Елімнің рәміздері мақтанышым!

 Елімнің рәміздері мақтанышым!

Орымбек Әсел
10 сынып, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп
Ордабасы ауданы

Жұмыр жер бетіндегі мемлекет атаулының қай-қайсында да шет елге өзіндік бет-бейнесін танытатын белгілері-ел нышандары ( туы, елтаңбасы, әнұраны ) болатындығы белгілі. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының да ондай белгі-нышандары болған. Рәміз адамның санасы мен ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Заттың тілдік белгісі сол заттың ақпараты, хабары ретінде түсініледі. Белгі мен мағына арасында тығыз қатынастық байланыс болуында . Халық өзін қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарға мән, мағына бере отырып, оның негізгі белгілерін салыстыру, ұқсату, абстракциялау т.б арқылы қасиеттерін жинақтап, ортақ белгілерінің жиынтығы негізінде жаңа ұғымға атау қойған. Шындық болмыс үнемі қозғалыста және шығармашылық даму үстінде болуы заңдылық. Демек, рәміз де өзгеріс пен дамудан тұрады.
Тудың түсі көк болуы – бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары сан тарапқа, ұлттарға, мемлекеттерге бөлінгенімен, айқара аспан ешқашан бөлінбек емес. Әрі Шәкен Ниязбеков туды жасаудағы басты мақсаты ала-құлалықтан аулақ болу еді. Соған орай бүкіл адамзатқа біртұтас аспан көк түсін алғаны . Ал, Күнге келер болсақ, ол да жапанға ортақ нәрсе. Бұлтсыз аспанда ғана нұрын шашқан Күн сәулесі баршаға нұрын төгеді.Күн жылуы Жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Сондықтан тудан Күн орын алуы тиіс деп шешкен.
Қазақ халқы қашанда қыранды қасиетті, киелі құсқа балаған. Егемендік алған қазақ елінің қыран тәріздес биікте, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған дүние, бұл. Оған қоса туда қазақтың ұлттық ою-өрнегі бейнеленген. Зер сала қараған адамға Тудағы композициялық тұтастықты байқау әсте қыйын емес. Көк жүзінде ғаламға нұрын шашқан күн сәулесі, астында қияға қанат қаққан Қыран – тыныштықтың, берекелі өмірдің рәмізі іспетті. Оның үстінде ұлттық ою-өрнек қазақтың ұлттық танымын, қасиетін көрсетеді.
Елтаңбаның негізінде қазақта «Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын» деген сөз бар. Осы үш сөз негізге алынды. «Алты қанат ақ орда үй шайқалды» деп келетін аңыз-жырлары жасымыздан жаттап өскендігіміздің арқасы шығар, елтаңба нышандарын өткен тарихымыздан іздеп, оны бүгінгі күнмен байланыстырған. Елтаңбадан сол елдің тарихы, дәстүрі, рухы толық танылып тұруы тиіс. Оның пәл сапалық мән-мазмұны айқын ашылмаса болмайды. Осы ретте әлемдегі талай елдің елтаңбаларын салыстыра қарап шығуға тура келген. Мәселен, қос басты бүркіт, қылыш пен қалқан, ауызын арандай ашқан арыстан бейнеленген елтаңбалар аз емес. Тіпті Австралияның елтаңбасында кенгуру, Африка елдерінде қолтырауын бейнесін елтаңбаға енгізген елдер бар. Әр халық өзі қасиетті санайтын жан-жануарды мемлекеттік нышан еткен де жайы бар. Бастапқыда «шаңырақ қазаққа тән емес қой» деген сыңаржақ пікірлер де болған. Сонда «ау, Абай да, Абылай да сол шаңырақтың астында дүниеге келген жоқ па?» деген уәж айтылған. Аңыздардан арқау тартқан пырақ бейнесіне де қарсы келгендер болмай қалған жоқ. Біле білсек, жылқы да өз кезегінде өркениеттің дамуына ықпал еткен ғой. Ал қазақ – малсақ халық. Қанатты пырақтың қойылғаныда сондықтан болуы керек. Алтын киімді адам қазақ жерінен табылды. Ал оған дейін де бұл далада үлкен мәдениет болды ғой. Болмаса сондай ғажап ескерткіш тақыр жерде тұра қалама?... Елтаңбадағы шаңырақты, яғни біздің бейбітшіл Отанымызды қорғау қажет болды. Яғни босағаны берік қылуды ойлаған. Бұл үшін жеті буыннан тұратын мүйіз таңдалды. Жеті буын бір жағы қазақтың «жеті атасын білмеген
жетімдіктің белгісі» дегенін аңғарту. Жалпы , қазақ мүйізді қастерлеген. Оған қатысты түрлі ырым – нанымдары аз емес. Пырақтың қанаты бір қарағанда бидайдың бауланған сәтін еске салады.
Мемлекеттік әнұранның сөздері жүрекке қайрат, бойға жігер береді.
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы.
Ежелден ер деген
Еліме қарашы,-деп, кең байтақ өлкемізді, оның байлығын тебірене жырға қосқан.
Сөзін жазған:Жұмекен Нәжімеденов; Нұрсұлтан Назарбаев.
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
Әнұранымыз отаншыл, ұлтжанды рухыңды аспандатып, алпыс екі тамырыңда тәңірлік күштің қуатын буырқандырып, тік тұрып қарсы алып, қасқайып тұрып тыңдайтын, шабыттана жан дүниеңмен беріле шырқайтын сұлу саз әлгі қасиетті сөздермен қосылып айтылатын халықтың жан дауысы, құдіретті әуені.
Мектебіміздің әрбір жиыны көк байрағымызды рәсімдеуден басталады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Конституциялық заң күші бар жарлығының 3-бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін қастерлеуге міндетті» екендігін жариялаған.
Қорыта келе, мектебімізде рәміздерді насихаттауда көптеген сыныптан тыс сайыстар, апталықтар және ертеңгіліктер өтіледі. Оқушыларға рәміздерді оқып-үйрену, Отанын шексіз сүюге, қастерлеуге әрқашан елінің өсіп, өркендеуіне үлес қосулары қажет.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?