Медицина | Фитогормондар

 Медицина | Фитогормондар

Мазмұны
Кіріспе ............................................3
І Гормондар. Эндокринологияға кіріспе
1.1 Гормон дегеніміз не?.........................................................................................4
1.2 Гормондардың химиялық құрамы, биосинтезі ..............................................6
1.3 Гормондардың номенклатурасы және оларды топтастыру ..........................7
ІІ Фитогормондарға жалпы сипаттама
2.1 Өсімдік гормондары – фитогормондар ........................................................18
2.2 Гиббереллиндер ..............................................................................................20
2.3 Цитокининдер немесе кининдер ...................................................................21
2.4 Абсциз қышқылы ............................................................................................22
2.5 Этилен ..............................................................................................................24
Қорытынды ............................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер ..................................................................................27
Қосымша.................................................................................................................28

Кіріспе
Курстық жұмыстың көкейкестілігі. Жоғары сатыдағы жануарлар ағзасының миллиардтаған клеткалардан тұратыны белгілі және олардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысқан. Осыншама көп клеткалар өзара үйлесімді әрекет жасайды, сондықтан ол тірі ағза денесі біртұтас болып табылады.
Клеткалардың үйлесімді әрекетін жүйке жүйесінде және эндокрин бездерінде жасалатын заттар реттеп отырады.
Жүйке жүйесі нейрондардан, жүйке клеткаларынан тұрады, оларда нейромедиатор заты түзіледі, жүйке жүйесіндегі қоздыру, хабар беру осылар арқылы іске асады. Жүйке жүйесі аркылы хабар беру өте тез — миллисекунд ішінде беріледі. Жүйке клеткалары бірімен-бірі өзара тікелей байланысқан.
Денедегі барлық бездерді ішкі және сыртқы бездер деп екі топқа бөледі. Сырткы секрециялық (секреция — сөл бөлу, шығару) бездерінің өзектері арқылы олардың өнімдері, яғни секреттері қуыс мүшелерге құйылады (мысалы, ауыз қуысына сілекей безінің өнімі — сілекей) немесе дененің сыртына шығады (мысалы, тер безінің өнімі - тер).
Сондықтан оларды сыртқы секрециялық немесе экзогендік бездер деп атайды. Бұларға сілекей, қарын, май, тер, ішек, ұйқы безінің кей клеткалары, бүйрек, бауыр т.б. жатады. Ал ішкі немесе эндокриндік бездердің өнімін сыртқа шығаратын өзектері болмайды.
Олардың өнімі тікелей қан тамырлары арқылы қанға сіңеді де қанмен бүкіл денеге тарап мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездерге гипофиз, эпифиз, калқанша, қалқанша серік, айырлы (тимус), бүйрек үсті, ұйқы безі немесе Лангерганс аралшықтары, жартылай жыныс бездері жатады. Ұйкы және жыныс бездері қос секрециялық бездерге жатады, себебі әрі сыртқы, әрі ішкі секрециялық қызмет атқарады.
Эндокрин (грек endokrin — ішке шығарамын) бездерінде немесе ішкі секреция бездерінде гормондар түзіледі, ол гормондар қанға қосылады да, қан арқылы синтезделген жерден қашықта орналасқан нысанаға алынған — клеткаға жетеді. Эндокрин бездерінің гормон арқылы берілетін хабары тез емес, баяу жетеді, бірақ оның әсері ұзақ болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Фитогормондардың түрлерін, атқаратын қызметін және қолданылу жерлерін зерттеп, баяндау.
Курстық жұмыстың міндеті – фитогормондармен толығымен танысып, зерттеп шығу.
І Гормондар. Эндокринологияға кіріспе
1.1 Гормон дегеніміз не?
Гормон дегеніміз — биохимиялық процестерді реттейтін және адам мен жануарлардың аса маңызды тіршілік қызметіне қоздырушы әсер ететін химиялық зат.
Гормондардың түзілуін жүйке жүйесі, әсіресе ми қабығы реттеп отырады. Адамның және жануарлардың бүкіл өмір бойы тіршілік әрекетін, ағзадағы зат алмасуын орталық жүйке жүйесі басқарып отырады.
«Гормон» деген термин гректің қоздырамын деген сөзінен шыққан (hоrтао - қоздырамын, қозғалтамын), оны ғылыми ұғым ретінде 1904 жылы У.Бэйлисс пен Э.Стерлинг енгізген.
Ол ішкі секрециялық безде түзіліп қанға немесе лимфаға сіңіп, мүшелер мен мүшелер жүйесіне, тіпті бүкіл ағзаға әсер етеді. Ішкі секрециялык, бездер осыған байланысты қан тамырларына бай келеді. Химиялық құрамына қарай гормондар — белок, полипептид, липидтер немесе стероидтарға жатады. Гормондар ішкі секрециялық бездерден басқада, ас қорыту жолының мүшелерінде, бүйректе, бауырда да түзіледі.
Барлық гормондар ағзадағы зат алмасу процестеріне әсер етеді. Олар алдымен қанға сіңгенімен тек қана клетканың мембранасымен қабысқанда ғана активтеледі. Адам денесіндегі гормондардың ішінде гипоталамус-гипофиз — бүйрек үсті бездері гормондарының маңызы өте зор.
Олар ағзаның біртұтастығын сақтауға қатысатын физиологиялық және биохимиялық қызметтердің негізгі және маңызды реттеушісі. Бұл жағдайда мидың гипоталамус бөлігі жоғары дәрежедегі қыртыс асты негізгі эндокриндік реттеуші болып есептеледі. Оның бұл қызметі гипофизінің жұмысына дем беруші нейросекреттерді өндіріп жару арқылы орындалады. Гипоталамуста пайда болған нейросекрет гипофизге құйылып оның басқа бездерге әсерін тудырады.
Аралық мида орналасқан гипоталамус барлық ішкі мүшелердің және ішкі секрециялық бездердің қызметін реттейді. Сондыктан ол мидың барлық бөлімдерімен және гипофиз безінің артқы бөлімімен тікелей байланысып жатыр.
Ішкі секрециялық бездердің қызметі нашарлағанда (гипосекреция) және күшейгенде (гиперсекреция) ағзада түрлі аурулар пайда болады.
Гормондар тек нысана — клетка деп аталатындарға әсер етеді, сол клеткалардың ерекше маманданған рецепторлары (receptor - қабылдаушы деген латын сөзінен шыққан) болады, ондай рецепторлар плазмалық мембранаға немесе клетка ішіне орналасқан және олармен байланысқан. Гормондар тиісті рецепторлармен өзара әрекеттесу нәтижесінде ғана биохимиялық процестерге әсер етеді, биохимиялық процестерді тездетеді, ал кейде тежейді. Гормонның жалпы өмірі ұзақ емес, әдетте ол сағаттан кем.
ормондар ағзада аса маңызды үш түрлі қызмет атқарады:
1) физикалық, жыныстық жетілуіне және ақыл-ойдың дамуына көмектеседі;
2) физиологиялық мүмкіндік жасайды және оны камтамасыз етеді;
3) бірқатар аса маңызды физиологиялық көрсеткіштерін (осмостық қысымының, қандағы глюкоза деңгейінің) бірқалыпта болуын қамтамасыз етеді.
Ішкі секреция бездерінің гипофиздің гормондары және гипоталамустың гормондары жақсы зерттелген. Гипоталамус эндокрин жүйесін негізгі реттеуші болып табылады және мұнда "өте күшті гормондар" немесе "нейрогормондар" түзіледі. Олар басқа клеткаларда да гормонның түзілуіне әсер етеді.
Эндокрин бездерінің құрылымы мен қызметін, одан бөлініп шығатын секреттерді және зат алмасуда гормондардың реттегіш механизмдерін зерттейтін биохимия тарауын эндокринология деп атайды.
Эндокринологияның негізін қалаған француз ғалымы Броун - Секар. Ол 1890 жылы жас қошқарлардың енінен алынған экстрактқа қатысты классикалық тәжірибе жасады. Ондай эсктракты кәрі қошқарлардың денесіне (терісінің астына) құяды, оны бірнеше рет қайталағаннан кейін кәрі қошқарлар ширайды, олардың қимыл-әрекеті жігерлі бола бастайды, тіршілік қабілеті жақсарады, қан қысымы қалпына түседі, жем-шөпке тәбеті артады. Осы тәжірибені өзіне де істеп байқайды (ол 72 жаста еді). Тәжірибеден кейін өзінде жаңа күш-қуат пайда болғанын сезінеді.
Осындай тәжірибелерге сүйеніп, Броун-Секар мынандай қорытынды жасайды: жыныс бездері және басқа да бездер қанға активті заттар бөліп шығарады, ол заттар бүкіл ағзаға және жеке мүшелерге қосымша қуат береді.
Сонымен, ағзаның үйлесімді жұмысы, оның сұйық ортасы (қан, лимфа, клеткааралық сұйық) арқылы химиялық заттардың жәрдемімен - гуморалдік әдіспен (латынша «гумор» — сұйықтық) және жүйке жүйесінің жәрдемімен реттеледі.
Жүйкелік және гуморалдік реттеу арқылы барлық мүшелер жүйесі өзара байланысты және үйлесімді жұмыс істейді. Сондықтан, ағза біртұтас құрылым ретінде қызмет атқарады.
Жүйке жүйесі гормондар жұмысында маңызды қызмет атқарады. Гормондар жәрдемімен (реттеудің гуморалдік типі) және жүйке импульстары арқылы реттеудегі айырмашылықтар мынада: гормондар клеткалар жұмысы режимінің алмасуында ерекше жылдамдықты талап етпейтін, бірақ ұзағырақ ықпал етуді қажет ететін жерде әсер етіп, жүйке жүйесі сигналдарының тез берілуін қажет ететін жерде іске қосылады. Көбінесе аралас жүйке-гуморальдік реттелу жиі кездеседі.
Соңғы кездерде өсімдіктерден де олардың өсуін зеттейтін гормондар табылды.
Химиялық табиғатына қарай гормондар төрт топка бөлінеді:
1. Белоктік және пептидтік: инсулин, глюкагон, гипофиз, гипоталамус, қалқанша маңындағы без гормондары.
2. Тироксин, адреналин, норадреналин, т.с.с. амин қышқылдарының туындылары болып табылатын гормондар.
3. Стероидтық: жыныс бездерінің гормоны, бүйрек безі гормоны, т.б.
4. Жергілікті әсер ететін гормондар (гормон тәрізді заттар): полиқанықпаған май қышқылдарының туындысы — простагландиндер.
1.2 Гормондардың химиялық құрамы, биосинтезі
Үйдің кірпішпен қаланатыны секілді, адамның денесі де тканьдерді, органдарды құрайтын, бірімен-бірін байланыстыратын клеткалардан тұрады. Сондықтан организмнің бойында жүретін барлық процестер бірімен-бірі тығыз байланысты және 3 деңгейдегі реттелудің молекулалық механизмін құрайды.
І-деңгей – клеткаішілік реттеу, яғни бір клетканың ішінде жүретін процестердің реттелуі. Мұның өзі 3 түрлі жолмен жүреді:
а) ферменттердің активтілігінің өзгеруі: аллостерлік (активтелу немесе тежелу), фосфорилдену, ацетилдену, метилдену арқылы;
ә) ферменттердің сандық мөлшерінің өзгеруі (ферменттер синтезінің индукциясы немесе репрессиясы), молекуласының ыдырау жылдамдығының өзгеруі арқылы;
б) клетка мембранасының тасымалдау жылдамдығының өзгеруі арқылы (мембрананың өткізгіштігінің өзгеруі. Эндоцитоз, экзоцитоз).
ІІ-деңгей – эндокриндік жүйелер (гипоталамус, гипофиз, эндокринді бездер). Бұл жүйелердің көмегімен бір немесе бірнеше органдарда, тканьдерде жүретін метаболиттік жолдарды реттеп отыруға болады. Метаболизмдердің мембраналық интеграциясы:
а) клетканы;
ә) органеллаларды (компартменттерді);
б) органдарды және тканьдерді;
в) жүйелерді;
г) бүкіл организмді берді. Сонымен қатар осы органдарда, жүйелерде және организмдерде жүретін зат алмасудың реттелуінің жаңа механизмін талап етті, яғни орталық нерв жүйесі сыртқы орта мен клетка ішінде жүретін зат алмасу арасында клеткааралық, органаралық қатынас қажет болды. Дәлірек айтқанда:
Орталық нерв жүйесі ↔ ферменттер
Физиология ↔ биохимия
Міне, осы байланысты іске асыратын эндокриндік жүйелер болып табылады, яғни орталық нерв жүйесінің тілін клетканың метаболиттік тіліне аударушы химиялық «тілмәш» осы эндокриндік жүйелер.
Гормондар да реттелудің үш түрлі жолын қолданады (аллостерлік, гендік, мембраналық).
ІІІ-деңгей – орталық нерв жүйесі. Бұл жүйенің қызметі барлық органдардың, организмнің қызметін жинақтау, бір жүйеге келтіру. Орталық нерв жүйесіне түсетін сыртқы және ішкі сигналдардың арқасында гормондардың синтезі жылдамдатылады. Орталық нерв жүйесі сырттан түскен хабарды қорытындылап, шешім қабылдайды.
1.3 Гормондардың номенклатурасы және оларды топтастыру
Химиялық табиғатына қарай адамдардың және жануарлардың гормондары үш топқа бөлінеді.
1. Белоктық және пептидтік гормондар: инсулин, глюкагон (ұйқы безінің гормондары), соматотропин, вазопрессин, окситоцин (гипофиз маңындағы гормон), кальцийтонин (қалқанша безінің гормоны) және басқа гормондар.
2. Стероидтік гормондар: эстрадиол, прогестерон, тестостерон (жыныс бездерінің гормондары), кортизол, кортикостерон (бүйрек безінің гормондары).
3. Аминқышқылдарының туындылары болып табылатын гормондар: тироксин мен трийодтиронин (қалқанша безінің гормоны), адреналин мен норадреналин (бүйрек безінің гормондары).
Бірінші және үшінші топқа жататын гормондардың рецепторлары клетканың сыртқы плазмалық мембранасында орналасқан, ал екінші топқа жататын гормондардың рецепторлары клетканың ішіндегі цитоплазмада орналасқан. Рецепторлардың осылай орналасуы гормондардың химиялық табиғатына байланысты.
Жеке бір топқа ұлпа гормондары немесе гуморальді факторлар жатады. Олар ішкі секреция бездерінен емес, ұлпалардан бөлінеді: гистамин, простагландиндер. Қазіргі кезде көптеген гормондардың химиялық құрамы белгілі.
Міне, осыған байланысты оларды сол химиялық табиғатына қарай атау керек еді, бірақ гормондарды тривиалдық деп атайды. Бұлай аталуының себебі бар, біріншіден, химиялық тұрғыдан атау көптеген гормондар үшін қиын және күрделі, кейбір жағдайда ондай атауды пайдалану мүмкін емес. Екіншіден тривиалдық атау, әдетте, гормонның атқаратын қызметін немесе шығу тегін көрсетеді.
Мысалы, инсулиннің химиялық құрамы күрделі, сондықтан химиялық атауды қолдану ыңғайсыз. Ал тривиалдық аты лайық, өйткені бұл гормон ұйқы безінің аралық ұлпасында синтезделеді (грек тіліндегі инсула- арал). Кейбір гормондардың аты оның организмге тигізетін физиологиялық әсерін көрсетеді. Мысалы, окситоцин (грек тілінде «оксис» - жылдам, «токос» - туу, пайда болу). Ерлердің жыныс гормоны тестестерон, ал оның химиялық атауы – 3-кето-17-оксиандростен-4.
Гормондарды шығу тегіне қарай да топтастырады. Мұндай жағдайда оларды бөліп шығаратын гормондардың атымен байланыстырады.
Осыған байланысты топтастыру:
1) тиреоидті гормондар, қалқанша без бөліп шығаратын гормондар – тироксин, трийодтиронин, дийодтиронин, т.б.;
2) параттиреоидті гормондар (паратгормондар). Оларды қалқанша без маңында орналасқан бездер бөілп шығарады;
3) адреналинді гормондар – адреналин, кортикостерон, гидрокортизон, альдестерон, т.б. Бүйрек үсті безі синтездейді;
4) панкреатты гормондар, ұйқы безінде жасалатын гормондар – инсулин, глюкагон;
5) жыныс гормондары – тестестерон, эстрадиол (аталық, аналық бездер бөлетін гормондар);
6) гипофизді гормондар – окситоцин, вазопрессин, самотропин (өсу гормоны), адренокортикотропин, тиреотропин, гонодотропин, т.б.;
7) ас қорытуға қатысатын гормондар, асқазан мен ішектің шырышты...........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!