Қазақстан тарихы пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Қазақ мәдениетінің қоры ұйымы


Қазақ мәдениетінің қоры — облыста Қазақ халқының материалдық, рухани мұраларын сақтап, мәдени құндылықтарды дамыту мақсатында құрылған ұйым (1987).

Құрылтайшылары – өлкетанушылар, коллекционерлер, шығармашылық қызмет өкілдері. Қордың жетекшілігімен өлкетану конференциялары өткізілді. Өлкетанушылардың облыстық кеңесі құрылып, 2 халық музей ашылды. Жоғарғы оқу орындары студенттері мен мектеп оқушылары үшін Сырым Датұлы атындағы, Халық жазушысы Жұбан Молдағалиев атындағы стипендиялар тағайындалып, пушкинтану кеңесі құрылды. Профессор М. Тілеужановтың қазақтың зергерлік бүйымдар коллекциясы шет елдерде көрсетілді. Қазақ мәдениетінің қоры суретші Сәкен Ғұмаровтың көрмесін, С. Датұлының туғанына 250 жыл толуына байланысты мерейтой үйымдастырды. Қор баспасы Батыс Қазақстан өлкесінің тарихын зерттей отырып, Н.Чесноковтың «Оралға 375 жыл», Н. Савичевтің «Исатай Тайманұлы», «Қазақтар», «Сырым батыр Датұлы», «Пушкин – Оралда» (екі тілде) кітаптарын, «Жайық шежіресі» газетінің нөмірлерін және т.б. жарыққа шығарды. Орал педагогикалық колледжінің ғимаратына ЖДосмүхамедовке арналған ескерткіш тақта орнатты
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу