Бизнес | Шағын және орта бизнесті даму мәселелері

 Бизнес | Шағын және орта бизнесті даму мәселелері

Мазмұны
Кіріспе.........................................................5
Негізгі бөлім.
1.Шағын және орта бизнестің теориялық негіздері.
1.1. Шағын бизнестің даму тарихы............................................................................7
1.2. Шағын бизнестің негізін қалау жолдары.........................................................11
1.3. Шағын бизнесті басқару....................................................................................16
2. Шағын және орта бизнесті даму мәселелері.
2.1. Шағын және орта бизнесті дамытудың бағдарламасы.................................22
2.2. ҚР Шағын және орта бизнесті дамыту туралы заңның шығуы.....................24
2.3. ҚР шағын және орта бизнестің даму жолдары................................................27
Қорытынды..............................................................................................................30
Әдебиеттер тізімі......................................................................................................31

Кіріспе
Нарыққа негізінен миллиондаған айналымы бар корпорацияларға жол ашық, ал шағын кәсіпкерлік құрылымдардың кіруіне мүмкіндік жоқ деген пікірлер бар. Басты дәлел - шағын фирмалардың жақсы жетілген ірі компаниялармен бәсекелесе алмауы. Шын мәнінде, шағын бизнес бірнеше себептерге байланысты ірілермен сәтті бәсекелесе алады. Мысалға ірі кәсіпкорындар стратегиясын өзгерту үшін 6 жыл қажет етеді, ал жаңа стратегия еңгізу үшін 10 жыл және одан көп уақыт қажет етеді. Шағын фирмалар үшін бұл уақыт айтарлықтай азырақ - жарты жылдан 1 жылға дейін. Одан әрі, технологиялық жаңалықтар — бұл дәстүрлі түрде үлкен бизнес саласы деп саналатын, бірақ статистикаға қарасақ, 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін радикалды технологиялық жаңартпашылықтардың 95% шағын бизнес саласынан келуде. Басқа қайнар көздердегі мәліметтер бойынша ірі фирмаларға қарағанда, шағын фирмалар 24 есе көп жаңарпашылықтар мен ашылымдар жасауда.
Сондықтан Европа Достастығында (ЕС) экономиканың жеке секторындағы 15,7 миллион кәсіпорындардың барлығы дерлік шағын және орта бизнес түрінде болуы кездейсоқтық емес. Шағын бизнес кәсіпорындары 70% жұмыс орындарымен (62 млн) қамтамасыз ете отырып, қоғамдастықтың дамуына айтарлықтай үлес қосты, статистикалық мәліметтер бойынша 16 млн. адам өздеріне және 46 млн. адам жалдамалы жұмысшы ретінде жұмыс істей бастады.
Көптеген жылдар бойы әртүрлі елдердің ғалымдары шағын бизнеске анықтама беруге тырысып келеді. АКШ Конгресс Комитетіне шағын бизнестің 700-ге жуық анықтамасы ұсынылған. Шағын бизнесті сипаттаудың түрлі критерийлері бар, мысалы, өндіріс көлемі, жұмыс істеушілердің саны, депозиттердің көлемі, негізгі өндіріс қорларының актив бөлігінің өлшемі, басқару аппаратының өлшемі, кіріс мөлшері. Ең кең таралған критерийлердің бірі жұмыс істеушілердің саны. Кейбіреулер жұмысшылар саны 100-ге дейін, тағы біреулер 50-ден 1000-ға дейін, үшіншілері 100-ден 1500-ге дейін жететін кәсіпорындарды шағын бизнес кәсіпорындары деп санауды ұсынуда.
Германияда ереже бойынша, жұмыспен қамтылған адамдар саны 1-ден 500-ге жететін кәсіпорындарды шағын бизнеске жатқызады, сөйте тұра олар келесі 4 категорияға бөлінеді: 20-дан 49-ға дейін, 50-ден 99-ға дейін, 100-ден 199-ға дейін, 200-ден 449-ға дейін. Германияда жылдық ақша айналымы 3,5-нан 11,5 миллион неміс маркасын құрайтын фирмалар, шағын фирма деп саналады. Германиядағы шағын кәсіпорындардың тиімділігі АҚШ-пен Жапонияға қарағанда жоғары. Мүнда 12,3% ірі кәсіпорындардың және ол жерлерде жұмыспен қамтылған 34% жұмысшылардың үлесіне ұлттық табыстың тек 52,6% ғана келеді. Жұмыс орындарының үштен екісінен көбі шағын кәсіпкерліктің арқасында ашылуда. Жапонияда заңды түрде белгіленген кәсіпорындар критерийлері бар: өнеркәсіп, көлік және құрылыста - 300 адамнан көп емес, көтерме саудада - 100, бөлшек сауда және қызмет көрсету саласында - 50, олар осы критерийлерге қарай шағын және орта кәсіпорын статусын ала алады. Сондай-ақ жарғылық капитал мөлшері де шектелген: өнеркәсіп, құрылыс және көлікге - 770 мың доллардан жоғары емес, көтерме саудада - 230 мың доллар, қызмет көрсету саласында 77 мың доллар. Ресей Федерациясының қазіргі қолданып жүрген заңдарына сәйкес, шағын кәсіпорындарға:
• өнеркәсіпте - 200-адамға дейін;
• құрылыста - 100 адамға дейін;
• көтерме саудада - 50 адамға дейін;
• ауылшаруашылығыңда — 50 адамға дейін;
• ғылымда және өндірістік емес салада - 25 адамға дейін;
• бөлшек саудада - 15 адамға дейін;
жұмыс істейтін кәсіпорыидар жатады.
Қазақстанда адам саны айтарлықгай аз кәсіпорындар шағын болып саналады. Қазақстан Республикасының 1997ж. 8-сәуірдегі N 499 қаулысына сәйкес шағын кәсіпорындарға:
• өндірісте, құрылыста және шаруашылықта - 50 адамға дейін;
• саудада және тұрмыстық қызмет көрсетуде - 30 адамға дейін;
• көлік және байланыста —25 адамға дейін;
• ғылымда және жаңартпашылық қызметте — 20 адамға дейін; жұмыс істейтін кәсіпорындар жатады. Жүмыс істеушілер саны 200 адамнан аспайтын кәсіпорындар орта бизнеске жатады.
Авторлары, шағын бизнесті жұмысшылардың саны, капитал айналымы, өндіріс көлемі сияқты және т.б. көрсеткіштер арқылы анықгау көзқарасынан бас тартуды ұсынатын зерттеулер де бар. Оның орнына шағын бизнесті ірі бизнестен принципті түрде ажырататын сипаттамаларға көңіл бөлуді ұсынуда, атап айтқанда: нарық үлесі, негізін салушылардың кәсіпорынды басқарулары, шешім қабылдау процесіне ірі кәсіпорын әсерлесінің жоқтығы. Мұндай позицияны австралиялық ғалымдар да ұстануда, олар қаржы, бухгалтерлік есеп, қызметкерлерді басқару, қамсыздандыру, маркетинг, өндіріс немесе қызмет көрсету мен сатуды қамтамасыз ету саласында 1 немесе 2 адамның ғана өздерінің жеке мамандарының көмегінсіз барлық стратегиялық шешімдерді қабылдауға өкілеттігі бар бизнесті шағын деп есептеуді ұсынады.
І. Шағын және орта бизнестің теориялық негіздері
1.1. Шағын бизнестің даму тарихы.
Қазақстан жағдайында шағын бизнеске анықтама бере отырып, қолда бар шетелдік тәжірибелерді ескере келе, шағын бизнеске келесідей сипаттама беруге болады. Шағын бизнес кәсіпорындары деп, бір немесе бірнеше инвесторлармен құрылған, географиялык шектелген аймақтарда жұмыс істейтін және нарықтың шектелген үлесіне ие кәсіпорындарды айтамыз. Бұл кәсіпорындарда басқаруды негізін салушылар жүзеге асырады, олар барлық негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайды; баскару - нысаншылдықтың жоқтығы мен ұтымды шешім қабылдау сипатымен ерекшеленеді; басқару саласында, сондай-ақ өндіріс саласында жұмысшылардың жоғары өзара ауыспалылығы байқалады.
Бізде шағын бизнес түсінігі дәстүрлі түрде бірінші кезекте шағын кәсіпкерлікпен ұқсастырылады. Әлі сонау 1990 жылдың тамызында КСРО Министрлер Кеңесінің "Шағын кәсіпорындарды құру және дамыту шаралары туралы" қаулысы қабылданып, соның негізінде Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің сәйкес N432 қаулысы қабылданды. Шағын кәсіпорындар жіктеу кезінде, оңда жұмыс істейтін адамдар саны факторы негізге алынды. Шағын кәсіпорындар азаматтар, жанұя мүшелері және сауда шаруашылығын біріккен түрде жүргізетін басқа тұлғалар тарапынан, мемлекеттік мүлікті басқаруға өкілеттілігі бар әртүрлі заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдар тарапынан құрылуы мүмкін еді.
Шағын және орта бизнес, қазіргі кезеңде жұмыссыздықпен сипатталатын Қазақстан экономикасын қажетті жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Американ экспресс мәліметтері бойынша, барлық жаңа жұмыс орындары тұрақтанған ірі компаниялардың есебінен емес, жаңа фирмалар есебінен ашылуда. Мысалы, 1987 ж. АҚШ-тың 500 ірі компанияларындағы жұмыс орындарының өсу қарқынына қарағанда, 7 миллион шағын фирмалардағы жұмыс орындарының өсу қарқыны 3 есе көп болды.
Дәстүрлі түрде ірі кәсіпорындар мен фирмалардың жұмыс істеуі пайдасыз болып табылатын салаларда шағын бизнес барлық мүмкін болатын қызметтер мен қосалқы жұмыстарды атқаруда кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып, ірі фирмалар мен компаниялардың тиімді жұмыс істеулері үшін қолайлы жағдайлар жасап отыр. Бұл жерде 50-ші жылдардан бері, келісім-шарттар негізінде, ірі компаниялардың шағын және орта маманданған фирмаларға тапсыратын жұмыс көлемі күрт өсе бастаған Жапония тәжірибесі көңіл аударарлық. Мысалы, 1966 жылдан 1981 жылға дейін ірі фирмалармен контракт бойынша жұмыс істейтін шағын және орта фирмалардың (300 адам жүмыспен қамтылған) үлесі олардың жалпы санында (шағын, орта және ірі фирмалар санының қосындасында) 53,5-тен 65,5%-ке көбейді. Электроника өнеркәсібінде бұл үлес 1981 ж. 85,7 %-ке жетті. Ал осы өнеркәсіп саласындағы өндіріс көлеміндегі қосалқы жұмыстардың құндылық көлемініңлоіес салмағы 90-шы жылдардың басында 80 %-ке жетті.
Сондай-ақ құрылыста шағын және ірі фирмалардың әртүрлі қызмет салалары бар. Ірілері үлкен объектілердің әсер ету жағдайында сәтті жұмыс істейді және ірі тапсырыс берушілермен жұмыс істейді. Шағын құрылыс фирмалары болса, құрылыстық - монтаждық жұмыстарға, бар объектілерді модернизациялау мен қайта құруға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жеке тапсырыс берушілермен жұмыс істеуге бет алуда. Спецификалық функцияларды істей отырып, ірі және шағын құрылыс фирмалары бірін-бірі толықгыруда деуге болады. Сондықтан, шағын және ірі қүрылыстық кәсіпорындар арасында тікелей бәсекелестік туралы айту заңсыз. Шағын бизнес ірі бизнеске қарағанда анағұрлым тиімдірек жұмыс істейтін салаларда өзінің нарықтағы тауашасын сәтті иеленеді. Мысалы, ірі комбинат әсері - бұл ірі бизнес саласы екендігіне сөз жоқ, бірақ осы комбинаттағы электромонтаждық фирмалар электромонтаж жұмыстарын әлдеқайда тиімдірек орындайды.
Шағын бизнестің артықшылықтары айқын. Бұл - шағын бизнестің динамикалылығы, икемділігі, өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызмет түрлерін тез ауыстыру қабілеттілігі, технология саласында сондай-ақ басқа жұмыс істеу салаларында жаңалықтарды енгізу қабілеттілігі. Соңында, шағын фирмалардағы еңбек ұжымында тұрақгы емес қатынас орнатылады, үлкен бюрократиялық құрылым жоқ, жұмысшыларды басқаруға, табыстарды басқаруға тікелей қатыса алады.
Шағын бизнестің басты ерекшелігі - кірістерге қатысумен және жұмыспен қамтылғандықты сақтап қалуға ынталы болумен шартталған, жұмыстың ең жоғарғы нәтижелілігіне деген жалпы біріккен құштарлық, коллективтік түрде еңбек етуге және бригада болып жұмыс істеуге деген ұмтылыс. Ірі фирмаларда құрушылар (негізін қалаушылар) кәсіпорынды басқару үшін маман менеджерлерді тартуға мәжбүр, бірақ бұл көбінесе 2 жақ мүдделерінің тоғыспауына әкеледі, ал ол өз кезегінде жалпы басқару тиімділігіне әсер етеді. Шағын және орта кәсіпорындарда мұндай қарсылықтардан кұтылып кетуге болады, себебі негізін қалауы мен менеджер - бұл ереже бойынша бір адам. Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде шағын бизнес кайтадан өз мәні мен маңыздылығына ие болды. Көптеген елдердің үкіметтері шағын бизнесті жаңа ойлардың, жаңа жұмыс 1-кесте
Шағын және ірі бизнесті салыстыру анализі
орындарының,табыстар мен өркениеттіліктің көзі ретінде қарастырып, дамуына жағдай жасау шараларын қабылдауда.
Шағын бизнес шағын және орташа қалалардың жұмыс істеу непзі болып, ол жердің тұрғындарына тұратын жерлерінің қасынан жұмыс табуға жол ашады. Мысалы, Көкшетау қаласының жағдайында, бұрынғы үлкен "Көкшетаустрой" Көкшетаустрой-1", Көкшетаустрой-2" трестері сияқты кұрылыс өндірістерінің көлемі қысқартылып немесе жабылып жатқанда, шағын құрылыстық фирмаларды құру жүздеген құрылыс мамандарына өз қаласынан тысқары шықпай-ақ жұмысқа тұруға мүмкіндік берді.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе келесідей шағын және ірі бизнесті салыстыру анализінің кестесін құруға болады, оның мақсаты ірі бизнестен мүлдем бас тарту емес, ал Қазақстан экономикасы үшін шағын бизнестің үлкен артықшылықтарын көрсету болып табылады. Оның үстіне, шағын бизнес тек қана экономиканы жандандырушы фактор болып қана қоймай, сондай-ақ оның экономикалық дағдарыстан шығуының алғашқы кезеңі ретінде де қарастырылады. Шағын фирмаларды көбірек құру - жұмыссыздық проблемасын жеңілдетуі, сауыққан бәсекелі орта құруы, қаржы нарығын жандандыруы, ірі бизнестің дамуына бастама беруі және бүгінгі барларының ауқымын кеңейтуі мүмкін.
Экономиканың бұл күшті қорегін жоғары дамыған етдерде елемеи кетпейді, олар шағын бизнесті, сайып келгенде кез-келген ірі бизнестің негізі деп, өздеріне есеп беруде себебі кез-келген ірі кәсшорын екі адамның бастапқы аздаған капиталмен өз ісін бастау идеясынан басталады. Идея кәсіпорынның кіріс әкелу мүмкіншілігіне айналады Кірістің өсуі өндірістің дамуына жағдай жасайды, бұл кірістің одан өрісуше әкеледі, демек өндірістің әріқарай даму мүмкіндігі пайда болады. Шет елдегі шағын кәсіпорыннан млн айналымы бар компанияларға айналатын ірі фирмалардың бастапқы тарихы осындай.
1.2. Шағын бизнестің негізін қалау жолдары.
Шағын кәсіпорынның негізін қалау бойынша бірнеше көзқарастар бар: жаңа кәсіпорын бастау; бүгінгі күндегі бизнесті сатып алу; франчайзинг және жанұялық бизнес (1-сурет).
ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУ ЖОЛДАРЫ.
Жаңа бизнестің негізін қалау туралы мәселелер екінші бөлімде толығырақ қарастырылады. Бүгінгі күндегі бизнесті сатып алу біздің экономикамызда әлі аз танымалы құбылыс бұл негізінен біздің кәсіпорындарымыздың тәжірибелерінің аздығымен түсіндіріледі. Дегенмен бұл шетелде бизнеске кірудің айтарлықтай тараған формасы ретінде мынадай бір қатар артықшылықтарға ие:
• Тәуекел мен тұрлаусыздық факторлары сынға жиі ушырайтын жаңа кәсіпорын ашумен салыстырғанда, олардың (тәуекел және тұрлаусыздық) деңгейін төмендетуі.
• Бизнестің жөнге келтірілген инфрақұрылымының болуы, себебі бизнес өлде қашан құрылу сатысынан өткен, жұмыс істеуде, бизнестің басқа контрагенттерімен қарым-қатынас орнатылған.
• Жаңа бизнесті бастауда жүзеге асырылатын шығындарға қарағанда әлдеқайда аз келісім баға бойынша бизнесті алу мүмкіндігі.
Біздің Республикамыз үшін шағын бизнестің негізін қалау формаларының ішінде, жаңа бизнес құрудан басқа франчайзинг пен жанұялық бизнес формалары ең өзекті деуге болады. Бұл екі бағытты толығырақ қарастырайық. Алғашқы франчайзингтік келісім XIX ғасырда тігін машинасын өндіретін компания мен оның диллері арасында жасалды. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін франчайзинг принциптері фармацевтикалық бизнес, бөлшек сауда және қонақ үй кешені саласында кең қолданыла бастады. 60-70-ші жж., тағамды тез дайындайтын технология ("Макдональд" фирмасы) барлық жерге тарала бастағанда, франчайзинг қатынасының келесі дүрлікпесі әр түрлі елдердің өкілдері арасында жасалғандықтан, франчайзинг кең ауқымдық сипатқа ие болды.2-кесте
ФРАНЧАЙЗИНГТІК ҚАРЫМ- КАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕРМИНАЛОГИЯСЫ.
Франчайзинг компаниясы (франчайзер) өзінің франчайзи-мүшелеріне фирма атын, сауда маркасын, өнімін, технологиясын және т.с.с. пайдалану құқығын береді. Франчайзинг жаңадан бастаушы кәсіпкерлер үшін жана кәсіпорынды ашу мен жұмыс істеу тәуекелінің деңгейін айтарлықтай төмендетеді. Франчайзинг келісімі жаңа бизнеске, бүтінгі күндегі кәсіпорын мен оның жұмысшылары жинақтаған үлкен тәжірибелерді пайдалануға мүмкіндік береді, сондықтан шетелдегі әрбір 12-ші кәсіпорынның франчайзингтік болуы кездейсоқтық емес. Франчайзингтік қатынастар жүйесі - тек қана бізде емес, сондай-ақ шет елде де айтарлықтай жаңа құбылыс, сондықтан бұл түсініктің терминологиясына толығырақ тоқталу қажеттілігі бар. (1 сурет).
Франчайзингтік қатынастың 3 типі бар:
1.Франчайзер — өнім өндіруші немесе қызмет көрсетуші фирма, өзінің өнім өндіру немесе қызмет көрсету құқығын франчайзиға береді.
2. Франчайзер — негізгі өнім өндіруші, өз өнімінің көтерме сату құқығын франчайзиға береді.
3. Франчайзер — көтерме сатушы, тауарды бөлшек сату құқығын франчайзи фирмасына береді.
Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік нысанын таңдамас бұрын, кәсіпкер франчайзингтің оң және кемшін жақтарын жете зерттеуі қажет (2сурет). Франчайзингтің негізгі артықшылықтарының бірі бұл фанчайзерден оқып үйрену мен дайындалу мүмкіндігі. Сондай-ақ франчайзер тек өндіріс мәселелерін оқытып үйретуді ғана ұйымдастырып қоя салмай, сондай-ақ бухгалтерлік есеп, тауарлық-материалдық құндылықтарды бақылау, еңбек ресурстарын басқару, сақтандыру мәселелерін және т.б. да оқытып үйретеді. Оқытып үйрету бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін созылады. Бұл үшін арнайы оқып-үйрету орталықгары құрылады. Мысалы, "Мақдональдс" секілді ірі фирманың қарамағында тұтас бір университет бар, онда 1961 жылдан бері 40.000 бизнесмендер, менеджерлер, жұмысшылар оқып үйренді. Университетте 30 жақсы жабдықгалған аудиториялар бар, 30-дан астам профессор жұмыс істейді.
Тағы бір маңызды артықшылық - бұл франчайзер тарапынан жасалатын қаржыландырудың тікелей емес, жанама түріндегі қаржылық қолдау. Мысалы, франчайзер алынған тауар бойынша шарттағы төлеу мерзімін ұзарта алады, сөйтіп франчайзндің айналым капиталының көлемінің көбеюіне әкеледі немесе франчайзи банктен несие алған кезде кепілдік беруші бола алады............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?