісі – елімнің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін болған күрес. Ежелден еркіндік аңсаған халықтың асыл мұраты – еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреп « Егемен болмай, ел болмас, етектен кесіп жең болмас »,- деп жырлап өтті. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы аса шытырман талас – тартыспен асыл арманы тәуелсіздікке қол жеткізді. Дербес мемлекеттердің қатарына қосылу жолында Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда «Тәуелсіз мемлекет» деп жарияланды. Міне, осы сәт, дәл осы мезеттен бастап қазақ халқының 70 жылдан астам уақыт бойы КСРО-ның құрамында болып, қаншама ауыр да қиын сәттердің, қатігездіктің, жәбір көру мен әділетсіздік атты іс-әрекеттерге нүкте қойылды. Себебі, бұл сәтте Қазақстан – тәуелсіз мемлекет атанған еді.
Міне, тәуелсіздікпен бірге егемен Қазақстанның жаңа тарихының да жаңа беттері ашылды. Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде, тарих сахынасына егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке керуен болып қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген Әнұранымызды естігенде бойыңды ерекше бір азаматтың асқақ сезім билейді.

Хош, еліміз тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктеріміз бен қол жеткізген табыстарымызға, бағындырған биік шыңдарымызға көз жібертіп көрейікші.
Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып Түркия, Америка Құрама Штаттары, Қытай Халық Республикасы, Германия, Пәкстан мемлекеттері мойындады. Қазіргі күнде Қазақстан Республикасының тәуелсізідігін әлем мемлекеттерінің барлығы дерліктей танып отыр. Бұл да бір үлкен жетістік.
1992 жылы Қазақстан дүние жүзіндегі ең ықпалды және беделді ұйым-Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Қазір Нью – Йорктегі БҰҰ-ның зәулім ғиамаратының алдындағы салатанатты алаңында әлем мемелекеттерінің туларымен бірге Қазақстанның да аспан түстес көк туы желбіреп тұрғанын ескермей кетуге болмайды. Қазақстанның 1992 жылы ЕҚЫҰ-ға мүше болуы, ал 2010 жылы бұл ұйымға төрағалық болып сайлануы және дәл осы жылы Астанада аталмыш ұйымның саммитінің ТМД елдерінің ішінде Қазақстан бірінші өткізіп отырған мемлекет болғандығы – біздің еліміздің беделінің жоғарылай түскендігінің айқын көрінісі. «Азияда-2011» спорттық ойындарының өткізілуі Қазақстан үшін маңызды оқиға болды. Бұл ойындарда қазақ спортшылары биік нәтижелерге қол жеткізді.
Әлемдегі 126 мемлекеттің ішінен ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыруды жеңіп алу - еліміз үшін ,Отанымыздың әлемдегі беделін одан әрі бір сатыға жоғарылатты.
Міне, жеткен жетістіктеріміздің біршамасын сараладық. Мұның бәрі алаш асылдарының осындай сан ғасырлық армандарын іске асырып дербес мемлекет құрған елі сүйген, елін сүйген Елбасымыз Н.Назарбаевтың кемеңгерлік пен ұйымдастыра білуі және сан түрлі ұлт өкілдерінен құралған қазақ халқын біртұтас ауызбіршілікте ұстай білуінде.
Қазақстан таңғажайып табиғатымен, аспан тілдескен мұзарт шыңдарымен, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерімен , ақ жол толқындары асау арғымақтай көкке шапшыған шалқар теңізімен, күні от шашқан шөлейтті және арналы өзен, ну орманымен әсем де әдемі.
Қазақ даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Осындай көркем табиғатымен де әлем өкілдерін таңғалдырудан жалыққан емес. Асты мұнайға, үсті бидайға толы байтақ Қазақстан - әлемдік алпауыт елдермен иық тіресе алатын үздік 20 елдің қатарына кіру мақсатын көздеген жетекші мемлекеттің бірі. Байтақ ел, күн сәулелі Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолында келе жатыр. Осындай болашақтың жарқын боларына сенген, сол үшін алға ұмтылыс үстінде жүрген мәңгілік ел болуды мақсат тұтқан Қазақстан біздің мақтанышымыз.
Шығармамды аяқтамас бұрын Елбасының мына сөздерін айтқым келеді:
«Тағлымы мол тарихымызбен, ұлы тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. Мен ХХІ ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры»боларына сенемін, мәңгілік ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірірлерге жол ашсын.»
Мен – қазақпын! Қазақ болып туғаныма мақтанам. Себебі мен татулық пен достықтың, ерлік пен елдіктің мекенінде тұрып жатырмын. Өзіміз ғана емес, өзгелер де тамсана қарайтын, ырысы мен ынтымағы, бірлігі мен тірлігі жарасқан қазақ елінің бақыты баянды болғай!
Қазақтың мәңгілік ғұмыры біздің мәңгілік болашағымызды баянды етуге арналады. Дамуы жедел, келешегі кемел Қазақстанның елдігі мәңгілік болатынына сенемін.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі